Ежелгі Египет мектебі 4 страница

Баланың жетілуінің әр дәуірін Руссо өзінің саяси және философиялық пікірлерімен тығыз байланысты қарастырды.

Екі жасқа дейінгі бала тәрбиесінің негізі дене тәрбиесі болуға тиіс. Бұл дәуірде тәрбиешілердің баланы табиғат кеңшілігінен тым алшақ ұстауға тырысатындығына, табиғи жетілуіне кедергі жасайтындығына қарсы болды. Руссо: «Қаршадайынан ақ баланың еркіне қиянат келеді, ал оған сол еркіндікті беру қажет. Оның денесінің өсуіне мүмкіндік беріңдер, табиғатқа кедергі жасамаңдар», -- деген талап ұсынады. Келесі дәуірде де (2-ден 12 жасқа дейін) баланың денсаулығын шынықтыруды жедел түрде жүргізе беру қажет, бірақ бұл кезде тәрбиешінің негізгі міндеті - баланың сыртқы сезім мүшелерін жетілдіру. Руссоның кеңесі бойынша, бала өзінің керегінше, өз бетінше әр нәрсенің көлемі мен салмағын өлшесін, санаумен де айналысып, нәрселерді өзара салыстырсын. Бірақ, оның дәлелінше, бұл кезеңде баланы оқуға баулудың, кезде бала ешбір адамгершілік, ешбір абстрактылық ұғымдарға да түсінбейді деп есептеді ол. Бірақ, Руссоның ойынша, бала өте маңызды бір идеяны - жеке меншік идеясын толық меңгере алады деді. Әрине, бұл жерде Руссо педагогикасының буржуазиялық ерекшелігі айқын байқалады.

Романда 12 жастағы тәрбиеленуші Эмильдің денесі шынығып, өзін өзі билеу дәрежесіне де жеткен, маңызды оқиғаларды байқай алады, сыртқы сезімдері арқылы өзін қоршап тұрған дүниені де түсінеді, сондықтан оның (12-15 жастар аралығында) ақыл ой және еңбек тәрбиесі басталады.

Ақыл ой тәрбиесі мен білім беру мәселелерінде Руссо ең алдымен дінге негізделген шіркеулік мектептермен күресе отыра, білім мазмұнының түпкілікті жаңаруын талап етті. Оқу пәндерін іріктеп таңдауда негіз болатын нәрсе - баланың қызығушылығы, талабының болуы. «Бұл не үшін қажет?» деген сұрақтарға жауап бере алатындай болуы тиіс. Бала психологиясына жетік Руссоның көрсетуінше, баланың ынтасы, қызығушылығы ең алдымен өзінің айналасын қоршаған дүниеге, байқағанына бағытталады, сондықтан ең алғашқы пәндер география, астрономия, табиғаттану болуы керек. Мұнан кейін Руссо осы пәндерді оқытудың ерекше бір методикасын құруды ойластырды, ол методика оқушылардың оқиғаларды өздігінше бағдарлап, түсіне білуіне негізделді. Руссо шығармаларында оқушыларды ғылыми шындықты ашушы, тіптен компасты ойлап шығарушы т.б. осы сияқты зерттеуші ретінде суреттеді. Бұл жерде Руссоның осындай бала табиғатын тым асыра дәріптеушілігін ескермегенде, бала дербестігін дамыту әдісі арқылы схоластикалық мектептің методикасына оның күшті тойтарыс бергенін көреміз. Оның оқу методикасындағы негізгі өсиеттері: бала ойға салып ұғынбайынша, ештеңені де жаттатпау, бүкіл білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына салуы арқылы меңгерту деген мәселенің төңірегінде болды.

Руссо дидактикасының негізі - баланың өзіндік әрекетін, зеректігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнектілікпен баланың қабылдауына бейімделуі тиіс. Руссоның талап етуінде «көрнекілік» деген тек әдеттегі: суреттер, картиналар, приборлар т.б. ғана емес, ол - табиғаттың өзі, тікелей өмірдегі деректер. Сондықтан романның кейіпкері Эмильдің сабақтары класта емес, табиғат аясында жүргізілген. Руссо осылай жүйелі білім мен ғылымды жеткілікті бағалай алмаса да, Эмильдің шашыранды түрде меңгерген білімдерін өмірмен, практикамен байланыстыруы, сөз жоқ, оның педагогикасындағы жаңа, соңғы бағыт еді.

Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларында дене еңбегі адамнан ажыратылмайтын, оның негізгі борышы делінді. Сондықтан, оның пікірінше, бостандықтағы адам қолөнершілік және ауыл шаруашылық еңбегінің салаларын, әр түрлі еңбек мамандықтарын меңгере білуі тиіс, сонда ғана ол өзіне тамақ та табады, өзінің бостандығын да қорғай алады. Осыған байланысты Эмиль әр түрлі қол өнеріне үйретіледі, өздігінше тұрмыс құруға үйренеді, еңбек адамын сыйлауға, еңбекті, еңбекке негізделген демалысты бағалауға дағдыланады. Руссоның суреттеуінше, және педагогикалық жағынан қорытуынша Эмиль еңбек үстінде шыныққан, енді оған азғындаған феодалдық цивилизацияның ықпалы қауіпсіз.

Жас өспірімнің жетілуінің төртінші дәуірінде адамгершілік тәрбиесі басталады. Руссоның сенуінше «үшінші сословиенің» алдыңғы қатарлары жалпы адамгершілік идеалды (мақсатты) ұстаушылар. Сондықтан Эмильді, демек, жаңа қоғам жастарын ел жұртты сүюге үйрету, оларды нағыз адам етіп тәрбиелеу керек деген пікірде болады. Руссо осыған байланысты адамгершілік тәрбиесінің үш міндетін: дұрыс мінезге, дұрыс ұғымға, дұрыс ерікке тәрбиелеуді ұсынады.

Сөйтіп, тәрбиенің жоғарыдағы сатылары және мазмұндары арқылы Руссоның қиялындағы жаңа адамның идеалды образы құрылды. Оның сипаты: ақылды, қайратты, адамгершілігі мол, бірақ білім дәрежесі шағын қолөнерші - ойшыл адам.

Шығарманы Руссо Эмильдің болашақ зайыбын - өмір серігін тәрбиелеу, әйел тәрбиесі мәселелерімен аяқтады. Бірақ Руссо қарастырған әйел тәрбиесі ерлер тәрбиесіне мүлдем қарама қарсы қойылды. Әйелдердің «табиғи жағдайы» - тәуелді болу, сондықтан оларға ерекше білім беру қажетсіз деген теріс қорытындыға келеді ол.

Руссоның педагогикалық көзқарасының маңызы

Руссо бірқатар педагогикалық мәселелерде қателік пен қайшылыққа ұшырай тұрса да, оның педагогикалық теориясы өз дәуірінде жалпы бағыты ілгеріге ұмтылған прогрессивтік роль атқарды.

Себебі оның педагогикасының бүкіл жаңашыл мазмұны феодалдық педагогикаға тікелей қарсы еді. Руссо өзіне тән жігерлілікпен аристократияға және шіркеуге, схоластикалық қараңғылыққа, арамтамақтыққа қарсы батыл күресті.

Руссо өз шығармаларымен адам баласының ең қымбат болашағы - балаға деген тым ыстық сүйіспеншілігін көрсетті; ол жаңа адам жолында алдыңғы қатарды күресші болды; оның түсінігіндегі жаңа адам - Францияны феодалдық езгіден босататын табанды, қажырлы күресші.

Педагогикалық теорияны Руссо оқудың қызықты да белсенді әдістерін іздестіру, еңбек тәрбиесін, оқу мен тәрбиені табиғатпен ұштастыру мәселелерін қоюмен байланыстырды.

Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларын сол дәуірдегі орыстың алдыңғы қатарлы адамдары жоғары бағалады. «Эмильдің» санаулы алғашқы даналары Петербургке 1763 жылы февральда алынды, бірақ осы жылдың ноябрьнде бұл кітаптың таралуына тыйым салынды, соған қарамастан, кітап құпия түрде таратыла берді.

ХҮІІІ ғасырдағы Россияның жалынды революцияшыл ағартушысы А.Н.Радищев ұлы ойшыны өте жоғары бағалады. 1791 жылғы бір хатында Радищев тәрбие мәселелеріндегі жүргізген өзгерістері үшін Руссоға «Европа көп міндетті» деп жазды.

Декабристер Руссоның «Қоғамдық шарты» мен «Эмилін» зор ынтамен оқыды.

Кейінгі революцияшыл демократтар да Руссо мұрасын жоғары бағалады. 1856 жылы Н.Г.Чернышевский «Современникте» Руссоның ұрпаққа қалдырған еңбегін, халыққа деген сүйіспеншілігін баса атап өтті.

Қазіргі қоғамның прогрессившіл күштері, совет педагогтары Жан Жак Руссоны атақты ағартушы педагог ретінде бағалайды.

Батыс Еуропа елдеріндегі ХІХ-ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие

Лекция жоспары:

6. Жалпы көзқарас. Философиядағы педагогикалқ ойлар.

7. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары.

8. ХІХ ғасырдағы педагогика классиктері.

9. И.Г.Песталоццидің және А.В. Дистервергтің педагогикалық теориясы мен әдістемесі.

Лекция мақсаты:

Студенттерге батыс Еуропа елдеріндегі ХІХ-ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие, мектептердің дамуының негізгі бағыттары, И.Г.Песталоццидің, А.В.Дистервергтің педагогикалық теориясы мен әдістемесі, ХХ ғ. бірінші жартысындағы педагогикадағы негізгі ағымдар туралы түсінік беру.

Лекция мазмұны:

Мектеп тарихында негізгі күрт өзгерістер кезеңдері ХІХ ғасырдың соңғы үшінші жартысында ұлттық білім беру жүйелерін құруға мектептің өзін өзгертудің бағыттары мен жолдарын іздестіру болды. Бұл жылдар мектептерді басқарудың орталықтандыру мен қаржыландыру, бастауышқа білім беру мерзімін ұзарту, бастауыш пен орта звеноаралық қосымша мектеп құру сияқты өзгерістер мен белгіленді. Әр ұлттың білім беру жүйесінің өзінің мәселелері пайда болды.

АҚШ-та ауыл мектептерінің қаладан артта қалуы, орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларының уақыт талабына сай келмеуі;

Англияда - халыққа білім берудің ортақ болмауы, бұқаралық мектептердің көбейіп кетуі, бастауышта білім берудің утилитаризмдегі классикалық орта білімнің дәстүрленуі;

Германияда - оқыту мазмұны мен әдістерінде догматизммен верболизмнің сақталуы халық ағарту ісіне шіркеудің белсенді араласуы;

Францияда - басқа батыс Европа елдерінен кәсіптік білім беру саласында едәуір артта қалу.

Бірақ жалпы осы мемлекеттердің алдында бір-ақ мәселе тұрды. Мектепті дәуірдің экономикалық және саяси талаптарына сай ету.

Мектепті қайта құру жолдарын іздестіру адамға тәрбие мен білім беру мәселесін талқылау жағдайында өтілді.

ХІХ ғасырдың соңында Батыс Европаның күрделі мемлекеттерімен АҚШ-тың қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың өндірістік ғылыми техникалық қайта қалыптасуы мен әлеуметтік институттардың жетілуін талап ететін деңгейге жетуімен белгіленді. Мұндай жағдайларда қоғамда ертеректе байқалған дәстүрлі мектептің оқыту мен тәрбие іс-тәжірибелерінің жаңа экономикалық және саяси талаптарына сай еместігі айқындалады. Ең алдымен ескі мектептің балалардың белсенділігі мен өз бетінше ойлауына ықпал болды.

Жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген дамып келе жатқан өндіріс өзіне жаңа құрал-жабдықтарды қолдана алатын білікті жұмысшыларды қажет етті.

Мектеп ісі мен жаңа экономикалық жағдайлар арасындағы қарама-қайшылықты мектеп реформасын талап ететін педагогтық қозғалыстарды тудырды.

Қоғамдық көзқарасқа зерттеудің дәстүрлі обьектілері - мектеп пен отбасымен қатар оқушылардың еңбек қызметі, бос уақыты және қарым-қатынастарын зерттеу кіре бастады.

Бұл мектеп тәжірибесінің сипатын өзгертуге өз әсерін тигізетін сыртқы факторлар болды. Педагогикалық ғылымның дамуымен байланысты тағы да факторлар болады. Олар педагогикалық мәселелерді зерттеудің жаңа әдістерін позитивизмнің әсерімен енгізу, педагогикалық білімдердің салаларын дифференцияға тенденцияларды күшейту, түрлі философиялық-педагогикалық бағыттардың өкілдерінің өзара сынауын күшейту.

Мектеп қызметінің сипатын түбегейлі өзгертуге ұмтылған ХІХ ғасырдың соңындағы қоғамдық-педагогикалық ойлардың көптеген концепциялары мен ағымдары көбінше «реформаторлық педагогиканың» жалпы ұғымына енгізіледі.

Бұл ағымдардың арасында ең белгілі болған «ерікті тәрбие», «еңбек мектебі», «іс-әрекет мектебі» және т.б. жақтаушылардың қозғалысы. Қиындық келтіретін жағдай - осы барлық ағымдардың жіктеуі себебі, бұлардың концепцияларында ортақ және әрқайсысына өзіне тән ерекшеліктері бар.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін сақталынған терминалгиядағы жаңылыс (былық) педагогиканы басқа білім салаларымен ауыстыру болды. Сондықтан жоғарыда айтылған барлық реформаторық педагогиканың бағыттарын жалпы шартты түрде түсіну қажет. Бірақ педагог-реформаторларды біріктіретін негізгі ой-мектепті өздерінің алған білімдерін іс-жүзінде дұрыс пайдалана алатын іскер, бастамшыл және өз бетінше жұмыс жасайтын адамдарды даярлайтын орын ету.

ХІХ ғасырдың соңында барлық жерде мемлекеттік органдардың жалпы білім беретін мектептердің қызметінің түрін өзгерту және басқаруына қатысуы күшейтілді.

Дамыған ғасырдың соңында барлық Европа елдерімен Америкада міндетті бастауыш білім туралы заңдар шықты.

Англиядағы білім туралы заңдардың авторларының бірі. Г.Фарстер дамыған елдердің барлығының сол кездегі жалпы уайымын білдіреді. Оның айтуынша егер олар өз жұмысшыларын қараңғылықты (білімсіз) қалдырса және оларды кәсіптік қызметке даярламаса, онда бұл елдер әлемдік бақталастықта жеңіліске ұшырайды.

Жаңа адамды тәрбиелеу, оқушылардың арналуы және жалпы даму арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу, міндетті мектептегі оқушы санының өсу жағдайында оқушының жеке тұлғасының шығармашылық мүмкіндігін дамыту және оқу үрдісінің сапасын көтеру педагогикалық теория алдында жедел мәселе қойды -мектеп жүйесін өзгертудің тиімді жолдарын табу, білім, тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруын және мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін қайта қарау. Білім берудің мазмұны мен тәрбие әдістерін модернизациялау мәселесі классикалық және табиғи-ғылыми білім беру өкілдерімен қоса осы екі бағытты қосуға әрекет жасағандар арасында да қызу таластар туғызды. Педагогикалық пікір-таластың ортасында болды. Сол уақыттағы педагогиканың маңызды мәселелерін шешу үшін жаңа теориялық көзқарастар, білікті мамандар алдыңғы педагогикалық теория мен білім беру тәжірибесін қайта бағалау қажет болды. Пайда болған жаңа философиялық концепцияларға еліктеу педагогика мен мектеп тәжірибесі саласындағы реформаторлық қозғалыстың өзінде көзқарастардың әртүрлі болуына әкеліп соқтырды.

ХІХ ғасырдың классик-педагогтары

Иоганн Фридрих Гербарт (1746-1841) философ, псижолог, математик және ХІХ ғасырдың әйгілі неміс педагогы.

Оның педагогикалық мұрасы мына негізгі еңбектерінде сақталған: «Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика»(1806), «Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар»(1831), «Педагогика лекцияларының очеркі»(1835).

Гербарттың пікірінше тәрбиенің мақсаты – адамдағы ізгілік пен жақсылықты қалыптастыру, бұл ізгілік пен жақсылық та мәңгі және өзгермейді деп тұжырымдады.

Гербарт бүкіл тәрбие процесін үш салаға бөлді: басқару, оқыту және адамгершілі тәрбие.


И.Ф.Гербарт оқытудың тәрбиелік функцияларын айқындай отырып, педагогика ғылымына «тәрбиелей оқытуды» енгізген.

Гербарт алғашқы рет оқытудың сатыларын зерттеуге тырысты, психология мен педагогиканың арақатынастарын қарастырды. Ол зерттеген «тәрбиелей оқыту» мен «әр салалы қызығушылық» ұғымдары кейіннен психология мен педагогикаға енді.

Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827) педагогикалық қызметі мен теориясы

ХҮІІІ ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет еді. Иоганн Генрих Песталоцци жас кезінен Швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Оларды, бір жағынан, дворян помещиктер қанаса, екінші жағынан, тоқма өндірісінің иелері қанады.

Песталоцци әуелі неміс бастауыш мектебінде, кейін латын орта мектебінде оқыды. Мектептен кейін қоғамдық ғылым беретін жоғары оқу орны - коллегиумге түседі. Бұл оқу орындағы профессорлардың ішінде француз ағартушыларының пікірін қуаттаушылар болатын. Олар жастарды философиялық және саяси әдебиеттермен таныстыратын.

Жан Жак Руссоның «Эмиль» және «Қоғамдық шарт» атты еңбектері Песталоцциге үлкен әсер етті. Оның халыққа қызмет ету жөніндегі ойын нығайта түсті.

Песталоцци 1774 жылы «кедейлер үйін» ашып, оған елуге тарта жетім және панасыз балаларды жинады. Балалардың өздері еңбек етіп, тапқан табыстарымен бұл үйді ұстауға болады деп есептеді. Балалар ауыл шаруашылық еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды. Өзі балаларды оқу, жазу және санауға үйретті. Сөйтіп, Песталоцци оқуды еңбекпен ұштастырды. Ол еңбекті жан жақты тәрбие берудің құралы деп бағалады.

Песталоццидің бұл тәжірибесінің кемшілік жақтары да болды.

Біріншіден, тек қана балалардың табысымен тәрбие үйінің қаражатын өтеуге болады деуі қате пікір еді.

Екіншіден, оқу мен еңбекті ұштастыруы ойдағыдай іске аспады. Балалардың ауыл шаруашылығындағы және тоқыма кәсібіндегі еңбектерінің ғылыми негізі түсіндірілмеді. Қаражаттың тапшылығынан тәрбие үйі 1780 жылы жабылып қалды. Бұдан кейінгі жылдары Песталоцци әдеби еңбек жазумен шұғылданды. Өз еңбектерінде Швейцария шаруаларының шаруашылығы мен олардың тұрмысын жақсарту, білімін және адамгершілік дәрежесін көтеру мәселесіне көпшіліктің пікірін аудармақ болды. Ол «Лингард және Гертруда» деген әлеуметтік педагогикалық роман жазды. Бұл еңбегінде шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру және балаларды тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қою арқылы шаруалардың тұрмысын жақсарту идеясын насихаттады.

Оқыту және тәрбие барлық адамға берілу керек дей отырып, Песталоцци қоғамды қайта құрудың негізгі құралдарының бірі - мектеп деп есептеді. Адамды дамытудың, тәрбиелеудің басты құралы еңбек деп санады. Еңбек адамның күшін ғана дамытып қоймайды, оның ойын дамытып, мінез құлқын қалыптастырады. Еңбек еткен адам еңбектің қоғам өміріндегі зор мәнін түсінеді.

Тәрбиенің міндеті - адамның барлық табиғи күштерін, қабілетін дамыту, және ол даму жан жақты болу керек деп санады. Тәрбиеші баланың табиғи дамуына дұрыс бағыт беруі тиіс, дұрыс бағытталған тәрбие ғана баланың жан жақты дамуына негіз болады, деп көрсетті.

Песталоццидің педагогикалық жүйесінің негізгі мәселесі - балаларға элементарлық білім беру теориясы. Бұл теория бойынша тәрбиелеу ең жай элементтерден басталып, бірте бірте күрделене түсуі керек.

Элементарлық білім беру теориясына Песталоцци дене тәрбиесін, еңбекке тәрбиелеуді, моральдық, эстетикалық және ақыл ой тәрбиесін беруді жатқызады. Тәрбиенің бұл салалары өзара байланысты түрде берілуі тиіс, сонда ғана олар адамды жан жақты тәрбиелейді деп есептеді.

Дене тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамыту. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Осыдан келіп, ойын, тағы басқа әрекеттер туады деп Песталоцци дене тәрбиесінде ойынмен қатар, әскери жаттығуларға үлкен мән берді. Дене жаттығуларының жүйесі арқылы баланың болашақ еңбек әрекетіне даярлауға болады деп есептеді.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - қоғам өміріне белсене қатысатын жан жақты дамыған адамды қалыптастыру. Адамға пайдалы істерге баланы араластырып жаттықтыру арқылы ғана дұрыс мінез құлыққа тәрбиелеуге болады. Моральдық тәрбиенің ең жай элементі баланың анаға деген сүйіспеншілігі, ол баланың күнделікті қажеттерінің орындалып отыруы негізінде дамиды.

Моральдық тәрбиенің негізгі бір мақсаты балаларды адамгершілікке жататын қылықтарға үйретеді.

Песталоцци моральдық тәрбиені діни тәрбиемен байланыстырды. Ол дінді сағанмен, егер адам құдайды қадірлесе, бір біріне бәрі туыс болып табылатын барлық адамдарды да қадірлей біледі деп есептеді. Оның діни көзқараста болуы - дүниеге идеалистік көзқараста болуының айғағы.

Оқытуды жеңілдету мақсатымен Песталоцци дүние заттары туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені таниды деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын жатқызды.

Песталоцци оқудың негізін оның көрнекі болуы деп санады. Көрнекіліктің кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.

Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің методикасының негізін салды. Ана тілін оқытудың міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. Песталоцци әріптерді қосып оқытудың орнына бірден дыбыстарды қосып оқытуды ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жөніндегі бірнеше бағалы кеңестер берді. Ана тілін оқытуды көрнекілік негізінде жүргізіп, жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді ұсынды. Бірақ Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттығуларға айналды. Бірыңғай ондай ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол мән бермеді.

Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцци арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды.

Песталоцци географияны оқыту жөнінде бірнеше бағалы пікірлер айтты. Баланы жақындағыдан алыстағыға қарай, тұрған жерін бақылаудан, одан күрделі білімдерге қарай жетектеуді ұсынды. Бала алдымен мектеп жанындағы учаскеден, өз ауылы орналасқан жермен танысып, алғашқы географиялық білімдер алуы керек. Содан барып жалпы жер шары туралы білімдерге көшу керек деп есептеді.

Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері.

Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта шеніндегі Герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының прогрессивті өкілі болып табылады. Ол университетті бітірген соң 1813 жылдан бастап физика, математикадан орта мектепте сабақ береді. Кейін мұғалімдер семинариясының директоры болып қызмет істеді. Өз тәжірибесіне сүйене отырып Дистервег Песталоццидің дидактикалық пікірлерін насихаттады. Ол Берлинде «Педагогтық қоғам» құрып неміс мұғалімдерін біріктірді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: