Келіспеушілікті диагностикалау

Келіспеушілік жағдайды басқару үшін оны диагностикалау, яғни келесі мәселелерді анықтау керек:

оның пайда болуының негізгі себебі;

қатысушылар;

оның орын алуына себепші болған адамдар;

конфликттің қайнар көзі болған объективті және субъективті жақтары,

пікірлердің, жағдайлардың, қажеттіліктердің және қызығушылықтардың бір-біріне қайшылас келуі;

келіспеушіліктің биографиясы (неден басталып, қалай дамығанын анықтау);

конфликтіге қатысушылардың біріккен іс-әрекеттері;

Қақтығысқа түсуші жақтардың қарым-қатынасы мен ұстанымдары;

Конфликтіге түсуші жақтардың өзара шешімге келе алуы.

Диагностикалау жағдайында конфликттің субъективті және объективті жақтарын бір-бірінен ажырату қиын, бірақ оның жолын псиохолог табуы керек. Сонда кеңес сұраушының проблемаларын шешу жолын анықтау оңайырақ болады.

 

Балаға қатысты ата-ананың гиперқамқорлық ұстанымын талдау

Ата-аналардың үрейлерінің, шағымының негізінде ата-ананың баласына қатысты гиперқамқорлық ұстанымы жетекші болғанда, баланың шынайы мұқтаждықтарын түсінбей оны өктемшілдікпен басқаруға, кеңес беруге, ұсыныс жасауға ұмтылушылығы жатады. Бұл жағдайда шағым негізінде жатқан бала әрекетінің ерекшелігі-ата-ананың бала мұқтаждықтарына зейінсіздік, құпиялық, баланың өзінің тәуелсіздігі үшін күрес тәсілдерінің барлығы, гиперқамқорлықтан қашу болып табылады. Мұндай гиперқамқоршы ата-аналарға балаларының әрекетінің доминанттығын ескермеу, не оны қалыпты және табиғи нәрсе деп қабылдау тән: «Мен оған тек жақсылық тілеймін», «Мен мұндай жағдайларда не істеу керектігін жақсы білемін». Клиенттің дәлелсіздігі, оның жеке мінез-құлқына жайлы қатынасы психологтан әңгіме кезінде ерекше абай болуды талап етеді. Кері байланыс барысында, адамның мұндай мінез-құлық көрсетуін растайтын жеткілікті фактілер жиналғаннан соң ғана түсіндіруге болады. Гиперқамқоршы ата-аналармен жұмыс жүргізу кезінде олардың баласына қоятын талаптарының шамадан тыс қатал екендігін және баланың дербестігіне ешқандай жол бермейтіндігін анықтап алған жөн.

Мұндай жағдайлардағы кеңес берушінің міндеті – ұлына (қызына) қатысты гиперқамқоршы ұстанымын бұзу немесе күмәнді ету, сондай-ақ мүмкіндігінше, оны басқа қатынастармен ауыстыру керек екендігі дәлелдеуді талап етеді.Бірақ бәрінен бұрын тағы бір өте маңызды қадам жасау керек: ата-ана (гиперқамқоршы)әрекеті мен бала әрекеті (құпия сақтаушылық, сыйламаушылық, дөрекілік көрсету сияқты қатынастар) ерекшеліктерін бір-бірімен байланыстыру арқылы осы жағдайдан шығу жолдарын бірлесіп іздеу керек. Әдетте гиперқамқоршылық жағдайында ата-аналар тарапынан қойылатын талаптардың күнделікті өмір тудыратын жақтары бар және олар шиеленістер мен ұрыстардың негізінде жатады. Мұндай талаптар ересек баланың алдында тұрған қандай да бір әлеуметтік міндеттерін орындауымен байланысты болуы мүмкін: «Сен институтқа түсуге дайындықты қашан бастайсың?», «Сенің сыныптастарыңның барлығы әлдеқашан аралық аттестацияға даярлық жасап жатыр» деген секілді күнделікті айып тағумен, немесе: «Телефонмен ұзақ сөйлеспе, ол әдепсіздіктің көрсеткіші», «Неліктен сен үнемі үйге кеш келесің», «Сен маған еркелеуді доғар», «Өз ыдыстарыңды тез арада жу», «Киімдеріңді күтіп ұста» деген тұрмыстық оқиғалармен де байланысты бола алады.

Ата-аналармен олардың өз балаларына қоятын талаптары туралы осындай әңгімелесу кезінде түсінбестік пайда болудың негізі неде екені анықталады. Ата-ана өз талаптарын қандай сөздермен және кімге айтылғанын, басқаша айтқанда сәбидің жасы нешеде екенін ескеру керектігіне ерекше көңіл аударған дұрыс. Ол көбіне әңгіме 9-11жасар бала туралы болып жатқандай естіледі (мұндай жастағы балаға қатысты мұндай сөздерді қолдану қажет болуы да мүмкін). Бірақ бұл жерде әңгіме бұл жастан әлдеқашан асып кеткен бала жайында болып отыр, сондықтан ата-аналардың балаға қатынасты сөздерінің, балаға деген ұстанымының дәлелсіздігін растайды. Егер клиентпен «Сіз мұның барлығын оған айтудағы мақсатыңыз қандай?» деп сұрасаңыз, ата-ана «Мен оны қажетті нәрсені үйренуге және мәжбүрлеуге тырысамын», немесе «Мен оның не істеу керек екенін күнделікті есіне салып отырамын, әйтпесе ол мұны жасауды ұмытып кетеді»деген жауап айтады. Мұндай жауаптардың негізінде ата-ананың келесі ұстанымдары жатады:

а) қашан, қалай жасау керектігін білетін, түсінетін және қандай да бір басқа нұсқа бойынша орындаған нәрсені өткізбейтін мұғалімнің рөлі туралы түсінігі;

б) алдында тұрған міндеттерге сай тәрбие беруге, талаптарды мүлтіксіз орындауға мәжбүрлеуге, оларды орындаудың қажеттілігін түсіндіріп көзін жеткізуге қабілеттілігіне сенімділік;

в) баланың қабілеті мен мүмкіндігін төмен бағалау, оған сенімсіздік білдіру.

Ата-ананың мұндай әрекеттері баланың өздігінен ешнәрсе істей алмайтындығына сенімі қалыптасқандығын білдіреді. Мұндай жағдайдағы кеңес берушінің міндеті- ата-ананың ұлына (қызына) қатысты гиперқамқоршы ұстанымының тұтастығын бұзу немесе күдіктендіру, сондай-ақ, мүмкіндігінше, олардың бастарынын өткен жағдайларды шешудің басқа жолдарымен және көрінісімен алмастыру.

Бірақ, алдымен тағы бір маңызы қадам жасау керек: гиперқамқоршы ата-ана мінез-құлқы мен бала әрекетінің (құпиялық, суықтылық, өткірлік) ерекшеліктерін бір-бірімен байланыстыру. Әңгіме барысында кеңесші ата-ана шағымымен бала реакциясы арасындағы байланысты клиентке көрсете алады. Мұны клиенттің әңгімесінде орын алған түрлі формадағы ата-ана талабына ұлы немесе қызы тарапынан агрессия байқалғанын немесе әке-шешесін бағаламайтындай реакция анық көрініс берген жағдайларды талдау арқылы жүргізуге болады.

Ақпараттың тағы бір маңызды көзі ата-ананың өздерінің айтуы бойынша балаларының ата-анасын бағалауы. Мұндай ақпарат алу үшін әңгімелесуді келесі бағытта жалғастыруға болады: «Сіздің ұлыңыз (қызыңыз) сіздің әрекетіңізді қалай қабылдайды, олар сіз туралы не айтады?» деген сұрақты қою жеткілікті. Егер клиент «Ештеңе» немесе «Білмеймін» деген сияқты жауаптар берсе оған қанағаттанбаған жөн. Психолог бұл жағдайда біршама табандылық көрсете отырып сұрақтарын жалғастырады: «Сіздер ұрысып қалған кезде ол сізге не айтады?» деген сұраққа жауап бергенде, жұмысты тапсырғанда баланың берген жауаптарын келесі варианттарда көрсетуі мүмкін: «Ол: «сен маған неге тиісе бересің?»,-деп айқайлай бастайды», «Жалықтырдың», «Езбе!», «Сен ешнәрсеге түсінбейсің». Бұл сияқты мәліметтер ата-анасының балаға берген тапсырмаларының ішінен қайсысы және қашан айтқаны ұнамағанымен қоймай, ата-ананың әңгімесі бірден кері қайтарылып, селқос қабылданатындығын көрсетеді.

Қолданылуы гиперқамқоршылықтың негізінде жатқан механизмдерді ашуға көмектесетін ақпараттың тағы бір көзі – ата-ананың психологиялық көмекке неліктен дәл қазір қажеттенгенін, қатынастар проблемасы неліктен ушыққанын, соңғы уақытта баланың мінезінде, қатынас жағдайында не өзгергенін сараптау. Қарым-қатынастың ушығуының арқасында баланың қарапайым есею процесі және оның ата-ана бақылауынан кету қажеттілігі жатуы мүмкін. Бірақ, көбіне бала өмірінің өзгеруімен байланысты (қосымша сабақтар, секцияларға қатысу, ҰБТ-ға даярлану) ата-ана тарапынан оны бақылау мүмкіндігі азаяды, не ата-ана өмірінің өзгеруі (зейнетақыға шықты, ажырасты), нәтижесінде гиперқамқорлыққа қажеттілік өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ баланың өзі өзгеруі мүмкін: бұрынғыға қарағанда нашар оқи бастады, ата-анаға ұнамайтын нәрселерге қызыға бастады, онда құпия пайда болды және осылайша ол ата-аналық қамқорлық пен бақылаудан шығып кетеді. Қарым-қатынастың бұзылу кезін іздеу клиент көзқарасы тарапынан бұның неліктен және қалай болғанын саралау арқылы жүреді. Бұл ата-анаға өзінің гиперқамқорлық ұстанымының теріс әсерін ұғынуына тамаша материал бола алады. Мысал ретінде нақты оқиғаны келтіреміз.

Кеңес алуға келген ана шағымы: «қызым менімен сөйлесуден қашқақтайды, дөрекі мінез көрсетеді, кеш оралады, одан өтінген нәрсені істеуден бас тартады». Анасының көзқарасы тұрғысынан бұрын қызы өте тіл алғыш және жан-жақты дамыған болған, бірақ соңғы уақытта ол бір нәрсеге ұшыраған сияқты. Клиент қызының осы жазда мектепті үздік бітіргенімен институтқа түспегенін айтады. Ата-анасы оны таныс арқылы ғылыми-зерттеу институтына лаборант етіп орналастырды, жұмыста оның үстінен шағым түспегенімен оның үйдегілермен қарым-қатынасы бірден нашарлады.

Клиентті жан-жақты әңгімеге тарту нәтижесінде қызының өзі үшін өмірінде бірінші рет өз бетімен қадам жасалғаны анықталды. Шешесі қызының осынысын кешіре алмай, оған күнделікті емтихандағы қиындық туралы есіне салып, «анасын тыңдау» керектігін түсіндіреді. Оны ата-анасы оқуға түсуге мәжбүрлеген оқу орнына жұмысқа орналастырылды, оның үстіне күнделікті қызын және өзін, бүкіл отбасының атына кір келтіргенін, өзі ешқашан ешнәрсені тындыра алмайтыны үшін кінәлап өздері таңдаған институтқа болашақта түсуге мәжбүрлейді. Кейде баланың ашық айтқан ойлары мен өздерінің өмірге деген көзқарастары туралы әңгімелері ата-аналарының ұстанымына тура келмей ұрыс-қағыстар мен шиеленістер тууына негіз болатынын көрсетеді. Нәтижесінде ата-бала түсінбеушіліктері шиеленісіп, баласы өзін келесі сөздермен қорғағысы келеді: «Саған енді өз проблемаларым туралы тіс жармаймын, сен бүкіл фактілерді маған қарсы қолданасың», немесе тағы бір ұрыс кезінде айтылған әңгіме: «Енді маған осыны тағы қайталасаң – мен асылып өлемін! Мен сенің бір сөзіңді ести беруден жалықтым». Клиенттің мінез-құлқын сипаттайтын бұл әңгімелердің негізінде не жатқанын анықтау үшін одан: «Шынында сіз оған күнде не айтасыз?», немесе «Ол сізге мұны өзіне қарсы пайдаланатындығыңызды айтқанда нені айтып отыр?» деген сұрақтарға жауаптарын талдау қажет. Мұндай талдау барысында көбінесе ата-ана өзінің әрекетінің сын көтере алмайтындығын түсінуі керек. Әрине бұл жерде түрлі ақтаулар тууы мүмкін: «мен енді не істеуім керек?» деген сұрақ туса, ол өзінің жеке ұстанымын гиперқамқорлықтың көрінісі ретінде бағалағаны – осындай оқиғалар кеңес берудің бұрылысты сәттерінің бірі болып табылады. Бірақ бір нәрсені өзгерту проблеманы шешу үшін жеткіліксіз. Клиент мәселені толық түсінуі үшін онымен бірге жоғарыда айтылған және бұл жерде орын таппаған нәрселердің барлығын толық қарастыру қажет: оның балаға қатысты ұстанымын, күнделікті әрекет ету тәсілін, сондай-ақ өзінің баласы туралы түсінігін ортаға салып, олардың оң-теріс жағын анықтау арқылы ата-аналық борыштың ерекшеліктерін баланың жас ерекшеліктеріне байланысты құрып, олардың жеке тұлғалық шешімдерін сыйлау қажет екеніне көзін жеткізу керек.

Кеңес беру барысында бәрінен бұрын шешуді қажет ететін мәселе - өте білгіш, жол көрсеткіш, ата-ана ұстанымының дәлелдігімен нақтылығына, сол ұстанымды ұстанудың қажеттілігіне күдік тудыру. Сонымен қатар 20-30 және 40жасар балаға да күнделікті барлық нәрсені түсіндіре отырып қандай да бір позитивті нәтижеге жетуге болады. Ол баланың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланыстылығын клиент толық түсінуі керек. Сонымен қатар дербестік, өз өмірін өзі құруға ұмтылушылық пен оң қасиеттер екенін түсінуінің мәні терең. Кейде клиентке «Сіз балаңызға дәл осының қажет екеніне сенсіз бе?» немесе «қалай ойлайсыз, егер сіз барлығын джұрыс айтқан болсаңыз неліктен ол сізді тыңдамайды?». Мұндай проблемалар көбінесе ата-ана мен баланың өмірі, оның нормалары мен құндылықтары туралы түсініктерінің айырмашылығымен байланысты орын алады. Гиперқамқоршы ата-аналарға кеңес беру кезінде олардың балаға деген көзқарастарының ерекшеліктерін талқылау керек емес, тіпті мүмкін емес. Бұл клиенттердің жеке өмір принциптерін түсінуге бағытталған мәселе болғандықтан оны талдау барысында ата-ана мен бала қатынасынан тым алыстап кетуі мүмкін. Сондықтан ата-аналардың бала тәрбиелеудегі ұмтылыстарының ерекшеліктерімен шектеле отырып, оның күшіне күдік тудыру, олардың ара-қатынастарындағы бір –біріне мінез көрсетуін сараптауға көшу тиімдірек болады.

Ата-ананың баласын тәрбиелеуге бағытталған күнделікті әрекетінің тәсілдерін талдау ары қарай түрлі бағытпен жүруі мүмкін: 1) бала үшін түсініксіз және мәнсіз мысалдар мен әңгімелер арқылы тікелей жасалған ықпалдың тиімсіздігін дәлелдеу; 2) қысым ретінде жүргізілген ата-ана әрекеті көбіне бағынуды емес, қарсыласуды тудыратындығын көрсету; 3) қысым мен қатал бақылау бір ғана нәрсеге әкелетіндігін – баламен қатынастың бұзылу сипатына ие болатындығын ұғындыру.

Ата-ананың баламен күнделікті әрекетінің тәсілдерін талдау ары қарай осы аталған үш бағыттың біреуімен жүреді. Отбасындағы қиын жағдайлар қатарындағы нақты түрлері ретінде бір нәрсені түсіндіруге, істеуге мәжбүрлеу де орын алады. Ата-аналық бақылаудың мұндай формаларының тиімсіздігі жайлы сөз қозғай отырып олардың өз баласына жауапты екенін де ұмытуға болмайды. Мұнсыз клиенттің басты сұранысы қанағаттандырылмайды, қарым-қатынас орнына келмейді. Балалармен қатынас нашар жағдайлар қатарына қойылғанына не себеп болғанын нақтылау арқылы бір нәрсені істеуге мәжбүрлеу тәрбиелеуде пайдалануға болатын және кеңінен пайдаланылатын тәсілдер екенін ешкім жоққа шығара алмайтынын айта отырып, ата-аналар бақылаудың мұндай формаларының қай кезде тиімді, ал қай кезде тиімсіздігі жайлы сөз қозғап, оны дұрыс бағалау керек. Оны барлық уақытта негізгі тәсілдер ретінде қолдануға болмайтындығын түсіну арқылы шағым жасаған ата-ананың басты сұранысы қанағаттандырылады.

Әдетте әңгімелесу кезінде «менсіз ешнәрсе істей алмайды» немесе «ол мұны түсінбейді» деген сияқты өте көп шағымдар орын алатындықтан бұл сұрақты талдау қиын емес. Осы және осыған ұқсас ілікпе сөздер ата-ананың балаға сенімсіздігінің,оның ересек болу, тәуелсіздігін көрсету ниеті мен мүмкіндігін төмен бағалауының көрнекі куәлігі. Әрине, ата-ана үшін кез-келген жастағы бала бәрібір сәби екенін растауға дайын клиенттер кездеседі. Бірақ бұл жерде ең бастысы сәби болу не екенін түсіну – сүйікті болу, қамқорға бөлену немесе қамқорсыз болу. Бір жағынан – гиперқамқорлық туған адамның тағдыры туралы ойлану, оны күту, баптау және мүлдем басқа жағынан – оған өз бетімен өмір сүруге мүмкіндік бермей әрбір қадамын қатаң қадағалау. Бұл кеңес беруге қиын, шешімі шиеленіс және күрделі тақырыпты талқылау нұсқаларының бірі – гуманистік психологияны пайдалануды, атап айтқанда, Н.Роджерс қалыптастырған ұғымдар тұрғысынан әңгімелесуді талап етеді. Адам өзіне сенім артқанда ғана ересек және дербес бола алады және осы жағдайда ғана ол өз күшіне сенеді. Адамның мүмкіндігіне басқалардың күдіктенуі оның өз күшіне сенімін селдіретіп, оны бейғам және дәрменсіз жас баладай етеді.

Ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр бойынша, біздің халықтық мәдениетіміз бойынша ата-аналар балаларға сенім білдіргенімен олар есейгенде де қатаң қадағалау секілді дәстүр сақталған. Сондықтан баланың пікірімен санасу тұрғысында ата-ана онша ойлана бермейді және бұл туралы әңгіме оларға жаңалық секілді естіледі.Оның үстіне баласына қатынаста белгілі скептизмнің үлесі болады – «ол өз басын алып жүре алмайды», «оның жаны нәзік, басқалардан қысым көреді» деген уәж айтады. Әрине, гиперқамқоршылық тенденциясы барлық адамдарға бірдей емес, біреулер оны қажет етеді, өзгелердің басшылығымен өмір сүргені оларға қолайлы, ал екіншілері дербестікпен өз өмірін өзі басқарғанын қалайды. Сондықтан мұндай клиенттерге балаларының бостандық алғысы келетінін, ерекше қамқорлықты жақтырмайтынын, осы сепепке байланысты ата-анасының көзқарасын нашар бағалайтынын мойындау қиын. Мұның барлығы ата-анаға өзін қайта тәрбиелеу қажет екенін білдіреді.

· Байбаламшы ата-ананың баласымен қарым-қатынасында жіберілген қателіктің бастысы –гиперқамқоршылық екенін түсініп,оның ерекше «мейірімділікпен» жасаған қамқорлығы тіл табысуының көмектесуші емес, төмендетуші күш болатындығы жайында ойлануы керек. Кеңес берудің бұл кезеңінде психолог клиентпен жүргізген әңгімесін бастапқы сұрақтармен ғана шектеп қоймай, мінез-құлықтың көне тәсілдерінен басқа, өте жұмсақ және дәл сөйлемдер құрастырып, балаларына сенім арту керектігін, олармен байланысты жаңа қатынас арқылы проблемаларды шешу жолдарын іздеуге тарту керек. Бақылаушы, қамқоршы ата-ананың пікірінше өзінің ескертулері, күнделікті қатаң қадағалауы болмаса, онда бала «оқи алмайды», «әрқашан барлық баратын жерлеріне кешігіп жүреді», «уақытында тамағын да ішпейді», «үй тапсырмаларын орындамайды» деген ойларына өзі сенетіндіктен баласына бостандық беру оған оңай емес. Сондықтан ата-ананың мақсаты мен талабының бір-біріне сәйкестігі де талқылануы керек.

Осы мәселені талдау барысында бала өмірінде ата-ананың сөзі өте күшті әсер ететін тәрбие көзі екенін, кішкентайлар үшін бақылау бала өмірінің қажетті элементі болатынын түсінуі керек. Баланың өсуімен бірге оның әрекеттері де өзгеріп, біртіндеп оның санасының жетілуімен бірге дербестігі қалыптасады. Осыған ата-ана даяр болып, дер кезінде балаларын өз бетімен өмір сүруге үйретпесе, олар болашақта өзінің өмірлік парызын атқаруға даяр болуы екіталай екендігін түсінуі қажет. Бала көп жылдар бойы тәуелді болса, ата-анасынан бөлек шыққанда бақылау мен ескертудің болмауына байланысты жеңілдеу емес, құлдырау сезінуі мүмкін. Егер ата-ана баласының шынында да ересек адам болғанын қаласа, онда осы ересектік белгілері қалыптасып келе жатқан кезеңге осы жолда олардың көптеген қателіктеріне шыдауы керек. Балаға дербестік берудегі ата-аналардың көмегі тиым салудан емес, осы қиын жолда ізденіс үстіндегілерге қолдау көрсетуден тұруы мүмкін. Сонда ата-ананың қамқорлығын бала қуана қабылдайды.

Кеңес беру табысты өткен жағдайдың өзінде ата-аналардың баласымен қарым-қатынасының, олардың өмірін басқаруға бағытталған көптеген әрекеттерінің мазмұны толық өзгеруі екіталай. Егер де өзгеріс болып, ол өзгеріс тез арада бала тарапынан байқалып, жаңалық оң көзбен бағаланбаса, онда жақын адамдардың қарым-қатынасында бұрын қалыптасқан әдеттер мен стереотиптпер қайта орын алады. Психологқа қаралу барысында талқыланған ата-ананың негізгі сұранысы – баласымен қарым-қатынасын жақсарту. Сондықтан клиенттің ұлы (қызы) өзгерістерді тез сезіп, осы өзгерісті бағаласа, осы үлгіні болашақта жүзеге асыру жолдарын игеру оларға онша қиын болмайды. Кеңес беру әсерлі болу үшін қарым-қатынас барысындағы жаңалықтарды меңгерту де, осы тәжірибені нығайту да өте жылдам жүруі тиіс.

Ата-ананың балаға қатынасын түзету тәсілдері

Сенім акциясы. Келесі кездесулерде сенім акциясы аумағында әңгіме ұйымдастырылып, оның барысында бала мен ата-ана қатынастарының оң бағыт алғанына, стратегиялық өзгерісінің басталуына не себеп болып, үлкен қызмет ете алады? – деген сұраққа жауап ізделінеді. Алдымен сенім деген не екенін анықтап алып, ата-ана мен олардың балалары арасындағы сенімді қалыптастыру жолдарын психолог клиентпен бірге іздеуге кіріседі. Сенім әңгімесін ұйымдастыру барысында пайдалануға болатын бірнеше тәсілдерді келтіреміз. Бұл тәсіл бала мен ата-ана қатынастарында орын алған түсінбеушіліктер негізінде болған ұрыс-қағыстар, шытырман, шиеленіс жағдайлар, кейбір келіспеушіліктер және түсінбеушілік біржақты болғанда пайдаланылады. Мысалы, анасы баласынан институтты тастамауын талап етеді немесе қызына оған ұнайтын, бірақ ата-анасына сенімсіз және күдікті болып көрінетін адамдармен достасуына тыйым салады. Осындай жағдайда ата-аналар тарапынан сенім акциясы жүргізілудің мәні өте терең.

Бұл шара ата-аналардың өздері ұзақ уақыттан бері қойып отырған талаптарын немесе тыйымын алып тастаудан тұрады. Мысалы, ата-ана баласына көптен бері салып отырған тыйымынан бас тартып, оның қабылдаған шешімімен келіскенін былай түсіндіреді: - «Мен көп ойланып, мынадай шешімге келдім. Сен ересек адамсың, өз өмірің туралы өзің шешім қабылдай алатын болғандықтан оқуды тастау не тастамау - бұл сенің жеке шаруаң. Енді бұл туралы саған бір ауыз сөз айтпаймын» - деп баласына сенім білдіреді. Екінші жағдайда: - «Бұл сенің достарың, сен оларды жақсы білесің, сондықтан олармен қалаған уақытта кездесе бер». Егер проблемалардың түбірі бір-бірімен қосылып бір жаққа баруына, үйге тым кеш келуіне және т.б. тыйым салумен байланысты болса, онда оларды да осындай сенім акциясымен шешуге болады. Бұл ата-аналардың жеңілуі немесе «қалағаныңды істе» деп балаларын өз бетімен жіберу қағидасы бойынша өзінен жауапкершілікті алып тастау емес, ата-ана мен балаларының арасында бір-біріне сенім артудың пайда болуы, балаға сыйлаушылық білдірудің куәлігі ретінде көрініс беруі тиіс. Әрине, сенім акциясын ата-ана бір нәрсеге жариялағаннан соң олар өз шешімін ертеңіне өзгертпестен, одан ешқашан бас тартпаған жағдайда ғана тиімді болады. Мұны клиенттің өзі де түсінуі керек.

Жеке сезімдер мен күйзелістер жайлы кеңес беру.

Бұл тапсырманы ата-аналар өзінің баласына деген сезімін білдірмей тұрып олардың алдында тұрған проблеманы өздеріне шештіруге тырысуы керек болғандықтан біршама қиындықтар туғызады. Бұл тәсілді пайдалану үшін кеңес беруші ата-аналық гиперқамқорлықтың астарында не жатқанын анықтайтын арнайы жұмыс жүргізіледі. Мұнда ата-ана сезімін терең талдау жасап, оның «психоанализіне» жан-жақты берілудің қажеті жоқ. Сондықтан да оларға «сіз неліктен балаңызға осыншама қамқорлық жасайсыз, оларды осылай басқарасыз?» деген сұрақты бере отырып, көптеген клиенттер үшін мәні ортақ алғашқы: «мен олар үшін қорқамын», «мен оның болашағы үшін күресемін» деген жауапқа қанағаттануы қажет. Психологиялық көзқарас тұрғысынан бұл жауап толық емес. Бұл жерде ата-ананың барлық адамдар секілді басқаларды басқару және бақылау мұқтаждықтары, өздеріне мәнді проблемалардан балаларын сақтап қалу, жалғыздық үрейі т.б. орын алатын мұқтаждықтар туралы айтуға болатын еді. Бірақ, кеңес беру шеберіндегі түрлі шектеулерге байланысты, ата-аналық байбаламның орын алу жағдайымен байланысты олардың мінз-құлқын өзгерту жолдарын көрсеткен жөн.

Мінез-құлықтың мұндай маңызды өзгеруі ата-ананың баласының өмірін тұрақты бақылаудан біртіндеп балаға деген жеке сезімдері мен күйзелістерін көрсетуіне алмастыруына бағытталады. Мұндай өзгерістер алғашқыда, өте қарапайым түрде көрініс береді. Мысалы: «Сен институтты тастау туралы ойланушы болма» деген тыйымның орнына: - «Менің ойымша, егер сен оқуыңды тастасаң бүкіл өміріңді құртасың ба деп қорқамын. Маған да уақытында диссертациямды аяқтап, оны қорғап алу керек екені туралы ата-анам кеңес берген еді. Мен сол кезде тұрмысқа шықтым да, диссертациялық жұмысты аяқтап шығуға уақытым мүлдем болмады, ал нәтижесінде мен дымсыз қалдым. Сенде де осылай болады ма деп қатты қорқамын», деп баласының болашығын ойлап жүргенін білдіреді.

Айтылған сөздердің мазмұндық жағынан айырмашылықтары онша үлкен болмаса да «мен қорқамын» деген тіркесті айтудың өзі ананың балаға деген жеке сезімдерін білдіріп, сол арқылы түсінбеушілік тудырған мәселені шешу кішкене тиімдірек болатыны дәлелдеуді талап етпейді. Адамның басқаларға деген оң белгідегі сезімдерін білдіру – шиеленіс жағдайларды шешуге өте қажет. Себебі, адамдар өзінің ішкі сезімін біреудің алдында сирек ашып айтпайтын болғандықтан, оларға басқалардың сезімдері де түсініксіз болып қала береді немесе өте үстіртін ұғынылады. Сондықтан балалар ата-аналарын «ешнәрсе түсінбейді, олар маған әдейі тиіседі» деп түсінуі мүмкін. Осы жағдайда ата-аналар өздерінің ересек балаларына ішкі сезімін ашып айта білсе балалары оларды түсінуі мүмкін. Ата-ана бала өмірінде орын алған кез-келген нәрселерге үрей туғызбай, қатаң бақылау қажеттілігін тоқтату керектігін сезінетін болады.

Клиентпен әңгімелесу барысында сезімді білдіру проблемасын талқылау ғана емес, оны айналасындағылармен бөлісу неліктен қажет екендігі туралы пікір алмасу, сезімді білдірудің қаншалықты қымбатты нәрсе екеніне сендіру процестері де жүреді. Кеңес беру барысында «бос орындық» техникасын қолдана отырып, болған оқиғаны басынан аяғына дейін ойын арқылы қайта жаңғырту ұсынылуы мүмкін. Мұнда клиент қарсы алдындағы бос орындықта ұлы не қызы отырғандай, күнделікті орын алып отырған түсінбеушілікке алып келген мәселелер қандай жағдайда болғанын басынан бастап айтқызу қажет. Осы мақсатта неше түрлі тәсілдер, элементтерін пайдалану арқылы клиентке не туралы айту қиын болды және неліктен, бұл қиындықтарды қалай жеңуге болады, және т.б. мәселелерін талқылау оның барлық проблемаларын толық айтқызу керек.

Қарым-қатынасты өзгерту өте күрделі процесс. Сондықтан ананың баламен сенім әңгімесін ұйымдастыру арқылы мұндай бағдардағы іс-шараларды біршама жылдамдату жөн болады. Мұндай әңгіменің мақсаты – клиенттің ұлы немесе қызы туралы уайымы, оның өмірі қандай болады деген уайымы мен балаға деген махаббаты жатқан ішкі сезімін ретке келтіру, клиент өзі туралы әңгіме айтқанда баласымен қатынасы мен өзара ықпалдарының бұрынғыға қарағанда жоғары деңгейге шығуға тырысу, оған деген қатынастың өзгергенін көрсету. Ата-ананың да баланың да жан дүниесіндегі сырын ашу барысында жиналған өкпе мен шағымынан арылту мүмкіндігі болса мұндай кеңес олардың арақатынастарындағы нағыз меже бола алады. Осы байланыста кеңес берудің негізгі ережелерінің біріне назар аудару керек. Егер клиент өмірінде қандай да бір оқиғадан өтуі қажет болса, оны әңгіме барысында тек талқылаумен шектеп қоймастан, мүмкіндік болса, тіпті оны іске асыру жолдарын анықтап, уақытын белгілеп, дайындық жаттығуларын жүргізу керек. Нақты талқылау барысында қолайлы уақытты таңдау, неден бастау мүмкін екенін, пайдаланылатын нұсқауларды іріктеу орынды болады. Мұндай нақтылау үстіртін әңгіме кезінде байқалмайтын, бірақ жобаны іске асыру басталғанда тез ашылатын жасанды кедергілерді ашу және олардан ұтып шығу үшін қажет. Мысалы, клиент қызымен сөйлесуге бел байлайды, бірақ қызы үйге өте кеш, ата-анасы ұйықтап қалғанда оралады, ал демалыс күндері ата-анасы саяжайға кетеді. Осы жағдайда саспастан, күйгелектенбестен сырласу әңгімесін жүргізу үшін екі жаққа да қолайлы уақытты арнайы тауып алап, оны өткізу уақытын жоспарлау керек.

Бұл жағдайда пікір тастаушы, «идеяның бастамасы» болған кеңес беруші мәселенің тұтас шешілуіне айтарлықтай ықпал етуі керек. Ол ықпал мәселені шешудің жалпы нұсқасы туралы ғана емес, оны толығымен нақты шешу ретін, айтылатын ойларды және сол ойды жеткізу үшін пайдаланылатын тірек ұғымдар мен сөздерді, оны өткізу уақыты, қажетті формасы таңдалып, дайындық логикалық жағынан аяқталған болуы керек. Сонда біріншіден, оны орындамау мүмкін емес және ол ата-ананың өте күрделі қатесі болып табылады, екіншіден, орындамау себептерін саралау барысында клиент жағынан алауыздық білдірілгені немен байланысты болғанын түсінуге негіз бола алады. Мысалы, бұл жағдайда қызын күтіп, онымен сөйлесу үшін клиентке бір күні өте кеш жатуға тура келеді. Тіпті, ол алдын-ала анықталған уақытта клиент өз қызымен сөйлесе алмаса да бұл талпыныстың болашаққа тигізетін әсері аз емес, осы әңгімеге даярлық және осы кездесуді күтудің өзі оның өз баласымен арақатынасын өзінше терең талдауына тамаша материал бола алады. Себебі, күту кезінде пайда болған қызына деген жалпы сезімі және наразылық сезімінің күші, оны ақтайтын сылтаулар іздеуі ата-аналық сезімнің күштілігінің көрсеткіші бола алады.

 

Бала өміріндегі проблемалар мен қиындықтар жөнінде кеңес беру

 

Ата-ананың гиперқамқоршылық ұстанымы өзінің баласының көптеген қылықтарын дұрыс бағаламауына алып келетінімен де қауіпті: ата-ана оның мінез-құлқын әлі қалыптаспаған деп санап, сондықтан оның көптеген әрекеттерін кумән тудыратын ретінде қабылдай бастайды. Көмек сұрай келген клиенттер нақты емес аргументтерге сүйене отырып өте мағынасыз шағымдар айтады: «Маған қызым нашақор секілді көрінеді. Ол кейде үйге кеш қайтады және оның көздері жанып тұрады». «Мені қызымның моральдық бейнесі өте үрейлендіреді. Мен оны жігіттердің шығарып салғанын бірнеше рет көрдім және олардың екеуімен сүйісіп қоштасты». Бірақ клиенттің кез-келген әңгімесін кеңес беруші мұқият және шыдамдылықпен тыңдауы керек, себебі, бір жағынан бұл шағымдардың астарында өте маңызды нәрсе жатуы мүмкін, ал екінші жағынан, клиентпен сенімді байланыс орнатылғанда ғана оның пікіріне ықпал етіп, ата-ана үрейін өз арнасына түсіруге болады.

Клиентпен ары қарай жүргізілетін жұмыс оның өз баласы туралы айтқан әңгімесінің қаншалықты шындыққа жанасатындығына байланысты болады. Мысалы, клиент: «Менің қызым нашақор, мұны өзі мойындайды. Ол наша шегуді тастағысы келгенімен, бұл талабынан ешнәрсе шықпады. Енді бізге не істеу керек екенін білмейміз?» деген шағым айтады. Түрлі әлеуметтік және психологиялық ауытқулармен байланысты проблемалар қандай да бір ресми (медициналық, құқықтық және т.б.) бастамаларға алып бару қорқынышымен ұштасады. Мұндай қорқыныш көп жағдайларда ақталған болып шығады. Әрине, психологтан көмек күтіп отырған адамның жағдайы қандай қиын болғанымен ол туралы медициналық немесе қандай да бір басқа мекемелерге бұл мәліметті жеткізіп, оны басқа жерлерде көтермеуі керек, бірақ мұндай қатынастың дұрыс шешілуі клиенттің өмірлік оқиғасының жақсаруына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Осындай жағдайларда психологтың клиентке кәсіби түрде көрсететін көмегінің тиімді болуын қамтамасыз етуге негіз болатын реті бар:

Клиентті тыңдау, оған жанын қинап жүрген барлық проблемаларын толық айтуға мүмкіндік беру, оны қолдау.

Проблемасын шешуге нақты көмек көрсету кімнің қолынан келетінін, қайда, неліктен және қалай бару керек секілді білікті ұсыныс жасау.

Клиенттің баласы қандай жағдайда екенін толық анықтау үшін оны қандай мамандарға көрсетудің жолдарын іздестіру.

Клиентке өз баласымен тіл табысып, онымен оңтайлы қарым-қатынас орнатуына көмектесу.

Бұл міндеттердің алғашқысы өте қарапайым шешіледі: клиентті тіпті еңбек жолын жаңа бастаған кеңес беруші де бар ықыласымен тыңдай алса, оның проблемасы жеңілдегендей болып қалады. Ата-ананың басына осындай жағдай туғанда олар өз қайғысын тек оның басына туған күн, бұрын еш жерде, ешқашан, ешкімде кездеспеген қорқынышты нәрсе өтіп жатқандай көрінеді және бұл проблеманың шешімі жоқ деп есептейді. Клиенттің мұндай үрейленген сезімін төмендетіп, оның жағдайында өзгерістің болуы мүмкін екендігіне үміттендіруге өте көп көңіл бөлінеді.

Көбінесе клиент өзінің басына туған қайғысымен қайда баратынын, нашақорларды кім және қай жерде емдейтінін, психиатриялық көмекті қайда және қалай көрсететінін білмейді. Егер психолог клиентке қажетті ақпаратты меңгертсе, ол бұл жағдайда өзінің кеңес беруші функциясын психологтың әлеуметтік-диспетчерлік қызметі ретінде атқарады-клиентке қайда, және қалай бару керектігін, кімге және не айтуды, не туралы сұрауы керектігін және т.б. қажетті әрекеттері туралы кеңес береді. Кеңес беруші осындай клиенттің психологқа қаралуы барысында оның жағдайларын анықтауға көмектесумен қатар тағы да бір өте маңызды міндетті орындауы керек. Себебі, клиент ондағы әлеуметтік ортаның реакциясы қандай болатынын, олардың болашағына әсер ету мүмкіндігі қандай екеніне үлкен көңіл аударады. Өйткені ол он баланың ата-анасы бола отырып, балаларының ішінен біреуі осындай халге ұшырап, алғаш рет кеңес сұрап келген болар. Бұл жерде не болады? Қалай қабылдайды? Не айтты? Бұл мағынада кеңес беруші қоршаған адамдардың клиентке көмектесуге дайындығын, ал басқа мамандарға қаралу нәтижесінде оның басына түскен жағдай туралы әңгімеден туған қайғы мен ұят күйзелісі ғана емес, қажетті көмекті де әкелетінінің кепілі болу керек. Қандай да бір себептермен кеңес алудан қорқатын адамның маманға баруы өте күрделі міндет. Мұндай жағдайда өз баласын маманға жіберген ата-ана мотивацияның дұрыс тоны мен тәсілдерін таба алмайды. Көптеген жағдайда ол, «онда саған сенің күшті екендігіңді түсіндіреді» деп сендіреді, қоқытады, яғни баланың ата-анаға сенімсіздігін тудыратын сәттерді баса көрсетеді. Қалыптасқан жағдайда ұлына не қызына ол ата-ана нені және қалай айтатынын талқылау барысында мүмкіндігінше негативті сәттерді алып тастап, позитивті сәттерді енгізу керек. Мұнда осындай оң әсері бар әрекеттер ретінде мыналарды атап өтуге болады:

а) баланы артық психологиялық және физикалық күйзелістерден сақтауға қажетті көмек көрсетілуі;

б) ата-ана баласына қамтамасыз ете алатын көмегін анонимдік ұстанымға сәйкес ұйымдастырылуы;

в) егер қажет болса білікті, атақты маманға көрсету;

г) ата-ана баласының басына түскен қатерлі жағдайға байланысты сезімдері мен күйзелістері жайында әңгіме айту арқылы (Сен жақсы баласың. Сенің басыңа түскен оқиға кездейсоқтық, оны тезірек түзетеміз де, жайлы өмірімізге ораламыз) басқа да мамандарға қаралу қажеттілігінің тағы бір дәлелі болатындай мысалдар келтіруі.

Әңгіме барысында неше түрлі эндогендік аурулар кездесетіні туралы, осы отбасының басына келген жағдайлардан басқа көптеген кездейсоқтықтар болатынын, ата-ана баласы ұшыраған оқиғадан алып шығуға жауаптылығы туралы және осындай мәселені ана мен бала біріге отырып шешкен кездерін үлгі ретінде келтіруге болады. Бірақ клиенттерге алдында тұрған күрделі және бірден шешуді талап ететін оқиға неліктен орын алғанын, оны қалай сараптап, талдап, шешу жолдарын табуға ұмтылу мүмкін емес болып көрінеді. Кеңес беруші әңгіме барысында өткен нәрсенің себебін талдау арқылы одан шығу мүмкін екендігін көрсетумен бірге оларды келешекте кінәлау, көңілі толмаушылық ұстанымынан біртіндеп болашақ өмірді сеніммен қабылдау және қолдау ұстанымына бағдарлау процесі жүреді.

Өкінішке орай, көптеген ата-аналар балаларының психологиялық және әлеуметтік қиындықтары жайында айтқанда балаларын сынауға және өздерінің сөздерінің дұрыстығын дәлелдеуге құмар болады. Ал, онсызда қиналып жүрген балалар ата-аналарын «мен сенің олармен байланыспауыңды неше рет ескерттім», немесе «барлығына өзің кінәлісің, сондықтан енді сен маған қарсы сөйлеуші болма» секілді ескертулердің өзін ауыр қабылдап, бұл сөздерді үлкендердің көмектескісі келмеуінің белгісі деп есептеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тек ақыл-кеңес айтып, қалай өмір сүруі керек екендігін үйрету кем және мәнсіз шара болып келеді. Балаларға осы жағдайдан шығуға үлкен қолдау көрсету өте керек және оларды ары қарай құлдыраудан кеңес беру немес жазалау арқылы емес, ата-ананың тарапынан білдірген үлкен сенім ғана құтқара алады.

Кеңес беруші адам ата-анаға оның баласының не айтып, не істегенін түсіндіріп беретін дәнекершісі ретінде баланың психологқа немесе басқа мамандарға көрінуі қандай ауыр тиетіндігін түсіндіруге тура келеді «өзіңізді оның орнына қойып көріңіз, осындай жағдайда сізге біреудің көмектескенін қалайсыз ба?». Бала мен ата-ананың қарым-қатынас бір-біріне сенім артуға негізделген, жақсы қатынас болғанда ғана баласына шамалы болса да отбасы ықпал етіп, оны кеңес берумен, қолдау көрсетумен, есірткі қабылдаудан, әлеуметтік қауіпті адамдармен байланысудан және т.б. оқшаулық сипаттағы қатынастардан сақтай алады. Ата-анамен сенімді қарым-қатынас болғанда бала, бір жағынан, оларды көп тыңдауға бейім болады, ал, екінші жағынан, жақын адамдарының жанын ауыртудан қорқып өзін-өзі ұстаудың өте мықты ішкі құралын қалыптастырады.Олай болса, сенім білдіру жағдайы тікелей ғана емес, қосалқы бақылау үшін де көп мүмкіндік береді. Егер ата-ананың баласымен қатынасы кеңес алуға келген сәтте айтарлықтай бұзылған болса, оларды қалыпқа келтіруге бағытталған арнайы іс-шаралар сенім акциясы, ашық әңгімелесу және т.с.с. жоғарыда айтылған әдістемелерді пайдалану арқылы оларды талқылауға болады.

Кеңес берудің бұл формалары қиын жұмыс түрлеріне жатады, сондықтан клиент проблемаларын талдау кезінде тәжірибесіз кеңес берушілерде үлкен қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, проблемасы бар баланың әкесімен не шешесімен сәтті әңгімелесуден соң клиенттің үгіттеулеріне жауап ретінде психолог әрине баламен кездесуге бел байлайды. Ал ол бала мүлдем басқа жағдайды, басқа түрде қатынас құруды және араласуды қажет ететін жұмыс пайда болуы да мүмкін, сонымен қатар, психолог баланың ерекшеліктеріне икемделе алмаса бұл кездесу сәтсіздікке алып келуі де мүмкін. Сондықтан психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру алдында және оның барысында психологиялық ықпал етудің барлық формулаларын меңгеруге тырысып, алдын ала жасалған бағдарлама бойынша оны ешқандай жағдайда ауыстырмастан жүргізу керек.

 

Ата-аналарға өздерінің жеке проблемалары бойынша кеңес беру

Кеңес алуға келген клиенттердің ішінде балаларына немесе басқа туысқандарына шағым жасағандардың проблемалары жанама түрде айтылғаны анық байқалатындары да кездеседі. Зерттеу барысында бұлардың әңгімесінің ешқандай негізі болмағаны анықталса онда психологқа келу себебі ата-ананың басқа да бір жеке проблемасымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда клиенттің балаларына шағым жасауы оның өз проблемасы бойынша психологқа келуге басқа себеп таба алмағанымен байланысты орын алғаны. Кеңес беруге басқа біреудің мәселесімен келудің мұндай нұсқасы тәжірибеде жиі кездесетін жағдай, ол туралы психологиялық әдебиеттерде көп мәліметтер бар. Бірақ ата-ананың алдында тұрған жеке проблемасына көшуден бұрын оның бала тақырыбында жасаған шағымдарын тыңдап, оны аяқтау қажет. Психолог клиентпен әңгімелесу барысында оның өз балалары мұқтаждығымен келгенін растайтын нақты дәлелдер болмаса, оның осы мәселе проблемасының бар екендігі күдік тудыра бастайды және ол адамның өз өмірінде шеше алмай жүрген мәселелері бойынша шағымы болуы туралы болжам жасайды. Бұл клиенттер кеңес алуға неліктен және қандай нақты проблемалармен келгенін анықтап алу керек. Олардың көбісі балаларынан жасырын келгенін бірден жариялайды, өзінің ұлымен (қызымен) қатынасы жайында сөз ете отырып, олардың көбісі отбасынан еншісін алып жеке тұратын, дербес өмір сүретін және ата-анасынң пікірін аз тыңдайтын адамдар екенін айтады. Мұндай клиенттерге психологиялық көмек көрсетуді қиындататын кем дегенде 3 нәрсе бар екенін көрсетуге болады. Олар:

проблема ата-ана көзқарасы тұрғысынан ғана емес, балаларының көзқарасы тұрғысынан да бар екеніне сенімнің болмауы;

клиент психологтың көмегімен оқиғаны өзгерту үшін оның жоғары кәсіби беделін пайдаланғысы келгені;

кеңес беруші клиенттің шағым жасап келген адамының өміріне ықпал етуі үшін онымен байланыс жасауы мүмкін еместігі.

Клиенттің басқа біреудің, тіпті өз баласы болса да, ісіне араласуының өзі күдік тудырады. Сондықтан клиент хабарлап келіп отырған шағымның шынайы негізі бар екендігін анықтауы керек. Психологқа қаралуға негіз болған себептерді анықтау барысында кеңес берушінің міндеті - әңгімені кәсіби өте жоғары деңгейде жүргізіп, клиенттің келуінің басқа, көбіне мойындалмайтын не айтылмайтын себептерін табуы. Бұл мәселені анықтауға келесі тәсілдерді пайдалануға болады: а) клиент әңгімесінде орын алған фактілерді жүйелі түрде талдау; б) әңгіме жүргізу барысында қосымша сұрақтар арқылы негізгі тақырыптың астарларын анықтау; в) клиенттің балалары мен жұбайы туралы пікіріне сүйене отырып отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін бағалау.

Клиент сипаттаған проблемалық оқиғаларды нақтыландыру арқылы оның өзінің сол оқиғаға қатысты-қатыссыздығы мен хабарсыздығын сезіне бастауына әкеледі. Оған баласында байқалатын проблемаларға қатысты туындайтын өзінің жеке күйзелістері оның қызының не ұлының проблемаларына жаны ашығаны әңгімесінен көріне бастайды. Мысалы, ана қызының проблемасын келесі сөздермен жеткізуі мүмкін: «ол күйеуімен бекер ұрысады, мен сияқты қолындағы екі баласымен бір өзі қалады ғой». Бірақ жеке проблемалары мен сәтсіздіктердің кеңес берушіге анық естілетін тақырыбын ата-ананың өзі нашар мойындайды.

Кеңес алуға келген клиентке көмектесудің нақты тәсілдерін анықтау үшін оның бастапқы шағымдарының сипатын ескеру қажет. Бұл үшін психолог, мысалы, «Сізді неліктен балаңыздың қиындықтары сонша мазасыздандырады?» немесе «Сіз оның ісіне осындай қол сұғушылық артық екенін ешқашан байқамадыңыз ба?» деген секілді парадоксалды сұрақтар бере отырып, әңгіме жүргізудің өте үлкен белсенділік білдіру ұстанымда өткізуіне болады. Балаларының ісіне ата-анасының шамадан тыс мазасыздануы әшейін ата-аналық парыздың бір бөлігі ретінде қабылданатын рефлексияға бейім емес көрініс берген клиентпен жұмыс кезінде басқаша әсерленуді білдіру тәсілдерін психолог кеңінен пайдалануы мүмкін. Мысалы, диалог келесі үлгі бойынша жүруі мүмкін.

Кеңес беруші: «Сіздің балаларыңыз немесе сізді өте жақсы білетін басқа адамдар сіздің олар туралы шамадан тыс қам жейтініңізді еш уақытта айтқан жоқ па?»

Клиент: «мен енді балама алаңдамағанда, кімге алаңдауым керек? Немесе, мүмкін, сіз маған ол үшін не нәрсе қажет екені туралы кеңес берерсіз. Сол айтқаныңызды орындасам ол мені сыйлап, тыңдайтын болатын шығар».

Кеңес беруші: «Сіздің өміріңізде шынында одан басқа алаңдайтын еш нәрсе жоқ па? Балаларыңызға сіздің күнделікті айтатын ақылыңыз, беделіңіз, көрсететін қызметіңіз өте қажет пе?»

Осындай диалогтың шеңберінде психологиялық кеңес алуға негіз болған нақты себепті, нақты проблеманы анықтауға болады.Ата-аналар өздерінің ересек балалары жөнінде шағым жасауына негіз болатын жеке проблемалары мен күйзелістері келесі сипатта жиі кездеседі:

Өзінің ең жақын адамдарға қажетсіздігін сезінуі, өз өмірін өзіне бағындыра білмеуі қоршағандар мен балаларына өкпелеуі (міне қартайдым, енді мен ешкімге керек емеспін);

Жеке өмірінің сәтсіздігін сезінуі және бұл қайғы-қасіреттерді балаларының болашағында орын алуы мүмкін деп болжамдауы (олар менің қателіктерімді қайталамасын деген ойға жиі бөленуі);

өзінің баласын тәрбиелеуге назар аударуының тапшы болғаны үшін бала алдындағы кінәсін мойындауы, сол қатесінің орнын толықтыруға әрекеттенуі;

Өте маңызды жеке проблемалары мен күйзелістері.

Клиенттердің проблемаларын осылайша сыныптастыру – кеңес беру процесіндегі маңызды қадам. Бұл жерде кеңесші тарапынан ескерілетін мәселелердің бірі – психологқа келген адамның оның неліктен келген себебін психолог өзінше түсініп, сол түсінігін клиенттің мойындауына мәжбүрлегендей сезім орын алмауы керек. Клиенттердің проблемаларын талқылауға көшкен психолог: «Ересек балаларыңыз жайында сонша алаңдаудың қажеті жоқ, олар бәрібір мұны онша түсіне алмай қалуы мүмкін. Ал сіз оны бағаламады деп түсінесіз, одан да өзіңіздің өміріңізді оңтайландыру туралы ойланыңыз», немесе: «Оларды асырадыңыз, мамандық алуға көмек көрсеттіңіз, үйлендірдіңіз. Сіз ата-аналық парызыңызды толық орындадыңыз. Ендігі жерде өзіңізді ойлаңыз. Денсаулығыңызды сақтап, әлі де қажетті жерінде қол ұшын бере алсаңыз балаларыңыз үшін ол үлкен қамқорлығыңыз болады»- деген секілді қандайда бір рационализациялық ұсыныстар айтылуы мүмкін. Клиент өз өмірін бос өтіп жатқандай сезінетіндігін немесе мәнсіз деп түсінуін суреттеуіне мәжбүрлеуге болмайды. Оған ең басты көмек көрсететін адам өзі екенін түсіндіріп және психологиялық көмекке немесе кеңеске сүйенгенінің ешқандай ұяты жоқ екеніне көзін жеткізудің өзі кейде жеткілікті болады. Содан соң ғана клиент алдында тұрған проблемаларды толық талдауға көшуге өзі ризашылық білдірсе оны жан-жақты талдауға болады.

Клиенттердің келу себептеріне байланысты кеңес беру жұмысының стратегиялары әр түрлі болады.

Клиент өз өмірін мағынасыз, бостан-босқа өтіп жатыр деп сезінетін жағдайда кеңес беру жұмысының міндеті – оның өмірін мағыналы істермен толықтыруға, оған қызықты және қолайлы жұмыс табуға көмектесу. Осы мақсатта клиенттен оның қандай салада жұмыс істегені, нені ұнататындығы, қандай қызығушылықтарының болғандығы, немен айналысқысы келетіні туралы әңгіме көтеріп, көптеген сұрақтар қоюға болады. Мұндай әңгімелесу барысында орын алған жан-жақты сұрақтар көмегімен клиентті қызықтыратын және оған айналысуға болатын көптеген қызықты істер туралы идеялар туындайды. Психолог бұл кезде клиентке әлеуметтік тілектестік көмегін көрсетеді, себебі жалпыға танымал ұғымдар тұрғысынан отбасы мен балалары қамынан басқа ешнәрсеге қызықпайтын адам – бос адам. Ал кеңес берушінің көзіне ешкім мұндай болып көрінгісі келмейді.Бірақ психологқа клиенттің қызығушылары туралы айтқан әңгімесін есту жеткіліксіз; ол клиентті өзінің жеке өміріне қатысын белсенді ұстанымға ауыстырып, оның өз уақытын өзіне маңызды және пайдалы істермен толтырып, өз-өзін ұйымдастырып, өз ісімен айналысатындай етуі керек. Клиенттің мұндай белсенділігінің кепілі – бірге өмір сүруге қызықты ғана емес, оны қажет ететін әріптестің болуы. Мx


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: