Ежелгі Египет мектебі 2 страница

Ағарту кезеңі тәрбие мен білім берудің прогрессивті реформаларын ұсынды - ол білім алуға барлық адамдардың тең құқықтығы және қоғам қажеттілігіне сай тұлғаны тәрбиелеу идеясы. Оны іске асыру үшін бүкіл қоғамды өзгерту және жалпыұлттық мектеп жүйесін құру қажет болды.

Бұл идеяларды іске асыруға бағытталған әр түрлі типтегі мектептер мен білім беру жобалары пайда болды.

1791 жылы Францияның құрылтайшы жиналысы халықтық білім беру жүйесін ұйымдастырудың жоспарын құрастырды. Оның авторы Ш.М.Талейран (1754-1838) болды, оның атымен бұл жоба Талейран жобасы деп аталды.

Талейран жобасы бойынша мектептің төрт сатысы құрылды:

1. Бастауыш оқу орындары (оқу, жазу, француз грамматикасы және әдебиеті, математика, география және геометрия)

2. Орталық қалалардағы 7-жылдық мектептер (логика, математика, латын және грек тілдері, физика, жаратылыстану)

3. Орталық қалалардағы арнайы оқу мекемелері: медициналық, әскери, заңгерлік, діни.

4. Институттар

Мектептің басты мақсаты – жасөспірімдерде инициативаны, еркіндікті, білімқұмарлықты ояту. Оқу орындары зайырлы болады деп жоспарланғанмен, онда «дін қағидалары» міндетті түрде оқытылуы керек болды.

Талейран жобасы сол кезде Францияны баурыған революция рухына сай болмағандықтан, оның жобасының консервативтік сипатта болғандықтан: әйел адамдардың білімі бастауыш біліммен шектелуі, діни білім міндеттілігі, бастауыш білімнің ғана тегіндігі, сондықтан ол іске аспады.

1792 жылы Францияда білім беру жүйесінің жаңа жобасы - Кондорсе жобасы жасалды. Оның авторы экономист, саясаткер Ж.А.Н.Кондорсе (1743-1794).

Оқу мекемелерінің барлық сатылары тегін болу керек еді, бірақ білім алу міндетті емес болды. Жалпы алғанда Кондорсе жобасы сол заман ағымына сай демократиялық болды. Оның жобасының ерекшеліктері: діни білімнің жойылуы, білім алу тегін, әйел адамдар мен ер адамдардың білім алуға тең құқықтығы. Бірақ білім беру комитеті бұл жобаны қолдамай, басқа жобаны қабылдады – ол Годен жобасы, ол конфессиялық білім беруді жоюмен шектелген болатын. Сөтіп 1792 жылы барлық діни мектептер жабылды. Ал 1795 жылы Францияда жаңа мектеп жобасы Дону жобсы қабылданды, ол бойынша қарапайым халыққа шектеулі мектептер ғана ашылды және оларда элементарлы білімдер – оқу, жазу, есептеу үйретілді, сонымен бірге оқушылардың үштен бір бөлігі оқуын төлеу тиіс еді.

Кондорсе жобасы қабылдамағанмен, оның прогрессивті демократиялық идеялары мектеп реформаларын жасаушы басқа педагогтардың еңбектерінде өз орнын тапты.

XVII ғ. ортасында мектептік білім беруде өзгерістер жүріп жатты, жаңа типтік мектептер пайда болды. Бірінші және екінші сословиенің білім беру масштабтары кеңейе түсті, үшінші сословиенің шамалы бөлігі білімге қол жеткізді.

Діннің білім саласында үстемдігі сақталғанымен, католиктік және протестанттық шіркеулердің бәсекестілігі жағдайында оқу мекемелерінің қызметінің сапасы жақсарды. Мектептік білім беру жүйесінде оқу мекемелерінің негізгі түрі – классикалық типтегі мектептер болды.

Мектептің дамуына сол кезде бірнеше факторлар тежеу жасады, ол қарапайым халық үшін мектептердің, оқу құралдарының және мұғалім кадрларының жетіспеушілігі.

Бастауыш білім беру мектептерінің дамуына жаңа серпіліс берген Германияның, Англияның, және Солтүстік Американың Реформация қозғалысының өкілдері еді.

Германияда Реформация өкілдері Готтық мектеп жарғысын жасады, ол Коменский мен Раткенің прогрессивті педагогикалық идеялары негізінде құрастырылды. Жарғы бйоынша білім беру үш сатылы болды: бастауыш, орта, жоғары.

Англияда англикандық шіркеудің ұрандарымен кедейлерге арналған жексенбілік және мейірімділік мектептері ашылды, бірақ олардағы білім берудің деңгейі төмен болды.

XVII-XVIII ғғ. толық орта білім де өзгеріске ұшырады. Он,дай білім берудің негізгі түрі классикалық типтегі мектеп болды: Германияда – қалалық (латын) мектебі және гимназия, Англияда – грамматикалық мектептер, Францияда – колледж. Ал 1700 жылы Солтүстік Америкада орта білім берудің жаңа оқу мекемелері – академиялар пайда болды.

Жалпы алғанда осы кезеңде Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада білім беру жүйесінде біршама позитивті тенденциялар байқалды: білімнің шамалы деңгейде тегін болуынан қарапайым халықтың білім алуға қол жетімдігінің болуы, діннің білім саласына әсерінің азаюы, гуманитарлық, әсіресе, жаратылыстану пәндерінің кеңеюі, жаңа типті оқу мекемелерінің пайда болуы. Қорыта айтқанда Реформация мен Ағарту өкілдері білім беру жүйесін демократизациялау мақсатына біршама жетті деуге болады.

Ян Амос Коменскийдің (1592—1670) педагогикалық теориясы

XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралыгындағы Өмірінен қысқаша педагогиканың негізін қалаушы, ұлы мәлімет.

Я А Коменскийдің славян педагогы Ян Амос Коменскии 1592 жылы көзқарасы 28 мартта туды. Бұл кезде XV ғасырдың бас кезінде болған тарихтағы аса зор ұлт-азаттық гусит қозғалысының әсері әлі де бар еді. Соның ықпалымен шаруалар мен қолөнершілердің қалың бұқарасы демократияшыл көзқарастағы адамдардан «чехтық» немесе «Богемалық туыстар» атты қауымдарын (община) құрды. Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ал өзі кейінірек сол қауымның кесемі болды. Қауымның көмегімен ол латын (орта) мектебін, кейіннен университетті бітіреді. Мұнан соң священник болып сайланады, орнымен бірге қауымның «туыстық» мектебін басқарды.

1620 жылы чех басқыншыларымен күресте жеңіліске ұшырауына байланысты ұлы педагогтың отаны өзінің дербестігін жойды, ел үлкен күйзеліске кезікті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қолжазбалары отқа жағылды және барлық семьясынан айрылды.

Отанынан айрылған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. Қауым мүшелерімен ауыр азапта одақтас болған Коменский мұнда да өзінің педагогикалық қызметін тоқтатқан емес: «туыстық мектепті» баскарды, қажырлы түрде ғылыми-педагогикалық жұмыс жүргізді. Ол 1631 жылы «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» Деген оқулығын жазып шығарды. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады. Келесі жылы Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан «?лы дидактика» еңбегі жазылып бітті.

«?лы дидактика» Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті үйьшдастыру мәселелері зерттелді.

Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгілі болған Коменский 1641 жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту методикасын жасаумен айналысты. 1648 жылы ол шетелден Лешноға келіп, кешікпей «чех туыстық» қауымының басшысы болып сайланды.

Осы жылдары оның «Әлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы, «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары» және «Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» деген педагогикалық шығармалары аяқталды. «Әлемді суреттеп бейнелеу» өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциклопедиялық кітап XIX ғасырға дейін балаларга арналған негізгі мектеп оқулығы болып келді.

1656 жылы швед-поляк соғысы кезінде «чех туыстығының» ең ақырғы панасы Лешко қаласы өртеиді. Өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді, оның «?лы дидактикасы» 1957 жылы осында бастырылды.

Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Наарденде қайтыс болды. Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік формацияларының, аралығында өмір сүрген Коменскийдің көзқарасы сол дәуірлердің ерекшеліктері мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.

Коменский шығармаларына, әсіресе оның дидактикаеына XVI—XVII ғасырдағы жаңа философияның (Джорданно Бруно, Галилей, Леонардо да-Винчи т. б.), әсіресе ағылшын материализмін бастаушы Бэкон (1561—1620) философиясының әсері болды.

Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көзқарастар да болды, дидактиканың принциптерін материалистік сенсуализм тұрғысынан тусіндірді. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын таным проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды. Коменский ақиқаттың бір саласы — логикалық, оның көзі — діни сапа. Ақиқаттың екінші саласы табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі, бұл көзді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім қажет деді.

Коменский көзқарасының жаңа бағыттарына Қайта өркендеу дәуіріндегі гуманизмнің әсері күшті болды. Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін «адамгершіліктің шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды. Қайта өркендеу дәуірінің әсерімен Коменский адамға, оның ақылы мен күшіне сенушілікті бірінші қатарға қойды, адам ақылы «ақиқатында бүкіл дүниеде зор» деген тұжырымға келді. Коменскийдің мұндай гуманизмі адам жөніндегі орта ғасырлық көзқарасқа тікелей қарама-қарсы еді.

Сондай-ақ ол өзінің «Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы» деген шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық қүрылысты әшкереледі. Байлығы мен жыныс ерекшеліктеріне қарай бөлінбейтін, біртекті, жалпыға бірдей ана тілінде оқытатын мектепті талап етуінен де Коменскийдің демократизмі айқын байқалды.

Коменскийдің өз кезіндегі білім беру жүйесін, схоластикалық мектепті әр жақты және дәлелді сынға алуының қоғамдық зор мәні болды. Әсіресе оның халықтың төменгі тобының мектепке қолы жетпей отырғандығын, осының арқасында халық арасындағы көптеген таланттар мен дарындардың көзге түспейтіндігін, мұның мемлекет тағдырына зияндылығын көрсетті, мектеп құрылысын қатаң сынады, бұл сол кездегі демократиялың топтардың қоғамға наразылығын туғызды. кес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуга бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді.

Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейіннен Коменский анықтаған бұл идея педагогикада «табиғатқа сәйкестік принципі» деп аталды.

Коменский адам өзінің жетілуінде жалпы табиғатқа қатынасты заңдарға тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құрылатын тәрбиенің, білімнің және оқытудың жалпы принциптерін іздестірді.

«Табиғатқа сәйкестілік принципі» оқудағы схоластика мен догматизмге ңарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау мен догматизмге ңарама-қарсы оңытудың бала табиғатына, оның мүмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті.

Оның ойынша адам аңылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны — мектеп. Мектеп — «барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін» адамгершіліктің шеберханасы. Коменскийдің ойынша, мектеп — оқушылардың «адамгершілігін», «ақылық» тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық.

Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отыра, бір-бірімен байланысты қүрылған оқудың 4 сатылы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.

1) Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде — «Ана мектебі».

2) б-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда «Ана тілі» мектебі.

3) 12-ден 18 жастағы жастар үшін — әрбір қалада латын мектебі (гимназия).

4) 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді. Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір-бірімен байланысты болды; сүйтіп, Коменский XVII ғасырдың өзінде бір тексті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.

Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да, біліммен қаруландыру жағынан да оқудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді.

Коменский сол кездегі мектептерде латын тіліндегі оқу үстем болып тұрған кезде, бастауыш мектептің (элементарлық) ана тілінде болуын талап етті. Бұл мәселеде ол өмірге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана беріледі, тек осылай ғана балалардың ақыл-ойын одан әрі дамыту міндетін жемісті шешуге болады деген негізгі қорытындыға сүйенді. Коменский мектепке ана тілін кеңінен ендіру және оны дамыту жолында қажымас күрес жүргізді. Басқа тілді меңгеру сол ана тілінің көмегімен жүруге тиіс деген пікір ұсынды: «Алдымен, әрине, ана тілі, содан кейінгі ана тілінің орнына жүретін, атап айтқанда, көрші халықтың тілі» («?лы дидактика», ХХIX тарау),— деді.

Коменский мектеп білімінің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік грамматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан-жақты білім беруге шақырды.

?лы педагог жалпы білім негіздерімен қарулану керектігін ескертті. Оның ойынша қай тіл, қай ғылым мен өнер болса да әуелі қараиайым элементтерден бастап оқытылуы керек делінді.

«Біз білім саласындағы тамаша атаулының бәрі ақыл арқылы енгізілуін тілейміз»,— деген. Латын мектебінің (гимназия) оқуына: физика, география, тарих пәндері енгізілуі тиіс. Бұл пәңдер бір-бірімен байланысты түрде берілгені жөн»,— деді.

Коменский өзінің тамаша шығармасы «?лы дидактиканы» барлық халық жастарын бүкіл білім салаларына жаңа жолмен, оңай және ұғымды етіп оқыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды.

«?лы дидактиканың» мұқабасындағы толық аты бұл әйгілі еңбектің мақсаты мен мазмұнын түгелдей ашып берді.

Коменский мектеп үшін жалпы программалар, оқулықтар, оқыту әдістерін жасап шығару ісін ең негізгі міндет деп санады.

«Жұрттың бәрін қалайша арнаулы бір кітаптан оқытуға болар еді» деген сүраққа ол әр ғылым мен өнер-білім саласы бойынша оқу кітаптары болу керек деп жауап берді. Ол оқулықтарға қойылатын талаптар арқылы дидактика мәселелерін анықтады. «Мұндай кітаптарды жеңілдік, тиянақтылық және ықшамдылық жөніндегі принциптерімізге сәйкес барлық мектептерге арнап шығару керек; олардың баяндалуы толық, негізді және дәл, яғни бүкіл дүние жүзінің дәл суреті сияқты болуға тиіс. Менің айырықша тілейтінім, талап ететінім мынау ғана: ол кітаптар түсінікті және жеңіл тілмен жазылып, оны пайдаланған шәкірттер барлығын, тіпті мүғалімнің көмегінсіз-ақ, өздері түсінетіндей дәрежеге көтерілетін болсын».

«Ұлы дидактикада» төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап берілді:

1- Қалай жақсы оңытып, тәуір оқуға болады.

2. Оқыту мен оқудың жеңілдігі.

3. Оқыту мен оқудың негізділігі.

4. Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.

Коменский өмірге жаңа келген адамның ақылын жас ұрық тұқыммен салыстырады да, оны дамытса, адамның дүниеде түсініп танымайтын нәрсесі жоқ деп тұжырым жасайды. «Ұлы дидактиканың» арнаулы тарауларында оқыту ісіне 1 қойылатын басты-басты дидактикалық талаптар баяндалды. Олар:

1. Оқытуға қолайлы уақытты таңдау.

2. Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.

3. Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелілік).

4. Аның пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту.

5. Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау.

6. Бала табиғатын ескеріп отыру; қалаған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.

7. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қатыстырып оқыту.

Коменский «?лы дидактикасында» педагогикалық ойды және мектеп оқуын ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын жаңа дидактикалық принциптерді анықтады. Оқудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, окудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізді болуы.

Коменскийдің көрсеткен бұл дидактикалық принциптері оның педагогикалық жүйесінде бір-бірімен өзара тығыз байланысып отырды.

Ол көрнекілік принципін психологиялык, талаптармен байланыстырды. 1. Дүниетаным әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес, осыған байланысты оқыту ісін заттар туралы қүрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасатудан бастау керөк.

2. Ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді.

Түйсік дегеніміз адал жетекші және зейін; тікелей сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.

Сонымен бірге Коменский осы көрнекілік принципіне байланысты мынадай ескерту жасады: дүниеде сезім мүшелері тікелей қабылдай алмайтын нәрселер бар (мәселен, аспан әлемінің денелері және жер астындағы нәрселер немесе басқа елдерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар т. б.). Бұларды оқытуда Коменский айналадағы заттарды негізге алып, солармен салыстыра отырып оқыту керек деді. Көрнекілікті іске асырудағы оның ұсынған құралдары: заттар, сол заттардың суреттері, модельдері т. б.

Алған білімнің тиянақтылығы женіндегі мәселе — Коменскийдің педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі.

Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді деді Коменский.

Ол өзі ұсынған дидактикалық принциптерін ілгері дамыту және оларды нақтылау мақсатында бірнеше методикалық нұскаулар ұсынды. «?лы дидактиканың» XXI тарауы «Өнер-білім әдісіне» арналған. Мұнда оқу, жазу, ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты бірқатар ережелер сөз болады. Сондай-ақ адам «практикалық дағдыларға іс жүзінде үйренуге тиіс», «қандай да болсын кызмет, әрекет үшін белгілі бір форма, норма белгіленуі қажет», «жаттығу жұмысын оқушылар өнер-білімді толық меңгергенше жүргізу керек»,— деген өте орынды пікірлер айтылды.

Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «нақтылыдан абстрактылыға», «жеңілден ауырға» қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды.

Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына жіктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оку күнін, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып класс-сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа материалды өту, оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтагы тәртіп т. б.).?лы педагогтың мұғалімдерге қалдырған өшпес есиеттерінде: бүкіл педагогикалық процестің жастарды оқуға қызықтыра тартатындай болып үйымдастырылуы, оқу баланың жас ерекшелігіне сай құрылып, қарапайым, балаға жатық болу қажеттігі қарастырылды. Әрине, бұл ұсыныстар орта ғасырлық мектептің дәстүрімен бүтіндей қайшы болды.

«Ұлы дидактиканың» XXVI тарауында мектеп тәртібі және тәрбие мәселелері қаралды. Адам-гершілік тәрбиесі жөніндегі мәселелерде Коменскийдің діни бағыты өте айқын байқалды. Бірақ тәрбиенің бұл саласынан да құнды пікірлер қалдырды.

?лы ойшыл адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі - эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету деп есептеді.

Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кіші пейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.

Коменский мектеп тәртібі жөнінен жаңа пікірлер айтты. Оның үлкен еңбегі сонда, ол — орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, баламен гуманды қатынас орнатуды жақтады, сонымен бірге мұғалім оқушыларынан тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деді. Бұл туралы оның мынадай пікірі бар. Егер егістікті отамайтын болса, егіске қауіп төндіретін арамшөп өседі. Егер ағаш бұтақтары кесіліп отырылмаса, жабайыланады. Бұл пікірден мектепте ұрып-соғып жазалау орын алсын демеген, мұғалімдер де, оқушылар да сергек және бірін-бірі қадірлеп отыратын болсын, тәртіптің улгісін мұғалімнің өзі көрсетіп отырсын деген сез аңғарылады. Бірақ Коменский квзқарасының екі жақтылығы сол, ол ұрып-соғып жазалауды дінге байланысты жағдайларда қолдануды жақтады.

Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп есептеді. Оның ойынша, мұғалім — «мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі».

Мұғалімнің балаға әсер ету күшіне ешбір күш тең келе алмайды деген пікірді айта келіп: «Оларға (мұгалімдерге — Ң. Б.) тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмак емес»,— деді.

Коменскийдің балаларға қандай гуманистік және оптимистік көзқараспен қарағанын оның мына сөздерінен айқын көреміз.

«Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ дүрыс тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы — біздің колымыздағы нәрсе». Сонымен адам баласы орта ғасырлың идеологияның шырмауынан шыға бастаған айрықша идеялар алғашқы рет зор күш ретінде баяндалып, ғалыми тұрғыдан қорытылды.

Коменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтан да ол «тәрбиенің Галилейі» деген әділ атаққа ие болды. Жаңа ғылым мен философияның ізімен жүре отырып, ол алғашқы рет дидактиканың жүйесін құрды, оған зор мәні бар тың идеялар енгізді. Коменский мектеп оқушыларының оқуына жаңа, әр салалы, ғылыми, реалды білімді енгізуге тырысты, ол табандылықпен мектеп өмірінің барлық күн тәртібін өзгертуді талап етті. Қысқасы, дидактиканың негізгі принциптерін зерттеу Коменскийдің атымен байланысты, сондықтан ол қазіргі дидактиканың атасы болып есептеледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: