Менеджмент

Нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытуға үлкен көңіл бөлінетін болды. Батыс елдерінде барлық фирмалардың 95 пайызын шағын кәсіпорындар құрайды. Олар халықтың қажеттілігін толық қанағаттандырады, жұмыс орындарын ұсынады, түрлі жаңалықтарды енгізетін орын болып табылады. Шағын кәсіпорындардың тұрақтылығы, олардың бәсекедегі тартысқа төтеп беруі менеджмент ісімен тікелей байланысты болады.

Қарапайым түсінік бойынша, менеджмент дегеніміз қойылған мақсатқа жету шеберлігі, басқа адамдардың еңбегі, ақыл-ой өрісі мен мінез-құлқының аңғарын дұрыс бағыттай білу.

Менеджмент – (қазақша «басқару») сан алуан ұжымдарда адамдарды басқару бойынша іс-әрекет, қызмет. Және де менеджмент – осы қызметтерді іске асыруға көмектесетін адамзат білімінің бір саласы. Қорыта келгенде, менеджмент дегеніміз менеджерлерден құралатын, басқару жұмысын қамтамасыз ететін адамдардың белгілі бір категориясы, әлеуметтік қабаты.

Менеджер – бұл ұжым қандай да бір бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басқару ісін жүзеге асыру үшін жалдап алатын маман. Менеджменттің іске асыратын негізгі қызметтері:

- жоспарлау;

- реттеу;

- ұйымдастыру;

- үйлестіру;

- іс-әрекеттің сарынын білу;

- ынталандыру;

- ізгілендіру;

- корпоративтілік;

- бақылау.

Менеджменттің әрбір негізгі қызметі әлеуметтік-экономикалық жүйенің жалпы нәтижесіне жетуге бағытталады. Ол үшін менеджмент дербес адам мен оның іс-әрекетіне әсер ету құралдарын және белсенділендіру әдісін дайындау қажет. Басқаша айтқанда, менеджмент басқарудың жекелеген үдерісі ретінде көрініс табады.

12.1 Жаңа сөздер, сөз тіркестерімен танысыңыздар және жаттап алыңыздар.

шағын кәсіпкерлік – малый бизнес кәсіпорын – предприятие тұрақтылық – устойчивость бәсекедегі тартысқа төтеп беруі – зд. выживание в конкурентной борьбе қарапайым түсінік бойынша – в упрощенном понимании шеберлік – зд. умение ақыл-ой өрісі – интеллект мінез-құлқының аңғары – зд. мотивы поведения басқару – управлять, управление жалдап алатын маман – специалист, которого нанимают реттеу – регулирование үйлестіру – координация мотивация – іс-әрекеттің сарыны ынталандыру – стимулирование ізгілендіру – гуманизация дербес адам – персонал белсенділендіру – активизация жекелеген үдерісі – отдельный процесс нәтиже – результат

12.2. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

12.3. Берілген кілт сөздерді пайдаланып, 10 сұрақ құрастырыңыздар.

Шағын кәсіпкерлік; батыс елдерінде; бәсекедегі тартысқа төтеп беруі; мақсатқа жету; менеджмент ісімен тікелей байланысты; ақыл-ой өрісі; адамдарды басқару; әлеуметтік қабаты; негізгі қызметтері; әдісін дайындау.

12. 4. Төмендегі сөз тіркестерін дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыздар.

Керекті сөз тіркестері: Тірек сұрақтар:
1) Орысшасы: Основателем классической школы «научного менеджмента» считается Фредерик Тейлор.
«Ғылыми менеджмент», Фредерик Тейлор саналады, класссикалық мектебінің, негізін қалаушысы ретінде. қандай, ненің, несі ретінде, кім, қайтеді?
Қазақшасы:...
2) Орысшасы: Система Тейлора получила весьма широкое распространение в передовых западных странах.
Тейлордың жүйесі, кеңінен тарады, батыс елдерінде, алдыңғы қатарлы. Кімнің, несі, қандай, қайда, қайтті?
Қазақшасы:...
3) Орысшасы: Основные взгляды Тейлора изложены в книгах «Управление предприятием», «Принципы научного управления».
«Ғылыми басқарудың қағидаттары», деген кітаптарда көрініс тапқан, Тейлордың негізгі көзқарасы, «Кәсіпорынды басқару». Кімнің, несі, қандай нелерде, қайткен?
Қазақшасы:...

12.5. Сызбаны толықтырыңыздар.

Грамматика!

Тұйық етістік (неопределенная форма глагола) – исходная форма глагола, обозначающая действие вне связи с его субъектом, т.е. безотносительно к лицу, числу, времени и наклонению. Инфинитиву присущи переходность и нереходность (айту – үндемеу), залоговые значения (айту – айттыру, айтқызу, айтылу, айтысу).

В русском языке инфинитив характеризуется наличием суффиксов –ть, -ти, -сти, -сть.

В казахском языке етістіктің негізіне –у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Тұйық етістік не спрягается, но изменяется по падежам, числам и в форме принадлежности.

Мысалы: айт+у: 1) айту-дың, айту-ға, айту-ды, айту-да, айтудан, айтумен; 2) айту-ым, айту-ың, айту-ы, айту+лар-ың, айту+лар+ыңыз, айту+лар+ы; 3) айту+лар+ыңыз+бен, айту+ымыз+дың т.б.

12.6. Төмендегі сөз тіркестерінің аудармасын салыстырыңыздар және білдіретін мағынасын анықтаңыздар.

Сөз тіркестері Түсініктемелер
заставили вернуться – қайтып келуге мәжбүрледі; собирается уехать – кетуге жиналып жатыр; средлагает сесть – отыруды ұсынды (сұрады); попросил остаться – қалуды сұрады, қалуын өтінді; любит читать – оқуды жақсы көреді; принципы научного управления – ғылыми (түрде) басқарудың қағидаттары; условился встретится – кездесуге шарт қойды (уәделесті); научился управлять – басқаруды үйренді; научился управлению – басқаруға үйренді.  

Тұйық етістік в барыс септік - е основном сочетаются со словами тиіс (должен, должно), рұқсат па (можно ли), рұқсат жоқ (нельзя), болады (можно), болмайды (нельзя), бола ма (можно ли) т.б. Мысалы: келуге тиіс, кіруге рұқсат па? кіруге рұқсат жоқ, көрсетуге болады, кешігуге болмайды, шығуға бола ма? сөйлеуге тиіс, айтуға болады т.б.

Есте сақтаңыздар!

В казахском языке исходной основой для словообразования и формообразования всех глаголов служит та часть глагола, которая остается при отбрасывании суффикса –у, т.е. основу любого глагола в казахском языке можно выделить путем отсечения инфинитивного суффикса –у.

12.7. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойыңыздар, басыңқы сыңардағы сөздің сөз табын анықтаңыздар.

Басқару... пайдасы, зерттеу... жолдары, ғылыми зерттеу... қағидаттары, қаржыландыру... көздері, белсенділендіру... әдістері, қанағаттандыру... жолдары, ізгілендіру... шарттары, ынталандыру... артықшылығы, реттеу... тәсілдері, бәсекедегі тартысқа төтеп беру... амалдары, жоспарлау... сапасы.

12.8. Сөйлемдерді аударыңыздар (көрсетілген ретін қараңыздар) және тұйық етістіктердің астын сызыңыздар.

Принципы5 научного3 управления4 по мнению2 Тейлора1:

- исследование4 каждого2 вида3 деятельности1;

- отбор2 работников1 и3 их4 обучения5;

- обеспечение4 работников1 необходимыми2 ресурсами3;

- правильное3 использование4 методов2 стимулирования1;

- выделение4, планирование5 в отдельный2 процесс3 (ретінде) управления1;

- утверждение5 менеджмента1 в качестве4 (ретінде) самостоятельной2 деятельности3.

12.9. Төмендегі әңгімені оқи отырып, «Басқару, табысқа жету үдерісінде не шешуші рөл атқарады?» деген сұраққа жауап іздеңіздер.

Түйін сөздерді пайдаланыңыздар:

· Алтынға сенгеше, ақылыңа сен.

· Көрпеңе қарай көсіл. (мәтел)

· Потребность является побудителем к деятельности.

12.9.1. Жауаптырыңызды эссе түрінде жазыңыздар.

Ақыл мен ырыс

Бір адамға қыдыр дарып, бақ қонып, малы да көбейіп, бағы жанып, дәулеті көбейеді. Ол адам бақытты, бай және ақылды да ырысты адам атанады. Бір күні Ақыл мен Ырыс сөз таластырады.

Ақыл айтты: – Бұл адамға байлық та, дәулет те, бақ та менің арқамда дарыды. Мен болмасам, бұл кісі кедей болар еді.

Ырыс айтты: – Жоқ, мал мен бақ үшін ақылдың не керегі бар? Ырыс болса басқаның бәрі өзі келеді.

Ақыл: – Олай болса, байқап көрейік,– дейді де, бір қойшыға барып қонады. Басына ақыл кірген соң, қойшы ойға қалады. Мен баяғыдан бері байдың малын жайып келемін. Маған ақы да, пұл да бермейді. Қой, бұлай болмас. Қойшы кешке байдан еңбегінің ақысын сұрайды. Бай: «Құдай бұл байқұстың басына бірдеңе салған шығар» – деп, бірнеше жүз сом, бір ат, арба береді. Қойшы өз бетінше егін салады. Оны жақсы күтіп, қарағандықтан егіні өте бітік шығады. Сол кезде маңайындағы бір патшаның әскеріне азық керек болады. Қойшы егінін жақсы бағаға сатып, бай да дәулетті, ырысты деген атаққа ие бола бастайды. Ақыл кеткен соң баяғы бай кедейшілікке ұшырайды. Ал Ырыс болса Ақылға келіп, берекенің бәрі сенде екен, дос болайық деп жалынады.

ОН ҮШІНШІ САБАҚ

Сұраным мен ұсыныс

Нарық механизмінің экономикалық маңызды иінтірегі сұраным мен ұсыныс болып табылады.

Сұраным – сатып алушылардың нарықта тұрақталған баға бойынша тауарларды, қызметті төлеуге қабілетті қажеттілігі. Адамның сұранысында шек жоқ, оны қанағаттандыру үшін ақша төлемейінше жалғаса береді. Осыған байланысты нарық экономикасында «ақылды сұраным» – «төлеуге қабілетті сұраным» деген ұғым қалыптасқан.

Белгілі бір тауарға деген сатып алушылардың сұранысы көптеген факторларға байланысты болады: халықтың өсуі немесе ақшалай кірісі, нарықтың көлемі, тұтынушыға берілетін жеңілдік, тұтынушылардың субъективтік талғамы, тауарлардың бар-жоғы, күнделікті қажет немесе сән-салтанат үшін тұтынатын тауарлар т.б. Бірақ сұранымды айқындайтын негізгі фактор – баға.

Ұсыныс – өндіруші өз тауарын нарық бағасымен сатуға дайын тауарлардың жиынтығы. Тауар ұсынысына техникалық өрлеу, өндірушінің монополдық жағдайы, басқа тауарлардың бағасының түсуі, баға, нарықтағы сатушылардың саны, салықтың мөлшері, ақшаның құнсыздануы, тауардың шектен тыс өндірілуі т.б. факторлар әсер етеді.

Сатып алушылар (сұраныс берушілер) тауарды арзанырақ сатып алғысы келсе, сатушы (ұсынушы) қымбатырақ сатқысы келеді. Бағаны түсіру тұтынушыға көп тауар сатып алуға мүмкіндік береді, ал жоғары баға сұранысты азайтады. Бұл тәуелділікті сұранымның өзгеру заңы анықтайды.

Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен байланыста және қайшылықта болады. Ұсыныс пен сұраныстың арақатынасы S>D, S<D, S═D деген үш түрлі нұсқада көрініс табады.

13.1. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

нарық – рынок иінтірек – рычаг ұсыныс – предложение төлеуге қабілетті – платежеспособный тұтынушы – потребитель жеңілдік – льгот талғам – (зд.) вкус бар-жоғы – (зд.) наличие сән-салтанат – роскошь баға түсіру – снижение цен тәуелділік – зависимость өзгеру – изменение жиынтық – сбор, (зд.) количество өрлеу - (зд.) прогресс салық – налог қайшылық – противоречие арақатынас – соотнешение көрініс табады - (зд.) приобретает

13.2. Сөз тіркестерін мәтіннен тауып жазыңыздар.

экономическими рычагами рыночного мехнизма –

платежоспособная потребность –

по сложившимся на рынке ценам –

пока за их удовлетворение не нужно платить деньги –

разумный спрос –

зависит от множства факторов –

покупатель предлагает со стороны –

позволяет потребителям –

ограничивает спрос –

монопольное положение –

на предолжение вляет –

по рыночное цене –

13.3. Мәтінді аударыңыздар және әңгімелеп беріңіздер.

13.4. Жақшадағы сөз тіркестері мен сөздерді аударыңыздар.

1. (Равновесие производства и потребления) экономиканың үйлесімділігін (определяет).

2. (Математически закон спроса) А.Курно 1838 жылы (объяснил).

3. (Рыночный механизм) баға үшін бақылауды (исключает).

4. (Уменшение спроса) қалыпты бағаның төмендеуіне (приводит).

5. (Рост предложение) қалыпты бағаның ұлғаюына (ведет).

13.5. Төмендегі сөйлемдерге сұрақ ойластырыңыздар.

-...?

- Адамның сұранысында шек жоқ.

-...?

- Сұраныс ақша төлемейінше жалғаса береді.

-...?

- Сатып алушылар тауарды арзанырақ сатып алғысы келеді?

-...?

- Сұранымды айқындайтын негізгі фактор – ақша.

-...?

- Бағаны түсіру тұтынушыға көп тауар сатып алуға мүмкіндік береді.

-...?

- Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен байланыста, қайшылықта болады.

13.6. Сызбаны толықтырыңыздар.

Грамматика!

Есімше (причастие) – глагольная форма, сочетающая в себе признаки глагола с признаками имени прилагательного. К признакам глагола относятся:

1) салттылық және сабақтылық: кітап оқып отыр ған студент – студент, читающий книгу;

2) значение залоги: умывающий (жуып жатқан), умывающийся – жуынып жатқан;

3) значение времени: оқып отырған (читающий), оқылған (прочитанный);

К признакам имени прилагательного относятся:

1) формы изменения (формы принадлежности, падежные формы, формы числа и лица – есімшелер көптеледі, тәуелденеді, септеледі, жіктеледі):

отырғандар, айтарым, айтқанды, айтқанмын, айтқансың т.б.

2) основная синтаксическая функция определения: оқып отырған студент.

Есте сақтаңыздар!

Ученик, прочитавший книгу. Книга, прочитанная учеником.
Кітап оқып болған оқушы. Книга, прочитанная учеником.

Причастие в русском языке образуется при помощи суффиксов: -ащ, -ящ, -ущ, -ющ (берущий алып жатқан, держащий – ұстап тұрған, сидящий - отырған, читающий – оқып отырған); -вш, -ш (принёсший – әкелген, лёгший – жатқан, упавший – құлап қалған, замёрзший – үсіп кеткен); -ем, -им (читаемый – оқылатын, гонимый – қуылатын); -нн, -енн, -т (виденный – көрінген, проведённый – өткізілген, жүргізілген, взятый – алынған, молотый – ұнтақталған).

Есімше в казахском языке делятся на 3 группы:

1. келер шақ есімшесі, образуются при помощи суффиксов –ар, -ер, -р; и – мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек;

2. өткен шақ есімшесі, образуются при помощи суффиксов – ған, -ген, -қан, -кен;

3. дағдылы өткен шақ (переходное прошедщее время), образуются при помощи суффиксов –атын, -етін, -йтын, -йтін; дағдылы өткен шақ обозначает длительное, повторяющееся или привычное действие в прошлом.

В предложении причастия могут выполнять функцию любого члена предложения:

Сөйлем мүшесі –атын, -етін, -йтын, -йтін
Бастауыш Айтатыным жоқ. (Мне ничего сказать)
Баяндауыш Ол саған айтатын. (Он, бывало, тебе говорил)
Толықтауыш Мен саған айтатынымды айттым. (То, что хотел тебе сказать, сказал)
Анықтауыш Айтатын адамды тапқан екенсің. (То же мне, нашел человека, который скажет)

13.7. Етістіктерге есімше жұрнақтарын және есім сөз қосымшаларын жалғап, аударыңыздар.

Реттеу, сатылу, тұтыну, басқару, ойлап шығару, төлеу, өзгерту, жалғастыру, сатып алу, қабылдану, ұсынып көру, сұрақ қою, жауап беру, ескерту, арзандату, сұранысын білу, сенімді болу, үйлестіру, әсер ету, шешім қабылдау, көбейту, мүмкіндік беру, шектеу, жоспарлау, қымбаттау, танысу.

13.7.1. Көптік жалғауларын жалғаңыздар.

13.7.2. Септеңіздер

Үлгі:

етістік а.с і.с. б.с. т.с. ж.с. ш.с. к.с.
-ған -мақ Сұрау -р -йтын - -ның -ға -ды -да -нан -мен
- -тың -қа -ты -та -тан -пен
- -дың -ға -ды -да -дан -мен
- -ның -ға -ды -да -нан -мен

13.7.3. Тәуелдеңіздер

13.7.4. Жіктеңіздер.

13.8. Сөйлемдерді көшіріп жазыңыздар,есімше тұлғалы сөздерге сұрақ қойып, сөйлемдегі қызметін анықтаңыздар.

1.Өткен ғасырдың аяғында газбен, көмірмен, спиртпен, бумен, керосинмен т.б. қыздырылатын үтіктер ойлап шығарылды. 2. Қазір адамдар электр үтігін қолданғанды ыңғайлы деп санайды. 3. Ине ағаштан, сүйектен, қоладан, темірден жасалған. 4. Болаттын істелген инені Еуропаға арабтар әкелді. 6. Біздің қазіргі пайдаланатын қайшымыз біздің заманымыздың 300-ші жылдары Ежелгі Римде жасалған. 7. Еуропада қолшатыр пайда болғанына бірнеше ғасыр болды. 8. Ол күннен, жауыннан қорғайтын тамаша құрал саналады. 9. Алғашқы қолшатыр теріден жасалынған, әрі ауыр болған. 10. ХІХ ғасырдың ортасында осы күнгі қолшатырды ойлап тапқаны үшін ағылшын Г.Фокске патент берілген.

13.9. Есімше тұлғаларының күрделі етістік жасауға қатысуын есте сақтаңыздар.

Келу (бол-, е-, де-): а) келген болу (келмеген болу), келген қылу (келмеген қылу); келмек болу (келмес-тей болу); келетін болу (келмейтін болу); келер болу; б) келген еді (келмеген еді), келген емес (келмеген емес – келді); келетін еді (келмейтін еді); келер еді (келмес еді); в) келген деді (келмеген деді); келер деді (келмес деді); келмек деді (келмес деді); келетін деді (келмейтін) деді.

Сұрау: а) сұраған болды (сұрамаған болды), сұраған қылды (сұрамаған қылды); сұрамақ болды (сұрама-тай болды); сұрайтын болды (сұрамайтын болды); келер болды; б) сұраған еді (сұрамаған еді), сұраған емес (сұрамаған емес – сұрады); сұрамақ еді (сұрамас еді); в) сұраған деді (сұрамаған деді); сұрар деді (сұрамас деді); сұрамақ деді (сұрамас деді); сұрайтын деді (сұрамайтын деді).

13.10. Төмендегі кестенің мәнін түсіндіріп беріңіздер және екі жақты аударма (орысшасын қазақшаға, қазақшасын орысшаға аудару) жасаңыздар.

S>D S<D S═D
Предложение превышает спрос Спрос превышает предложение Величина и структура спроса равны величине и структуре предложения товаров
- бағаның өсуі; - тауардың артық өндірілуі; - халықта ақша жетіспеушілік. - тауар жетіспеушілік; - бағаның ашық немесе жабық түрде өсуі. - нарықтағы сұраным бағасы мен ұсыныс бағасының тепе-теңдігінің сақталуы.
Осындай жағдайды болдырмау үшін не істеу керек? Тұрақтылықты сақтау үшін не істеу керек?
- бағаға шектеу қою; - тауар өндіруді азайту; - ақшалай кірісті көбейту. - увеличение производство товаров; - повышение цен; - уменшение денежных доходов. Определить: - «объем продаж – цена»; - «объем продаж – себестоимость»; - «емкость рынка – цена».

13.11. Төмендегі анықтамаларды қазақ тіліне аударыңыздар, есімше оралымдар аудармасының тиістісін таңдаңыздар.

· Действие единица деятельности, определяемая конкретной ситуацей (белгілі бір жағдаймен анықталған, белгілі бір жағдаймен анықталатын).

· Поступок социально оцениваемый акт (әлеуметтік бағаланған әрекет; әлеуметтік бағаланатын әрекет) поведения.

· Сознательное поведение подчинение поведение заранее принятой, осознанной, преднамеренной цели (алдын ала қабылданған, сезінген, мақсатқа жетуге бағытталған; алдын ала қабылданатын, сезінілетін, мақсатқа жетуге бағытталатын).

· Делинквентное поведение поведение противоречащее требованиясоциальных, правовых и нравственных норм (әлеуметтік, құқықтық және әдептілік нормаларына қайшы келетін; әлеуметтік, құқықтық және әдептілік нормаларына қайшы келген).

13.12. Төмендегі сөз тіркестерін аударыңыздар.

а) Астанадан келген қыз –

ағаштан жасалған орындық –

металдан жасалған есік –

бәсекеге төтеп бере алатын кәсіпорын –

шақырылған қонақтар –

айырбасталатын тауарлар –

шетелден келетін саяхатшылар –

оқып жатқан студенттер –

дәріс оқып тұрған профессор –

сұранымды айқындайтын баға –

ұсынысты қабылдайтын маман –

қажеттілікті қанағаттандыратын іс-әрекет –

б) народ, строящий новую жизнь –

развивающиеся страны –

экономист, знающий потребности –

завод, увеличивающий прибыль –

расширяющиеся производство –

человек, воспитанный определенным образом –

план, составленный нами –

13.13. Диаграммаларды пайдаланып, «Болашақ» бағдарламасына сұраныс» тақырыбына диалог (10×10) құрастырыңыздар.

№1 диаграмма. 2008-2010 жылдардың үміткерлері. №2 диаграмма. Шетелдік білімі бар мамандарға мемлекеттік сұраныс.
№3 диаграмма. Үміткерлердің оқуға ниет білдіруі. №4 диаграмма. Таңдаған елдері бойынша үміткерлердің саны.

13.14. Көп нүктенің орнына тиісті есімше жұрнағын және қосымшаларды (-атын4+т.ж., -мақ6+б.с., атын4+к.ж.) қойып жазыңыздар, ауызша аударыңыздар.

1.Мен көркем гимнастикамен айналыс......, суда жүзетін......, өнерпаздар үйірмесіне қатыс......, сурет сал......, бірақ ешкімге айтпа.......

2. Менің спортпен шұғылдан........., коньки теп........., дойбы ойна........., шет тілдер үйірмесіне бар......... ата-анам қарсы емес.

3. Біз сабақтан кешік...ке, үй тапсырмасын үнемі орындап кел...ке, СӨЖ-ді уақытында тапсыр...қа, қазақша сөйле... ке уәде бердік.

4. Алаңға жұмыс ізде......, ұсыныс білдір......, үй сатып ал......, пәтерін жалға бер......, жұмыс бер......, кәсіпорынды басқар......., жұмыс істегісі кел......, көп ақша тапқысы кел......., шетелде жұмысқа барғысы келе....... жиналыпты.

ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ

Баға және баға белгілеу

Нарықтық экономика жағдайында баға және баға белгілеу, құн заңы, сұраныс пен ұсыныс сияқты мәселелерді жан-жақты зерттеу қажеттілігі туындайды. Себебі бағалау және баға белгілеу өндірістегі, айырбастаудағы, экономикалық бөлудегі, тұтынудағы және т.б. үдерістерді сипаттайтын маңызды экономикалық құрал болып табылады.

Баға – күрделі экономикалық категория. Бағаны қалыптастыруға экономикалық, әлеуметтік, саяси және жағрафиялық факторлар ықпал етеді. Олар бағаның деңгейіне, құрылымына, қозғалысына және өзара қатынасына әсер етеді.

Экономика ғылымында баға белгілеуде негізге алынатын екі теория бар: біріншісі – бағаның негізі құн деп түсіндіретін марксистік теория; екіншісі – бағаның негізі тауардың пайдалылығы деп қарастыратын австриялық теория. Бағаның құндық теориясын А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. қалыптастырды. Олардың түсіндіруінше, тауардың құны сол тауарды өндіруге қажет еңбек мөлшерімен және оған қажетті уақытпен өлшенеді. Австриялық мектеп өкілдері Бем-Баверк, Менгерлер тауар құнын еңбек шығындарымен емес, өнімнің пайдалылығымен өлшеген дұрыс деп есептейді. Альфред Маршаллдың пікірінше, тауардың бағасы ұсыныс пен сұранымға байланысты болады.

ҚР Азаматтық кодексінің үшінші бөлімінде осы заманғы баға қалыптастыру ерекшеліктері туралы арнайы бап бар. Бұл бапта баға тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Бұл ҚР-да еркін нарықтық баға қолданылатындығына кепілі болады.

14.1. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

баға белгілеу – оценочная деятельность мәселелер – проблемы, вопросы маңызды – важный, значительный күрделі – сложный араласу – вмешиваться, принимать участие деңгей – уровень кепіл – гарантия қозғалыс – движение, (зд.) динамика құн – стоимость пайдалылық – полезность қажет – необходимо, надо мөлшер – величина, размер, мера осы заманғы – современный қалыптастыру – формировать тараптар – стороны келісім – согласие

14.2. Мәтінді аударыңыздар және әңгімелеп беріңіздер.

14.3. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерін сұрақпен алмастырыңыздар.

1. Бағалау және баға белгілеу әр түрлі үдерістерді сипаттайтын маңызды экономикалық құрал болып табылады.

2. Бағаны қалыптастыру ға экономикалық, әлеуметтік, саяси және жағрафиялық факторлар ықпал етеді.

3. Экономика ғылымында баға белгілеуде негізге алынатын екі теория бар.

4. Марксистік теория бағаның негізі құн деп түсіндіреді.

5. Тауардың құны сол тауарды өндіруге қажет еңбек мөлшерімен және оған қажетті уақытпен өлшенеді.

6. Австриялық мектеп өкілдері өнімнің пайдалылығымен өлшеген дұрыс деп есептейді.

7. Тауардың бағасы ұсыныс пен сұранымға байланысты болады.

8. ҚР Азаматтық кодексінің үшінші бөлімінде баға туралы арнайы бап бар.

9. Бұл бапта баға тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылатындығы көрсетілген.

10. Бұл ҚР-да еркін нарықтық баға қолданылатындығына кепілі болады.

14.4. Кестедегі баға қалыптастыруға әсер ететін факторлар жайындағы ақпараттарды қазақ тіліне аударыңыздар.

Экономические факторы Социальные факторы Политические факторы Географические факторы
  • спрос на объект оценки
  • риск, связанный с объектом
  • степень конторля
над объектом
  • инфлияция и курс доллара (евро)
  • ограничения, наложенные государством
  • наличие и развитость инфраструк-туры
  • демографичес-кая ситуация
  • состояние законадатель-ства в области оценки, собствен-ности, налогоо-
блажения
  • политико-правовая ситуация
в стране
  • состояние окружающей среды
  • местоположение объекта
  • климатические особенности
  • близости источников сырья и др.

Грамматика! Көсемше

Деепричастие – неизменяемая форма глагола, которая обозначает добавочное действие при основом действии, выраженным сказуемым и совмещающая в себе признаки глагола и наречия.

Қазақ орыс тілдерінде Жұрнақтары Мысалдар
Көсемшенің орыс тілінде берілуі -ывшись, сов., возврат.; -ывший, сов, невозврат. умылся –умывшись; умыл – умывший.
-ваясь несов., возврат.; -вая несов., невозврат. умываюсь – умываясь; умываю, умывая.
Көсемшенің қазақ тілінде берілуі -а, -е, -й; -ып, іп, -п баяндауыш Балалар Жаңа жылды күт е ді. (Дети ждут Новый год)
пысықтауыш Балалар Жаңа жылды асығ а күтеді. (Дети ждут Новый год с нетерпением)
Пысықтауыш (цель действия) - ғалы, -гелі, -қалы, -келі келу, кету, бару, жазу, айту, т.б. Мен мұнда сенімен сөйлес келі келдім. (Я пришел сюда, чтобы поговорить с тобой)
Күрделі етістіктер - ғалы4 жүру, тұру, жату, отыру Істің мақсатын білдіреді (собираться, намереваться)
-ып, -іп, -п: салу, өту, тастау, біту, шығу, кету, қалу, болу, қою, алу, келу, бару. Істің аяқталғаныдығын білдіреді (завершение действия)
отыру, тұру, жүру, жату. Істің жалғасуы (продолжение действия)
жіберу Істің басталуы (начало действия)
көру Әрекет етіп көру (попробовать, попытка)
-а, -е, -й: салу, келу, кету, қою, отыру, қалу Істің аяқталуы (завершение действия)
беру, түсу, отыру, жүру Істің жалғасуы (продолжение действия)
алу, білу Дағдыны білдіреді (умение, навыки)
бастау, жөнелу Істің басталуы (начало действия)
жаздау. Жетімсіз қимылды білдіреді (... чуть не...)

14.5. Күрделі етістік жасаңыздар және аударыңыздар.

а) –ғалы4: ашу, бата беру, саудаласу, тілек айту, тапсыру, қонақ болу, айту, сөйлесу, келу, сурет салу;

б) –ып3: кету, жолдама алу, бастау, аманат ету, сұрақ қою, жығылу, ұйқысы келу, сөз сөйлеу, айту, қуану, сөз беру, күту, дайындалу, шақыру, сену;

в) –а3: көңілі қалу, сұрау, көзі түсу, жүру, қою, бару, табу, бағалау, сұраныс жасау, ұсыныс білдіру, қанағат ету, өлшеу, баға белгілеу, қалыптастыру.

14.6. Етістіктерге жұрнақтарды дұрыс таңдаңыздар.

Жұрнақтар (–ғалы4, –ып3, –а3 ): сөйлесу, бастау; түстену, қою; құлау, жаздау; мақсат қою, білу; бағалау, алу; жақындау, қалу; есепке алу, бастау; жүгіру, жөнелу; өлшеу, тастау; тоқтату, кету; сұрау, шығу; жуыну, жату; көтеру, жөнелу; күту, отыру; сөйлеу, түсу; қателесу, жаздау; жабу, біту.

14.7. Сөйлемдерді аударыңыздар және көсемшелі сөздердің қандай әрекетті білдіріп тұрғанын түсіндіріңіздер.

1. Мы идем разговоривая.

2. Мы пошли на стадион, пообедав.

3. Приближаясь к станции, поезд замедлил ход.

4. Я получаю удовольствие от работы.

5. Мне не хватает места.

6. Вы долго ждете?

7. Отец, обрадовавшись, посмотрел на сына.

8. Работая, студенты соблюдают тишину.

9. Закончив работу, брат приедет домой.

14.8. Сұлба бойынша сөйлем құрастырыңыздар.

заңдылықтары қалыптасу үдерісі маңызы мен рөлі белгілеу әдістері Бағалаушы бағаның деңгейі... білуге міндетті. қозғалысы құрылымы болжамы құралы саясаты тауар құндылығы

14.9. Сөз тіркестерін дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыздар.

1. Баға – бұл ақша құралы, уплачиваемые за объект оценки /нысанның бағасы үшін төленетін/.

2. Баға – бұл тарихи факт, отражающий /көрсететін/ то, сколько было затрачено /қанша шығындалғандығын/ на покупку /сатып алуда/ сходных объектов /ұқсас нысандарды/ в прошлых сделках /өткен мәмілелерде/.

3. Затраты – это деньги, необходимые /қажет/ для воспроизводства объекта собственности /нысан меншігін өндіру үшін/ в современных условиях /қазіргі заман жағдайында/.

4. Затраты – это мера издержек, необходимых /қажет болатын/ для того, чтобы создать объект собственности /жекеменшік нысан құру үшін/.

14.10. Сөз тіркестерін аударыңыздар.

применяя новые методы –

отказываясь помогать –

улучшая самочувствие –

переводя текст на казахский язык –

решив важную проблему –

получив новую информацию –

производя новые продукции –

улучшая жизнь народа

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...

Баға

Келген жоқсың бөлмеме бос қуанып,

Мен отырмын бәрін де естіп анық,

Сен алғаш өз-өзіңді танып келдің,

Сен келдің алғаш рет «бестік» алып.

Күткеніңдей байқаймын, шаттанбадым,

Мақтанбағын дей бердім, мақтанбағын.

Көріп тұрмын алып ұшқан көңіліңнің

Сол сәтте су сепкендей сап болғанын.

Неге ренжіп қарадың, балам, маған?

Жағдайым бар, жайым бар, алаңдаған

Жақсы баға, әрине, «бестік» деген

Басты бағаң халықтан алар бағаң.

Келер жылдар, кезеңдер келер жаңа

Шалқып, тасып шығарсың жаңа арнаға

Әркім саған әр түрлі көзбен қарап,

Әркім саған әр түрлі берер баға.

Өлшенерсің, өмірің безбенделер,

Көңіліңді көкірегімен сезген көрер,

Дәл сол кезде бағаңды санмен емес,

сан жетпес сөзбен берер:

біреу айтар дарын деп мына бала,

біреу айтар жалын деп мына бала.

Шаптады деп ешкімге шытынама,

Даттады деп ешкімді кінәлама!

Бұл сырымды ұлы ақ қағаз – санаңа жаз,

сәбилік жүрекке жаз.

Есер сөздер шығатын ауыз көп те,

Кесек сөздерді ұғатын құлақтар аз.

Іздестірер біреулер азғаныңды,

Із кестірер, қолданар өзге амалды,

Дәл сол кезде адамдық ар алдында,

Құрулы тор алдында

Өзің білсең болғаны өз бағаңды.

(Ж. Әбдіраш)

14.11. Өлеңнің қысқаша мазмұнын 4-5 сөйлеммен баяндап беріңіздер.

14.12. Өлеңдегі етістіктерді кестеге орналастырыңыздар.

Ашық рай (шақ формалары) Бұйрық рай Есімше Көсемше Болымсыз етістік
отырмын жаз берер қуанып шаттанбағын
... ... ... ... ...

ОН БЕСІНШІ САБАҚ

Нобель сыйлығы

Нобель сыйлығы – шведтік инженер-химик, динамитті ойлап тапқан Альфред Бернхард Нобельдің құрметіне арналған жыл сайын тапсырылатын халықаралық сыйлық. 1889 жылы Альфредтің көңіліне қаяу салған қайғылы оқиға орын алды. Журналистердің бірі оны таяуда қайтыс болған інісі Людовигпен шатастырып алады. Бұл оқиға Альфредті өзінен кейін динамиттен гөрі құнды бір нәрсе қалдыруға итермелейді.

1895 жылы қарашаның 27-нде Париждегі швед-норвегия клубында Нобель өзінің өсиетнамасын жазады. А. Нобельдің байлығы дүние жүзіне шашылып кеткен еді: Ниццедегі жекежайы, Париждегі үйі, Финландиядағы, Ресейдегі, Германиядағы, Италиядағы... сан жетпес шеберханалары, фабрикалары мен зертханалары т.б. Нобельдің сол кездегі мүлкі 33 233 792 швед кронына (қазіргі бағам бойынша 62 миллион фунт стерлингке) бағаланған. Осы ақшаның барлығы да А. Нобель қайтыс болғаннан кейін 4 жылдан соң қор құруға аударылады. Мұрагерлеріне 2 миллиондайы ғана қалады.

Нобель қорының мәртебесі мен арнайы ережелері 1900 жылы 29 шілдеде Каролинадағы Швед патшалығының мәжілісінде бекітіледі. 31 миллиондай швед кронының 28 миллиондайы қордың негізін құрады, қалған ақшаға Қор үшін ғимарат сатып алынды. Қордың қаражаты инвестициялық іс-әрекеттер мен қайырымдылық садақа кірісі есебінен толықтырылып отырады.

Алғашқы Нобель сыйлығы 1901 жылы желтоқсанның 10-нда тағайындалды. Содан бері физика, химия, медицина және физиология, әдебиет, бейбітшілік сақтау саласындағы жетістіктері мен игі іске үлес қосқан ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріне тағайындалып келеді.

1968 жылы Швед банкі өзінің 300 жылдық мерейтойына орай экономика саласына да Нобель сыйлығын беру туралы өзгеріс енгізеді. 2010 жылдың аяғына дейін барлығы 67 экономист аталмыш сыйлықтың иегері атанды.

Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығын алған жалғыз әйел бар. Ол 2009 жылдың иегері – Элинор Остром. Сыйлық иегерлерінің ішіндегі 1972 жылғы иегері 51 жастағы Кеннет Эрруар ең жасы болса, ең кәрісі 2007 жылғы иегер 90 жастағы Леонид Гурвиц; ал ең ұзақ өмір сүріп жатқан 1910 жылы туған Рональд Круз болып табылады.

15.1. Мәтін бойынша жаңа сөздер сөздігін жасаңыздар және жаттап алыңыздар.

ойлап табу – изобрести, придумать шатастыру – перепутать итермелеу – подтолкнуть өсиетнама – завещание шашылып кеткен – были разбросаны жекежай – особняк шеберхана – мастерская мүлік – имущество бағам – курс (по валюте) қор құру – создание фонда мұрагер – наследник ғимарат – здание, сооружение қаражат – средство қайырымдылық – благотворительность садақа – пожертвование толықтыру – дополнять тағайындау – назначить жетістік – достижение үлес қосу – внести вклад қоғам қайраткерлері – общественные деятели мерейтой – юбилей иегер – обладатель

15.2. Сөз тіркестерін аударыңыздар.

Произошел мрачный инцидент, оставил глубокий след в душе Альфреда, подтолкнуло Альфреда Нобеля, нечто более ценное, нежели динамит, подписал свое завещание, имущества Нобеля оценивалась, поступали на создание фонда, наследникам оставалась, статус фонда, было приобретено здание, пополняется за счет доходов, благотворительные пожертвование, премия присуждается ежегодно, по случаю своего 300-летного юбилея, за достижения в области, вручения премии.

15.3. Мәтінді аударыңыздар және әңгімелеп беріңіздер.

15.4. «Нобель сыйлығы туралы не білесің?» деген тақырыпта диалог (15×15) құрастырыңыздар.

Тірек сөздер: Халықаралық сыйлық; қайғылы оқиға; шатастырып алды; құнды нәрсе қалдыру; өсиетнамасын жазады; байлығы дүние жүзіне шашылып кеткен еді; сол кездегі мүлкі; 4 жылдан соң қор құрылды; 2 миллиондайы; мәртебесі мен арнайы ережелері; алғашқы сыйлық тағайындалды; ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріне тапсырылады; экономика саласында Нобель сыйлығын беру туралы шешім; барлығы 67 экономист.

15.5. Мәтіннен есімше тіркестерін теріп жазыңыздар және аударыңыздар.

Үлгі: динамитті ойлап тапқан Альфред Бернхард Нобель – Альфред Бернхард Нобель, изобретитель динамита т.б.

15.6. Төмендегі сөйлемдерді аударыңыздар және жауаптырыңызды кестеге орналастырыңыздар.

Мүліктің бөлінуі Қай салаға беріледі? Не үшін беріледі?
Бірінші бөлігі ... - маңызды жаңалық ашқаны үшін -...
  химия саласына -
Үшінші бөлігі   - керемет жетістікке жеткені үшін
  әдебиет саласына -
    -... - құлдықты жоюға; -... -... - әлемдік бітімгершілік келісіміне қосқан үлесі үшін.

Все остающееся после меня реализуемое имущество необходимо распределить следующим образом:...первая часть тому, кто сделал наиболее важное открытие или изобретение в области физики, второя – тому, кто совершил крупное открытие или усоворшенствование в области химии, третья – тому, кто добился выдающихся успехов в области физиологии и медицине, четвертая – создавшему наиболее значительное литературное произведение, отражающее человеческие идеалы, пятая – тому, кто внесет весмой вклад в сплочение народов, уничтожение рабства, снижение численности существенных армий и содействие мировой договоренности.

(А. Нобель өсиетнамасынан)

Грамматика!!! -тағы, -тегі, -дағы, -дегі жұрнақтары

Имена прилагательные могут образовываться от имен существительных, находящихся в местном падеже, и переводятся как «тот, который находится», «тот, который, принадлежит (имеется, есть)», тот, который, достигший того возраста. Мысалы: Алматы- да-ғы Республика Сарайы – Дворец Республики, который находится в Алматы; үстелдің үсті-нде-гі ыдыс-аяқ – посуда, которая стоит на столе; шкафтың іші- нде-гі кітап – книга, которая лежит в шкафу; 51 жас- та-ғы адам - человек, достигший 51 года т.б.

15.7. Берілген сөздерге -дағы4 жұрнақтарын жалғап, сөз тіркесін жасаңыздар.

1. Алматы, Семей, Тараз, Ақтау, Көкшетау, Астана, Павлодар, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Лондон, Тайланд, Египет, Бишкек, Шымкент, АҚШ, Бразилия, Пекин, Дубай, Мәскеу, шетел.

2. Қазақстан Республикасы, Абай көшесі, Республика даңғылы, Мичурин

көшесі, Тәуелсіздік гүлзары, Мұз айдыны, Неке сарайы, азық-түлік дүкені, сауда орталығы, кітапхана, аурухана, демалыс, мен, біз, олар.

3. Үстелдің үсті, үйдің жаны, менің қасым, университеттің қарсысы,

бөлменің сол жағы, қаланың ортасы, ауылдың шеті, өзеннің бойы, жолдың шеті, көшенің оң жағы, емхананың жаны, Сәнияның үсті.

15.8. Сөйлемдерді өзгертіңіздер, аударыңыздар. Үлгі: Мысық орындықтың астында отыр. – Орындықтың астындағы мысық. «Кошка, которая сидит под столом».

1. Спорт кешені Республика даңғылында тұр. 2. Стадион Спорт кешенінің

жанында орналасқан. 3. Дәріхана емхананың қасында орналасқан. 4. Әр түрлі тамақ дастарханның үстінде тұр. 5. Журнал үстелі диван мен креслоның арасында тұр. 6. Қызық әңгімелер мына кітаптың ішінде бар. 7. Сауда үйлері Металлургтер даңғылының бойында орналасқан. 7. Кинотеатр Республика даңғылы мен Комсомольский көшесінің қиылысында тұр. 8. Саяжайлар қаланың шетінде орналасқан. 9. Менің қолымда гүл бар.

15.9. –дағы4 жұрнақтарын пайдаланып, сөйлемдерді аударыңыздар.

Премии по физике, химии физиологии и медицине, литературе и экономике вручает в Копенгагене в Концертном зале король Швеции, премия мира – норвежским комитетом в Осло.

15.10. Мәтіннен – дағы4 жұрнағы бар сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.

Үлгі: Париждегі швед-норвегия клубында т.б.

15.11. Сөйлемдерді аударыңыздар.

1. Мальчик, который сидит за тобой, плохо учится. 2. Почта, которая

находится на проспекте Республики, сегодня не работает. 3. Цветы, которые стоят на окне, очень красивые. 5. Дедушка, который стоит около дома, разговаривает со своим соседом. 6. Кошка, которая лежит под столом, спит. 7. Аптека, которая находится перед моим домом, открыта. 8. Пунк обмена валюты, который находится возле базара, сейчас закрыт. 9. Вещи, которые есть в этом торговом доме, очень дорогие.

15.12. Сөйлемдерді үлгі бойынша өзгертіңіздер, жауап беріңізіздер.

Үлгі: Республика Сарайында Роза Рымбаеваның концерті жүріліп жатыр. (Достық даңғылы) - Достық даңғылығындағы ма? 1) – Иә,... 2) – Жоқ,...

1. Жаттығулар қиын емес. (оқулықтың ішіндегі) 2. Алаңда жолаушылар

өте көп (Теміржол бекетінің алды) 3. Көйлек өте қымбат. (Сәнияның үсті) 4. Бөлмелер онша үлкен емес (менің үйім). 5. Әдемі үйлер көз тартады. (мұражайдың арты). 6. Зәулім «Бәйтерек» Астанада орналасқан. (оң жағалау).

15.13. Астана қаласының жоспары бойынша –дағы4 жұрнағын пайдаланып, 10 сөйлем құрастырыңыздар.

Үлгі: Астана қаласындағы зәулім «Бәйтерек» ұзақтан көз тартады.

Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар

І деңгей.

1. Күрделі етістікті анықтаңыз.

А. жақсы көру

Б. сөйлей беру

В. қызмет ету

Г. қанағаттану

Д. сұрау

2. Нақ осы шақтың дара түрін көрсетіңіз.

А. отыр

Б. сөйлеп отыр

В. келмек

Г. жазбас

Д. сұрастырған

3. Болымсыз етістікті белгілеңіз.

А. сыйлау

Б. сөйлеп отыр

В. көрсетіңіздер

Г. айқайламаңыздар

Д. сұра

4. Есімше жұрнағының қатарын белгілеңіз.

А. –са2

Б. айын4, -ыңыз4, -ыңдар4, -ыңыздар4, -сын2

В. –атын4, -мақ6, -ар3

Г. ып3, -а3, -ғалы4

Д. –дағы4

5. І жақтағы (көпше) етістікті табыңыз.

А. келгенбіз

Б. сөйлей берсін

В. көмектестім

Г. қайтыңыздар

Д. сұрастырыпты

6. «Экономика» сөзі... тілінен алынған.

А. грек

Б. орыс

В. ағылшын

Г. француз

Д. латын

7. «Кіріс» сөзінің дұрыс аудармасы...

А. доход

Б. капитал

В. кредитор

Г. затрата

Д. понятие

8. Мақсатты келер шақты белгілеңіз.

А. аңғаруға болады

Б. көрсетеді

В. жоспарламақ

Г. мүдделі болады

Д. пайда болды

9. Тұйық етістікті көрсетіңіз.

А. тұрып жатыр

Б. тексерген

В. жоспарламақ

Г. есеп беру

Д. жүргізіледі

10. Сөз табын анықтаңыз: «қажеттілік».

А. зат есім

Б. сын есім

В. сан есім

Г. үстеу<


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: