Игнатенко Н.А., Гергерт Г.Э. 11 страница

мұндағы, Ноб — қызмет көрсету нормасы, бірлік; Тд — жұмыс уақытының нақтылы қоры, с; tоб — жабдық бірлігіне қызмет көрсету уақытының бекітілген нормасы, ч.

Сандық норма (Нч) берілген жұмыс көлемін орындауға қажетті белгілі бір кәсіби-біліктілік құрамы жұмысшыларының санын анықтайды.

Мөлшерленген тапсырма берліген уақыт шегінде жұмысшылармен немесе бригадалармен орындалуы тиіс жұмыстардың қажетті ассортименті мен көлемін орнатады. Өндіру нормасымен салыстырғанда мөлшерленген тапсырма тек табиғи бірліктерде ғана емес, сондай-ақ нормо-сағаттарда, нормо-рубльда орнатылуы мүмкін.

Басқару нормасы бір жұмыс берушіге тікелей бағынуы тиіс жұмысшылар санын қарастырады.

Осылайша, өндірісті тиімді ұйымдастыру үшін өндірістік үрдістің әртүрлі жақтарын көрсететін еңбек нормаларының жүйелері қолданылады. Уақыт пен санның нормалары еңбек шығындарының нормалары, өндіру нормалары және тапсырманы мөлшерлеу – еңбек нәтижелерінің нормалары болып табылады. Қызмет көрсету және басқару нормалары еңбек үрдісін ұйымдастырудың нормативтік сипаттамаларына жатады және жұмыс орындарының көлемін сипаттайды.

Нормаларға қойылатын негізгі талаптар, олардың барлығы берілген учаскенің аса нәтижлі технологиялық үрдістерге, еңбекті ұйымдастыруға, өндіріс пен басқаруға сәкес келу нормаларынан тұрады.

Еңбек нормалары жеке операцияға (операциялық норма) немесе операциялардың, жұмыс кешендерінің өзара байланысқан топтарына (іріленген, кешенді норма) орнатылады.

§3. Еңбекті реттеу әдістері

Еңбекті реттеуде аналитикалық және жиынтық әдістер қолданылады. Аналитикалық әдіс жұмыс орнының өндірістік мүмкіндіктерін алдын-ала талдауға және әрбір элементке, бүтін операцияға қажетті шығындарды анықтауға негізделеді.

Аналитикалық әдіспен реттеу келесі тәртіп бойынша жүзеге асады:

1) операция құрамды элементтерге бөлінеді;

2) әрбір элементтің жалғасымдылығына әсер ететін факторлар анықталады (техникалық, психофизиологиялық және т.с.с.);

3) операциялардың тиімді құрамы мен олардың элементтерін орындау тәртібі жобаланады;

4) әрбір жобаланған элементке уақыт шығындары есептеледі және жалпы операцияға уақыт нормасы анықталады.

Аналитикалық әдістің екі түрі болады:

аналитикалық-есептік әдіс, бұған сәйкес уақыт шығындары алдын-ала жасалған ғылыми негізделген салалық нормативтер бойынша анықталады;

аналитикалық-зерттеу әдісі, бұл әдісті қолдану кезінде операция элементіне және бүтіндей операцияға жұмсалатын уақыт жұмыс орнында сол шығындарды тікелей өлшеу негізінде орнатылады.

Аналитикалық-зерттеу әдісімен нормаларды бекіту кезінде бастапқы ақпараттың негізгі бөлігі еңбек үрдісін зерттеу нәтижесінде пайда болады. Еңбек үрдісін зерттеу нәтижелері нормативтер бойынша есептелген үрдістер мен тексеру нормаларының құрылымдарын нақтылау үшін аналитикалық-есептеу әдісімен нормаларды орнату кезінде қолданылады. Еңбек үрдісін зерттеу үшін хронометражды (өнімнің нақтылы түрі бойынша зерттелетін элементтерінің ұзақтығы белгіленеді), жұмыс күнінің фотосуреттерді (белгілі бір уақыт бойынша бақыланған жұмыс пен үзілістің барлық түрлеріне жұмсалатын уақыт шығындары бекітіледі), фотохронометражды (өндірістік операцияның жеке элементтерінің уақын шығынының құрылымдары мен ұзақтығын бір уақытта анықтауға арналған) қолданған жөн.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: