Экономика деген не?

Экономика деген термин көне грек тіліндегі «ойкос» – үй, шаруашылық, «номас» – ереже, заң деген сөздердің бірігуінен шыққан. Бұл сөз «үй шаруашылығын басқару өнері» деген мағынаны білдірген. Ең қарапайым сөзбен айтсақ, экономика дегеніміз өз тұрмысымызды басқару, өміріміздің материалдық және материалдық емес сұраныстарын қанағаттандыру үшін жасайтын іс-әрекетіміз. Яғни, сіз өмірге келгеннен бастап экономиканың дәмін тата бастайсыз. Есейе бастағанда ата-анаң бір нәрсені үнемдеп ұста, ұқыпты бол дегенді жиі айтады. Ал ұқыптылық пен үнемшілдік экономиканың жаны болып табылады. Ер жетіп, үйленген кезде кішкентай мемлекеттің қожайыны боласың. Осы кішкентай мемлекеттің шаруашылығын басқарудың өзі – үлкен өнер. Жеке шаруашылығыңды ұйымдастыру деген ақшаңды, меншігіңді басқару қабілетіңмен ғана шектелмейді. Өзіңнің уақытың мен күш-қуатыңды дұрыс жұмсай білу де экономикалық біліміңнің жоғары екендігін көрсетеді.

Қазіргі кезде экономика дегеніміз адамдардың және қоғамдық топтардың өндіріс үдерісіндегі мінез-құлқын зерттейтін қоғамдық ғылым.

4.1. Жаңа сөздермен танысыңыздар және жаттап алыңыздар.

шаруашылық – хозяйство бірігуі – слияние қарапайым – простой, обычный тұрмыс – быть сұраныс, сұраным – спрос қанағаттандыру – удовлетворить іс-әрекет – действие дәмін тату – пробовать есею – подрастать үнемдеу – экономить, беречь ұқыпты болу – быть аккуратным ұқыптылық – аккуратность үнемшілдік – экономичность ер жету – повзрослеть жеке – личный, частный ұйымдастыру – организовать меншік – собственность қабілет – способность, дар шектелу – ограничивать күш-қуат – сила, энергия дұрыс жұмсау – рационально использовать қоғамдық топтар – общественные группы өндіріс үдерісіндегі – в процессе производства мінез-құлық – характер, поведение зерттеу – исследовать

4.2. Сөз тіркестерін аударыңыздар.

Сөздердің бірігуінен шыққан, үй шаруашылығын басқару, мағынаны білдіреді, ең қарапайым сөзбен, өз тұрмысымызды басқару, өміріміздің игілігі, игілігін қанағаттандыру, өмірге келгеннен бастап, экономиканың дәмін тату, ата-анаң жиі айтады, бір нәрсені үнемдеп ұста, экономиканың жаны болып табылады, үйленген кезде, кішкентай мемлекеттің қожайыны, басқарудың өзі үлкен өнер, меншігіңді басқару қабілетің, дұрыс жұмсай білу, экономикалық білім, жоғары екендігін көрсетеді, өндіріс үдерісіндегі мінез-құлқы, қоғамдық ғылым.

4.3. Мәтінді аударыңыздар және әңгімелеп беріңіздер.

Грамматика!

Күрделі етістіктер состоит из двух или более компонентов, основного (негізгі етістік) и вспомогательных (көмекші етістік) глаголов. Основной глагол имеет форму деепричастия или причастия. Количество вспомогательных глаголов может достигать до четырех: айтып қоя жаздаған едім, сұрай берген екен т.п. В этом случае вспомогательные глаголы принимают суффиксы деепричастия –ып, -іп, -п и –а, -е, -й. А личные окончания глагола присоединяются к основе последнего вспомогательного глагола. (Кестені қараңыз).

Жұрнақтар Етістіктер Көсемше Есім-ше жіктік жалғау   Мысалы
–ып, -іп, -п –а, -е, -й. -ған, -ген, -қан, -кен
Екі етістіктен +     Айтып тұрмын, келіп жатыр, сұрап қойдық
  +   Айта салдым, бере қойды
Үш етістіктен + +   Айтып қоя салды
Төрт етістіктен + + + Кешігіп қала жаздаған едім

4.4. Берілген етістіктерден күрделі етістік жасаңыздар және аударыңыздар. Үлгі: өндіріліп жатыр – производится – продолжение действия (істің жалғасуы) т.б.

Өндірілу, жатыр; қызмет көрсету, жіберу; жасау, көру; ықпал ету, беру; пайдалану, білу; ойластыру, бастау; жоспарлау, көру; жауап іздеу, бастау.

Грамматика!

В казахском языке имеется еще один способ глаголных образований, так называемый – құранды етістік (составные глаголы); суть его заключается в сочетании имени существительного, прилагательного, наречии, междометии, звукоподрожательного слова с глаголом. В таких составных глаголах вспомогательные глаголы частично теряют свое лексическое значения и становится выразителем абстарктного действия. В качестве таких вспомогательных глаголов чаще всего выступают следующие глаголы:

1) салу (класть) – ән салу, көз салу, сурет салу, құлақ салу, жан салу;

- болу (быть) – сау болу, аман болу, үлкен болу, қолды болу, алаң болу, құмар болу, құштар болу, ыза болу, ие болу;

- істеу (делать) – жұмыс істеу, қайыр істеу, жақсылық істеу;

- беру (дать) – сөз беру, уәде беру, сәлем беру, кеңес беру, күн бермеу, қылаң беру, жүрегін беру, жәрдем беру, сәтін беру (салу), қуат беру;

- бөлу (разделить) – көңіл бөлу, сөз бөлу, ой бөлу; уақыт бөлу;

- шығу (выйти)– тұрмысқа шығу, көзі шығу, есінен шығу;

- кіру (входить) – есіне кіру (есіне түсу), ақыл кіру; саңылау кіру;

- қарау, көру (смотрить) – жерге қарау, көкке қарау, жақсы көру т.б.

2) ету, қылу – сарт ету, қонақ ету (қылу), ермек ету (қылу), қызмет

ету (қылу), күрс еткізу, селк ету, әбігер қылу (ету), ойран қылу (ету), арман ету (қылу), адам қылу (ету), еңбек ету, қанағат қылу т.б.

4.5. Берілген етістіктермен тіркестіріп, күрделі және құранды

етістіктер жазыңыздар, аударыңыздар (қараңыз: қосымша №1).

Ойлай – жаздау, біту, түсу, салу, беру, жөнелу, бастау, көтеру, алу, қою.

Оқып – біту, алу, бастау, жасау, шығу, көру, сұрау, есту, тұру, жату, жаздау.

Бас – қатыру, қылу, айналу, жазу, біту, ию, бұру, көтеру, салу, тану, ету, деу.

Беріп – тастау, жіберу, жасау, қою, келу, салу, біту, емес, жөнелу, көру, алу.

Пайда – болу, қылу, кету, шығару, көру, ету, табу, көтеру, қою, әкелу, айту.

4.5. «Өндіру, жоспар құру, қызмет ету» деген етістіктерді

пайдаланып, күрделі етістіктер жазыңыздар, 6 сөз тіркесін құрастырыңыздар.

Үлгі: 1)өндіре беру, өндіріп жатыр; жоспар құра білу, жоспар құрып болу; қызмет етіп көру, қызмет ете білу; 2) өнім өндіре білу, тауар өндіріп жатыр т.б.

 
 


өндір... беру

  жоспар құр... білу
 
 


қызмет ет... көру

4.6. Сөйлемдерді аударыңыздар, етістіктерге назар аударыңыздар.

1. Проснуться с утра яблоки помогают лучше чем кофе. 2. У Мэрилин

Монро на ногах было по шесть пальцев. 3. Уолт Дисней, создатель Микки Мауса, боялся мышей. 4. Женщины, в среднем, моргают вдвое чаще мужчин. 5. Улитки могуть спать до трех лет. 6. Зажигалка была изобретена раньше спичек.

4.7. «Экономика байлыққа баратын жолды көрсетеді»!

Сіздіңше, байлық деген не?

Төмендегі мәтінді оқып, пікір білдіріңіздер.

Пікірлеріңізді қанатты сөз немесе мақал-мәтел ретінде жазыңыздар.

Ең үлкен байлық

(Түрік ертегісі)

Бір бозбала өзінің кедейлігіне үнемі мұңаяды екен.

- Сен неге мұңая бересің? Сенде үлкен байлық бар ғой, - дейді оған бір қария.

- Қайдағы байлық? – деп таңданады жігіт.

- Сенің көздерің. Сен бір көзің үшін не қалар едің? – деп сұрайды қарт адам.

- Жо-оқ, мен көзімді қандай байлыққа да айырбастамаймын.

- Жарайды, олай болса сен маған қолдарыңды бер. Мен сені басыңнан аяғыңа дейін алтынмен аптап тастайын.

- Жо-оқ, қолдарымды бере алмаспын, ол үшін маған алтын тауды ұсынса да алмаймын.

- Міне, енді көзің жетті ме, сен қандай бай адамсың. Ақылымды ал: адамның ең үлкен байлығы – күші мен денсаулығы. Оларды сатып ала алмайсың,– деді қария.

4.7.1. Мәтіннен («Ең үлкен байлық») дара, күрделі, құранды етістіктерді теріп жазыңыздар.

4.7.2. Мәтіннен алынған сөздердің синонимін жазыңыздар.


бозбала – кедей – мұңаю – байлық – таңдану – үнемі – ұсыну – қария – қалау –

4.8. Мақалдарды түсініп оқып, жаттап алыңдар.

1. Еңбек ширатады, өмір үйретеді.

2. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті,

3. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

4. Күш – білімде.

5. Не ексең, соны орасың.

6. Адамның жүрген жері – абат.

БЕСІНШІ САБАҚ

Экономиканың негізгі сұрақтары

Экономика байлыққа, бақыт пен молшылыққа, құт-берекеге, өмірдің қарапайым қуанышына апаратын жолды көрсетеді. Сол үшін экономистер төмендегі негізгі үш сұраққа жауап іздейді.

1. Не өндіру керек? Әрбір ел бәсекеге қабілетті болу үшін өз өнімдерін

өндіреді. Бұл компьютер, автомашина, телевизор, ауыл шаруашылық өнімдері, астық, қолөнер, киім-кешек, кілем, жиһаз, кеңсе тауарлары, кітап, тұрмыстық техника, шаруашылық бұйымдары т.б. болуы мүмкін.

2. Тауарды қалай өндіріп, қызметті қалай жасау керек? Тауар

өндірудің сан алуан түрі бар: әр түрлі жоба бойынша өндірістік немесе тұрмыстық ғимараттар салу, автокөлік жасау, жер телімін пайдалану, білім беру, адамдардың бос уақытын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру т.б. Адамдар көпқабатты немесе жеке үй салу, автокөліктер құрастыру, жер теліміне жүгері немесе бидай егу, болашақ мамандар дайындау, кітап жазу, концерт бағдарламаларын ұйымдастыруы т.б. іс-әрекеттері арқылы өзінің тұрмыстық және рухани сұраныстарын қанағаттандырады. Яғни, өз-өзіне қызмет етеді.

3. Кім үшін өндіру керек? Өндіруші өзінің тауарын кім сатып алады

немесе кім тұтынады, кімге қызмет етемін дегенді жақсы білуі керек. Сондай-ақ, өндірген өнімінен қандай пайда түсіретіндігін, шығарған өнімі тұтынушының сұрасынын қанағаттандыра ала ма дегенді де жан-жақты ойластыруға тиісті. Осы үш сұрақты дұрыс шешу үшін экономистер бәрін де алдын-ала жоспарлайды. Жоспарлаудағы негізгі мақсат – ең төменгі шығын мен ең жоғарғы кірістің арақатынасын дұрыс құра білу.

5.1. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

Бәсеке – конкуренция қабілетті – способный өндіру – производить жоба – проект астық – зерно, зерновой жүгері – кукуруза ғимарат – здание, сооружение жер телімі – земельный участок қызмет ету – служит пайдалану – использовать тұтынушы – потребитель ойластыру – обдумывать жоспарлау – планировать шығын – расход, траты, затраты кіріс – доход, прибыль, поступление арақатынас – соотнешение бағдарлама – программа құрастыру - собирать, составлять шаруашылық – хозяйство

5.2. Сөз тіркестерін аударыңыздар.

Жолды көрсетеді, өмірдің қарапайым қуанышы, сұраққа жауап іздейді, бәсекеге қабілетті болу үшін, әр түрлі жоба бойынша, жер телімін пайдалану, адамдардың бос уақыты, ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, рухани сұранысын қанағаттандыру, өндіруші жақсы білу керек, кім сатып алады, кім тұтынады, қандай пайда табады, алдын-ала жоспарлау, жоспарлаудағы мақсат, негізгі мақсат, арақатынасын дұрыс құра білу.

5.3. Мәтінді аударыңыздар және әңгімелеңіздер.

5.4. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Экономика қандай жолды көрсетеді?

2. Әрбір ел бәсекеге қабілетті болу үшін не өндіреді?

3. Өндірілетін өнімдердің қатарына нелер жатады?

4. Өндірудің қандай түрлері бар?

5. Адам өзінің тұрмыстық және рухани сұраныстарын қалай қанағаттандырады?

6. Өндіруші пайда мен шығын туралы нені білуі керек?

7. Экономиканың негізгі үш сұрағына жауап беру үшін экономистер не істейді?

8. Жоспар құрудағы ең негізгі мақсаты неде?

5.5. Сіз – кәсіпкерсіз. Ол туралы диаграммада көрсетіңіз.

Грамматика!

Етістіктің болымсыз формасы етістік негізіне –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Егер сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе р, й, у, л үнді дауыссыздарға аяқталса -ма,-ме; ұяң немесе м,н,ң үнді дауыссыздарға аяқталса – ба, -бе; қатаң дауыссыздарға аяқталса

–па, -пе жұрнақтары жалғанады. Мысалы: бар+ма, қорға+ма, сез+бе, сен+бе, кет+пе, айт+па т.б.

Кроме отрицательных суффиксов –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе в образовании отрицательной формы глагола принимают участие и отрицательные слова жоқ, емес. Они, как правило, всегда стоят в конце предложения и принимают личные окончания глагола.

Мысалы: Мен оны көрген жоқ+пын. Мен оны көрген емес+пін.

Между двумя формами имеется различие. Емес имеет значение более категоричного и полного отрицания, чем жоқ: Мен оны көрген жоқпын – Я его (ее) не видел(а). Мен оны көрген емеспін – Я его (ее) совсем не видел(а).

И жоқ, и емес могут употребляться одновременно в одном предложении и тогда предложение приобретает утвердительное значение. Мысалы: Менің баратын жерім жоқ емес. (У меня нет места, куда мне некуда пойти., т.е. Мне есть куда пойти)

Емес, жоқ не используется с деепричастичми, а только с причастиями, жоқ сочетается только с одной формой причастия на –ған, -ген, -қан, -кен, а емес со всеми формами причастия. Мысалы: айт+ қан жоқ, айт+ ар емес, айт+ пақ емес, айт+ атын емес т.б.

5.6. Төмендегі етістіктерді болымсызға айналдырыңыздар, ауызша аударыңыздар.

Сөйлесу, апарып тастау, әңгімелеу, ұялу, дайындық жасау, көну, есептеу, бояу, сезу, нану, жол көрсету, төг(к)у, өндіру, үйлену, қызмет ету, жазу, құрастыру, егін егу, қанағаттандыру, ұйымдастыру, есеп беру, пайда табу, жауап іздеу, жабу, сұрақ қою, шабу, жауап беру, жуу, сөгу, ойластыру.

5.7. Төмендегі етістіктерді аударыңыздар және болымды етістікпен алмастырыңыздар. Үлгі: ойлаған жоқ емеспін – ойлағанмын т.б.

Ойлаған жоқ емеспін, көрген жоқ емессіңдер, сөйлеген жоқ емессің, ойлаған жоқ емеспіз, сұраған жоқ емессің, танысқан жоқ емессіздер, көрсеткен жоқ емес, қызмет еткен жоқ емессіздер, пайдаланған жоқ емеспіз.

5.8. «Алу» етістігін пайдаланып, қарсы жауап қайтарыңыздар.

Үлгі: - Жазира, тамақ пісір.

- Кешіріңіз, пісіре алмаймын.

Балам, ғимарат сал. Менің сабағыма көмектесіңізші. Сәкен, машина құрастыр. Балалар, өз кәсіптеріңді ашыңдар. Надя, жүгері екші. Қандай пайда табатыныңызды айтыңызшы. Жоспарыңызды көрсетіңізші. Мақсатыңды айт.

5.9. Берілген етістіктерді екі бағанға орналастырыңыздар.

       
 
   
 


Шаттану, ойлаған жоқ емеспін, үнемдемеу, пайдалану, көрген жоқ емес, жоспарламау, сөйлеген жоқ емессіңдер, жек көрмеу, ретін табу, ойлаған жоқ емеспіз, ісі өнбеу, көңілі көтерілу, дес бермеу, сұраған жоқ емессің, қызмет ету, танысқан жоқ емессіздер, дес беру, дұрыс пайдаланбау, ұялы телефонмен сөйлеспеу, терең ойлау, таяз ойлау, еріншек болу, жек көру, қанағатшыл болу, рақымсыз болу, өсек айту, талап қылмау, еңбек ету, талаптану, күлкіге салыну, уайымшыл болу, уәде беру, өзінен-өзі есеп алу.

5.10. Етістіктерге «жоқ, емес» сөздерін тіркестіріп жазыңыздар.

Апарған, көрсетер, жауап іздемек, өндірер, бәсекелескен, болар, қызмет етпек, жоба жасайтын, ғимарат салған, пайдаланар, кітап жазған, ұйымдастырмақ, қанағаттандыратын, қызмет еткен, білетін, ойластырған, шешпек, жоспарлайтын, құрмақ, өндірген, байлыққа жетпек, бақытқа жетер.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол –

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай)

5.11. Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Мақтану, шаттану, қашық болу, асық болу, қайғы жеу, рақым, терең ой, талап, қанағат, рақым, асыл іс, көну.

5.11.1. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар.

5.11.2. Өлеңді жаттап алыңыздар.

5.11.3. Төмендегі сұрақтарға сүйене отырып, өлеңнің мазмұнын өз сөздеріңізбен баяндаңыздар.

1. Неге мақтануға болмайды?

2. Адам болу үшін қанша нәрсеге асық болу керек?

3. Жақсы қасиеттерді атаңыз.

4. Адам болу үшін қанша нәрседен қашық болу керек?

5. Жаман қасиеттерді атаңыз.

6. Адамның бес дұшпаны не?

7. Адамның бес асыл ісі не?

8. Адам білімді, тәрбиелі болу үшін қандай қасиеттер керек?

5.11.4. Өлеңнен болымсыз етістіктерді табыңыздар.

АЛТЫНШЫ САБАҚ

Уақыт

Біздің ғасырымыз – іскер адамдар ғасыры. Іскерлік әлемін уақыт басқарады. Уақыт өткен шақтан келер шаққа қарай бір-ақ бағытта жүреді. Бұл – өткен уақыт қайтып келмейді деген сөз. Уақытты тоқтатын күшті ойлап табу мүмкін емес. Ғасырлар бойындағы сан түрлі өзгерістер мен халықтың бүкіл тұрмыс-тіршілігіне, мәдениетіне, тарихына – бәрі-бәріне уақыт – куә. Уақыт – емші де.

Адам уақытын ұтымды пайдалану үшін өз іс-әрекетін жоспарлау керек. Жоспарлаудың төмендегідей пайдасы бар: адам өзінің бағытын айқындайды; соның арқасында ең жаман қасиеті – еріншектікті жеңеді; өзінің тұрмысын жақсартады; елдің, өндірістің дамуына үлесін қосады; ең бастысы, адам өз өмірін бос өткізбегеніне қуанатын болады. Уақытты ұтымды пайдалану үшін төмендегі қағидаттарды басшылыққа алған жөн:

· Мақсат қоя білу;

· Жоспарлау тәсілін білу;

· Ойыңызды іске асыруға кедергі келтіретін әрекеттерден, заттардан арылу;

· Жоспар бойынша жұмыс жасауға дағдылану.

Ендеше алтын-уақытымызды аялап, әрбір минутымызды нәтижелі өткізейік.

6.1. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

ғасыр – век іскер адамдар – деловые люди бір-ақ бағытта – в одном направлении қайтып келмеу – не возвращаться тоқтату – остановить ойлап табу мүмкін емес – не возможно придумать іс-әрекет – действие куә – свидетель дағды – привычка, навык нәтиже – результат ұтымды – рациональный қасиет – свойство, качество еріншектік – лень тұрмысын жақсарту – улучшить быт (жизнь) үлес қосу – внести вклад бос өткізбеу – не зря проводить қуану – радоваться аялау – беречь, жалеть кедергі келтіру – препятствовать, мешать

6.2. Мәтіннен берілген етістіктерге бағынатын табыс септігіндегі сөздерді жазыңыздар.

... басқарады,... ойлап табу,...белгілейді,... жеңеді,... жақсартады,... жоспарлау керек,... тоқтататын,... ұтымды пайдалану үшін,... айқындайды,... қосады,... бос өткізбеу, аялап,... нәтижелі өткізейік.

6.3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Біздің ғасырымыз қандай ғасыр?

2. Өткен уақытты қайтаруға бола ма?

3. Уақытты ұтымды пайдалану үшін не істеу керек?

4. Жоспарлаудың қандай пайдасы бар?

5. Уақыт ненің куәсі?

6. Қандай күшті ойлап табу мүмкін емес?

7. Уақытты дұрыс пайдалану үшін қандай қағидаттарды білген дұрыс?

8. Жұмысыңызға кедергі келтіретін әрекеттер мен заттарды не істеу керек?

9. Адам не үшін қуанатын болады?

10. Сіз уақытыңызды дұрыс жұмсай білесіз бе?

6.4. Төмендегі сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлем құраңыздар.

Айталық, бір тәулікте 24 сағат бар, ол 100 пайызға тең. Егер 2 сағат интернетте отыратын болсаңыз, сіз интернетте уақытыңыздың 8 %-ын жоғалтасыз. Осылайша әрбір әрекетіңіздің уақыттық құнын есептеңіз.

Үлгі: Мен бір күнде ұялы телефонмен сөйлесу үшін уақытымның 15%- ын (3,5 сағатымды), интернетте отыру үшін 8 %-ын (2 сағатымды)... жұмсаймын.

Уақыттың «ұрылары» мен «достары»: ұялы телефонмен сөйлесу, интернетте отыру, тамақтану, түрлі каталогтарды қарастыру, үй тазалау, демалу, газет-журналдар оқу, кино көру, сұлулық салонына бару, босқа армандау, дүкен аралау, соңғы сән үлгілері жөнінде құрбылармен ой бөлісу, теледидар көру, әлеуметтік сеттерде тілдесу, өсек айту, айнаға қарау, ұйықтау, ән айту, би билеу, үйірмелерге қатысу, сабаққа дайындалу, түк істемеу, компьютерлік ойын ойнау, карта ойнау, ішімдік ішу, ауыру, күлу т.б.

Қорытынды. Сіз уақытыңызды ұтымды пайдалана білесіз бе?

6.5. Нақыл сөздер туралы пікірлеріңізді білдіріңіздер.

1. Уақыт – ақша. (Б. Франклин)

2. Атың жоғалса, сайдан табасың, уақытың жоғалса қайдан табасың? (Халық даналығы)

3. Жастық өз уақытын білмейді. (Р. Хорезми)

Грамматика!

Етіс (залоговая форма глагола) глагольная категория, обозначающая различные отношения между субъектом и объектом действия, находящие свое выражение в формах глагола.

В казахском языке, в отличие от русского, имеется 5 залогов.

1. Негізгі етіс (основной залог). В казахском языке и действительный залог в русском языке характеризуются тем, что они не имеют залоговых аффиксов. Они представляют собой исходную форму, от которой образуются все остальные залоги. Разница состоит в том, что основной залог включает в себя как переходные глаголы (обозначающие действия, направленные на прямой объект), так и непереходные (обозначающие действия или состояния, которые не распространяются на объект). Действительный же залог в русском языке включает только переходные глаголы.

Мысалы: Берік кітап оқиды. (Берик читает книгу) Әділ туыстарын сағы+ н +а+ды. (Адиль скучает по родственникам)

1. Өздік етіс (возвратный залог). В казахском языке өздік етіс образуется

при помощи суффиксов – ын, -ін, -н а возвратно-средний залог русского языка образуется от переходных глаголов действительного залога посредством присоединения суффиксов –ся, -сь.

Мысалы: жу+ын (мой+ся), тара+н (расчеши+сь) т.б.

2. Өзгелік етіс (понудительный залог). В русском языке подобный залог

отсутствует. Он имеет значение «заставить, понудить, попросить, позволить совершить какое-либо действие или принять иную форму состояния» и образуется при помощи суффиксов – қыз, -кіз, -ғыз, -гіз, -тыр,

-тір, -дыр, -дір, -т.

Мысалы: Біз оған өлең айт+қыз+ды+қ. (Мы заставили его читать стихи).

3. Ырықсыз етіс (страдательный залог). Он указывает на то, что предмет

подвергается действию другого предмета или лица. –ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы жасалады Мысалы: Бір аптадан кейін жұмыс аяқта+л+а+ды. (Через неделю работа будет закончена)

4. Ортақ етіс (взаимно-совместный залог). Ортақ етіс также отсутствует

в русском языке, а взаимно-совместное значение выражается глаголами возвратно-среднего залога. Он образуется при помощи суффиксов –ыс, -іс, -с. на русский язык переводится как «совместно, одновременно с кем-либо делать что-то» или «одновременно с кем-либо находиться в определенном состоянии». Мысалы: Мен досыммен құшақта+ с +ты+м. (Я обнялся с другом).

6.6. Етістіктерге өздік, өзгелік, ырықсыз және ортақ етіс жұрнақтарын жалғап, аударыңыздар.

Үлгі: ойла -т+қыз - Ойлау, сөйлеу, тойлау, сұрау, жауап беру, сұрақ қою, ән шырқау, түзету, жасыру, жазып алу, оқып тастау, жаттап алу, айтып беру, күш салу, көз салу, сүю, табу, жағу, бағу, егу, төгу, себу, оқу, есту, күлімдеу, кию.

6.7. Пікірлесейік!

Ø Әлемге әйгілі Билл Гейтс «егер жерде 100 доллар жатса, мен оны алмас едім; өйткені сол ақшаны еңкейіп алғанның арасында менің есепшотыма одан 100 есе артық қаражат түседі» дейді екен.

Ø Оноре де Бальзак ауыр халде жатқан кезінде «О, Жаратқан Ием! Маған бұған дейін жазғандарымды қайтадан пысықтап шығуға 6 күн уақыт бере гөр!» деп жалбарынған деседі.

Ø Шыңғыс хан өмірден өтерінде қытай емшісін шақыртып алып, «тіпті құл болып жүрсем де, риза болар едім; жастық шағымды қайтарып берші» деп жалыныпты-мыс.

6.8. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар, мағынасын түсіндіріңіздер.

6.8.1. Өлеңнен негізгі, өздік етіс тұлғасындағы етістікті табыңыздар.

Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. Қайрат пен ақыл жол табар, Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Пайданы көрсең бас ұрып, Мақтанды іздеп, қайғы алма. Мініңді ұрлап жасырып, Майданға түсіп бәйгі алма. (Абай) арқалану (арқа сүйеу) – опереться на кого-л., или чего-л. қалау - класть табу – найти қашу – убегать қуу – гнать жарасу - быть к лицу көру – видить ұру – бить іздеу – искать ұрлау – воровать жасыру – скрыть алу – брать, взять алмау – не брать, не взять әсемпаз – франт, щеголь жол – путь, дорога өнерпаз – искусный қайрат – энергия, сила ақыл – ум, рассудок дүние – мир, вселенная кетік – зазубрина әділет – справедливость шапқат – милость пайда – выгода, польза бас – голова мақтан – гордость қайғы – печаль мін – недостаток майдан – арена бәйгі – приз

6.9. Өлеңнен алынған етістіктерге етіс жұрнақтарын мүмкіндігінше жалғап жазыңыздар. (Барлық етістерге өздік және ырықсыз етіс жұрнағы жалғанбайтындығын есте сақтаңыздар).

етіс -ын3 -қыз4 -дыр4 -ыл3 -ыс3
қуу - + + - + +
қалау            
табу            
жарасу            
ұру            
іздеу            
ұрлау            
жасыру            
алу            
қашу            

6.10. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі өздік етіс тұлғалы етістіктерді теріп жазыңыз, талдау жасаңыздар.

Үлгі: Мақтанба – мақта – түбір; -н – өздік етіс жұрнағы; - ба болымсыздық етістік жұрнағы т.б.

6.11. Сөйлемдерді аяқтаңыздар және аударыңыздар.

Керекті сөз тіркестері: әдетке айналдырыңыз; бағдар белгілеу керек; шешімталдық көрсету қажет; тынығып тұру пайдалы; бекіткен абзал; белгілеп қойған дұрыс.

1. Мақсат қою үшін...

2. Бағдарды дұрыс белгілеуде...

3. Жұмыс барысын белгілі бір уақыт аясында...

4. Жұмыс арасында...

5. Жұмыстың орындалу деңгейлерін...

6. Белгілеген істі уақытында орындауды...

6.11. Абайдың нақыл сөздердіне сүйене отырып, сызбаны толықтырыңыздар.

Уақыттың «досы» Уақыттың «жауы»

· Ісім өнсін десең, ретін тап.

· Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу.

· Егіннің ебін, сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде. (Абай)

6.12. Сұрақтардың орнына тиісті сөзді қойып, аударыңыздар және айырмашылғын түсіндіріңіздер.

1. Кім жоспар жасады; қандай жоспар жасалды; /студенттер, тиянақты/

2. Кім мәжіліс өткізді; қашан мәжіліс өткізілді; /басшы, кеше/

3. Кімдер жоспар орындады; қандай жоспар орындалды; /жұмысшылар, жылдық/

4. Кімдер тауар өндірді; тауар қалай өндірілді; /адамдар, сапалы/

5. Нені қанағаттандырды; не қанағаттандырылды; /сұранысты, сұраныс/

6. Кім жеке үй салды; қайда жеке үй салынды; /досым, қалада/

7. Кім сатып алды; неге сатып алынды; /тұтынушы, ақшаға/

8. Не инвестиция тартты; қайдан инвестициясы тартылды; /еліміз, шетелден/.

6.13. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыздар.

Уақыт талабы, уақыт жоқ, уақыт тапты, уақыт өткізді, уақыт болып қалды, уақытты бағалау, уақытты пайдалану, уақытты үнемдеу, уақыт бар.

ЖЕТІНШІ САБАҚ

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы Қазақстан экономикасы

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттің экономикалық саясатының базалық бағыттары мыналар болды: 1) экономиканы қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама жасау; 3) макроэкониканы тұрақтандыру; 4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру; 5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.

Бiрiншi кезең (1991-92 ж.) Қазақстанда экономикалық жағдай шиеленiсiп, құлдырап кетті. Бұл жылдары ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономика жүйесін өзгертіп, ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Ол үшін сыртқы реттеуiштердi енгiзу, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру, көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту т.б. бағытта жұмыс жүргізілді.

Екiншi кезеңде (1993-1994 ж.) өнеркәсiп шегiне жете құлдырап, халық тұрмысының күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл кезеңде мемлекет тарапынан меншiк қатынастарын қайта құру, жеке меншiктi заңдастыру, «рубль аймағынан» шығу және ұлттық валюта — теңгенi енгiзу, валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту тәрізді шаралар жүзеге асырылды. Нәтижесінде Қазақстанда макроэкономиканың тұрақтануына жағдай жасалды. Еліміз Халықаралық валюта қорына кiрдi. Ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.

Үшiншi кезеңде (1995-1997 ж.) макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада мынадай мақсаттар алға қойылды: нарықтық экономикалық институттар мен инфрақұрылымды дамыту, халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру, қатаң түрде бюджет-салық саясатын жүргiзу, ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу т.б.

Төртiншi кезеңде (1998-99 ж.) «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы қабылданды. Онда еліміздің ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының бағыттары және дамыған елдер қатарын кіру жолдары айқындалды.

Бесiншi кезеңде (2000 – 2010 ж.) Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түстi. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiм жыл сайын өсiп отырды. 2001 жылы iшкi инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Соңғы жылдардағы экономикалық өрлеу Қазақстандағы әлеуметтік жағдайға дұрыс ықпалын тигiздi: жұмыссыздық қысқарып, халықтың жағдайы жақсара түстi.

7.1. Мәтіннен алынған етістіктердің құрамын анықтаңыздар және аударыңыздар.

Қолданылды, қамтамасыз ету, құлдырап кетті, өткізіп, жұмыс жүргізді, әкеліп соқты, жүзеге асырылды, бөлді, алға қойылды, өрлеу жолына түсті, өсіп отырды, құрады, ықпалын тигізіп, жақсара түсті.

7.2. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

тәсіл – метод саясат – политика бағыт – направление қайта құру – перестройка дағдарыс – кризис бағдарлама – программа тұрақтандыру – стабилизировать шиеленісу – зд. осложняться құлдырау – деградация, прийти в упадок жүйе – система өзгерту – изменять, менять реттеуіштер – регуляторы нысан – объект енгізу – вводить, внедрить көп ұстынды – многовекторный қалыптастыру – формировать төмендеу – спадать, понижение меншік – имущество заңдастыру – узаконить жүзеге асыру – реализовать нысаналы несие – целевой кредит жаңғырту -.... сақтандыру – страховать салық – налог бағам – (валюта) курс өрлеу – подниматься, расцвет әлеуметтік жағдай – социальное положение ықпалын тигізу – повлять қысқару – сокрашаться еңсеру – преодолеть, справиться

7.3. Мәтінді пайдаланып, кестені толықтырыңыздар.

кезеңдер мәселелер жасалған шаралар
  өрлеу жолына...  
  2030 бағдарламасы....  
ІІІ кезең   жеке меншікті заңдастыру...
  халық тұрмысы күрт...  
  экономикалық... құлдырап...  

Грамматика!

Етістіктің шақтары. Категория времени в казахском и русском языках выражает отношение времени действия глагола с моментом речи. Существует три основные категории времени: настоящее (осы шақ), будущее (келер шақ), прошедшее (өткен шақ) время.

Осы шақ (настоящее время). Глаголы осы шақ указывает на совпадение действия и состояния с момента речи. В казахском языке имеются две формы настоящего времени: 1) нақ осы шақ (собственно настоящее времяи 2) ауыспалы осы шақ (настоящее переходное время).

Нақ осы шақ имеет две формы: дара (простую) и күрделі (сложную). Дара нақ осы шақ образуется при помощи четырех глаголов состояния: отыр (сидеть), тұр (стоять), жүр (идти), жатыр (лежать), к ним непосредственно прибаляются личные окончания. Мысалы (жекеше):

Жақ Болымды/ утвердительная Болымсыз/отрицательная
Мен отыр+мын,жүр+мін отыр+ған жоқ+пын,жүр+ген жоқ+пын
Сен отыр+сың, жүр+сің отыр+ған жоқ+сың, жүр+ген жоқ+сың
Сіз отыр+сыз,жүр+сіз отыр+ған жоқ+сыз,жүр+ген жоқ+сыз
Ол отыр, жүр отыр+ған жоқ, жүр+ген жоқ

Сложная форма күрделі нақ осы шақ образуется следующим способом: к основному глаголу (негізгі етістікке) прибаляются суффиксы деепричастия – ып, -іп, -п, затем следует один из упомянутых выше четырех глаголов состояния (қалып етістік), выполняющих вспомогательную роль. Мысалы: Мен оқы+п отыр+мын (оқып отырған жоқ+пын), көр+іп жүр+мін (көріп жүрген жоқ+пын), биле+п жатыр+мын (билеп жат+қан жоқ+пын), сөйле+п тұр+мын (сөйлеп тұрған жоқ+пын) т.б.

Есте сақтаңыздар!

ДНОШ═ 4ҚЕ +ж.ж. КНОШ═НЕ+ ып3 ҚЕ +ж.ж. БКНОШ═НЕ+ ып3 ҚЕ+ған4 + ж.ж.

Ауыспалы осы шақ (ауыспалы келер шақ) выражает действия, совершающиеся как в настоящем времени, так и действия, которые должны совершиться в близком будущем. Значение ауыспалы осы шақ определяется контекстом речи. Мысалы: Мен қазір тұрамын. – Я сейчас встану. – ауыспалы осы шақ; Мен ертең сағат жетіде тұрамын. – Я завтра встану в семь часов. – ауыспалы келер шақ (будущее время).

Ауыспалы осы (келер) шақ образуется путем прибавления к корню глагола суффиксов деепричастия –а, -е, -й, а затем личных окончаний (жіктік жалғауы) глагола. Мысалы (жекеше):

Жақ/ Болымды/ утвердительная Болымсыз/отрицательная
Мен бар+а+мын, қара+й+мын бар+ма+й+мын, қара+ма+й+мын
Сен бар+а+сың, қара+й+сың бар+ма+й+сың, қара+ма+й+сың
Сіз бар+а+сыз, қара+й+сыз бар+ма+й+сыз, қара+ма+й+сыз
Ол бар+а+ ды, кел+е+ ді, қара+й+ ды бар+ма+й+ды, қара+ма+й+ды

Отрицательная форма ауыспалы осы (келер) шақ образуется путем прибавления к корню глагола суффиксов отрицания – ма-ме, -ба/бе, -па/пе, затем суффикс , после чего личные окончания (жіктік жалғауы) глагола.

Есте сақтаңыздар!

АО(К)Ш ═ ЕТІСТІК + 3 +ж.ж. БАО(К)Ш ═ ЕТІСТІК + ма6 + +ж.ж.

7.4. Тиісті жалғауларын жалғаңыздар.

1. Сен дәрісханада отыр... 2. Ол асхананың жанында тұр... 3. Сіз кілемнің үстінде жатыр... 4. Сендер көшеде жүр... 5. Мен көлдің жағасында жүр.... 6. Біз далада жүр... 7. Сен қайда тұр... 8. Олар саябақта жүр... 9. Сендер неге отыр... 10. Бастығыңы демалыста жүр... ме? 11. Сіздер далада тұр... ма? 12. Сендер тұрған жоқ... ма?

7.5. Етістікті болымсыз түрге айналдырыңыздар.

Мен көшеде жүрмін. Сіздер ақылдасып отырсыздар. Олар көлге шомылып жүр. Біз аялдамада тұрмыз. Сен тапсырма орындап отырсың. Ол таңғы асын ішіп жатыр. Сіз кешігіп жатырсыз. Сендер қалада тұрып жатырсыздар.

7.6. Қазақ тіліне аударыңыздар.

1. Я не сижу на лекции (на собрании, на остановке, в гостях, в автобусе). 2. Ты не лежишь на кровати (в комнате, в гостинице, в больнице). 3. Вы не стоите на вокзале (у окно, в очереди, рядом со мной). 4. Книга не лежит на столе (на полке, в шкафу). 5. Мы не находимся (жүр) в музее (в горах, на занятиях, в командировке, на вечере).

7.7. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жазыңыздар және сұраққа болымды, болымсыз түрде жауап беріңіздер.

1. Біздің еліміз қарқынды дам... кел... ме?

2. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасы құлдыра... кетті ме?

3. Қазір шағын кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасал... ма?

4. Еліміздің дамыған елдер қатарына кіру бағыты айқындал... ма?

5. Жалпы ішкі өнім жыл сайын өс... отыр ма?

6. Экономикалық өрлеу Қазақстандағы әлеуметтік жағдайға дұрыс ықпалын тигiз... кел... ме?

Есте сақтаңыздар!

Глаголы бару, келу, апару, әкелу в собственно-настоящем времени принимают суффиксы –а, -е, -й и с ними сочетается только один вспомогательный глагол жатыр. Сен университетке бар+а жатыр +сың. Ол асханадан кел+е жатыр. Біз дәрісханаға апар+а жатыр мыз.

7.8. Төмендегі етістіктерді осы шақта (болымды, болымсыз) жіктеңіздер.

Жағдай жасау, көбейту, тұрақтандыру, еңсеру, қол жеткізу, өзгерту, қамтамасыз ету, айқындау, реттеу, енгізу, жүргізу, қайта құру, қалыптастыру, төмендету, құрау, жақсарту, қабылдау, өсіру, дамыту, шиеленістіру.

7.9. Сұхбатты оқып, бұл қай кездегі сұхбат екендігін айтыңыздар және экономикалық терминдерге (экономикалық сөздіктерді пайдаланып) түсініктеме беріңіздер.

Тілші: Ел экономистері үкімет бағдарламасына сәйкес қандай жұмыстар атқарып жатыр?

Экономист: Ел экономикасы – күрделі жүйе. Ғалымдар еліміздің экономикасын зерттеп, оны көтеруге бағытталған бағдарламалар дайындап жатыр. Қазір бізге ғылыми негіздегі тұжырымдама ауадай қажет болып отыр.

Тілші: Жекешелендіру ісі қалай жүріліп жатыр?

Экономист: Жекешелендірудің ұтымды жағын және нарық заманында бәсекелестікпен жұмыс жасайтын меншік иесін табуға күш салып жатырмыз.

Тілші: Ауыл экономикасы, жерді жекешелендіру қалай?

Экономист: Жердің меншік иесі жоқ болғандықтан, Арал теңізі апатқа ұшырады, еліміз ядролық полигонға айналды. Сондықтан жерге ие қалыптастыруды көздеп отырмыз. Сонда ғана табиғи ресурстарымызды тиімді пайдалана аламыз.

Тілші: Сұхбатыңызға рахмет.

7. 10. Жоғарыдағы сұхбаттан нақ осы шақ және ауыспалы осы/келер/шақтағы етістікті теріп жазыңыздар; құрамы бойынша талдаңыздар.

Үлгі: көбейеді: көп – үстеу; -ей – етістік тудыратын жұрнақ; -е – ауыспалы осы шақ жұрнағы; -ді – ІІІ жақты тиянақтаушы тұлға; дара етістік, ауыспалы осы шақ т.б.

7.11. Даналықтан ғибрат алыңыздар.

· Әрбір адамы экономиканы меңгерген ел күшті болады.

(Аристотель)

· Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады; одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақшылық.

(Абай)

7.12. Сөз тіркестеріне сыңар ойлап табыңыздар.

отандық экономика отандық өндіріс отандық ішкі өнім отандық тауар отандық өндірушілер халықтың тұрмысы халықтың күнкөрісі халықтың жағдайы халықтың табысы халықтың денсаулығы ұлттық саясат ұлттық валюта ұлттық құндылық ұлттық университет ұлттық байлық

СЕГІЗІНШІ САБАҚ

Есептік жүйенің даму тарихы

Бухгалтерлік есептің даму тарихы адамзат қоғамының құрамдас бөлігі болып табылады. Дегенмен есеп-қисап туралы теориялық зерттеулер ХІІ ғасырдың соңынан жүргізіле бастады. 1904 жылы АҚШ-тың Сент-Луис қаласында бухгалтерлердің халықаралық алғашқы конгрессі өтті. Бухгалтерлік есеп осы кезден бастап жүргізіліп келеді деп есептелінеді. ІІ конгресс 1952 жылы Лондонда болды. Онда мұндай форумды 5 жылда бір рет өткізіп тұру туралы шешім қабылданды.

Есептік жүйенің қалыптасу кезеңдері

8.1. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

адамзат – человечество бөлік – часть құрамдас – составной халықаралық – международный есептелінеді – считается шешім – решение қабылдау – принимать ақпарат – информация бақылау – контроль өзіндік құн – себестоимость анықтау – определить пайда болу – появление қаржылық – финансовый талдау – анализ

8.2. Мәтінді (кестені) үлгі бойынша әңгімелеңіздер.

Үлгі: Бухгалтерлік есептің... кезеңі...-дан басталады.

Ол кезең...деп аталды.

... кезеңде... мәселелер шешімін тапты.

8.3. Төмендегі сөйлемдерге сұрақтар ойластырыңыздар.

1) -..........................................................................................................?

- Бухгалтерлік есептің даму тарихы адамзат қоғамының құрамдас бөлігі болып табылады.

2) -............................................................................................................?

- Есеп-қисап туралы теориялық зерттеулер ХІІ ғасырдың соңынан жүргізіле бастады.

3) -................................................................................................................?

- 1904 жылы АҚШ-тың Сент-Луис қаласында бухгалтерлердің халықаралық алғашқы конгрессі өтті.

4) -..............................................................................................................?

- Бухгалтерлік есеп осы кезден бастап жүргізіліп келеді деп есептелінеді.

5) -..............................................................................................................?

- ІІ конгресс 1952 жылы Лондонда болды.

6).................................................................................................................?

- Форумды 5 жылда бір рет өткізіп тұру туралы шешім қабылданды.

7) -..............................................................................................................?

- Есеп тарихының дамуына үлкен үлес қосқан «жан-жақты білімді адам» математик Лука Пачоли болды.

8) -.................................................................................................................?

- Лука Пачолидың «Шоттар мен жазбалар» деге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: