Бейнефильм бойынша тапсырмалар

1. Фильмнің негізгіойынбілдіретін 5 тірек сөзжазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Жеке кәсіпкерлік ашу жүйесі қандай түрге көшті?

2) Жеке кәсіпкерлік электрондық жүйе арқылы қалай ашылады?

3) Қай жерде кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар көп тіркелген?

3. Фильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Оныншы апта. АУЫЗШАСӨЙЛЕУЖӘНЕЖАЗУМӘДЕНИЕТІ

1-сабақ.

АУЫЗШАСӨЙЛЕУМӘДЕНИЕТІ

Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап мәнерлеп сөйлеумен тығыз байланысты, яғни, сөздер қалай дыбысталса сөйлеген кезде әрбір сөздің дұрыс айтылуына мән беруіміз керек. Өйткені қазақ тілі – өз табиғатында үнді, әуіезді тіл. Сондықтан ауызша сөйлеу кезінде тілдің өзіндік заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеудің техникасын жетік біліп, сөз қордың мол болғаны жөн. Ауызекі тілде бір сөзді қайталай бермей, оған мағыналас, мәндес синоним сөздерді қолдануда, ойды әсерлі, түсінікті жеткізудің айғағы.

Айтайын деген ойыңды бейнелі де әсерлі жеткізудің бір жолы – эпитет пен теңеуіді пайдалану, сөзді бейнелі қолдану, сөйлеу тілінің стиліне мән беру, айрықша эмоциялық реңк беру. Оның үстіне ауызекі тілдегі жеке сөздің айтылу интонациясы да оның қандай мәнде, қандай мақсатпен айтылып тұрғанын дәл көрсетіп тұрады.

Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшілігі бір-бірін бетпе-бетін көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысуы, түсінісу құралы.

Бірін-бірі түсіну үшін сөйлеуші адамдардың дауыс ырғақтары, сөз құралындағы әрбір дыбыстың орфоэпиялық нормаға сай естілуі қажет. Мысалы: басшы-башшы, жас бала –жас пала т.б.

Сөздік

Айғақ – доказательство

айрықша – особенный

әуіез – мелодичный

бейнелі – изображающий

дыбысталу – звучание

жетік – освоить хорошо

қағида – правило

мағыналас – тождественный по смыслу

мәнерлеп – выразительно

реңк – цвет, окраска

үнді – звучный

ырғақ – ритм

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Ауызша сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?

2) Бейнелі және әсерлі жеткізудің жолы қандай?

3) Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелігі қандай?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннің мазмұнынайтыңыз.

2-сабақ.

ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІ

Әсерлі сөйлеу, ойлау, тыңдау мәдениетімен бірге, жазу мәдениетін меңгеру - негізгі шарттардың бірі. Ол үшін стильдік элементтерден ажырататын қолдану керектігі, сөздердің, сөйлем мүшелерінің орналасу заңдалағын сақтау, орфографиялық, синтаксистік норманы білуі, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтап, үндестік заңы бойынша жазу, т.б. заңдылықтарды тиянақты меңгеруді талап етеді.

Жазу мәдениетіндегі сауаттылық, әдетте емле, тыныс белгілерінің дұрыс қолдануына қарап белгіленеді.

Ауызекі тілдегі берілген ойды қағазға түсіру үшін әрбір тыныс белгілеріне өз орнына қоя білу керек. Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемде оқу да, ұғынуда жеңіл. Керісінше, тыныс белгілерін қате қою кейде сөйлемнің мағынасын бұзады, мағынасы бұзылған сөйлем айтайын деген ойды білдіре алмайды. Тыныс белгілерін белгілі бір ережелерге сүйеніп қоймаса қоймаса, сауаттылық саналы меңгерілмейді.

Тыныс белгілері негізінен сөйлемнің құрылысына негізделіп қойылады.

Мысал: үтірдің бірыңғай мүшелерде бөліп көрсетуі. «Өсек, өтірікші, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ-бес дұшпан білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Ойлап қой – бес асыл іс көнсеңіз»

Сөздік

Ажырату – отделять

әсерлі – впечатляющий

меңгеру – осваивать

тыныс белгілері – знаки препинания

ұғыну – понимать, осмысливать

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Жазу мәдениетін меңгеруі қандай заңдылықтары талап етеді?

2) Тыныс белгілері рөлі қандай?

3) Тыныс белгілері неге негізделеді?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннің мазмұнынайтыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Сізге жиналыста өз ұсынысыңызды айтуға сөз берді. Сіз көпшіліктің пікірімен келісесіз бе?

2. Бейнефильм «Ауызекіжәнежазбатілдесөйлеу»

«Ауызекіжәнежазбатілдесөйлеу»атты бейнефильмді мына сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=XvCa3hUXzhwбойынша көре аласыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: