Ауа мен суды ластамау туралы

 

түсініктерін дамыту

 

 

ҰОҚ

(Ұ) Презентация бойынша жұмыс.

Интерактивті тақта

VIII.

тақырыбы

Педагог балаларға экранға қарап, қандай заң бұзылғандығын анықтауды сұрайды.

 

Бойынша

(Слайдта пайдалы жəне зиян іс-əрекеттер көрсетіледі. Мысалы, ағаш отырғызып

 

жұмыс

жатқан бала мен ағашты сындырып жатқан баланың қайсысы заңды бұзып

 

6 – 27 мин.

жатыр?)

 

 

(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Қоршаған орта тазалығын

 

 

 

сақтау керек пе, керек емес пе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ –

 

 

керек емес. (Не үшін? Неге?).

 

 

Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар

 

 

бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:

 

 

 ықтимал

 

 

 болжамдайық

 

 

 мүмкін

 

 

 солай дейік

 

 

 ал, егер…

 

 

(Ұ, Т) Əліппе-дəптермен жұмыс.

Əліппе- дəптер

1. Қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңызы қандай? Сен өзіңнің ортаңда

 

тазалықты қалай сақтайсың?

 

2. Жарамсыз қалдықтардын қандай пайдалы заттарды өндіруге болады? Үлгі

 

жауаптар: Қағаз қалдықтарынан арнайы фабрикаларда қайтадан қағаз

 

өндіріледі. Шыны заттар да арнайы зауыттарда қайтадан өндіріліп, түрлі ыдыс

 

т.б. заттар жасалады.

 

3. «Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ» тақырыбына сурет салғызу.

 

Балаларға табиғат аясын қалай таза ұстап, ауасын ластамауды, топ ауасын табиғат

 

бұрышы арқылы тазартып тұруды тəжірибе жүзінде жүргізу.

 

 

 

Əңгімелесу. «Сен қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін не істер едің?»

 

(Т) Қоршаған ортаның тазалығын сақтау не үшін қажет? Пікірлерін дəлелдеп

 

айтқызуға үйрету.

 

(Ұ) Өзекті мəселе.

 

Қоршаған ортаны таза ұстау іс-əрекетіне тек ағаш отырғызуды жатқыза аламыз

 

ба?

 

БОЛЖАМДАР. Қалай ойлайсыңдар, бұл іс-əрекет табиғатты таза ұстауға қалай

 

көмектесе алды?

 

(Ұ) Сергіту сəті.

 

«Аула тазартушы»биі. Əуенмен аула сыпырушының қимылдарын келтіреді.

 

(Ұ, Т) Зерттеу.

 

Педагог балаларға тіршілік үшін бəріміз бірге қоршаған ортаның тазалығын

Көңілді музыка.

сақтамасақ не боландығы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды.? (Қоқыс

 

 

тастау).

 

Ағаштарды кесіп азайтып, не тіпті жойып жіберсек не болады болжамыңыз. Ал

 

егер ағаштарды көптеп отырғызып жүрсек не болады?

 

(ОТ) Өзекті мəселе.

 

Ауызекі ғылыми жұмыс: «Егер мен эколог болсам». Эколог мамандығы жайлы

 

қысқаша түсіндіріп кету.

 

Эколог – табиғатты қорғаушы адам.

 

Ғылыми жұмыста əр бір топ өздерін табиғаттың орнында болып қалған

 

жағдайда адамдар үшін қандай пайда əкелетіндігін айтып беруге тапсырма

 

беру.

 

Бақылау: Серуенге шығып ауланың тазалығын бақылайды. Қоршаған орта

 

тазалығы туралы əңгімелеу.

 

Еңбек: Ауланы қоқыстардан тазарту.

 

Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен сұрақтар құрастыруға

 

тапсырма беру.

 

Балаларға түсінікті жəне қарапайым суреттерді қолдану.

 

Үлгі сұрақтар: Қоршаған ортаға зиян келтіретін қандай іс-əрекеттер бар?

 

Пайдалы іс-əрекет дегеніміз не? Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?

 

т.б.

 

Қорытынды жасай отырып: балалар мына түсініктерді ұғынуы қажет:

 

Қоршаған орта тазалығы – табиғаттың жойылып кетуіне жол бермеу.

 

Қоршаған ортаның тазалығын сақтамау – ағаштарды кесіп, қоқыстар тастау,

 

өрт нəтижесінде болады.

 

Таза ауа – өсімдіктердің оттегі бөлу арқылы тазарады.

 

Балалар жеке немесе топ болып жұмыс істейді.

 

Балаларға қорытынды жасауға көмектесу.

Табиғат туралы

(Т) Деңгейлік тапсырмалар.

суреттер.

Бірінші деңгей. Балалар бірінші топта қоршаған ортаны ұстауға пайдалы іс-

 

əрекеттерді бояуға көмектесіп жатыр. Ал екінші топта зиянды амалдарды бояуға

 

көмектесуде.

 

Екінші деңгей. Қоршағаны ластамаймыз, суды ластамау, табиғатты қорғауға

 

 

жатады ма, соны түсіндіру.

 

Үшінші деңгей. Балалар жыл мезгілдеріне сəйкес судың əртүрлі күйде болатынын

 

анықтау. Оларды айналдыра сызады. Суретті аяғына дейін салады.

 

IV. ҰОҚ

(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі: қоршаған ортаның

Əліппе-дəптер, түрлі

қорытындысы.

тазалығы – деніміздің сау болуына кепіл болады. Қоршаған ортаның тазалығы –

түсті қарындаштар.

Рефлексия.

табиғат үшін маңызды. Қоршаған ортаны ластамау, қоқыстардан тазарту ол біздің

28-30 мин.

міндет. Сондықтан қоршаған ортаны, табиғатты аялайық!

 

Рефлексивтік бағалау.

Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: ағашты əртүрлі

түспен бояйды.

1-деңгей – ештеңе түсінбедім – діңін қоңыр түспен бояу.

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – жапырақтарын жасыл түспен

бояу.

3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жапырақтарын

жасыл, діңін қоңыр түспен бояу.

Төмендегі тірек сөздер пайдаланылады:

Қызықты болды …

Шамам жетпейді …

Мен түсіндім…

Үйде көрейін...

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Аула тазалығын сақтау

Мектеп/ МҰ:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/ топ:

Қатысқандар саны:

Болмағандар:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.2.2.1.Балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мəселесімен таныстыру

Болжамды нəтиже

Барлық балалар:

 

 «Тазалық» деген ұғымды түсіндіре алады

 

Көпшілік балалар істей алады:

 «Қоршаған ортаның тазалығын сақтау» деген ұғымды түсіндіре алады

 Табиғатты қорғау керек екендігін түсінеді.

Кейбір балалар:

 Қоршаған ортаны, ауланы ластамау не үшін керек екенін айтып бере алады;

 Табиғаттың жəне ауланың тазалығына зиян келтіретін жағдаяттармен жəне іс-

əрекеттермен күрес жолдарын айтып береді.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

«4 бұрыштың стратегиясы (сыни тұрғыдан ойлауды дамыту)» технологиялық тəсілі

шегінде болжамдар ұсыну.

Ауланың тазалығын сақтауға пайдалы іс-əрекеттер мен зиян келтіруі ықтимал

жағдаяттарды маңыздылығы туралы əңгіме.

 

Көптілділік

аула – двор – yard

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Ауланың тазалығы, пайдалы іс-əрекеттер.

 

 

ҰОҚ диалог/хат үшін қолданылатын тіл:

 

Талқылауға арналған сұрақтар.

 Табиғатқа зиян келтіретін қандай іс-əрекеттер бар?

 Табиғатты қалай қорғауға болады?

 Балабақша ауласын қалай таза ұстаймыз?

 

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Табиғат туралы қарапайым түсініктер; ауланың тазалығын сақтап қалу, табиғатқа,аула

тазалығына зиянды амалдар жасамауға жəне пайдалы іс-əрекеттерге біршама тəуелділігі.

Жоспар

 

Жоспарланға

Жоспарланған іс-əрекет

Ресуртар

н уақыт

IX. Дұрыс

(Ұ) Шаттық шеңбері

 

əсерлі көңіл күй

Кірпігімізді төмен түсірсек,

 

Орнату.

Көзіміз жұмылады.

 

 

Енді еркін демалайық

 

0–2 мин.

Ғажап қана ұйықтасақ,

 

Көз алдымызға туып өскен,

 

Жерімізді елестетеміз.

 

Аула толған гүлдерге

 

Гүлдерді иіскеп,

 

Таза ауамен демаламыз.

 

Қолымызды жоғары көтеріп,

 

Керілеміз.

 

 

 

Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде):

 

II. Өмірлік

Ауланың тазалығы – табиғат үшін де адам үшін де өте маңызды. Қоршаған ортаның

тəжірибені

таза болуы табиғатқа да, адам үшін де өте пайдалы. Адам ерте кезден-ақ табиғатты

маңыздандыру.

аялап, оны кейінгі ұрпаққа ағаш отырғызып, қоршаған ортаны яғни ар адамды өз

 

Мақсатты болжам. ауласын ластамауға үйретіп отырған.

Ауланың тазалығына

 

(Ұ) «Ауланың жалпы табиғаттың тазалығы туралы презентация»

байланысты бейнеленген

3-5 мин

Педагог презентация негізінде балаларға аула жəне адамның өзінің тұратын

суреттер.

жерінің, ортасы тазалығының маңыздылығын түсіндіреді.

 

Педагог балалардың ауланың тазалығын қалай сақтауға болатыны жайында сұрап,

 

бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды

 

(Балалардың пікірлері тыңдалады).

 

II.

ҰОҚ

(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Аула тазалығын сақтау

 

бойынша

керек па, керек емес па? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес

жұмыс

(Не үшін? Неге?).

 

6 – 27 мин.

Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл

 

кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:

 

 

 

 ықтимал

 

 

 болжамдайық

 

 

 мүмкін

 

 

 солай дейік

 

 

 ал, егер...

 

(Ұ) Сергіту сəті.

 

Суреттермен жұмыс.

 

Педагог балаларға суреттер арасынан қандай іс-əрекет дұрыс емес екендігін

 

сұрайды. (Суретте пайдалы жəне зиян іс-əрекеттер көрсетіледі. Мысалы, ағаш

Аула бейнеленген

отырғызып жатқан бала мен ағаш сындырып жатқан бала).

суреттер.

 

(Ұ, Т) Бақылау.

 

Педагог ауладағы өсімдіктерге су құйып, түбін қопсытып, құстарға жем беріп,

 

оларды күтіп, баптаудың маңызын түсіндіреді. Ауладағы тазалықтың маңызы неде

 

екенін БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды?

 

Сонымен табиғатты аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға жатады ма?

 

Ауланың тазалығын сақтау керек пе? Ол үшін біз не істеу керекпіз? Тақтаға

 

ауланың тазалығын сақтау тақырыбына арналған суреттер ілінеді.

 

Тəжірибелік-зертханалық жұмыс іс-əрекеті: Педагогпен бірге ауланы тазалау

 

жұмыстарын орындайды. Ауланы қоқыстардан тазартып, аулаға күтім жасайды.

 

Олар ауланы күнделікті тазаламаса аула ластанатыны туралы бір-бірімен тəжірибе

 

соңында бөліседі.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-əрекетін қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік

 

танысу керек.

 

Табиғат – күн, ауа, жер-су, өсімдіктер, жануарлар.

 

Аула тазалығын сақтау – табиғатты ластамау үшін тазалық сақтауға жағдай жасау,

 

балаларды тазалыққа үйрету.

 

. Əңгімелесу. «Сен ауланың тазалығын сақтау үшін не істер едің?»

 

(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

 

 

1. Аула тазалығын сақтау үшін жасалатын пайдалы іс-əрекеттерді белгілету арқылы Əліппе-дəптер.

тақырып бойынша əңгіме жүргізу.

 

2. «Менің аулам» тақырыбында əңгіме жүргізу жəне суретті бояту.

 

IV. ҰОҚ

(Ұ, Ө) Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі: Ауланы таза ұстау

 

қорытындысы.

əрқайсымыздың міндетіміз. Ауланың тазалығын қамтамасыз ету арқылы біз

Əліппе-дəптер.

Рефлексия.

табиғатты қорғаймыз.

28-30 мин.

Рефлексивті бағалау.

Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: ағашты əртүрлі түспен

бояйды.

1-деңгей – ештеңе түсінбедім – діңін қоңыр түспен бояу.

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – жапырақтарын жасыл түспен бояу.

3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жапырақтарын

жасыл, діңін қоңыр түспен бояу.

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Орманшының еңбегі

Мектеп/ МҰ:

 

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/ тобы:

Қатысқандар саны:

Болмағандар:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.2.2.2 Экологиялық тəуелділікті түсіндіру; адамның табиғатпен байланысын жəне

өзара əрекетін анықтау

Болжамды нəтиже

Барлық оқушылар істей алады:

 Орманшының кім екендігін айтып береді.

 Орманшының – табиғатты қорғаушы адам екенін түсіндіре алады.

 

Көпшілік балалар істей алады:

 Ормандағы қауіпсіздік жұмыстарын атап айтады.

Кейбір балалар істей алады:

 

 Орманшы мамандығы адамзат үшін өте қажет мамандық.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

Балаларға орманшы қызметінің турлы түсінік беру, қазіргі кезде орманшыларға үлкен

жауапкершілік жүктеліп отырғандығы туралы əңгімелеу.

Орман шаруашылығы, оның ішінде орманшының еңбегінің мəнін түсіну.

Орманшының еңбегінің маңыздылығын айқындау.

Орманшы ормандағы ағаштарды өрттен, жануарлардыатудан қорғайды.

Көптілділік:

орманшы – лесник – forester

 

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Орман, орманшы, табиғат бақылаушысы Табиғат, ауа райы, болжам, халықтық болжам,

табиғат құбылыстары, болжам жасау, табиғат құбылыстары

ҰОҚ-да диалог/хат үшін қолданылатын тіл:

 

Талқылауға арналған сұрақтар.

Орманшы дегеніміз кім?

Орманшының міндеті қандай?

Ауа райын бақылаудың, орманшының қызметіне қандай пайдасы бар?

«Табиғат жанашыры – ол орманшы» дегенді қалай түсінесің?

Орманшы болу неге қызықтырады?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Қазақстанның қорықтары туралы қарапайым түсініктері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресуртар

X. Əсерлі көңіл күй орнату.

(Ұ) Үнтаспадан тыңдату

Үнтаспа

Үнтаспадан ормандағы аңдардың, жаңбырдың жауғанын,

 

Мин.

күннің күркірегенін, құстардың сайраған дауысын

 

тыңдату.

 

 

 

II. Өмірлік тəжірибені

 

 

 

маңыздандыру. Мақсатты болжам.

Педагог орман ондағы тіршілік, орманшының қызметі

туралы айтып береді.

 

Мин

 

(Ұ)Адам денсаулығы көбіне қоршаған ортадағы

 

экологиялық ахуалға байланысты. Ал оны жақсартатын

 

жасыл желек, сол жасыл желекті баптап, өсіруші –

 

орманшы. Орманшының негізгі жұмыс орыны

Орман шаруашылығына қажетті

орманда, яғни тау қойнауында, орман мен өзен

суреттер.

бойында, көл жағалауы. Əрбір орманшы өз

 

қарамағындағы жүздеген, тіпті мыңдаған гектар жер

 

телімдерін бақылауына тура келеді.

 

Орманшы бір түйір дəннен көктеп шыққан қарағай

 

өскінін мəпелеп күтіп, баптап 1 метр биіктікке діңін

 

тіктеп өсіру үшін қаншама уақыт еңбектенеді.

 

Орманшы орманды күтіп-баптау жұмыстарымен қатар

 

ормандағы ағаштардың санын арттыру мақсатында,

 

тұқымбақтарды іске қосып, бұрын тұқымбақтары

 

болмаған мекемелерде жаңадан тұқымбақтар ашады.

 

 

Тұқымбақ – ағаштардың кішкентай көшеттерін

 

отырғызып, ормандағы ағаштар санын көбейту

 

мақсатындағы жұмыс түрі.

 

 

Болжамдар:

 Қарлы қыс, жаңбырлы жаз орманшы жұмысы үшін

берекелі болады.

 Жазды күндері орманды өрттен қорғау үшін

орманшыларға бірнеше түн ұйықтамауға тура келеді.

 Құмырсқалардың илеулеріне тамақтарын асыға тасып

жатқанын байқаған орманшылар күннің суытатынын

біліп, алдын ала қамданатын болған.

 

 Күннің кешке қарай қызарып батқанын байқаған

орманшылар, ертеңгі күннің ашық болатынын біліп

отырған.

 

III. ҰОҚ тақырыбы бойынша

(Ұ) Презентация бойынша жұмыс.

Интерактивті тақта

жұмыс

 

 

Мин.

 

– Суреттегі бұл көріністердің орманшылар үшін маңызы

Өсімдік пен жануардың суреті.

қандай?

 

(Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.

 

Орманшылар үшін ауа райын болжау қажет пе?Топтарда

 

түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес. (Не үшін?

 

Неге?).

 

 

Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды

 

үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі

 

пайдалануына болатындығын ескертеміз:

 

 ықтимал

 

 болжамдайық

 

 мүмкін

 

 солай дейік

 

 ал, егер…

 

Жұмбақтар жинағы.

Жұмбақ:

 

Сергек ол үнемі,

 

Сарп етіп бар күшін.

 

Түгендеп жүреді,

Орманның аң-құсын

Ол кім? Орманшы.

(Ұ) Тосын сəт: Есікті қағып, «аққу құсы ұшып келіп», хат

береді. (Педагог хатты балаларға оқып береді).

Балалар орманда тұратын ата бізден көмек сұраған екен.

Ол үшін автобусқа отырып орманға баруымыз керек.

Кəне, жүргізушіні сайлап алайық. (Балалар əн айтып

орманға барады.

Атай балаларды қарсы алады. Олардан жолда не

кездестіргендерін сұрайды.

Балалардың əңгімесін тыңдаған орманшы атай, аңдарға да

қамқорлық керек екенін айтады. Өзінің тиіндерін,

кірпілерін таныстырады. Тиін ағашқа секіріп, тыным

таппайды. Ағаштың діңгегін мекен етеді. Қысқа азығын

жинайды. Ал кірпі – өте сақ аң, ол азығын түнде аулайды.

Өзіне қауіп төнсе домалақ пішінге айналады.Ол қорегін

арқасындағы инелеріне түйреп алады. Орман аңдардың

мекені болғандықтан, оны қорғау керек, лас заттарды

тастамау керек. Орманшы атайдың əңгімесі балаларға

ұнады. Атай балаларға риза болды. Оларға арнап өзінің

жинап қойған орман жаңғақтарын тарту етеді.

 

 

(Ұ) Өзекті мəселе.

Орман алқаптарында аңдар мен құстардың бірнеше түрі

мекен етеді, орман алқаптарында аң аулауға мүлдем

тыйым салынған. Жануарларды қоректендіру, қорғау

мақсатында бұлақ көздері қоршалып, тас төселеді, құс

ұясы жасалып, құмырсқа илеулері қоршалады, халық көп

жүретін орман алқаптарына, сонымен бірге орманға кіре

беріс жолдарға өрт қауіпсіздігін сақтау мен аң-құстарды

қорғау тақырыбында билборд орнатылады. Орманшының

басты жұмыстарының бірі – орман алқабын тілсіз жау

өрттен жəне түрлі зиянкестерден қорғап, өз бетімен

заңсыз ағаш кесуді болдырмау жəне заңсыз аңшылықпен

күресу болып табылады.Ал қысты күні орманшылар жаңа

жыл мерекесі қарсаңында тəуліктік кезекшілік

ұйымдастырып қылқан жапырықты ағаштарды күзетеді.

Орманшы орманды өрттен бастап, ағаш дертіне дейін,

шөбінен бастап шөлейтіне дейінгі өзгерістерді қатаң

бақылауға алып, аялы алақан, жүрек жылуын талап ететін

ізгілікті мамандық.

(Ұ)Сергіту сəті.

«Орман» музыкасын тыңдату.

Əліппе-дəптермен жұмыс.

1. Сурет бойынша орманшының еңбегі туралы əңгімеле.

2.Суреттен орманшының ормандағы еңбек құралдарын

атап, көрсету (дүрбі, жер өлшеуіш, балта, ара, күрек.

3.Сурет салу: «Көрікті орман».

4. «Кішкентай орманшылар» тақырыбына əңгіме құрау.

 

 

Үлгі сұрақтар:

 Орманшының еңбегі туралы не білдік?

 Орман біздің-байлығымыз дегенді қалай түсінесің?

 Орманшы болу сені қызықтырады ма?

 Орманшы орманды кімдерден қорғайды?

ҰОҚ қорытындылап, осы ұғымдармен балалар

Жетік танысу керек.

Орманшы –елдің орман байлықтарын қорғайтын адам.

IV.ҰОҚ қорытындысы

(Ұ, Ө)Педагог балаларды қорытынды жасауға

Əліппе-дəптер, түрлі түсті

Рефлексия.

əкеледі: Орманшы мамандығының маңыздылығын

қарындаштар.

пысықтау. Өз ой пікірлерімен бөлісу.

 

Мин.

Рефлексивті бағалау.

 

Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды

ұсыну: ағашты əртүрлі түспен бояйды.

1-деңгей – ештеңе түсінбедім – діңін қоңыр түспен бояу.

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын –

жапырақтарын жасыл түспен бояу.

3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере

аламын – жапырақтарын жасыл, діңін қоңыр түспен бояу.

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Біз табиғатты қорғаймыз

Мектеп/ МҰ

 

 

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ:

Қатысушылардың саны

Болмағандар

ҰОҚ оқытылу

0.2.2.2 Экологиялық тəуелділікті түсіндіру; адамның табиғатпен байланысын жəне өзара əрекетін анықтау

мақсаты

 

Болжамды нəтиже

Барлық балалар:

 табиғатты қорғау керектігін түсінеді;

 табиғаттың көркеюіне қажетті жағдайларды атап бере алады;

 ұйымдастырылған қызметін зерттеу тақырыбын анықтай алады;

 

Көпшілік балалар:

 табиғаттағы қауіпсіздік шараларын біледі

 табиғатттағы өсімдіктерге мен жануарларға не қажет екенін айтып бере алады

 табиғатқа пайдалы іс-əрекеттерді атауды

Кейбір балалар:

 табиғатты қорғау не үшін керек екенін айтып бере алады;

 табиғаттың адам өмірі үшін маңызын айтып береді.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің

тақырыбын, танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтайды. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен

байланысты?», «Егер..., не болады?» деген сұрақтарды пайдалану.

 

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

 

 

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: зерттеу тақырыбы, сұрақтар, табиғатты қорғайық, өрт

қауіпсіздігі, табиғатты аялайық.

 

ҰОҚ диалог/хат үшін қолданылатын тіл:

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

Табиғатты қорғау не үшін қажет?

Табиғатқа пайдалы жəне зиянды іс-əрекеттер?

Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-əрекет жасадың?

 

Өткен ҰОҚ-дан

Табиғат туралы қарапайым түсініктер;табиғатты қорғау жəне табиғатты сақтап қалу, пайдалы іс-

алған білім

əрекеттерге біршама тəуелділігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

VI. Дұрыс əсерлі көңіл

(Ұ) Шаттық шеңбері.

 

күй орнату.

 

Қол алысып, қəне, біз,

 

0–2 мин.

Достасайық бəріміз.

Табиғат туралы өлеңдер жинағы.

 

Айтарым бар сендерге,

 

Тез тұрыңдар шеңберге.

 

Қандай жақсы бір тұру,

 

Достарменен бір жүру!

 

Қандай жақсы дос болу!

 

 

II. Өмірлік

(Ұ)Педагог балаларға табиғат туралы өлең жолдарын оқып

 

тəжірибені маңыздандыру. береді:

 

Мақсатты болжам.

 

Табиғатың құпиясы тұңғиық,

 

3- 5 минут

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік.

 

Білген сайын сырын оның жүреміз,

 

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып.

 

Табиғаттың қадірлеп қасиетін,

 

Əділдікке əрқашан бас иетін,

 

«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», – деп,

 

Халқың айтқан орынды өсиетін.

 

(Ұ) Табиғатты қорғау не үшін қажет?

 

Табиғатқа пайдалы жəне зиянды іс-əрекеттер?

 

Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-əрекет жасадың?Табиғаттың

 

адам өміріндегі маңызы қандай?

 

 

Табиғат – адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы.

 

Табиғатқа қамқорлық жасау – əрбіріміздің міндетіміз.

 

Табиғаттың əрбір бөлшегі – адамзат баласы үшін асқан байлық,

 

қазына,адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі.

 

Педагог суреттерге назарларын аударады, балалардың

Табиғаттың суреттері

табиғатты қорғау, табиғатты аялау туралы не білетіні, олардың

(флипчартқа шығаруға болады).

маңызын,қорғаудың амалдарын, қажетті жағдайларды атап бере

алу іскерліктері.

Қорытынды:

Күнделікті ішіп жеген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын

кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда

пайдаланатын дəріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз.

Осылардың бəрі жомарт табиғаттың бізге тартқан сыйы.

Сондықтан да біз оны аялап, қорғап жүруіміз керек.

 

Табиғатты қорғау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?

Педагог балаларға өздерінің болжамдарын дəлелдеп беруге

ұсыныс жасайды.

Талдап қорыту: табиғатты дұрыс мақсатта пайдалану,

табиғаттың адам өміріндегі рөлін түсіну.ағаштарды

сындырмау,өсімдіктерді бейберекет жұлмау,ормандағы

ағаштарды өрттен сақтау.

 

 

III. ҰОҚ тақырыбы

(Ұ)Өзекті мəселелер.

 

бойынша жұмыс

Педагог балалардың сұраққа жауап беруін сұрайды.

Табиғаттың суреттері.

6 – 27 мин.

Табиғат – тіршілік тірегі. Табиғаттағы ағаштар, өсімдіктер

 

 

ауада ауру тудыратын бактерияларды жояды, ауаны тазартады.

 

 

Адам табиғаттан өзіне қажетті барлық заттарды алады. (Қорғау

 

керек.

 

 

Əр топтың алдына «Қорғау» деп жазылған плакат беріледі.

 

 

Балалар қалай қорғау керек екендігін айтады.

 

 

 

(Ұ) Табиғатты қорғауға шақыратын бейнетаспа көрсету.

«Орман-тоғайларды қорғайық»

 

«Табиғатты аялайық» ойыны.

бейнетаспасы.

 

Əр бала жанды табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат

 

 

көрінісін бейнелеп, тыйым сөздерді айтады.

 

 

(Ұ)Сергіту сəті.

 

Музыкалық сүйемелдеу

Педагог Б.Соқпақпаевтің «Табиғатты қорғайық» атты

 

əңгімесін айтып береді.

 

 

Əңгімені қорытындылау мақсатында суреттер бойынша

 

балалармен сұрақ-жауап ойыны.

 

(Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

 

1. «Табиғатты қорғау» ұғымын қалай түсінесің? Ереже

Əліппе-дəптер,

құрастырту.

түрлі түсті қарындаштар

2. Ребусты шешу. Шешуі: табиғат.

 

3. Табиғатқа зиян келтіретін іс-əрекеттерді белгілету.

 

4. «Табиғатты қорғау» тақырыбында сурет салу.

 

Əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар.

IV. ҰОҚ

(Ұ, Ө) Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі:

 

қорытындысы.

Табиғатты қорғау жəне аялау бүкіл тіршілік атаулы үшін

 

Рефлексия.

маңыздылығы зор. Табиғатта қорғау амалдарын жасау

 

 

қоршаған ортаның жойылып кетпеуіне, оған деген қамқорлық

 

28-30 мин.

таныта білуге көмектеседі.

 

Рефлексивті бағалау.

 

Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну:

 

ағашты əртүрлі түспен бояйды.

 

1-деңгей – ештеңе түсінбедім – діңін қоңыр түспен бояу.

 

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – жапырақтарын

жасыл түспен бояу.

3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын

– жапырақтарын жасыл, діңін қоңыр түспен бояу.

 

 

Қосымша

Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізгі

міндеттерінің бірі – мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру

сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш

сыныптардағы оқыту жəне тəрбиелеу жұмысы біртұтас даму үдерісін құраған жағдайда осы

міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлық пен бастауыш

мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі – бағдарламалар жəне оқу-

əдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы. Мектепалды даярлық пен

бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау

көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тəсілдерді қамтиды:

 педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға жəне балалардың жетістіктерін бағалауға

мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы;

оқу үдерісін күнделікті өмірге жəне қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер

мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау;

 балалардың əлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына бағытталған

тақырыптық оқу мазмұнының болуы;

пəнішілік жəне пəнаралық мазмұнының кіріктірілуі;

 мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тəрбие үдерісінің ортақ үлгісін

қамтитын əдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.

 

Осы қағидалардың барлығы Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу

бағдарламасының мазмұны мен құрылымында жəне жаңа оқу-əдістемелік кешендерінде

қамтылған.

Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін

нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар

төңірегінде берілген. Балалар өздері куə болған адамдар əрекетінің, табиғи құбылыстардың, оқиғалардың себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс

істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.

«Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық жəне бастауыш мектеб оқу-əдістемелік

кешенінің ерекшелігі, оқулықтар мен əдістемелік оқу нұсқауларының мазмұнында бірдей

ортақ тақырыптың қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды даярлық жəне мектепте

білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл əдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған ҰОҚ мазмұнынан

тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОƏК-ін əдістемелік қолдаудың

бірізділігін тағы да бір рет дəлелдейді.

 

Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар:

1. Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер

ретінде берілген, сондықтан педагогтер он өзгертпегені жөн).

 

2. Жоспарда ҰОҚ-ның сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалардың

көпшілігі жəне кейбіреулері үшін). Бұл оқу үдерісін ұтымды саралай ұйымдастыруға

мүмкіндік береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін

айтарлықтай қарапайым жəне оқу барысы үшін тиімді.

Жоспар 3 бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін əдіс-тəсілдер

қаралған.

Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған əдіс-

тəсілдер мен құралдар буынын қамтиды.

Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. Жоспардың

«Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, əдістемелік, электрондық сипаттағы

əртүрлі апарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқамерзімді

жоспарда əліппе-дəптердің, оның ішінде жұмыс дəптерінің барлық тапсырмалары ескерілген.

Егер əліппе-дəптерде бір ҰОҚ-да 2–4 тапсырма орындау ұсынылса, əдістемелік нұсқауда

əдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Əдістемелік нұсқаудағы

тапсырмалар осы əдіс-тəсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде

тартымды болады. Онда əдебисөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, ойнау, фольклор,сергіту сəті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер жəне т.б. бар.

Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір

тиімді шығармашылық əдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді

білдірмейді. Басты шарты: жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның

жүйелілігін, сондай-ақ əліппе-дəптерде белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу.

Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық

сыныбының педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін:

1. Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған технологиялық картаның

қысқамерзімді жоспардан қандай айырмашылығы бар?

2. Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма?

Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма əлде технологиялық картань пайдалана

ма – өзі шешеді.

Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн, өйткені

мектепалды даярлық жəне бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі мен тұтастығы

бұзылады.

 

 

Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар:

 

 

Технологиялық карта

Қысқамерзімді жоспар

1 Оқу мақсатын педагог таңдайды.

Оқыту жəне тəрбиелеу мақсаты оқу

бағдарламасында айқындалған.

2 3 кезеңнен тұрады:

3 кезеңнен тұрады:

– мотивациялық-қозғаушылық;

– ҰОҚ-ныңбасталуы (ҰОҚ-ға ден қоюды

 

– ұйымдастырушылық-ізденушілік;

қамтамасыз ету);

– рефлексивтік-түзетушілік.

– өмірлік тəжірибені өзектендіру;

– ҰОҚ-ның соңы (қорытынды, рефлексия).

3 ҰОҚ-ның негізгі бөлімі:

ҰОҚ-ның негізгі бөлімі:

– ұйымдастырушылық-ізденушілік.

– өмірлік тəжірибені өзектендіру.

4 ҰОҚ əдістемесі педагогтің

ҰОҚ əдістемесі əдістемелік тəсілдер,

басқарушылық іс-əрекетін жəне

құралдар, ресурстарды пайдалану мен

балалардың іс-əрекетін қарастырады.

технология элементтерін қарастырады.

5 ҰОҚ қорытындысы: рефлексия.

ҰОҚ қорытындысы: рефлексия.

 

Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де, технологиялық

карта да) ҰОҚ-ның үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында белгіленген оқу мен

тəрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Кезінде технологиялық картань меңгерген

мектепалды даярлық сыныбының педагогтеріне қысқамерзімді жоспар үлгілері мен жұмыс

істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тəсілдері айтарлықтай ұқсас.

Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОƏК-нің жаңа үлгісіне тиімді өту мектепалды

даярлық пен бастауыш мектепте оқыту мазмұнының сапалы сабақтастық байланысын

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Пайдаланылған əдебиеттер

4. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана,

2016.

5. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана,2016.

6. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. – Алматыкітап баспасы. 2015.

Иващенко А.А. Қазақстан өсімдіктер əлемінің асыл қазынасы. По страницам Красной книги. –

Алматы, 2005.

Ковшарь А.Ф. Қазақстан қорықтары. – Алматыкітап баспасы, 1989.

Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстанның жануарлар əлемі. – Алматы, 2003.

Аксенова З.Ф. Войди в природу другом. Экологическое воспитание дошкольников. – М.: ТЦ

Сфера, 2011.

Ковинько Л.В. Секреты природы – это так интересно! – М.: Линка-Пресс, 2004.

 

Мазмұны

 

Түсініктеме....................................................................................................................................3

«Экология негіздері» ұйымдастырылғанн оқу қызметі

(ҰОҚ) бойынша ұзақмерзімді жоспарлау..................................................................................7

Ортамерзімді жоспарлау..............................................................................................................9

Қысқамерзімді жоспарлау...........................................................................................................38

Қосымша......................................................................................................................................115

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі...............................................................................................118

 

 

Оқулық басылым

Учебное издание

Манкеш Ақсəуле Ерженбайқызы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: