Кіріспе

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. 1989 жылы қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берген Тілдер туралы заң қабылданды. 1990 жылдан бастап қазақ тілі заңды түрде мемлекеттік тіл деп есептеледі. Бұл мәселе 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған ҚР жаңа Конституциясымен бекітілді. ҚР тіл саясатында: «мемлекеттік тілдің беделін, оны білу әрбір азаматтың өмірлік қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі болатындай деңгейге көтеру керек» екендігі көрсетілген.

Қазір дүние жүзінде 6000-нан астам тіл бар. Дегенмен тілдердің саны жөнінде тілтанушылар арасында бірізділік жоқ екендігін (2500-6000) айтқан жөн; мұндай қайшылықтардың болуы көп жағдайда тілдердің толық зерттелмеуінен, олрадың жеке тіл немесе диалект екендігі анықталмауына байланысты болып отыр. Тіл білімінде мұндай даулы мәселелер бола тұра, тілдерді топтастыру мәселесі біршама шешілген деуге болады. Олардың ең негізгілері: ареалдық (жағрафиялық), генетикалық, типологиялық және функционалдық.

Қазақ тілі ноғай және қарақалпақ тілдерімен бірге түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Түркі тілдері таралу аймағы және аталмыш тілдерде сөйлейтін халықтарының саны жағынан Еуразияда славян тілдерінен кейін екінші орынды иеленеді. Түркі тілдері Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия және Түркіменстан атты 6 егеменді елдің; Башқұртстан, Татарстан, Чувашия, Қарақалпақстан, Нахичеван АА, Дагестан, Тува, Саха тәрізді 8 автономиялық республиканың; Гагауз, Адыгей, Қарашай-Черкес, Хакасия және Таулы Алтай – 5 автономиялық облыстың 18 әдеби тілі болып табылады. Сөздік қорындағы көптеген сәйкестіктер мен фонетикалық және грамматикалық құрылымының ұқсастықтары Шығыс Еуропа мен Кавказдан Таяу шығыс пен Орта Азия және Сібірге дейін тараған түркі тілдерінде сөйлеушілердің өзара еш қиындықсыз бірін-бірі түсінісе беруіне қолайлы жағдай туғызады. Осыған байланысты қазақ тілін білу тек қана тіл үйренушілердің билингвалдық мәдениетін жоғарылатып қоймайды, бүкіл түркі дүниесімен танысуға мүкіндік беретіндігін айтқан жөн.

Казахский язык является государственным языком Республики Казахстан. В 1989 году был принят Закон о языках, где казахский язык приобрел статус государственного языка РК. С 1990 года казахский язык законно считается государственным языком Республики Казахстан. Это положение подтверждено новой Конституцией РК, принятой 28 января 1993 года. Языковая политика в Республике Казахстан определяет задачи языкового строительство следующим образом: престиж государственного языка нужно поднять на такой уровень, чтобы овладение им стало жизненной потербностью каждого гражданина, составной частью казахстанского патриотизма.

На земле сейчас насчитывается около 6000 языков. Следует заметить, что самое количество языков и народов языковедами называется разное (с 2500 до 6000); трудность определения количество языков связана с тем, что во многих случаях из-за недостаточной изученности неясно, что это – самостоятельный язык или же диалект какого-либо языка. Несмотря на такие трудности в языкознании существеут ряд классификаций языков, основными из них являются четыре: ареальная (географическая), генеалогическая, типологическая и функциональная.

Казахский язык вместе с ногайским и каракалпакским относится к кыпчакской группе тюркских языков. Тюркские языки по территории распространения и чиселнности населения, говорящего на них, занимают в Евразии второе место после славянских языков. Это 18 литературных языков, обслуживающих 6 суверенных государств – Казахстан, Кыргызстан, Азербайджан, Узбекистан, Турцию и Туркмению; 8 автономных республик – Башкортостан, Татарстан, Чувашию, Каракалпакию, Нахичеванскую АО, Дагестан, Туву, Якутию; а также 5 автономных областей – Гагаузскую, Адыгейскую, Карачаево-Черкесскую, Хакасскую, Горно-Алтайскую. Слабо различающийся по языкам словарный состав, близкие по своему характеру фонетические соответствия по языкам и общий грамматический строй позволяют почти всем носителям тюркских языков понимать друг друга на всей территории их распространения от Восточной Европы и Кавказа до Средней и Центральной Азии и Сибири. В этой связи важно подчеркнуть, что знание казахского языка не только расширит общую билингвальную культуру, но и позволит приобщиться ко всему тюркскому миру.

БІРІНШІ САБАҚ

Қазақстан экономикасы

Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергетикалық, металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, химиялық талшықтар, минералдық тыңайтқыштар, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш машиналар, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi.

Қазақстан әлемдiк экономика нарығына мұнай, газ, қара және түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарады. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың мол қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-ші орында.

Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң 11%-ын (пайыз) түстi металлургия; 2,3%-ын мыс өндiру; 7%-ға жуығын қара металлургия құрайды. Қазақстан темiр кентасының қоры жөнiнен әлемде 8-орында. Елде өндiрiлетiн темiр кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады.

Қаламыздағы «Миттал Стил Теміртау» АҚ еліміздің шойыны мен қара металдарының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндiредi.

1.1. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

өнеркәсіп – промышленность құрылыс – строительство кәсіпорын – предприятие шойын – чугун болат – сталь қорғасын – свинец мыс – медь мырыш – цинк талшық – волокно тыңайтқыш – удобрение жону – стругать, переработать ұсталық – кузнечный сығымдағыш – прессовая нарық – рынок сирек – редко кездесу – встретиться өнім – продукция кен қазу – горная выработка жетекші – ведущий болып табылады – является көмір-сутегі – угеловодороды шикізат – сырье қор – фонд, запас, резерв барлау – разведка, разведывать құрау – составлять

1.2. Мәтінді оқып, аударыңыздар және әңгімелеп беріңіздер.

1.3. Асты сызылған сөздерді сұрақпен алмастырыңыздар, көшіріп жазыңыздар.

1. Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары жұмыс істейді.

2. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат өндіреді.

3. Қазақстан жерінде пайдалы қазбалар бар.

4. Қазақстан әлемдiк экономика нарығына мұнай, газ, қара және түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарады.

5. Кен қазу өнеркәсiбi жетекшi сектор болып табылады.

6. Қазақстан бай болғандықтан дүние жүзілік нарық үшін пайдалы.

7. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар.

8. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-ші орында.

9. Қара металлургия жалпы өнімнің 7 пайызын құрайды.

10. «Миттал Стил Теміртау» АҚ шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын өндiредi.

Қазақстан Республикасының елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекет бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Мұның бәрі Қазақстанда өмір сүріп жатқан әр түрлі халық өкілдерінің рухани байлығының белгісі. Қанатты пырақ – мәңгілік өмір шексіз дамудың нышаны. Ол болашаққа үміт артқан жас ұрпақтың арманы да.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер жұлдызы болады. Еліміздің де осындай өз жұлдызы болуы керек. Қазақ халқында «Бағың ашылып, маңдайың жарқырай берсін» деген жақсы тілек бар. Біздің халқымыз осындай ізгі тілектің орындалуын армандайды. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның негізгі түстері – көк және сары түстер. Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттерін білдірсе, сары түс байлық, молшылық, құт-берекені білдіреді екен.

Елтаңбаның авторлары – сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

1.4. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

іспеттес, сияқты – подобный қанатты пырақ – скакун (мифич.) шаншылған – прикреплены, воткнуты уық – унины (изгнутая палка, которая соединяет купол юрты с кереге (решеткой) рухани – духовный мәңгілік – бессмертие шексіз даму – безконечное развитие үміт арту (үміттену) – надеяться жол көрсетер жұлдыз – путеводная звезда ізгі тілек – добрые пожелания адалдық – честность реңк – колорит, оттенок сәулетші – архитектор бақ – счастье, удача

1.5. Сөз тіркестерін аударыңыздар.

Негізіне алынған, жүрегі іспеттес, отбасы ошағын бейнелейді, уықтар шаншылған, өмір сүріп жатқан, әр түрлі халықтар, рухани байлық, халық өкілдері, жас ұрпақтың арманы, елтаңба төбесінде, тілектің орындалуы, бағы жану, маңдайы жарқырау, халқымыз армандайды, елтаңбаның төменгі жағында, қасиеттерін білдіру, адам бойындағы қасиет.

1.6. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Елтаңбаның негізіне не алынған?

2. Шаңырақ әлемнің несін бейнелейді?

3. Шаңырақты айнала нелер шаншылған?

4. Қанатты пырақ – ненің нышаны?

5. Елтаңба төбесінде қандай жұлдыз бар?

6. Еліміздің қандай өз жұлдызы болуы керек?

7. Қазақ халқында қандай жақсы тілек бар?

8. Елтаңбаның авторлары – кім?

Грамматика!

Қазақ тілінің негізгі ерекшеліктері

Тюркские языки вместе с тунгусо-маньчжурскими и монгольскими языками входят в состав более общирной алтайской семьи языков, включающей, также и корейский и японский. Данные языки, в течение многих веков сохранили много общих черт, характеризующих их общую типологию как языков агглютинативных (agglutination – лат. – приклеивание, присоединение). Русский язык, в отличие от казахского, относится к славянской группе индо-европейской семье языков, а по типологическому признаку – флективным языкам. Несмотря на то, что оба языка относятся к разным семьям, между ними имеется много общего: значительная часть гласных и согласных звуков, многие грамматические категории (лица, числа, падежа и др.), лексико-семантические единицы и т.п. Вместе с тем между ними имеются и значительные различия, которые вытекают прежде всего из структурных особенностей агглютинативных и флективных языков. Наличие сходства и различий между языками в значительной степени вляет на процесс усвоения неродного языка. Сходство элементов двух языков (фацилитация) облегчает усвоение второго языка, в то время как различия элементов (интерфернция) мешает усвоение второго языка и является главным источником ошибок в языковой навыке студентов.

Рассмотрим наиболее характерные признаки казахского языка, определяющие своеобразие и специфику грамматики.

1. Гласные звуки поразделяются на мягкие (жіңішке дауысты дыбыстар) и твердые (жуан дауысты дыбыстар). Мягкость и твердость гласных (8 пар: а/ә, о/ө, ұ/ү, ы/і) являются различителями значений слов и играет большую роль для правильного связывания основы с окончаниями и суффиксами, т.е. для усвоения основного закона, называемого «Законом сингармонизма». Сравните: сал (клади, положи; плот), сәл (чуть-чуть, слегка); ыс (гарь, копоть), іс (дело); бол (будь), бөл (дели) и т.д.

2. Исконные казахские слова не начинаются сразу с двух или с трех согласных звуков как в русском языке. Например: трактор, справедливый.

3. В казахском языке ударение имеет определенное место в слове. Оно находится в подавляющем большинстве случаев на последном слоге. По мере присоединения к корнию различных аффиксов ударение постоянно передвигается на конец слова: ота́н, отан+дас, отандас+та́р, отандастар+ымы́з, отандастарымыз+да́н и т.д.

4. Вопрос кім? (кто?) в казахском языке употребляется только со словами, называющими людей; не? (что?) – с остальными существительными, независимо от одушевленности и неодушевленности предмета.

5. При агглютинативном типе языка большинство грамматических форм образуется присоединение к неизменяемым корневым морфемам (словам) различного рода аффиксов (суффиксы и окончения) с закрепленными за ними значениями. А это значит, что словообразование осуществляется за счет наращивания аффиксов, число которых может доходит до девяти. А для флективных языков характерно слияние изменяемого корня с многозанчными окончаниями.

Например:

үнем – экономия, үнем+ді – экономный, үнем+ді+лік – экономичность;

үнем+де – сэкономи, үнем+де+у – экономить, үнем+де+у+ші – экономист, үнем+де+у+ші+лер – экономисты, үнем+де+у+ші+лер+іміз – наши экономисты, үнем+де+у+ші+лер+іміз+ге – нашим экономистам;

қам+сыз+дан+дыр+ыл+ма+ған+дығ(қ)+ымыз+дан – в виду того, что мы не были застрахованы.

(Сравните: в русском языке окончание –у в форме пиш- у совмещает в себе значения 1-го лица, единственного числа, настоящего времени, изъявительного наклонения и т.п.)

6. В казахском языке отсутствует категория рода, поэтому, например, личное местоимение ол соответствует русским: он, она, оно.

7. Имена (числительные и прилагательные, местоимение, наречие) в функции определения перед существительным не изменяются ни по числе, ни по падежам. Например: жақсы маман (хороший специалист), жақсы қыз (хорошая девушка), жақсы сөз (хорошое слова), жақсы студенттерге (хорошим студентам), он бес студент (пятнадцать студентов), көп студент (многие студенты), бұл студент (этот студент), бұл студенттер (эти студенты) и т.д.

8. Отношения принадлежности и обладения выражаются с помощью притяжательных окончаний, присоединяемых к существительным, прилагательным, числителям, местоимениям, неопределенным формам глагола, причастиям, наречиям и т.д. и суфиксов – нікі, -дікі, -тікі. Например: менің жұмыс+ым (моя работа), жұмыс біздікі (работа наша).

9. В казахском языке спрягаются имена и по такой же парадигме спрягаются глаголы; в русском языке именное спряжение отсутствует. Например: мен адаммын (ақылдымын, жалғызбын, біреумін); мен отырмын, (келемін, айтыппын) и.т.д.

10. В казахском языке нет предлогов и приставок, а есть послелоги (септеулік шылаулар), управляющие различными падежами. Например: Отан туралы (о Родине), күзге қарай (к осенью), сенен соң (после тебя) и т.д.

11. Порядок слов относительно стабильный: подлежащее как правило, стоит перед сказуемым, сказуемое почти всегда стоит в конце предложения, определение, дополнение, обстоятельство перед словами, к которым они относятся. Например:

Мен биыл19-шымектептіжақсыбітірдім. Қазір ҚМИУ-даоқып жүрмін.

1.7. Сөз тіркестерін аударыңыздар, сөз табын анықтаңыздар.

Үш күн, аспанға ұш, тік тұр, әр түрлі іс-шаралар, көп тапсырма, білімді ғалым, ғылым салалары, үнемшіл жігіт, үлкен жанұя, темір кені, жеті пайыз.

1.8. Жуан негізді сөздерге «1», жіңішке негізді сөздерге «2» цифрымен белгілеңіздер.

Ақын, көйлек, мұғалім, ұстаз, тәлімгер, әкім, кеңсе, жауапкершілік, пәлеқор, дәріхана, әсемпаз, саясат, дағды, ғарышкер, қиял, қауіпті, заңғар, қате, заңгер, мәжбүр, кітапхана, мұражай, көзілдірік, үнемдеу, қажеттілік.

1.9. «Қазақстан экономикасы» мәтінінен зат есім, сын есім, сан есім және етістік (4×5) теріп жазыңыздар.

1.10. Көп нүктенің орнына тиісті жіктеу есімдігін қойыңыздар.

... атым,...есіміңіз,... аты-жөні,...әжелеріңіз,...көршіміз,...достарың,...мамандығым,...қарындасы,... ақшам,...уақытыңыз,...жоспарың,...топтары,...қажеттіліктері,...сұраныстарыңыз,...несиеңіз,...қаламыз,...қаламың.

1.11. Сөз тіркестерін аударыңыздар.

Интересные книги, красивые девушки, много друзей, большие рынки, умные старшие братья, веселые люди, образованные студенты, дружба народов, строгие преподаватели, чистые окна, 300 студентов, первый урок, четырнадцать областей, двадцать второй автобус, три бабушки, 2012 год.

1.12. Мақалдардың сәйкестігін табыңыздар және жаттап алыңыздар.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады 2. Ақылдыға айтқан сөз қолға ұстаған тумен тең. 3. Асыл сөз майдан да да сайран да керек. 4. Айтылған сөз атылған оқпен тең. 5. Ақылсызға айтқан сөз ағып жатқан сумен тең. 6. Жақсы сөз – жарым ырыс. 1. Мудрое слово нужно и в битве, и в веселье. 2. Хорошое слово – половина счастья. 3. Для не умного сказанное слово вытекающая вода. 4. Человеческое слово стерлы быстрее. 5. Для умного сказанное слово подобно знамени в руке. 6. Ветер горы разрушает, слова народы поднимает.

Білгішбектің бұрышы

Ресейде өмір сүретін әлеуеттер тілінде 10-15 адам ғана сөйлейді. Ал Африкадағы бикья халқының тілінде бір ғана кәрі әйел сөйлейді екен.

ЕКІНШІ САБАҚ

Қазақстан Республикасының Әнұраны

Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздік пен егемендіктің сазды рәмізі. Әнұран дегеніміз мемлекеттің бірлігінің белгісі ретінде қабылданған салтанатты ұран-өлең. Қай елдің де әнұраны халықтарды бірлікке, татулыққа шақырады. Олардың психологиясына, сана-сезіміне рух беретін үндеу. Сол елдің азаматтарының намысын оятып, біріккен ел болуға шақыратын, еркіндікті сезінуге әсер ететін дабыл.

Қазақ халқының тарихында елдің ұраны әр түрлі болған. Мысалы, соғыс кезінде батырлардың аты ұран ретінде қолданылған. Жоңғарларға қарсы күресте әскерлер «Абылай! Абылай!» деп жауға қарсы шапқан. Сондай-ақ, әрбір рудың өз ұраны болған. Қазақ халқының ішінде көп тараған ұрандарда «Алаш!», «Аруақ!» деген сөздер жиі қолданылған. Арнайы сайланған ұраншылар да болған.

Қазақстан Республикасының қазіргі Әнұранының сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Өлеңін жазған – Шәмші Қалдаяқов.

2.1. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

салтанатты – торжественный ұран – лозунг, девиз сана-сезімі –самосознание, чувство рух беру – воодушевлять, поднимать дух үндеу – воззвание, обращение намыс - честь еркіндік – свобода әсер ету – впечатлять дабыл – призыв қолданылу – использоваться арнайы – специальный сайлау – выбрать ұраншы – глашатай (в старину: вестник, всенародно объявляющий что-н.) жауға қарсы шабу – сражаться против врагов ру – род, племя тарау – распространяться жиі – часто

2.2. Сөз тіркестерін аударыңдарыздар.

Егемендіктің сазды рәмізі, мемлекеттің бірлігінің белгісі, белгісі ретінде қабылданған, салтанатты ұран-өлең, халықтарды бірлікке шақырады, сана-сезіміне рух беру, әсер ететін дабыл, азаматтардың намысын ояту, біріккен ел болуға шақыратын ұран, еркіндікті сезіну, соғыс кезінде қолданылған, батырлардың аты, ұран ретінде, жоңғарларға қарсы күрес, көп тараған ұрандарда, арнайы сайланған, жиі қолданылған,ұраншылар болған.

2.3. Мәтінді аударыңыздар және әңгімелеп беріңіздер.

2.4. Сөздердің қай септікте тұрғанын анықтап, кестеге орналастырыңыздар.

Мемлекеттің, рухта, үндеуді, намысқа, халықтарды, бірлікке, сана-сезіміне, намысын, еркіндікті, жоңғарлардан, ұрандарда, батырлардың, соғыстан, әнұранның, күресте, тарихынан, өлеңін, әсер етуінен, руында.

Ілік септігінде Барыс септігінде Жатыс септігінде Табыс септігінде Шығыс септігінде
         

2.5. С ұрақтарды жауаппен алмастырыңыздар.

1. Мемлекеттік Әнұран – ненің сазды рәмізі?

2. Әнұраны халықтарды неге шақырады?

3. Қашан батырлардың аты ұран ретінде қолданылған?

4. Кімдер «Абылай! Абылай!» деп жауға қарсы шапқан?

5. Әрбір рудың несі болған?

6. Қандай ұраншылар болған?

2.6. Тиісті жіктік жалғауын қойып, аударыңыздар.

а) мен заңгер..., біз екеу..., олар жастар..., сіз ақылды..., қыздар көрікті..., сен үнемшіл..., сіздер он екі..., сендер жауапты..., мен кезекші..., сендер алтау..., ол мақтаншақ..., ол ұқыпты..., біз өте бақытты..., сендер тым еңбекқор...;

б) сіздер тыңдайтын..., мен жазатын..., сендер барма..., сіз айтқан..., ол көріпті..., біз оқымақ..., мен тыңдар..., мен түсті..., олар айтты..., сендер сөйлесіп..., олар жазған..., сіздер орындаған..., біз әсер алды..., сен келді...;

2.7. Берілген етістіктерді жағына қарай топтап жазыңыздар.

Келіпті, айтасың, жазбақпыз, оқып жүрмін, сөйлемекпін, көтергенсіңдер, жазып отырмыз, салғансың, көтермексіздер, оқиды, көріппіз, сұрағансыздар, қоймадыңыз, көріп отырсың, келген, айтпақпын, жазамын, оқып жатыр, сөйледі, жазбақпыз, тасыпты, салармын, көтергенсіңдер, көрерміз, жүрміз, ойламақсың, жазарсыз, салмаппын, келгенсің, келдік.

І жақ ІІ жақ ІІІ жақ
көпше жекеше көпше жекеше көпше жекеше
           

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы тік бұрышты, ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр, көгілдір түсті мата. Көгілдір түс бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың және ашық аспанның нышаны. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы алтын күн орналасқан. Бұл – бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Дала құсы – дарқандық пен қырағылық және биікке самғау белгісі. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек қазақ халқының салт-дәстүрін мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді. Күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс – молшылықтың, байлықтың, құт-берекенің белгісі. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

2.8. Мәтінді аударыңыздар және «Қазақстан Республикасының рәміздері» тақырыбы бойынша 6 тест сұрақтарын дайындаңыздар.

2.9. Мәтін бойынша 6 сұрақ құрастырыңыздар.

Грамматика!

Қазақ тіліндегі жалғаулар жүйесі

В казахском языке различаются по своему назначению четыре вида окончаний – көптік жалғау (окончание множественного числа), септік жалғау (падежные окончания), жіктік жалғау (личные окончания), тәуелдік жалғау (притяжательные окончания). Егер бір сөзде жалғаулар қабаттасып жалғанатын болса, олардың өзіндік реті бар: ең әуелі көптікжалғауы, одан соң тәуелдік жалғауы, соңынан септік жалғауы жалғанады; ал жіктік жалғауы сөйлемді аяқтап тұратындықтан, сөйлемнің ең соңғы шегі болып табылады.

І Көптік жалғаулары существительных в казахском языке образуется при помощи окончаний – лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер. Чередование гласных в окончаниях определяется правилами сингармонизма;чередование согласных в суффиксах множественного числа определяется законами прогрессивной ассимиляции.

ІІ Тәуелдік жалғаулары в казахском языке принадлежность предемта кому (чему)-нибудь может быть выражена двумя способами:

1. К словам, обозначающим название предмета, прибаляются окончания

притяжательной формы, а слова, обозначающие названия обладателя предмета, употребляется в ілік септік. Ілік септік отвечает на вопросы кімнің (чей, чья)? ненің (чего)? и образуется при помощи окончаний –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің (-ның6); выражает отношение одного предмета к другому; поэтому постоянно требует после себя употребления слова в форме притяжательности.

жағы жекеше түрі көпше түрі
  жіктеу есімдігі тәуелдік жалғаулары жіктеу есімдігі тәуелдік жалғаулары
І жақ Менің -ым, -ім, -м біздің -ымыз, -іміз, -мыз, -міз
  ІІ жақ сенің -ың, -ің, -ң сендердің -лар6+ың/-ің
сіздің -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз сіздердің -лар6+ыңыз/-іңіз
ІІІ жақ оның -ы, -і, -сы, -сі олардың -ы, -і, -сы, -сі; -лар6+ы/і

2. В казахском языке, кроме указанного лично-притяжательного окончания, принадлежность может быть выражена и с помощью особых притяжательных суффиксов: -нікі, -дікі, -тікі. В отличие от лично- притяжательного окончания, он присоединяется не к существительныму, обозначающему предмет обладания, а к существительному-обладателю. Например: менің кітаб+ым (моя книга) ═ кітап ме(н)+нікі (книга моя), біздің үйіміз (наш дом) ═ үй біз+дікі (дом наша) т.б. Слова с притяжательным суффиксом –нікі3 употребляются только в качество сказуемого и, как правило, стоят в конце предложения.

ІІІ Септік жалғаулары – это форма имени существительного, которая служит для связи слов в словосочетании и в предложении. В казахском языке имеется два вида склонения: а) простое склонение (жай септеу); б) притяжательное склонение (тәуелді септеу).

  №   Септік атаулары   Сұрақтары   Жай септеу Тәуелді септеу
І жақ ІІ жақ ІІІ жақ
  Атау не? кім? ---
  Ілік ненің? кімнің? -нің, ның, -дің,-дың, -тың, -тің
  Барыс неге? кімге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке -а, -е -на, -не
  Табыс нені? кімді? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
  Жатыс неде? кімде? қайда? -да, -де, -та, -те -нда, -нде
  Шығыс неден? кімнен? қайдан? -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
  Көмектес немен? кіммен? -мен, -бен, -пен

IV Жіктік жалғаулары – в отличие от русского, в казахском языке все глаголы, а также существительные (прилагательные, числительные, местоимения, наречия и др.), выступая в роли сказуемого, спрягаются одинаково, т.е. имеют одинаковые личные окончаний, различающиеся лишь фонетическими вариантами:

  Жекеше Көпше
І жақ -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз
ІІ жақ -сың, -сің -сыңдар, -сіңдер
-сыз, -сіз -сыздар, -сіздер
ІІІ жақ жіктік жалғауы болмайды

Мысалы: мен студентпін, біз оқимыз, сен көріктісің, сендер жассыңдар, сіз қайдасыз, сіздер он тоғыздасыздар, ол бірінші, олар келген т.б.

2.10. Сөз тіркестеріне –нікі3 жұрнақтарын жалғаңыздар және оларды тәуелдік жалғауымен алмастырыңыздар, аударыңыздар.

Үлгі: пәтер көрші... – пәтер көрші+нікі – көршінің пәтері т.б.

Кітап досым..., қуыршақ қыз..., машина өзім..., дәрісхана университет..., әннің сазы Нұрғиса Тілендиев..., кілем қабырға..., сағат әкем..., көйлек мен...

2.11. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1. Я – слушатель. 2. Вы первые. 3. Они не на концерте. 4. Вы мне

нужны. 5. Он не врач. 6. Мы будущие экономисты. 7. Вы коллеги. Они хорошие соседи. 8. Меня нет дома. 9. Ты на уроке казахского языка. 10. Мой друг в ауле. 11. Вы живете на проспекте Республики. 12. Его нет на уроке.

2.12. Берілген сөздерді құрамына қарай кестеге орналастырыңыздар.

сөздер түбірі жұрнақ жалғаулар
көптік тәуелдік септік жіктік
жолдастарымыздан            
адамгершіліктеріңіз            
заңгерлерімізге            
үнемдеушілерміз            
білімділерімізбен            
қажеттіліктеріңе            
мұражайларында            
кітапханашылардікі            
талапкерлерсіңдер            

2.13. Сөйлемдерді мүмкіндігінше күрделендіріңіздер.

Үлгі: Мен барамын.

Мен қонаққа барамын.

Мен кешке қонаққа барамын.

Мен ертең кешке қонаққа барамын.

Мен ертең кешке досыммен бірге қонаққа барамын.

Мен ертең кешке досыммен бірге танысыма қонаққа барамын.

Мен ертең кешке досыммен бірге алыстағы танысыма қонаққа барамын.

Мен ертең кешке досыммен бірге алыстағы танысыма бір күнге қонаққа барамын.

Мен ертең досыммен бірге алыстағы танысыма бір күнге қонаққа машинамен барамын.

1. Гүл сыйлады. 2. Біз оқимыз. 3. Сіз қыдырасыз. 4. Сен ән саласың. 5. Ол

білім алады. 6. Сендер жаздыңдар. 7. Мен шақырамын. 8. Сіздер сатып алдыңыздар. 9. Әлия ән салады. 10. Олар үйреніп жүр. 11. Мен таңдадым.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...

Қазақ жері

Пай-пай, пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүбірлеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағызым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке,

Мына аймақ,

Бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,

Тағызым жасаймын қырларға!

Шүкірлік етемін қашан да,

Осы бір Отанда тұрғанға!

М. Мақатаев

12.14.1. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар және жаттап алыңыздар.

12.14.2. Өлеңді өз сөздеріңізбен әңгімелеп беріңіздер.

12.14.3. Өлеңнен жіктік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыздар.

ҮШІНШІ САБАҚ

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті 1963 жылы құрылды. Алғашқы кезде университет Жоғары техникалық оқу орны, соңынан Қарағанды металлургия институты деп те аталды. Университет құрылғаннан бері 20 мыңнан астам жоғары кәсіптік білімі бар маман дайындап шығарды. Қазіргі таңда ҚМИУ Қазақстан Республикасының кен-металлургия саласы үшін жоғары білікті мамандар дайындауда еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі болып саналады.

Университеттің төмендегідей 3 факультеті бар: металлургия және құрылыс, машинажасау технологиясы және автоматтандыру, экономика. Олардың құрамында 15 кафедра жұмыс істейді. Онда ғылыми дәрежесі мен атағы бар 70-тен астам білікті оқытушылар қызмет етеді.

Университеттің материалдық-техникалық базасы өте бай: мамандандырылған дәрісханалар мен зертханалар, ақпараттық-есептеу орталықтары, компьютер сыныптары орналасқан 6 оқу кешені; еурожөндеу жасалған отбасылы қызметкерлер мен магистранттар, студенттерге арналған 2 жатақхана; қазақ, орыс, шетел тілдеріндегі оқулықтар, ғылыми әдебиеттердің саны 300000-нан асатын заманауи кітапхана; оқулықтарды, оқу құралдарын, сөздіктерді, анықтамалықтарды, ғылыми монографияларды, басқа да материалдарды басып шығаратын баспа-полиграфиялық бөлімі; әр түрлі мерекелік және ресми іс-шараларды өткізуге арналған 2 акт залы; университеттің мұражайы, қоғамдық тамақтану орындары, қонақүйі, медициналық көмек көрсету және сауықтыру орны бар.

2004 жылдан бастап ҚМИУ-да оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген. Университет тарапынан студенттердің заманауи білім алуы мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, азаматтық-жекебасылық мүмкіндіктерін дамытуға барлық жағдай жасалған.

3.1. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

білікті – образованный, знающий мамандар – специалисты дайындау – готовить алдыңғы қатарлы – передовые дәрісхана – аудитория зертхана – лаборатория басып шығару – издать (распечатать) мұражай – музей сауықтыру – оздоровить мүмкіндік – возможность жағдай жасау – создать условие оқу кешені – учебный комплекс қызметкер – служащий ғылыми – научный заманауи – современный оқу құралдары – учебное пособие анықтамалықтар – справочники ресми – официальный іс-шара –мероприятие қоғамдық – общественный тамақтану орындары – место питания енгізу – вводить, внедрить

3.2. Мәтінді аударыңыздар және әңгімелеңіздер.

3.3. Мәтінді пайдалана отырып, сұрақтардың орнына тиісті сөздерді жазыңыздар.

Қашаннан бері дайындап шығарды, қандай мамандар дайындауда, ненің бірі болып саналады,қанша кафедра, кімдер қызмет етеді, қандай дәрісханалар, кімге арналған жатақхана, қай тілдердегі оқулықтар, нені басып шығаратын баспахана, нені өткізуге арналған, қайда енгізілген, кімдердің білім алуына, нені дамытуға, неге жағдай жасалған.

Грамматика!

Етістік – іс-қимыл, қозғалысты білдіріп, не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтарға жауап беретін, сөйлемде баяндауыш болатын сөз табы. Основные семантические значения глагола выражаются в следующих формах:

1. Қимыл атауы (тұйық етістік) – неопределенная форма глагола;

2. Салттылық және сабақтылық – переходность и непереходность;

3. Етіс категориясы – залоговая категория;

4. Болымдылық және болымсыздық – положительная и отрицательная форма глагола;

5. Есімшелер – причастия;

6. Көсемшелер – деепричастия;

7. Рай формалары – формы наклонения;

8. Шақ формалары – формы времени;

9. Жақтық, сандық формалар – формы лица и числа;

Етістік құрамы жағынан дара (простой), күрделі (сложный), құранды (аналитические формы глагола) болады.

Етістік лексикалық мағынасы жағынан негізгі (основные) және көмекші етістіктер (вспомогательные) болып екіге бөлінеді. Глаголы казахского языка по семантико-грамматическому признаку можно делить на три группы:

1. Глаголы, которые употребляются только в основном значении, они не могут выступать в качестве вспомогательного глагола. Мысалы: оқы, жаз, же, айт, сат, сыз, аш т.б.

2. Глаголы, которые могут выступать как в качестве вспомогательных, так и в роли глаголов в реальном («вещественном») значении. Қалып етістіктері (глаголы состояния) – отыр, тұр, жатыр, жүр, и некоторые основные глаголы утратив свое лексическое значения могут выступать как вспомогательное, их общее количество около 30. На казахском языке чаще всего в роли вспомогательных глаголов выступают следующие глаголы: отыр (сидит), жүр (ходит), жатыр (лежит), тұр (стоит), баста (начинай), кел (подойди), көр (посмотри), бар (иди), бер (дай, отдай), ал (возьми, бери), шық (выходи), біл (знай), қал (оставайся), жібер (посылай, отпускай), түс (слезай), айнал (вращайся, превращайся), сал (клади), бол (будь), біту (закончиться), жөнелу (отправиться, направиться), қою (положить, прекратить), өту (переходить), тастау (бросить, оставить, покинуть). Мысалы: Ол жатыр (он(а) лежит) – негізгі етістік (основной), Ол оқып жатыр (он(а) читает в наст.вр.) Мына жерді сүртіп ал. (Вытри здесь) Айта беріңіз. (Продолжайте говорить)

3. Глаголы, которые выступают только как вспомогательные: е- (еді, екен, емес); де- (деді, деген, депті, деседі); жазда- (жаздады, жаздаған, жаздапты); қыл- (қылды, қылғын, қылыпты, қылатын, қылмақ); ет- (етер, етпек, етпекші)

Мысалы: Сіз қай жерде еңбек еттіңіз? (Где Вы трудились?) Не дейді? (Что он(а) говорит? Мен кеше құлап қала жаздадым. (Я вчера чуть не упал(а). Оны мен айтты қылды. Бізді жазықты етпек.

3.4. Етістіктерді құрамына қарай топтап жазыңыздар.

Ашу, бата беру, саудаласу, тілек айту, тапсырмады, қонақ болу, айту, сөйлесіп жатыр, үндемеңдер, келген емес, жолдама алу, бастамақ, аманат ету, сұрай салғанбыз, қояр емес, кеткен жоқ, жығылып қалу, сұрау салу, ұйқысы келу, кетті, сөз сөйлеу, айта жаздау, сөз беру, қуанып қалу, керек ету, күту, дайындалу, шақыру, айтып салу, көңілі қалу, сұрай беру, көзі түсу, жүрген екен, сурет салу, қою, бара жату, айтар еді, табу, жазып жатыр, сұрамақ екен.

3.5. ҚМИУ-да оқытылатын мамандықтар тізімін аударыңыздар және 5 сөйлем құрастырыңыздар.

Факультет металлургии и строительства: Металлургия, Теплоэнергетика, Строительство, Технология обработки материалов давлением;

Экономический факультет: Экономика, Менеджмент, Учет и аудит, Оценка;
факультет технологии машиностроения и автоматизации: Автоматизация и управление; Вычислительная техника и программное обеспечение, Материаловедение и технология новых материалов, Машиностроение, Транспорт, транспортная техника и технологии, Электроэнергетика, Химическая технология органических веществ, Технологические машины и оборудование, Безопсаность жизнедеятельности и защита окружающей среды, Стандартизация, метрология и сертификация.

3.6. Мәтінді аударыңыздар.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: