Бейнефильм бойынша тапсырмалар

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Жас кәсіпкерлер үшін бизнесте қандай тосқауылдар бар?

2) Әрбір адам қандай болғысы келеді?

3) Қандай экономикалық қызметтін түрлері өзара сәйкестігін келтіреді?

4) Кәсіпкерліктің дамуына қандай мәселелер қиындық туғызады?

3. Бейнефильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Сегізінші апта. СӨЙЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1-сабақ.

СӨЙЛЕУДІҢ МАЗМҰНДЫЛЫҒЫ, ДӘЛДІГІМЕНТҮСІНІКТІЛІГІ

Сөйлеу мазмұндылығы айтылған сөздің ішкі мәнімен анықталады. Сөйлеу мазмұнды болу үшін мына мәселелер алдын–ала анықталуы тиіс:

1) Қандай жағдайда дамытылады;

2) Мәселе бойынша шешім қабылдауда қандай жаңалық бар;

3) Қандай мәселелер даулы әрі шешімін тапқан жоқ;

4) Айтылған ойға қаншалықты дәлелдемелер келтіреді;

5) Авторлық позиция қандай.

Сөйлеудің түсініктілігі дегеніміз - сөз мағынасының түсінікті болуы, ол үшін терминдер, шет тіліндегі сөздер, диалектикалық сөздер, жаргондар, кәсіби сөздерді өз жөнімен қолдану, ретсіз сөз арасын былғамауы. Сөз түсінікті болмаса, адамның ойын түсіну қиынға соғады.

Тіл дәлелділігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасының сәйкес келіу айтылады. Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлелдігін бұзатын көбінесе әуендес сөздер. Әуендес сөзден мағынасы жақын сөздер айтылады. Мәселен, батырлық, ерлік, батылдық, өжеттік деген сияқты сөздер. Мұның барі жүректілікті көрсеткенмен, әрқайсысының өз алдыңа өңі бар.

Сөздік

Айыру – отделять

әуендес – созвучный

былғамауы – незагрязнять

даулы – спорный

дәлелділігі – доказательность, аргументированность

қиынға соғу – осложняться

мазмұндылық – содержательность

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

1) Сөйлеумазмұндылығы дегеніміз не?

2) Сөйлеудің түсініктілігі дегеніміз не?

3) Тілдәлелділігі деп нені айтады?

3. Мәтінің мазмұнын әңгімелеңіз.

4. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

2-сабақ.

ШЕШІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Ешбір адам тәжірибеде шешім қабылдау үдерісімен кездеспеуі мүмкін емес. Коммуникациядағы қабілет тәрізді шешім қабылдау - тәжірибемен дамитын қабілет. Шешім - бұл баламаларды таңдау. Шешім қабылдау - кез келген басқару функциясын орындауға қажетті байланыс үдерісі.

Шешім қабылдаулар басқарудың барлық аспектілерінде болады, бұл – басқарушының күн сайынғы жұмысының бөлігі.

Шешім қабылдау үдерісі келесі амалдардан тұрады:интуициялық, талқылауға негізделген шешім, ұтымды сипатқа негізделген.

Интуициялық шешім - өзінің дұрыстығын сезінгенде жасалынған таңдау. Статистикалық көзқарас бойынша, қандай да бір ұсыныссыз дұрыс таңдау жасау мүмкіншілігі қисынды түрде жоғары емес болады.

Талқылауға негізделген шешім - білім мен жинақталған тәжірибеге байланысты таңдау.

Ұтымды шешім - өткен тәжірибеге байланысты емес таңдау, ұтымды шешім талдау үдерісінің көмегімен негізделеді. Ол шешімнің қабылдануын жаңа күрделі жағдайда ықтималдығын жоғарылатуға көмектеседі.

Басқару шешімдерін қабылдау актісі жетекшінің үлесі болып табылады, бірақ әр түрлі негізде жүзеге асырылады.

Сөздік

Баламалар – эквивалент

қисынды – обоснованный; логичный

сипат – вид; наружность

үлес – доля, часть

ықтималдық – возможность; вероятность

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Шешім деген не?

2) Шешім қабылдау қандай үдеріске жатады?

3) Шешім қабылдау үдерісі қандай амалдардан тұрады?

4. Мәтінің мазмұнын әңгімелеңіз.

5. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Сіз жұмыс істеп жүрген мекеме қаржылық қиындыққа түсті. Бұлжағдайдасізнеістейсіз?

2. Бейнефильм «Көп сөйлеу жағымсыз әдет пе?»

«Көп сөйлеу жағымсыз әдет пе?» атты бейнефильмді мына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=b6zkxjlLr7U бойынша көре аласыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: