Ежелгі Египет мектебі 5 страница

Дистервег 1835 жылы өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық» атты үлкен еңбегін жариялады. Бұл еңбектің бірінші бөлімі педагогика мен дидактиканың жалпы мәселелеріне, ал екінші бөлімі әр пәндерді оқытудың методикасына арналды. Бұл еңбектің көптеген жылдар бойы алдыңғы қатарлы неміс мұғалімдерін жастарға білім беру үшін күресуге жұмылдырды. Дистервег бұл еңбегінде алдымен өзінше ойлайтын, белсенді азаматтар тәрбиелеуді қажет деп санады. Оның басқа еңбектері, методикалық нұсқаулары, халық мектебі үшін шығарған оқулықтары да осы бағытта жазылды.

Дистервег математикадан, неміс тілінен, географиядан, астрономиядан 20-дан аса оқулық және оқу құралдарын жазды. Олар Германияда және басқа елдерде кең пайдаланылды.

1827 жылдан бастап Дистервег «Тәрбие және оқыту жөнінде Рейн беттері» атты журнал шығарып тұрды. Ол журналға педагогика мәселелеріне арналған 400-ден аса мақалалар жазды. Дистервег бастауыш мектептің мұғалімдерін даярлауды жақсарту үшін күресті, Германия халық мұғалімдерін біріктіру жөнінде көп жұмыс жүргізді. Осы қызметтері және халықтың мүддесін жақтағаны үшін Дистервегті Пруссия үкіметі қуғындап, Берлин мұғалімдер семинариясының директоры қызметінен босатады. Халық мұғалімдерін біріктіруде көп еңбек еткенін бағалап Дистервегті Германия мұғалімдер одағының председателі, кейін Пруссия депутаттар палатасына өкіл етіп сайлады. Ол шын мәніндегі «Неміс мұғалімдерінің ұстазы» болатын.

1851 жылдан бастап Дистервег «Педагогикалық жылдық» атты жинақ шығара бастады. Ол Пруссия үкіметінің халық ағарту саясатын батыл сынады. Әсіресе 1854 жылы қабылданған мектеп жөніндегі реакциялық заңды әшкереледі. Бұл заң арқылы Пруссия үкіметі мектепті толығынан шіркеуге бағындыруға тырысты, бастауыш мектепте берілетін білімнің көлемін азайтып, дін сабағын негізгі сабақ етіп жүргізді. Бұл сабаққа көп жаттауды керек ететін материалдар енгізілді. Мұғалімдер семинариясында берілетін білімнің көлемі де қысқартылды. Дистервегтің баспа арқылы да, депутаттар палатасының трибунасы арқылы жоғарыда аталған заңға батыл шығауы да оған белгілі өзгеріс енгізуге үкіметті мәжбүр етті.

Тәрбие туралы. Дистервег жалпы халықтық тәрбие беру идеясын жақтады, яғни сословиелік тәрбиеге қарсы болды. Мектептің мақсаты – азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі. Жалпы адамға және халыққа деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деп көрсетті.

Балалардың туғаннан-ақ даму мүмкіндігі зор деген Песталоццидің пікірін ол қызу құптады. Оқытушылар балаларды зерттеп біліп, өзінің педагогтық қызметін олардың ерекшелігіне сай жүргізуі қажет деп есептеді. Балалардың жас ерекшелігімен қатар, олардың дара ерекшеліктерін, зейін, ес, ойлау процестерін білудің қажеттілігін атап көрсетті. Дистервег психологияны тәрбие туралы ғылымның негізі деп бағалады. Ол педагогиканың дамуының негізі ретінде педагогикалық тәжірибені атап көрсетті, оны жинақтау қажет деп есептеді. Тәрбиеге қойылатын негізгі міндеттердің бірі ретінде балалардың белсенділігін дамытуды ұсынды.

Оқыту туралы. Песталоцци сияқты Дистервег те оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл-ойын және қабілетін дамыту деп көрсетті. Оқыту арқылы адамды жан-жақты дамытумен қатар, балаға моральдық тәрбие беру қажет, мектепте оқытылатын әрбір пәннің білім берумен қоса тәрбиелік әсері болуға тиісті деп есептеді.

Балаларға білім беруде тарих, география, ана тілі мен әдебиеттің зор мәні бар деп білді. Балалардың ақыл-ойын дамытуда жаралытыс және математика пәндерінің ролін жоғары бағалап, ол пәндердің жалпы білім беретін мектептердің бәрінде оқытылуын жақтады. Жеке пәндерді оқыту арқылы балаларды болашақ қызметке керекті білімдермен қаруландыруға ерекше көңіл бөлуді талап етті.

Дистервег бастауыш мектепте берілетін білімнің кеңейтілуін, атап айтқанда жаратылыс, география, физика және геометрия пәндерінен қажетті білім берілуін қостады. Орта мектепте өмірге қажетті білімдердің берілуін жақтады.

Дистервег әрі білім беретін, әрі тәрбие беретін оқытудың дидактикасын жасады. Оның дидактикасы оқыту мәселесі жөнінде 33 заңмен жинақталған ережелерден тұрады. Оқытуда алдымен балалардың қабылдау ерекшелігін ескеру қажет деп санады. Оқытуды жеке мысалдардан ережеге қарай, заттың өзінен оны білдіретін сөзге қарай жүргізілуін қолдады.

Дистервег сезім мүшелеріне әсер ететін заттың тікелей өзімен балаларды таныстыруға зор мән беруімен бірге, қабылдаған материалдың жете түсінікті болып, барынша ойландыратындай болуы өте қажет деп есептеді.

Көрнекі оқытуды Дистервег «жақыннан алысқа», «жай нәрседен күрделіге», «жеңілден ауырға», «белгіліден белгісізге» деген ережелермен байланыстырады. Бұл ережелерді бұрын Коменский ұсынса, енді Дистервег одан әрі дамытты. Мысалы, «жайдан күрделіге» деген ережені ол «нақты ұғымдардан абстракты ұғымдарға қарай» деп анықтай түсті.

Дистервег оқыту ісінде балалардың оқу материалын саналы түрде игеруіне зор мән берді. Саналы түрде материалды игерудің көрсеткіші – негізгі мәселені толық түрде айтып бере алуында. Сондықтан ол «Балалар түсіне алмайтын материалдарды балаларға оқытпа» немесе «Уақытынан ерте еш нәрсеге оқытпа» деген ереже ұсынды. Білім берік болуы үшін балаларға шамасы келмейтін мәліметтер бермей, тек қана негізгі мәліметтерді ғана түсіндіру керек деп есептеді. Оның үстіне жалпы білім беретін мектепте оқытылатын материалды ерекше екшеп алу қажет екенін ескертті. Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы деді.

Материалды пысықтауға Дистервег үлкен мән берді. Ол жөнінде оқытудың мынадай: «Оқушылардың оқыған материалын ұмытпауына қамқорлық жасау керек» деген ережесін ұсынды. Сондықтан оқылған материалды жиі пысықтап отыруы қажет деді.

Оқытудың жемісті болуы оның тәрбиелік мәнінің болуында деп санады. Оқыту баланың ақыл-ойын ғана дамытып қоймайды, оның еркін, сезімдерін, мінез-құлқын қалыптастырады. Сондықтан мектептегі оқушылардың тәртібін мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланыстыру керек. «Кім жақсы оқытса, сол тәртіптілікке дұрыс тәрбиелейді», - деп тұжырымдады ол.

Дистервег оқыту әдістерінің мәнін балалардың ақыл-ойын дамытуға тигізетін әсеріне қарай бағалады. Оқытуда әсіресе әңгіме әдісінің ролін өте жоғары бағалады. Әңгіме балалардың ақыл-ойын дамытады, іздеуге, талдауға, ойлауға үйретеді деп санады.

Коменский сияқты Дистервег оқытуда оқу жоспарына және жақсы оқулыққа үлкен баға берді. Бірақ оқытудың нәтижелі болуына негізгі себепші мұғалім деп есептеді. Жақсы мұғалім өз пәнін жете білумен қатар, өз мамандығын және балаларды сүюі қажет. Сабақ үстінде балалар еркін болуы керек, мұғалім сабақты қызу қарқынмен жүргізу арқылы, олардың ақыл-ойын дамытып, еркін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастыруы қажет. Оқушылар өзінің алға қарай дамып отырғанын үнемі сезініп отыратындай болсын деді.

Мұғалімнің еркінің күшті болуының, жақсы мінезінің, әсіресе табанды болуының тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады. Мұғалім қатаң талапкер болуымен қатар, әділ болуға тиісті, сонда ғана ол балалар алдында беделді бола алады.

Мұғалімнің ісі мектеп жұмысымен ғана шектеліп қоймай, халық арасында саяси-ағарту жұмысын жүргізуін талап етті. Оқытушы үнемі өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Ол өз пәнін жете білумен қатар, тарих, әдебиет және педагогика, психология, методика жөніндегі жаңа еңбектермен үнемі танысып отыруы тиіс деді.

Дистервег мұғалімдерді педагогтық дағдылар мен шеберлікке үйрету мәселесіне зор көңіл бөлді. Ол басқарған семинарияның оқушылары үлгілі мектептерде тәжірибелі мұғалімдердің басшылығымен ұзақ мерзімді практикадан өтетін. Дистервег белгілеген оқыту дидактикасы, оның оқулықтары бастауыш мектептің дамуында үлкен роль атқарды. Ол халықтық мектеп үшін күресті.

Бақылау сұрақтары:

1. ХІХ-ХХ ғасырларда Батыс Еуропа елдеріндегі мектептерде қандай өзгерістер болды?

2. ХІХ ғасырдың классик-педагогтарын атаңыз?

3. Песталоццидің педагогикалық теориясының маңызы неде?

4. Дистервегтің педагогикалық жүйесінің маңызы?

7-лекция Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы

1. Киев және Москва мемлекеттеріндегі балаларды төрбиелеу мен оқыту.

2. Украина мен Белоруссиядағы туысқандық мектептер.

3. XVII ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы.

1. Киев және Москва мемлекеттерінде балаларды тәрбиелеу мен оқыту

Ертедегі славяндар қауымдық құрылыс жағдайында өмір сүрген барлық басқа халықтар сияқты қауымда балаларды өмірге даярлай отырып, өскелең ұрпақты тербиелейді. Оларға жер шаруашылығының, ал кейінірек қолөнер еңбегінің дағдыларын берді.

Балалардың бойына ержүректікті, шыдамдылықты сіңіре отырып, әкелері оларды әскери істің дағдыларына үйретті. Баланың жасы көмелетке толғанда әкесінің садақ пен жебені баласына сыйлау дәстүрі кеңінен сақталды. Отбасында және рулық қауымда балаларды адамгершілікке тәрбиелеумен айналысты, оларды салт-дәстүрлерді орындауға, құдайға құлшылық етуге, қауымның аға мүшелерін сыйлауға, бұрынғы өткендерді қастерлеуге үйретті.

Балаларды адамгершілікке тербиелеуде шығыс славяндардың, оның бай ауыз өдебиеті ерекше рөл атқарды: ертегілер, өлендер, батырлар жырлары. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе, ерине, халық түйген түжырымдар, ғасырлар бойы зерделік үқышылықпен сүрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, үстаздық ойлар болса керек-ті. Бүл - халықтың ауыз әдебиеті, халықтық педагогиканың үлгілері. Бүлар ғасырлар бойы қалыптасқан, ауыздан-ауызға, үрпақтан-үрпаққа беріліп келе жатқан даналығы, олар балаларды өмірлік қүбылыстармен таныстырады, оларға отбасылық және қоғамдық қатынастар туралы түсініктер береді.

Ертегілер, батырлар жырлары балаларды еңбекті сүюге, оларда отанына деген сүйіспеншілікті, адамдар мен табиғатқа деген жақсы қатынастарды, қанаушыларға деген жеккөрушілікті тәрбиелейді.

Орыстың ұлы классик — педагогі К.Д.Ушинский ертегілер туралы былай деп жазды: "Ол халық ауыз әдебиеті шығармаларынан орыс халық педагогикасының алғашқы және ғажап талпыныстарын көруге болады".

IX ғасырда Батыс Еуропа жерінде мықты Киев мемлекеті пайда болды, феодалдық құрылыс қалыптасты. X ғасырдың аяғында княздердің енгізген ресми мемлекеттік діні — христианство — осыған көмектесті.

Княздер мен шіркеу халық арасыңца аударма жинақтарды таратты, онда әртүрлі діни әдебиеттерден алынған мақалалар мен педагогикалық сипаттағы үзінділер болды. Балаларда құдайдың алдында қорқыныш сезімін тәрбиелеу, үлкеңдердің, дшиелерінің және бастықтардың еркіне бағыну ұсынылды. Балалардың жас кезінен бастап, діни салттарды орындау, құдайға құлшылық ету, ораза ұстау тәрбиенің құралдары деп есептелді.

XI ғасырда Киев мемлекетінде жасақшылардың, боярлардың, княздердің арасьшан білімді адамдарды даярлау үшін мемлекеттік мектептер ашылды. Княздар мен шіркеу діниелерін даярлайтын мектептер ұйымдастырылды.

Орыс мемлекетінде сауаттылық жоғары бағаланды. Орыстың батырлар жырларының барлық кейіпкерлерінде батырлар сауатты адамдар ретінде бейнеленеді.

XII ғасырдың басындағы тамаша әдеби-педагогикалық ескерткіш больш табылатыны "Владимир Мономахтың балаларына өсиеті". Ақылды мемлекет қайраткері Владимир Мономах балаларының батыр, ержүрек, өз жеріне берілген болып өсуіне қамқорлық жасады. Ол білімге және кітапқа құрметпен қарауды балалары бойына сіңіруге ұмтылды, бес тілді меңгерген жөне ол үшін шетелден құрметке ие болған өз әкесіндей болуға еліктеу қажет екендігін айтты.

Мономах тәрбиенің негізі мақсаты — балаларға құдайдың және діниелерінің алдында қорқынышты сендіру, православиялық шіркеудің әдет-ғұрыптарын қатаң орьщдауды үйрету. Владимир Мономах балаларына қалай өмір сүруді үйретті. Балаларынан Отанын сүюді, Отанын жаулардан қорғауды, батыр, ержүрек болуды талап етгі. Үлкенді сыйлау, жетім-жесірлерге қамқор болуды үйретті. Сонымен қатар "Владимир Мономахтың балаларына өсиеті" Киев мемлекетінің өмір сүрген кезінде Ресейде мәдениет пен педагогикалық ой-пікір дамуының жоғары деңгейде екендігін дәлелдейтін тамаша дерек болып табылады.

2. Украина мен Белоруссиядағы туысқандық мектептер

XVI — XVII ғ. халық ағарту ісінің тарихына құнды үлес қосқан тамаша оқиға болып табылатын Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептердің пайда болуы. "Туысқандық" — бұл орыс, украин және белорусь халықтарының поляк католиктік езгісіне қарсы күресте бірігу орталықтарының рөлін атқаратын ерекше бірлестіктер. Ресейдің Батыс жөне Оңтүстік — Батыс жерлері ол кезде Полыда — Литва мемлекетінің құрамында болатын-ды. "Туысқандық" бірлестігі поляк пандары мен католиктік діниелеріне, олардың поляктаңдыру жөне католик дінін енгізу мақсатындағы ұмтылыстарына қарсы бағытталған әртүрлі шараларды іске асырды. Солардың ең негізгілерінің бірі - православие діні және туысқандықтың ұлттық төуелсіздігі үшін католиктік шіркеуге қарсы күресте өз мектептерін ашып, оны кеңінен пайдаланды. Жарғысы бойынша, туысқандық мектептерге барлық сословиенің балалары қабылданды.

Мектеіггің жарғысы мұғалімдерден балаға ерекше мән беру жөне ізгілікпен қарау, олардың арасында ата-аналарының жағдайьша қарай айырмашылық болмау керектігш талап етті. Қатаң, "тирандық" жазалауға тыйым салынды.

Туысқандық мектептерде оқу жұмысын ұйымдастырудың жоғары деңгейі қалыптасты, мектепте ойластырылған өдістемелік жұмыстар іске асырылды. Мектептерде жеке оқыту емес, оқушылардың топтық оқытуы ұйымдастырылды. Украина мен Белоруссияның туысқандық мектептерінде сынып-сабақ жүйесі қалыптасты.

1586 жылы бірінші украин туысқандық мектебі Львов қаласында пайда болды. Одан кейін Виленск, Брест, Могилев, Луцк, Киев және басқа да Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептер ашылды. Туысқандық мектептердің ректоры және мұғалшдері туысқандықтың жалпы жиналысында сайланыдды.

Туысқандық мектептерде бірінші орынға славян тіліне оқыту қойылады. Сонымен қатар грек және латын тілдері, грамматика, риторика, диалектика оқытылды. Осы пәңдердің толық курсы ірі қалалардағы (Львов, Луцк, Могилев, Киев) туысқавдық мектептерде оқытылды.

Украина мен Белоруссияның туысқандық мектептері тәжірибесінде тәрбиенің негізгі құралы ретінде халық ауыз әдебиеті пайдаланылады. Мектеп өмірін дұрыс ұйымдастыру, сьшьш-сабақ жүйесінің элементтерін пайдалану, балалардың қатысы мен үлгерімін ескеру дұрыс жолға қойылды. Бүгінге дейін өз мөнін жойған жоқ.

Туысқандық мектептердің демократиялық белгілері өз кезінде алдыңғы қатарлы мектептер ретінде Коменскийдің " Ұлы дидактикасының прогрессивті қағидаларымен үндесіп жатыр.

3. XVII ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы

XVII ғасырдың екінші жартысында, әсіресе, Москвада көтеріңкі білім беретін мектептердің саны артты. Жаңа грек-латын мектептері ашылды, сонымен қатар грамматикалық деп аталынатын мектептер де жұмыс істеді, оңда сауат ашу, ескі славян және грек грамматикасы, риторикасы, математикасы пәндері оқытылды.

1686 жылы Москва славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияның көптеген шәкірттері оқулықтың авторлары, академияның және басқа мектептердің оқытушылары болды, сонымен қатар XVIII ғ. Петрдің ағартушылық реформаларының белсеңді қатысушылары. Академияда білім алғандардың ішінен орыс мәдениетінің көрнекті қайраткерлері шықты. Олардың қатарында XVIII ғ.бірінші жартысында орыс мектептерінде кеңінен қолданылған арифметикадан тамаша басшылықтың құрастырушысы Леонтий Магницкий, ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносов, белгілі жазушы А.Д.Кантемир, архитектор Баженов және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері оқыды. 1755 жылы Москва университетінің ашылуымен жоғары оқу орны ретівде академия өз мөнін жойды және діни академияға айналды.

Ғылымның дамуы, білімді адамдардың санының өсуі, типографияларды ұйымдастыру оқу әдебиетін шығаруға қолайлы әсер етті. Ол көбейе түсті. Көп тиражбен әліппелер және т.б. мектептер үшін балалар кітаптары шыға бастады.

Бірнеше рет қайта бастырылып шыққан Василий Бурцевтің әліппесі кеңінен пайдаланылды. XVII ғ.екінші жартысывда Епифаний Славинецкий "Балалар тәртібінің ережелері" атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ережелер негізінен балалар өздерін үйде, қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы ережелерге тоқталды.Епифаний Славинецкийдің кеңестері сол кездің өзінде психологаялық тұрғыдан негізделген еді. Кітапта баланың дене жағынан дамуына, денсаулығын нығайтуға, сергек көңіл-күйін сақтауға көмектесетін көптеген құнды гигиеналық ережелерден тұрады. Балалардың моральдық қылықтары туралы айта отырып, Епифаний Славинецкий баланың сыртқы мінез-құлқы оның ішкі қасиеттерінің көрінісі болып табылатыңдығын атап көрсетті.

1. Ресейде білім берудің мемлекетгік жүйесінің құрылуы.

2. Декабристердің Ресейде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына әсері.

1. Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами түскен капитализмнің әсерімен крепостнойлық құрылыстьң ыдырауының күшею үрдісімен сипатталды. Осыған байланысты елде таптық қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті, соның нөтижесінде шаруалар толқуының өсуін революциялық бағыттағы дворян жастарының (декабристердің), ал одан кейін әртүрлі тектегі зиялылардың бой көтерулерін байқауға болады.

Патша үкіметінің қоғамдық пікірге жекелеген, кейбір шектеулі жеңілдіктер беруі ғасырдың басында декабристер көтерілісі талқандалғаннан кейін азат ету және кез-келген прогрессивті қозғалысты басып-жаншу өрескел шаралармен өзгертілді. Алдыңғы қатарлы қоғамдық пікірге осындай шектеулі жеңілдіктерге мәжбүрлік еткен 1804 жылғы мектеп реформасы болып есептеледі, бірнеше қалаларда (Харьков, Казань және т.б) университеттердің және арнаулы орта және жоғары оқу орыңдарының ашылуы. Бұл мектеп реформасына француз буржуазиялық революциясынын ағартушылық идеялары ерекше өсер еткен еді.

1804 жылғы мектеп жарғысы. 1802 жылы алғаш рет халық ағарту министрлігі ұйымдастырылды. "Халық ағарту ісінің ережелері" жарияланды. Бұл ережелердің негізінде Ресейде жаңа мектеп жүйесін енгізу қарастырылды. Барлық Ресей алты оқу округіне бөлінді. Әрбір округті мемлекеттік чиновник-оқу округінің попечителі басқарды. Барлық оқу орындарының мазмұны, приход мектептерінен басқасы толықтай мемлекеттік есепке алынды. "Халық ағарту ісінің бастапқы ережелері" негізінде 1804 жылы "Университеттердің қарамағындағы жоғары оқу орындарының жарғысы" жарияланды, бұл құжат "1804 жылғы мектеп жарғысы" деп аталды. Осы жарғы бойынша халыққа білім берудің төмендегідей жүйесі ұсынылды:

Приход училищелері жарғысы бойынша қалалар мен селоларда ашылды. Оның негізгі міндеттері: 1) оқушыларды уездік училищелерге түсуге даярлау; 2) оқушыларға діни тәрбие мен элементарлық сауаттылық беру. Бұл училищелерде оқу мерзімі біржылдық.

Оқу жоспарына "құдай заңы" және "дәстүрді үйрету", оқу, жазу, арифметиканың алғашқы төрт амалы, үй шаруашылығы туралы қысқаша түсінік, табиғат шығармалары, адам денесі, денсаулықты сақтау құралдары туралы түсініктер беру енді.

Приход училищелерін халықтың өзінің қаражатына ұстау жоспарланды. Мемлекет ешқандай қаражат қарастырмады.

Уездік училищелерді губерниялық және уездік қалаларда бір-бірден ашу жоспарланды. Уездік училищелердің міндеті, біріншіден, оқушыларды гимназияға түсуге даярлау, екіншіден, әртүрлі сословиялардың балаларына "өндірістің жағдайына" сөйкес қажетті білім беру болды.

Оқу мерзімі уездік училищелерде екіжылдық деп белгіленді. Олардың оқу "жоспарына", "құдай заңы", "Адамдар мен азаматтардың лауазымдары туралы" кітапты оқу, "Ресей грамматикасы", жалпы жене орыс жағырапиясы, жалпы жене орыс тарихы, арифметика, геометрия, физика, тарих пен технология (жергілікті жердің технологиясы, өндірісі) енді. Уездік училищелер гимназияларға бағынды.

Гимназияларды әрбір губерниялық қалаларда ашу жоспарланды, олардың міндеті-жастарды университеттерге түсуге даярлау. Оқу жоспарына көптеген пендер енгізілді: шет тідцері (латын, француз жөне неміс), жағырапия және тарих, жалпы жене Ресей статистикасы, философия ғылымдарының бастапқы курсы (метафизика, логика, дәстүрді үйрету), сөз өнері, поэзия теориясы, эстетика, математика, физика, коммерция теориясы, технология және сурет салу. Гимназия университеттерге бағынды.

Гимназияның оқу жоспарына "құдай заңы" енгізілмеді. Бұл 1804 жылғы жарғыға алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының ықпалының нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар гимназияларда орыс тілін оқыту қарастырылмады, оны орыс халқына деген менсшбеушілікгің бюрократияға тән болғандығынан деп түсіндіруге болады. Университеттер халыққа білім беру жүйесінің жоғарғы сатысын құрайды, университеттерге гимназистік курстың көлемінде білімі барлар түсе алады. Жарғыны құрастыруға қатысқан ғалымдарға кейбір жеңілдікгер бере отырып, патша үкіметі университеттерге кейбір автономия берді. Университетгерді сайланған кеңестер басқарды, профессорлар сол сияқты ректорды, декандарды сайлады. Оларға ғылыми қоғамдар құруға, типография ұстауға, газеттер, журналдар, оқу жөне ғылыми әдебиетті басып шығаруға ұрықсат етілді. Профессорларға, студентгерге әсер етудің ізгілік шараларын қолдану ұсынылды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: