Игнатенко Н.А., Гергерт Г.Э. 9 страница

Ұйым басшылары, еңбек бөлінісін көлденеңінен (бөлімдер) және тігінен (басқару деңгейлері) жүзеге асыру кезінде, нақтылы міндеттерді орындау үшін топтар құрады. Жұмысты ұйымдастырудың топтық амалдары, әртүрлі топтардың тығыз қарым-қатынас орнатуы үшін жағдайлар жасау әртүрлі дәрежелі қызметкерлер арасындағы кедергілерді жоюға, ынтымақсаттық үрдісі кезінде қолайлы психологиялық климатты қалыптастыруға, иерархия бойынша бір жұмысшылардың басқаларға бағынуының болмауына көмектеседі. Жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа формаларын іздеу, жалақы төлеу, басқаруға қатысу жүйелері тәрізді міндеттерді шешу үрдісінде біліктілігі әртүрлі мамандардан тұратын, жаңа өнімдерді шығаруға және еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларына жауап беретін топтар мен жұмыс бригадалары кеңінен қолданыла бастады.

Кикілжің – бұл нақтылы тұлға немесе топ бола алатын, екі немесе одан да көп жақтар арасында келісімнің болмауы. Адамдар кикілжің туралы ойлана бастағанда оны үнемі агрессиямен, қоқан-лоқылармен, тартыстармен, жауласумен, соғыспен және т.с.с. байланыстырады. Нәтижесінде, кикілжің – жағымсыз құбылыс, оны шамасы келгенше қашу керек және оны пайда болған кезінен бастап бірден шешу керек деген пікір қалыптасқан. Кикілжіңнің төрт негізгі түрі болады: жеке ішкі кикілжің, жеке аралық кикілжің, жеке тұлға мен топ арасындағы кикілжің және топ аралық кикілжің.

Жеке ішкі кикілжің. Жеке ішкі кикілжің - адамға оның жұмыс нәтижелеріне байланысты қарама-қайшы талаптар қойылған кезде, өндірістік талаптар жеке қажеттіліктермен немесе құндылықтармен сәкес келмеген жағдайларда, жұмыспен қанағаттану, өз-өзіне сенімділік дәрежесі төмен болғанда және т.б. болады.

Жеке аралық кикілжің. Жеке аралық кикілжің жеке тұлғалардың қақтығысы тәрізді, жетекшілердің шектеулі ресурстар, қаржы және жұмыс күші, жабдықтарды қолдану уақыты, жобаны мақұлдау үшін күрес түрінде байқалады.

Жеке тұлға мен топ арасындағы кикілжің. Жеке тұлға мен топ арасындағы кикілжің, егер жеке тұлға топ ұстанымынан ерекшеленетін позицияны ұстанатын болса пайда болады; кикілжің жетекшінің қызметтік міндеттері негізінде пайда болуы мүмкін.

Топ аралық кикілжің. Формальдық және формальдық емес топтар арасындағы, кәсіподақ пен әкімшілік арасындағы кикілжің және т.с.с.

Кикілжің себептері: қорлардың шектеулігі, міндеттердің өзара тәуелділігі, мақсаттардағы, түсініктер мен құндылықтардағы, іс-әрекет мәнеріндегі, білім деңгейіндегі айырмашылық, нашар байланыс.

Кикілжің жағдайларын басқару тәсілдерінің екі категориясы болады: құрылымдық және тұлға аралық. Құрылымдық әдіс – жұмысқа қойылатын талаптарды түсіндіру, координациялық және интеграциялық механизмдерді қолдану, жалпы ұйымдастырушылық кешенді мақсаттарды орнату және ақы төлеу жүйесін қолдануды орнату. Тұлға аралық стиль кикілжіңдерді шешу: ауытқу, түзету, мәжбүрлеу, компромисс және мәселені шешу. Кикілжіңді шешудің ең қолайлы тәсілі – мәселені шешу – ой-пікірлердегі айырмашылықтарды мойындау және кикілжіңнің себептерін түсіну және іс-әрекет бағытын анықтау үшін барлық жақтырға қолайлы басқа ой пікірлермен танысу дайындығы.

§5. Ресми және бейресми басқару.

Ұйым – бұл, келесі талаптарға сәйкес құрылған адамдар тобы:

Осы топтың бөлшегі деп сезетін екіден кем емес адамнан тұруы.

Берілген топтың барлық мүшелері ортақ деп санайтын кем дегенде бір мақсаттың болуы.

Барлығы үшін маңызды болып саналатын мақсаттарға қол жеткізу үшін әдейілеп жұмыс істейтін топ мүшелерінің болуы.

Осы маңызды сипаттамаларды бір топқа біріктіре отырып, менеджерлер әлеміне анықтама беруге болады: ұйым – бұл қызметі ортақ немесе көптеген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталатын адамдар тобы.

Ұйымның мақсаттарына қол жеткізу үшін басшылықтың қалауы бойынша құрылған адамдар тобы ресми деп аталады. Әдетте адамдар ресми ұйымдарға, ұйымның мақсаттарын жүзеге асырғысы келгендіктен немесе оларға кіріс түріндегі сый ақы қажет болғанда немесе олармен ұйымның жарақтарымен байланысты мансап ойы басшылық еткен жағдайда кіреді.

Белгілі бір мақсаттрағ қол жеткізу үшін үнемі өзара байланысқа түсетін стихиялық қалыптасқан адамдар тобы бейресми топ деп мойындалды, өйткені, адамдарда бейресми топтарға кіруге үнемі себептер табылып отырады. Ұйымдар үшін бейресми топтардың үстемдік алмауы аса маңызды. Бейресми топ ұйымның дамуын алдыға жылжытуға немесе тежеуге қызмет етуі мүмкін. Менеджердің міндеті, сол топтардың ықпалын төмендету және олардың билігін тиісті арнаға бұру, сондай-ақ бейресми ұйымның қалай және неліктен қызмет ететіндігі туралы нақтылы түсінікке ие болу болып табылады.

Осылайша, адамдардың бейресми ұйымдары кәсіпорынның пайдасына орай және оған қарама-қарсы қызмет ете алады. Оны кәсіпорынға жұмыс істеуге қалай мәжбүрлеуге болады?

Біріншіден, менеджер бейресми ұйымдардың болу фактілеріне келісіп, қабылдау керек.

Екіншіден, бейресми ұйымның менеджердің алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін қаншалықты маңызды екендігін түсінуге тырысу керек.

Үшіншіден, бейресми көшбасшыларды анықтап, оларды басқару.

Төртіншіден, ресми және бейресми ұйымдардың мақсаттарын біріктіруге тырысу керек.

Бесіншіден, менеджер өзінің әрекеттеріне қарамастан, бейресми ұйымдар қызмет етуін тоқтатпайтындығын түсініп, келісу керек.

Адамдарды бейресми топтарға кіруге мәжбүр ететін себептерді келесідей топтауға болады: қажеттілік сезімі, өзара көмек, қорғаныс, тілдесу, ұнату. Бейресми ұйымдарды сипаттайтын белгілер: әлеуметтік бақылау, өзгерістерге қарсы шығу, бейресми көшбасшылар. Бейресми көшбасшының тірегі – оны топтың мойындауы, ол екі бірінші дәрежелі функцияны атқарады: топқа оның мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі, оның тіршілік етуін қолдап, нығайтады. Ұйымда бейресми топтардың болуы – әбден қалыпты құбылыс, олар еңбек ұжымын нығайтады және ұйымның ресми жетекшісі оларды қолдау керек.

4 бөлім бойынша бақылау сұрақтары.

1. Басқарудың мәні мен рөлі.

2. Басқару қызметінің функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау.

3. Қызмет түрлері және менеджерлік басқару құрылымдары.

4. Басқару шешімдері. Шешімдерді қабылдау тәсілдері.

5. Бақылаудың түрлері мен типтері.

6. Топ ұғымы және оның мәні.

7. Кикілжің ұғымы. Кикілжіңнің типтері.

8. Кикілжіңдерді шешудің стильдері.

БӨЛІМ 5 «ӨНДІРІС ПЕН ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ»

САБАҚ №16.

Тақырып 5.1 «Өндірісті ұйымдастыру мен жобалау»

Жоспар.

  1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы.
  2. Өндірістің әртүрлі түрлерінің сипаттамасы.
  3. Өндірістік үрдісті ұйымдастырудың құрылымы мен принциптері.

§1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы

Кәсіпорынның (фирманың) өндірістік құрылымы астарында оның өндірістік бөлімдерінің (филиалдар, өндірістер, цехтер, шаруашылықтар мен қызметтер) құрамын, олардың мамандану формаларын және өзара байланысын түсіну қалыптасқан.

Өндірістік құрылым кеңістіктегі өндірістік үрдістерді ұйымдастырудың формаларына айтарлықтай әсер етеді, яғни кәсіпорынның сәйкес бөлімдері арасында негізгі өнімді өндіруді бөлу келесі факторларға тәуелді болады:

• өнімнің сипаты, яғни бұйымдардың конструкциялық ерекшеліктері мен оларды дайындауда көп еңбек етуді қажетсінуде;

• өндіріс типі;

• өндіріс масштабы, ол келесілерді анықтайды:

а) кәсіпорын көлемдері;

б) өнімді жылдық шығару көлемдері;

в) жұмысшылар мен қызметкерлердің саны;

г) негізгі өндірістік қорлардың құны;

• өндірістік бөлімдерді мамандандырудың деңгейі мен формасы;

• басқа кәсіпорындармен кооперациялану дәрежесі.

Машинажасау кәсіпорындарында құрылымдық күрделі өндірістік үрдістерді орындау үшін өндірістік қызметтегі негізгі және көмекші цехтер мен қызмет көресту шаруашылықтары жасалады. Кәсіпорынның негізгі өндірістік бөлімі цех, цех-учаскесі, учаскенің – жұмыс орны болып табылады. Цех деп өндірістік үрдістің белгілі бір бөлігін (темір соғатын, құрайтын цех және т.с.с.) орындайтын, немесе кәсіпорынмен шығарылатын бұйымның (роторлық, турбиналық цех және т.с.с.) қандай да бір бөлігін толығымен дайындайтын кәсіпорынның ұйымдастырушылық және техникалық жеке түйінін атайды.

Цехтің өндірістік құрылымы астарында оның өндірістік учаскелерінің, көмекші және қызмет көрсету бөлімдерінің құрамы, сондай-ақ олардың өндірістік байланыстарының формалары түсіндіріледі.

Әртүрлі өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға жататын қызметтер мен шаруашылықтар өнімдік өндірістерге біріктірілуі мүмкін (тракторлық өндіріс, турбиналық өндіріс және т.с.с.). өндірістік үрдістердің түрлеріне сәйкес цехтар негізгі, көмекші және қызмет көрсету болып бөлінеді.

Негізгі цехтар өндірістің үш кезеңіне сәйкес үш топқа бөлінеді:

• дайындау - құю (шойын, болат және түсті құю); темір соғу (ыстық штамптау және темір соғу-пресстеу); киім пішу цехтері, металлды балқыту және кесу, пластмассаларды өндіру; жартылай өткізгіш материалдар және т.б.;

• өңдеуші – механикалық (металл өңдеуші); суық штамптау; металл конструкциялар; термикалық; металлжабындылар (галь­вандық, лак және бояу жасау); химиялық; ағаш өңдеу және т.б.

• жинақтау – түйіндік және басты құрау; жинау-монтажды, электромонтажды.

Көмекші цехтер де үш топқа бөлінеді:

• энергетикалық – қазандық, компрессорлық, газогенераторлық, электро­станциялар немесе трансформаторлық станциялар және т.б.

• аспаптық – модельдік, штамптар мен құрылғылар, кесу және өлшеу құралдары, пресс-формалар және т.б.;

• жөндеу – жөндеу-механикалық; жөндеу-құрылыс, электро­жөндеу, стандарттық емес жабдықтар, механизациялар мен автоматизациялар және т.б. Қызмет көрсету цехтері мен шаруашылықтар камтиды:

транспорттық цехтер – автокөліктік, электрокардық, крандық және басқалар, қойма шаруашылығы – материалдық құндылықтардың қоймалары мен орындары, зертханаларды қолдану (химиялық, рентгендік және т.б.); метрологи­ялық, техникалық құжаттама және көбейткіш техникаларының қызметтері; мұрағаттар; санитарлы-техникалық шаруашылық және көгалдандыру қызметі және т.б.

Негізгі және көмекші цехтердің құрамында өндірістік учаскелерден бөлек қызметтің келесі учаскелері болуы мүмкін:

цехтердің жөндеу учаскелері механика және энергетика;

кескіш құралдың жөндеулері мен ұштауларын ажыратумен аспаптық-тарату қоймалары (АТҚ).

§2. Өндірістің әртүрлі типтерінің сипаттамасы.

Ұйымның барлық жүйесін құруды, кәсіпорында жоспарлау мен басқаруды анықтайтын аса маңызды фактор- өндіріс түрі болып табылады. Өндіріс типі астарында өнімді шығару ауқымы, номенклатурасы, жиілігі, тұрақтылығы мен көлемі бойынша сипатталатын өндірістің жіктелу категориясы түсіндіріледі.

Өндіріс типі өндірістік үрдістің негізгі элементтері арасындағы ішкі байланыстардың сипатын және жұмыс орындарында өндірістік жағдайлардың тұрақтылық дәрежесін көрсетеді.

Өндірістің үш негізгі түрін ажыратады: жаппай, сериялық, бірлі-жарым.

Жаппай өндіріс ұзақ уақыт бойы үздіксіз әзірленетін бұйымларды шығарудың тар номенклатурасы және шығарудың үлкен көлемімен сипатталады. Жаппай өндіріске келесі ерекше белгілер тән. Әр жұмыс орны үнемі бір ғана операцияны орындайды, яғни жұмыс орындарында өндірістік жағдайлардың толық тұрақтылығы, бұл келесілерге мүмкіндік береді:

жұмыс орындарын тар мамандандыру және оларды арнайы жоғары өнімді жабдықтармен жабдықтау;

барлық шығындардың нақтылы нормативтерін белгілеу;

өндірістің техникалық тексерісін мұқият жүзеге асыру;

жеке заттарды өндіру кезінде үздіксіз желілерді жасау.

өндірістің параллельділігі, үздіксіздігі, ырғақтығының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету, бұл, өз кезегінде еңбектің жоғарғы өнімділігіне қол жеткізуге, өндіріс циклін, аяқталмаған өндіріс көлемін және айналым қаражатының байланысын барынша аз қысқартуға мүмкіндік береді.

Сериялық өндіріс мерзімді қайталанатын партиялармен әзірленетін бұйымдардың шектеулі номенклатурасымен, және шығарудың салыстырмалы үлкен көлемімен сипатталады. Сериялық өндірістің үш түрін ажыратады:

• ірі сериялық (негізгі сипаттамалары бойынша жаппайға жақын болып келеді);

• орташа сериялық (партияларды өткізудің жиілігі мен тұрақтылығы);

• ұсақ сериялы (тұрақты емес, бұйымдарды шығарудың эпизоттық қайталануы уақыттың ұзақ кезеңдері бойынша, бір реттік өндіріске жақын. Жұмыс орындарындағы өндірістік жағдайлар аса тұрақсыз.

Өндірістің сериялық типі келесідей ерекше белгілерге ие:

1. Әрбір жұмыс орны бірнеше әртүрлі операцияларды ретімен орындауға негізделген.

2. Жаппай өндіріспен салыстырғанда аса әлсіз нормативтік және техникалық базалар.

3. партияның мерзімділігі дайындық циклін ұзартып, айналым құралдарының қажетті көлемін арттырады.

4. өнімді дайындаудың кезектестігі ұйымдастырудың, жоспарлаудың және өндірісті басқарудың міндеттерін күрделендіреді.

Бірлі-жарым өндіріс өндірудің бірлі-жарым және кіші көлемдерінде әзірленетін бұйымдардың кең номенклатурасымен сипатталады. Бірлі-жарым өндірістің ерекше белгілері:

1. Бұйымдарды жеке даналармен немесе кіші сериялармен (партиялармен) дайындау кезінде олардың шығарудың толық қайталанбауы – мысалы, машина жасаудың әртүрлі салаларын тәжірибелік-эксперименттік өндіру.

2. Жұмыс орындарында орындалатын бөлшектер мен операциялардың кең номенклатурасы.

3. Алғашқы екі белгілердің әсер етуі салдарынан жұмыс орындарында өндірістік жағдайлардың толық тұрақсыздығы.

4. Іріленген сипатқа ие нормативтік базаның шектелген құрамы.

5. Бөлшектер, жинау бірліктері мен бұйымдарының үлкен, үнемі өзгеріп отыратын детальдар номенклатурасы салдарынан өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлаудың айтарлықтай күрделілігі.

6. Орташа өндіріспен салыстырғанда аса төмен техника-экономикалық көрсеткіштер.

§3. Өндірістік үрдісті ұйымдастырудың құрылымдары мен принциптері

Өндірістік үрдіс – бұл өзара байланысқан еңбек және табиғи үрдістердің жиынтығы, соның нәтижесінде бастапқы материалдар дайын өнімге айналады.

Өндірістік үрдістің негізгі элементтері:

· еңбек - алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған адамның жүйкелік-бұлшықет және ой еңбегі;

· еңбек заттары – екі элементті қамтиды:

1) еңбек заты – станоктар, әртүрлі агрегаттар, құралдар, аспаптар және әсер етудің басқа механизмдері.

2) материалдық жағдайлар – ғимараттар, құрылыстар, көлік және т.с.с., яғни өндірістік үрдістерді өткізуді қамтамасыз ететін құралдар.

  • Еңбек өнімі – дайын өнім.

Машина жасау өнімдерін дайындаудың өндірістік үрдісі күрделі, құрылымы мен мазмұны бойынша біркелкі емес және үш еңбек үрдісінен тұрады:

1) негізгі; 2) көмекші; 3) қызмет көрсету.

Негізгі деп кәсіпорынның негізгі өнімін тікелей дайындау бойынша технологиялық үрдістер аталады.

Негізгі үрдіс әдетте үш кезеңнен тұрады:

1) дайындау; 2) өңдеу; 3) жинау.

Негізгі үрдіс әзірленетін өнімнің түріне байланысты бұйым элементтерін технологиялық өңдеудің әртүрлі түрлерін: темір соғу-пресстеу, дәнекерлеу, металл кесу, термиялық, электрофизикалық, химиялық және т.б. білдіретін операциялардың үлкен көлемін қамтиды.

Көмекші (қамтамасыз етуші) астарында кәсіпорынның өзіндік қажеттіліктері үшін, оның негізгі өнім құрамына кірмейтін, өнімді дайындау үрдісін атайды.

Оларға:

технологиялық және көмекші жабдықтарды дайындау және жөндеу;

ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу;

технологиялық жабдықтауды дайындау дәне жөндеу.

энергияның барлық түрлерін өндіру және беру ( электрлік, газ, бу, сығылған ауа және т.с.с. ).

Кейбір көмекші үрдістер, мысалы технологиялық жабдықтауды дайындау жоғарыда аталған үш кезеңнен тұруы мүмкін.

Қызмет көрсетуге негізгі және көмекші үрдістерге қызмет көрсетумен байланысты, соның ішінде: қоймалық, көліктік, бақылау- өлшеу, ақпараттық және т.с.с. үрдістер жатады. Үрдістердің мәні негізгі және көмекші өндіріс және олармен байланысты басқару қызметтеріне қызмет көрсетуден тұрады. Негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістерінің қатынасы мен сипаты өндірістік үрдіс құрылымын қалыптастырады.

Табиғи деп, уақыт шығынын қажет ететін, бірақ еңбек шығынын қажетсінбейтін (бояудан кейін бөлшектерді кептіру, металлдың тозуы және т.с.с.) үрдістер аталады.

Негізгі және көмекші үрдістер ұйымдастырушылық қатынаста: қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым заттарды (бұранда, валик және т.б.) оларға бірқатар технологиялық операцияларды жүзеге асыру жолымен дайындау үрдістері қарапайым болып табылады.

Күрделі үрдістер қарапайым үрдістерді жүзеге асыру бөлімдері бойынша кеңістік пен уақытқа бағдарланған олардың белгілі бір жиынтығын білдіреді.

Күрделілерге көп элементті бұйымдарды бөлшек заттар қатарын біріктіру жолымен – түйіндерді, блоктарды, құралдарды, агрегаттарды және т.с.с. дайындау үрдістері жатады.

Өндірістік үрдістің негізгі құрылымдық бірлігі операция болып табылады.

Операция астарында, жабдықтарды қайта түзетусіз бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше еңбек заттарымен жұмысшымен немесе бригадамен орындалатын әрекеттердің жиынтығы түсіндіріледі.

Операциялардың екі түрін ажыратады: негізгі немесе технологиялық, олардың үрдісі кезінде еңбек заттарының формасы, көлемдері, құрылымдары, қасиеттері немесе өзара мүшеленуі жүзеге асады; көмекші, еңбек заттарын тасымалдаумен және олардың сапасын бақылаумен байланысты. Технологиялық талаптар және өндірістік үрдісті ұйымдастыру жағдайларына байланысты оны операцияларға бөлу әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, валикті алғашқы және соңғы өңдеу, және онда оймаларды кесу. Егер олар, технологиялық үрдістің жеке өтпелері ретінде, технологиялық және ұйымдастырушылық жағдайлары бойынша бір станокта жасалатын болса, онда бір операция болып саналады; егер де бұл жұмыстар әртүрлі жұмыс орындарында іске асатын болса, олар үш операцияны құрайды.

САБАҚ №17.

Тақырып 5.2 «Еңбек өнімділігі»

Жоспар.

  1. Еңбек өнімділігі – экономикалық категория ретінде.
  2. Еңбек өнімділігін өлшеудің негізгі әдістері.
  3. Еңбек өнімділігінің өсу факторлері.

§1. Еңбек өнімділігі – экономикалық категория ретінде.

Еңбек өнімділігі материалдық өндіріс саласында жұмысшылар қызметінің нәтижелілігін (өнімділігін) сипаттайтын күрделі экономикалық категорияны білдіреді. Еңбек өнімділігі кең түсінікте – бұл нақтылы жұмысшының өнімді шығару және қызмет көрсету мүмкіндігі.

Еңбектің жеке және қоғамдық өнімділігін ажыратады. Еңбектің жеке шығындарының нәтижелілігі жеке (жанды) еңбек өнімділігі деп аталады және уақыт бірлігінде жұмысшымен жүзеге асатын материалдық игіліктердің көлемімен немесе өнім бірлігіне (көп еңбек сіңіру) кететін уақыт шығынымен өлшенеді.

Тек жанды ғана емес, сондай-ақ заттанған еңбек шығындарымен анықталатын еңбек өнімділігі қоғамдық еңбек өнімділігі деп аталады.

Материалдық өндірістегі еңбек нәтижелілігі еңбек өнімділігін сипаттайды. Еңбек өнімділігі – бұл белгілі бір кезеңде бір жұмысшы есебінде өндірілген өнімнің саны немесе өнім бірлігіне жұмыс уақытының шығыны.

Уақыт бірлігінде өндірілген өнім санын анықтайтын көрсеткіш өнімділік деп аталады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: