Игнатенко Н.А., Гергерт Г.Э. 4 страница

К= 1- (Св/Сп)
 

1. Моральдық тозу – үздік эксплуатациялық сипатқа ие жетілген негізгі қорларды іске қосудың нәтижесінде басталады, аса сапалы өнім жасайды, яғни көп әсер етеді.

К = (Фп/Фс)-1

Фп, ФС – сәйкес үдерісті және ескі негізгі қорлардың қор берілісі.

Амортизация – бұл олардың құнының бір бөлігін өнімге кететін шығындарға қосудың жолымен негізі қорлардың тозуын ақшамен өтеу, яғни амортизация негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуының ақшалай көрінісі.

Амортизация жабдықтардың істен шығуы кезінде оларды толығымен алмастыру мақсатында жүзеге асады. Амортизациялық бөлінулердің сомасы жабдықтардың бағасына, қолдану уақытына және модернизацияға кететін шығындарға тәуелді болады.

Амортизациялық бөлінулер кәсіпорындармен амортизация нормалары бойынша өткізіледі.

Амортизация нормалары – бұл амортизацияның жылдық сомасының негізгі капитал құнына қатынасы, пайызбен көрсетіледі.

§2.Негізгі қорларды жөндеу.

НҚ қалпына келтіру «толық» және «бөлшектік» болады.

НҚ толығымен қалпына келтіру олардық толығымен физикалық тозуынан кейін болады және әрекеттегі жабдықтарды жаңаларға алмастыру жолымен жүзеге асады.

Жартылай қалпына келтіру кезінде жеке бөлшектерді, детальдарды жөндеу арқылы алмастыру жүзеге асады.

Жөндеулердің түрлері мен ұйымдастыру. Жөндеу қоры.

Жөндеу – қызмет етудің нормативтік мерзімдері бойынша ОПФ жұмысқа қабілетті жағдайда ұстап тұру бойынша жұмыстар кешені.

Бұл жоспарлы-ескерпен жөндеу жұмыстарының (ЖЖЖ) көмегімен қамтамасыз етіледі.

ЖЖЖ жүйесі:

* аралық жөндеу (ағымдағы) қызметтерін көрсетуді;

* алдын-алу жөндеу операцияларын;

* жоспарлы жөндеу жұмыстарын қамтиды.

Аралық жөндеу (ағымдағы) қызметтерін көрсету техникалық қолданыс ережелерін сақтаудан, тазарту, жұмыс қабаттарын майлау, детальдар мен түйіндерді ауыстырусыз ұсақ ақаулықтарды жоюдан тұрады.

Алдын-алу жөндеу операциялары: жабдықтарды жууды, майлау жүйелерінде майларды ауыстыруды, жабдықтарды дәлдікке тексеруді, дефектілерді тексеру және анықтауды қатиды.

Жоспарлы жөндеулер:

Ағымдағы (кіші) жөндеулер – көлемі бойынша ең кіші жоспарлы жөндеу түрін білдіреді. Ол машинаны бөлшектен ажыратуға немесе оның жеке түйіндері мен детальдарын қалпына келтіруге, ОПФ сынуларын жоюға негізделеді.

Орташа жөндеу – ағымдағы жөндеу жұмыстарымен салыстырғанда үлкен жұмыс көлеміне және ауыстыруға жататын тозған детальдар санына ие, аса ұзақ уақытқа тоқтаумен.

Күрделі жөндеу - обектіні толық бөлшектеумен, тозған конструкциялық элементтерді алмастырумен немесе қалпына келтірумен ОПФ толық немесе толыққа жақын қалпына келтіруді қарастырады. Күрделі жөндеулер кезінде модернизация жүргізген жөн.

ОПФ м одернизациясы – НТП талаптарына жауап беретін өндірістің техникалық-экономикалық деңгейлерін жоғарылатуға бағытталған әрекеттегі жабдықтарды жетілдіру.

ЖЖЖ-мен қатар кәсіпорында ОПФ күтпеген жерде істен шығуы нәтижесінде пайда болатын жоспардан тыс жөндеу жұмыстары орын алады, олар кәсіпорынның қаржылық жағдайына нұқсан келтіреді.

Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

Тәжірибе жүзінде жөндеу жұмыстары келесі тәсілдер арқылы ұйымдастырылып өткізіледі:

1. Мердігерлік тәсіл – жөндеу жұмыстарын іске асыру үшін оны келісімшартқа сәйкес орындайтын мамандандырылған жөндеу кәсіпорындары мен ұйымдар тартылады.

2. Шаруашылық тәсіл - өзінің жөндеу өндірісін ұйымдастыратын кәсіпорынның өз күші және қаржысымен жөндеу жұмыстарын өткізу.

Екі тәсілдің де артықшылықтары мен кемшіліктері де бар.

Жөндеу қоры ОПФ жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін өткізуде өнімнің өзіндік құнына шығындарды біркелкі қосу үшін кәсіпорындар жасайды. Кәсіпорындар өзінің көзқарасы бойынша Жөндеу қорын қалыптастырады, және әдетте, ол ОПФ кіші санымен ірі кәсіпорындарда жасалады.

САБАҚ №8.

Тақырып 2.3 «Кәсіпорынның негізгі қаржылары» (жалғасы)

Жоспар.

  1. Негізгі қорларды қолдану нәтижелігінің жалпылаушы көрсеткіштері.
  2. Негізгі қорларды қолдану нәтижелігінің жеке көрсеткіштері.

§1. Негізгі қорларды қолдану нәтижелігінің жалпылаушы көрсеткіштері.

Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту – өндіріс нәтижелілігін арттыруға бағытталған экономикалық мәселелерлің кең ауқымын шешеді.

Негізгі капиталды қолдануды сипаттау үшін жалпылаушы, бағалық, салыстырмалы, және табиғи көрсеткіштері қолданылады.

Негізгі қорларды қолдану нәтижелілігінің жалпылаушы көрсеткіштері

1. Еңбектің қормен жарақталуы – бұл көрсеткіш бір жұмысшыға келетін негізгі қорлардың санын сипаттайды. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпорындағы қол еңбегінің үлесі соғұрлым төмен. Бұл әсіресе негізгі қорлардың белсенді бөлігіне жатады.

2.

Фв=Фосн/Ч

Фосн –негізгі қорлардың орташа жылдық құны

Ч – жыл бойындағы кәсіпорын жұмысшыларының орташа тізімдік саны.

3. Қор берілісі – негізгі қордың әр бірлігіне келетін өнімдердің санын көрсетеді. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпорынның жұмысы соғұрлым жақсы болады. Табиғи және ақшалай бірліктерде өлшенеді.

Фо = В/Фосн

В – өнімді (жұмыс, қызмет) өндірудің жылдық көлемі.

4. Қор сыйымдылығы – дайын өнімнің бірлігіне келетін негізгі қорлардың санын сипаттайды. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, негізгі қорлар соғұрлым тиімді қолданылады.

Фе = Фосн/В

5. Қор рентабельділігі – кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын аса жалпы көрсеткіш болып табылады. Кірістің негізгі және айналымдағы капиталдың авасталатын орташа жылдық құнына қатынасын көрсетеді.

 

П – жыл бойы дайын өнімді өткізуден түсетін кіріс

Qр – жыл бойындағы айналым қаржысының орташа сомасы.

6. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны.

 

Сп – зерттелетін кезеңнің басына негізгі қорлардың құны;

Св –жыл бойы енгізілетін негізгі қорлардың құны;

а - жылдың аяғына дейін енгізілетін негізгі қорларды пайдаланудың айлар саны а;

Сл – жыл бойы жойлатын негізгі қлодардың құны;

в – шығып қалған негізгі қорлар қолданылмайтын айлар саны.

§2. Негізгі қорларды қолдану нәтижелілігінің жеке көрсеткіштері

1. Жабдықтар паркін қолданудың коэффициенті

Кқолд = Sp/So

Sp – жұмыс істейтін агрегаттар саны;

So – агрегаттардың жалпы саны.

2. Жабдықтарды табиғи іске қосудың коэффициенті – бұл көрсеткіш жабдықтарды уақыт бойынша қолданылуын сипаттайды.

Кэкст = Тф/Тк

Тф – құралдың нақтылы жұмыс істеу уақыты;

Тк –күнтізбелік немесе ең жоғары жұмыс уақыты.

3. Құралдарды қарқынды жүктеу коэффициенті – жабдықтарды өнімділігі бойынша қолдануды сипаттайды.

К инт = Вф/Вт.н.

Вф – өндірістің нақтылы көлемі;

В т.н. – техникалық нормаларға сәкес алынуы мүмкін өндірістің ең жоғары көлемі.

4. Жалпы немесе интегралдық жүктеме коэффициенті, жабдықтарды уақыт және өнімділіг бойынша қолдануды сипаттайды.

Ко.н.= Кэкст*Кинт

5. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті

Кжаңарту = Св/Ск

6. Негізгі қорлардың шығу коэффициенті

Куб. = Сл/Сн

САБАҚ №9.

Тақырып 2.4. «Айналым қаржысы»

Жоспар.

  1. Айналым қаржысының қызметі мен құрамы.
  2. Айналым қаржысын реттеу.
  3. Айналым қаржысын қолдану нәтижелігі.

§1. Айналым қаржысының қызметі мен құрамы.

Айналым қаржысы бұл ақшалай қаражаттың үздіксіз айналымын қамтамасыз ететін айналымдағы өндірістік қорлар мен айналым қорларын жасауға арналған аванстық ақшалай қаржының жиынтығы.

Кәсіпорынның айналым қорлары – әр өндірістік циклде қолданылатын, өндіріс үрдісінде өзінің табиғи формасын өзгерте отырып, жасалатын өнімге өз құнын бір рет немесе толығымен тасымалдайтын өндірістік қорлардың бөлігі.

Айналым қорларының заттық құрамы еңбек заттары болып табылады. Өндіріс үздісі кезінде еңбек заттарына алғашқыларды дайын өнімге айналдыратын еңбек құралдары әсер етеді. Дайын өнім астарында технологиялық өңдеудің барлық кезеңдерінен өткен, сапасы бақыланған, қапталған және қоймаға өткізілген толық аяқталған өнім ұғынылады.

Айналым қорлары еңбек заттарының кәсіпорын қоймасына түскен сәтінен бастап, олардың дайын өнімге айналуға дейінгі қозғалысын қамтиды. Дайын өнімді қоймаға өткізгеннен кейін ол айналым саласына айналым қорының элементі ретінде түседі.

Өндірістік үрдіс, әдетте үздіксіз болып табылады (өнімді шығару үздіксіз жүреді) және сондықтан өндіріс үрдісінде үнемі дайындықтың әртүрлі кезеңінде болатын айналым қорларының белгілі бір бөлігі қызмет етеді.

Жалпы, айналым қорларының құрамында келесі салыстырмалы біркелкі заттарды ерекшелеуге болады:

- өндірістік қорлар – құрамына: шикізаттар, негізгі және көмекші материалдар, отын, жанғыш, сатып алынған және іріктелген бұйымдар, негізгі өндірістік қорларды жөндеуге арналған қосымша бөлшектер және т.б. қамтитын айналым қорларының негізгі бөлігі кіреді.

- аяқталмаған өнімдер, яғни аяқталмаған өндіріс түріндегі еңбек заттары, сондай-ақ өзінде жасалған жартылай фабрикаттар.

- болашақ кезеңдердің шығындары –– заттық емес формада ұсынылған айналым қорларының элементі. Оларға: өнімнің жаңа түрлерін, территорияны игеруге кететін шығындарды және т.б. жатқызуға болады. Бұл шығындарды қазіргі кезде өндіреді де, шығарылатын өнімнің өзіндік құнына кіретін келесі кезеңдердің шығындары есебінен бөліп жабады.

Айналым қорларының құрамды элементтері мен олардың жалпы құны арасындағы қатынас айналым қорларының құрылымын білдіреді. Өндірістік кәсіпорындар үшін айналым қорларының үлгілік құрылымы мынадай: өндірістік қорлар –– 70 %, аяқталмаған өнім –– 25 %, болашақ кезеңдердің шығындары –– 5 %.

Айналымдағы өндірістік қорлар – бұл:

· бір өндірістік цикл ішінде қолданылатын;

· табиғи формасын өзгертетін;

· өз құнын толығымен өндірілетін өнімге тасымалдайтын еңбек заттары.

Айналым қаржысының айналымдылығы

Айналымдағы өндіріс қорлары өз қозғалысында тауарлардың айналымына қызмет көрсететін айналым қорларымен тығыз байланысты.

Айналым қорлары өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайды, бірақ өндірістің біркелкілігін және айналымды қамтамасыз ету үшін қажет.

Айналым қорлары және айналдыру қорлары өз қозғалысында біркелкі үрдісті сипаттайды. Айналым қаржысының функцияларысатып алу, өндіру және өткізу кезеңдерінде материалдық құндылықтар айналымын төлеу-есептеу қызметінен тұрады, яғни айналымдағы өндірістік қорлардың қозғалысы іске қосудың материалдық факторларының айналымын, ал айналым қаржысының қозғалысы – ақша, төлемдер айналымын көрсетеді.

§2. Айналым қаржысын реттеу.

Айналым қаржысы келесілерді қамтамасыз ету керек:

- өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз үрдісін;

- кәсіпорынның міндеттемелері бойынша барлық төлемдерді дер кезінде жүзеге асыруды;

- қорлардың қалыптасуын.

НҚ қалыптасуының негізгі қорлары өзіндік және қарызға алынған қаржы болып табылады.

Өзіндік НҚ кәсіпорынның құрылу кезінде қалыптасады (аяқталмаған өнімнің, дайын өнімнің және т.б. өндірістік қорларын жасау үшін). Жалпы өзіндік НҚ екі топқа бөлуге болады: нормаланған және нормаланбаған айналым қаржысы.

Қарыз НҚ кәсіпорын негізінен оларға уақытша қажеттілікті қанағаттандыру үшін банктердің қысқа мерзімді несиесі түрінде алады.

Айналым қаржысын тұрақтандыру міндеті –айналымдағы өндірістік қорларға және айналым қорларына кезекші қорларды минималды, экономикалық негізделген авансылау кезінде өндірістің үздіксіз үрдісін және өнімді өткізуді қамтамасыз ету.

Айналым қаржысын қалпына келтіру келесі элементтер бойынша жүзеге асады: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, сатып алынатын жартылау фабрикаттар, іріктеу бұйымдары, отын, ыдыс, құны кем және тез тозатын заттар, қосымша бөлшектер, аяқталмаған өндіріс және т.б. Айналым қаржысын қалпына келтіру үрдісі нормалар мен нормативтерді қамтиды.

НҚ нормасы – материалдық құндылықтардың жеке түрлері қорларының кәсіпорын жұмысының белгілі бір көрсеткішіне қатынасын сипаттайтын жеке көрсеткіш (әдетте күн бойынша, пайыз немесе басқа да салыстырмалы көлемдерде өлшейді).

НҚ нормасы НҚ нормативін есептеу үшін сандық көрсеткіш болып табылады. НҚ норматив – кәсіпорынға ең кем дегенде қажетті құнның ақшалай көрінісі.

ОС қалпына келтірудің келесі негізгі әдістері болады:

- әрбір элемент бойынша айналым қаржысының анықтамасын қарастыратын тікелей есептеу әдісі.

- белгілігі бір кезең бойынша НҚ көлемі туралы нақтылы мәліметтерді қолданатын, артықтарды және қажетсіздерді алып тастаумен және қажетті түзетулерді сәйкес енгізумен аналитикалық әдіс;

- өндіріс көлемінің өсу көлемін және НҚ айналым жылдамдығын ескерумен бұрынғы нормативтерге өзгерістерді енгізу жолымен ОС жаңа нормативін қарастыратын коэффициенттік әдіс;

- экономикалық-тақырыптық әдістер.

Кейбір ОС бойынша нормативтердің есебін келтірелік:

а) НҚ шикізаттарға нормативі, негізгі және қосымша материалдар, жартылай фабрикаттар (Нм), руб.:

Нм = См ´ Д,

мұндағы, См –– шикізаттардың, материалдардың және т.б. орташа тәуліктік шығыны және т.б;

Д –– күндер жазбаларының нормасы.

б) аяқталмаған өндірісті (На.ө) қамтамасыз етуге арналған НҚ нормативі, ол әдетте жалпы өнімді шығаруға кететін біркүндік шығындар көлеміне есептеледі.

На.ө.= (Св ´ Тц ´ Кн) / Д,

мұндағы, Св –– жалпы өнімді шығаруға кететін шығындар, руб;

Д –– жоспарлы кезең, күндердің жалғасымдылығы;

Тц –– өндірістік циклдің ұзақтылығы, күндер;

Кн –– шығындардың өсу коэффициенті.

Өндірістік циклдің ұзақтылығы өнімді дайындау және жабдықтарды енгізудің қабылданған технологиясынан есептеледі. Шығындар біркелкі жүзеге асатын кәсіпорындардағы аяқталмаған өндірісте шығындардың өсу коэффициенті (бұйымдардың дайындық дәрежесі) біркездегі материалдық шығындар мен қалған шығындардың жартысын өнімді өндіру шығындарының жалпы сомасына бөлу жолымен анықталады:

Кн = (См+ 0,5 ´ Сп) / (См+ Сп),

мұндағы, См –– өндіріс үрдісінің басталу кезеңіндегі материалдық шығындар (өңдеуге түсетін материалдардың құны), руб.;

Сп –– өнімді шығаруды аяқтауға дейінгі қалған шығындар, руб.

§3. Айналым қаржысын қолдану нәтижелігі

Айналым қаржысын қолдану нәтижелілігінің дәрежесі келесі негізгі көрсеткіштермен сипатталады: айналым коэффициенті, бір айналымның ұзақтығы, айналым қаржысын іске қосу.

Айналым қаржысының айналу к оэффициенті (айналысдар саны) –– Коб өнімді өткізуден түскен соманың (Вр) айналым қаржысының орташа қалдықтары сомасына (Соб) қатынасымен анықталады:

Коб = Вр / Соб.

Соб келесі жолмен анықталады: ай бойынша – айдың басы мен соңына қалдықтардың жартылай сомасы, тоқсан бойынша – үш орташа жылдық қалдықтардың үштен бірі, жыл бойынша – төрт орташа тоқсандық қалдықтар сомасының төреттен бірі. Бұның өзінде айналым қаржысының орташа қалдықтарынан банктың есептік шотында жатқан соманы алу керек.

Айналым қаржысының бір айналымының ұзақтығы –– Дайн:

Дайн = Дп / Кайн,

мұндағы, Дп –– АҚ пайдалану дәрежесі анықталатын период ұзақтығы. Есепке жылдың ұзақтығы – 360, тоқсан – 90, ай – 30 күн қабылданған.

Айналым қаржысын енгізу НҚ айналым коэффициентіне кері пропорционал көлем болып табылады, және өткізілген өнімнің 1 руб. келетін айналым қаржысының көлемін көрсетеді

Зос = 1 / Коб = Соб / Вр.

2-бөлім бойынша бақылау сұрақтары.

1. Кәсіпкерлік ұғымы. Кәсіпкерлік формалары.

2. Шаруашылық қауіп-қатер: мәні мен көрсеткіштері.

3. Жеке меншік формалары, салалық белгілер, өндіріс үлгілері, көлемдер бойынша кәсіпорындардың жіктелуі.

4. Кәсіпорындардың бірлестігі: концерндер, консорциумдар, шаруашылық ассоциациялар, халықаралық бірлестіктер.

5. Кәсіпорын мүлкі және оның қалыптасу көздері.

6. Жарғылық капитал.

7. Негізгі қаржының мәні, қызметі мен құрамы.

8. Негізгі қаржының бағасы.

9. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы.

10. Негізгі қаржыны нәтижелі қолданудың жалпылаушы көрсеткіштері.

11. Негізгі қаржыны нәтижелі қолданудың жеке көрсеткіштері.

12. Айналым қаржысы, ұғымы, құрамы, құрылымы, жіктелуі.

13. Айналым қаржысының айналу көрсеткіштері.

Бөлім 3. Өзіндік құн, баға, кіріс және рентабельділік – нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері

САБАҚ №10.

Тақырып 3.1«Өнімнің өзіндік құны»

Жоспар.

  1. Шығындардың өзіндік құны мен топтары.
  2. Шығындардың жіктелуі.
  3. Өзіндік құнды төмендетудің негізні жолдары.

§1. Шығындардың өзіндік құны мен топтары.

Өзіндік құн – айналым үрдісі салдарынан, өндірістің үздіксіз қызметін қамтамасыз ете отырып кәсіпорынға қайтатын құнның бөлігі.

Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын жоспарлау кезінде барлық шығындарды екі белгісі бойынша топтайды:

- экономикалық элементтер бойынша;

- калькуляциялық бөлімдер бойынша.

Шығындарды э кономикалық элементтер бойынша топтау барлық шығындарды, олардың қайна және неге өндірілгеніне қарамастан, біркелкілік белгілері бойынша біріктіруді қарастырады.

Бұндай топтау өндіріске кететін шығындар сметасын құру кезінде қолданылады. Бұнда: қанша және қандай шығындар болғаны туралы мәселе шешіледі. Бұл қолданылатын ресурстарға кететін шығындарды толығымен көрсетуге, айналым қаржысына қажеттіліктерді есептеуге, өндіріске шығындар құрылымын анықтауға қажет. Өндіріске кететін барлық шығындарды келесі шығындар элементі бойынша топтауға болады.

1) материалдық шығындар (қалдықтарды есепке алмағанда, шикізатқа және негізгі материалдарға; көмекші материалдарға; отынға; басқа жақтан энергияға);

2) еңбекті төлеуге кететін шығындар;

3) әлеуметтік қажеттіліктерге аударылымдар;

4) негізгі қорлардың амортизациясы;

5) өзге ақшалай шығындар (өндіріс үрдісімен тікелей байланысты ақшалай шығындар).

Алайда экономикалық элементтерде өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу (калькуляция жасау) мүмкін емес. Бұндай мақсаттар үшін өндірістік қызметі және пайда болу орны, яғни калькуляциялық бөлімдер бойынша шығындар тобы керек.

Калькуляциялық бөлімдерде ерекшеленеді:

1. Цехтік өзіндік құн, шығындардың келесі бөлімдерін қамтиды:

· шикізаттар мен материалдар;

· қайтқан қалдықтар (минус белгісімен ескеріледі);

· ірі жинақтаушы бұйымдар, жартылай фабрикаттар және кооперативтік кәсіпорындар қызметі.

· технологиялыққа отын мен энергия.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: