Ассоциативтік эксперимент

Ассоциативтік эксперименттің негізін құрған Швейцария психологы Карл-Густав юнг.

Бұл әдістемені жүргізгенде зерттелінушіге бір сөз айтылады, ал ол сөзге жауап ретінде бірінші ойына келген сөзді айту керек. Тапсырмаға жауап реакциясының болмауы, тітіркендіргіш сөзді түсінбеуі, ол сөзді мағнасына түсінбей қайталауы, ешқандай себепсіз күлуі зерттелінушінің бүркемелі түрде орын алған аффективтік комплексінің бар екендігінің белгісі.

Толықтыру әдістемелері.

Толықтыру әдістемелері ассоциативтік эксперименттің өңделген түрі болып табылады. Бұл әдістемені А.Пейн 1928 жылы бірінші рет пайдаланды.

Бұл әдістеменің негізін құратын тапсырмалар – серияларға топтастырылған аяқталмаған сөйлемдер мен аяқталмаған әңгімелер. Мысалы: «Мен болашақта...», «Болашағым маған мынадай болып көрінеді:....», «Егер де мен қайтадан кішкентай болсам...» т.с.с. Нәтижесін талдау барысында зерттелінушінің жетекші мотивтерін, қажеттіліктерін, сезімдерін, қатынастар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді.

Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі қазіргі кезде психодиагностикада өте кең пайдаланылады.

Толықтыру әдістемесінің екінші варианты «инсайт тесті» деп аталады. Оның авторы Е.Саржент. Бұл әдістемені пайдаланғанда зерттелінушіге өмірде кездесетін, орын алуы мүмкін деген шытырман жағдайлардың суреттемесі ұсынылады. Мәтін келесі мағнада болуы мүмкін: «Үйленейін деп жүрген жас жігіт өзінің қалындығының жаман атағы шығып жүргені туралы сыбыс естейді. Ол жігіт не істейді? Неліктен ондай мінез көрсетті? Ол жігіт қандай сезімге бөленді?».

Жиналған материалдар үш аспекті бойынша талданады: эмоционалдық реакциясының анық көрініс беруі, когнитивтілігінің байқалуы, шытырман жағдайды шешуге пайдаланған әдіс-тәсілдер.

 

Имперессия әдістемесі.

Имперессия әдістемесі зерттелінушінің ынталандыру материалдарының ішінен біреуін басқалардан артық көріп таңдап алуына негізделген.

Бұл тесттердің ішінде жиі пайдаланылатыны «Түр-түстердің ұнамдысын анықтау тесті» немесе «Люшер тесті» деп аталатыны. Оның ынталандыру материалдары түрлі-түсті карточкалардан тұрады. Тестің толық вариантында 25 реңкке боялған 73 карточкадан тұрады. Қысқартылған вариантында 8 карточка.

Қысқартылған варианты пайдаланғанда зерттелінушіге барлық сегіз карточка бірден көрсетіледі. Зерттелінуші олардың ішінде өзіне ең ұнағанын таңдап алуы керек. Ол карточка бөлек қойылады. Қалғандарының ішінен тағы біреуін таңдап алуы керек екені айтылады, т.с.с. Қалған карточкалардың ішінен ең ұнамдысын таңдау жалғастырылады.

Зерттеу нәтижесін талдау келесі ұстанымдарға сай жүргізіледі:

а) әр түр-түстің жанама сипатында алып көрсететін (символикалық) мәні бар. Мысалы, жасыл түс – сенімділік, қаржылық, қайсарлық; көк – түс байсалдық, қанағаттанушылық белгісі;

ә) қосарланып келген түр-түсті жеке тұлғаның өзінің даралық ерекшеліктерін көрсетеді.

«Әлеуметтік перцепция» әдістемесі.

Көп жағдайда адамның адаммен қабылдануы «әлеуметтік перцепция» ретінде белгіленеді. «Әлеуметтік перцепция» термині алғаш рет 1947 жылы Дж. Брунер – «Мен» позицияны қабылдауға «жаңа көз қарастары» (New Look) өңдеу барысында енгізген.

әлеуметтік перцепцияны адамның сыртқы белгілерін қабылдау, оларды оның қылықтарын интерпретациялау және болжау ретінде анықтайды. Әлеуметтік перцепцияда міндетті түрде басқа адамның бағасы және эмоционалды, жүріс-тұрыстық тұрғыда оған деген қатынастың қалыптасуы қатысады. Жүріс- тұрыстың сыртқы жағының негізінде бір адамның ішкі дүниесін «оқимыз», оны түсінуге және де қабылданушыға өзінің эмоциональды қатынасын тудыруға тырысамыз. Әлеуметтік перцепцияның барысында мыналар іске асырылады: басқа адамның эмоциональды бағасы, оның қылықтарының себептерін түсінуге және оның жүріс-тұрысын болжамдауға әрекеттену, жүріс-тұрыстың өз стратегиясын құру.

Әлеуметтік перцепцияның 4 негізгі қызметтері бөлініп көрсетіледі:
1.Өз-өзін тану;

2.Қарым-қатынастағы партнерді тану;

3.Өзара түсінушіліктің негізінде бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру;

4.Эмоционалды қатынастарды құру.

Қарым-қатынастың перцептивті жағы бір адамның басқа адамды жеке адам аралық қабылдау процесін қосады. Басқа адам жайлы елестер өзіндік сана-сезімнің даму деңгейіне, өзінің «Мені» жайлы елестеріне (Мен-концепциясы) байланысты. Басқа адам арқылы өзін жете түсінудің екі жағы бар: идентификация (өзін басқа адамға ұқсату) және рефлексия (адам өзін қарым-қатынастағы партнермен қалай қабылданатындығын ұғынуы).

Жеке адам аралық перцепция аумағындағы зерттеулер маңызды (қабылдаудың субъекті мен объектісінің сипаттамалары, олардың қасиеттері және т.с.с.) және процессуалды (қабылдау механизмдары мен эффектілерін талдауы) құрамдарын зерттеугше бағытталады. Бірінші жағдайда бір-біріне әр түрлі ерекшеліктерін қосып жазуды(атрибуциялар), қарым-қатынастағы партнердің жүріс-тұрысының себептерін, бірінші әсердің қалыптасуында нұсқаудың рөлі және т.с.с. себептер зерттеледі. Екінші жағдайда адамдар бір-бірін қабылдауда пайда болатын әр түрлі эффекттер зерттелінеді. Мысалы, даңқы, проекциясы, орта қатесі, тәртібі және т.с.с. эффекттер.

Басқаша айтқанда, тұлғааралық перцепция процесін зерттеудің екі негізгі аспекті көрсетіледі. Біріншісі, қабылдау субъекті мен объектінің әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен байланысты, ал екіншісі – жеке тұлғаралық бейнелеудің механизмдері мен эффекттілерін талдаумен байланысты.

Қабылдау объектінің психологиялық қасиеттерін зерттеу келесі сұрақтарға жауап беруге әрекеттену болып табылады.

Бақыланушының психологиялық және басқа қасиеттерінің қайсысы оны тану процесіне маңызды әрі мағлұматты болып табылады? Қарым-қатынастағы партнерді бағалай отырып, ең алдымен адамдар неге көңіл аударады?

Бақыланушының маңызды қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: оның бет-әлпетінің көріністері (мимика), сезімдерді көрсету тәсілдері (эксперсия), қимылдары мен жүріс-тұрысы, сыртқы көрінісі (киімі, сәнді шашы), дауысы мен сөйлеуінің ерекшеліктері. Европалық мәдениетте әмбебап мәні бар экспрессивті дене қалпының үлгілерін көрсетуге болады:

-саусақтардың ұштары бір-бірімен біріккен – ұялу, көнгіштік, кінәны мойындау;

-саусақты екінші қолдың алақанында қысу - өзін-өзі жігерлендіру;

-басты түрліше «қасу» - батылсыздық, дайын еместік.

Перцепцияны зерттеу қабылдау процесінің өзін және басқа адамды бағалауды қамтамасыз ететін, сыртқы қабылдаудан бағалауға, қатынасқа және болжамға өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бір қатар әмбебап психологиялық механизмдерінің құрамды бөліктерін талдауға болатынын көрсетеді.

Тұлғааралық перцепциялар механизміне төмендегілер жатады:

-адамдардың бір-бірін тану және түсінуі (идентификация, эмпатия, аттракция);

-қарым-қатынас процесінде өзін-өзі тануы (рефлексия);

-қарым-қатынастағы партнердің жүріс-тұрысын болжамдау (каузальды аттрибуция).

Идентификация – бұл басқа адамды өзімен салыстырып тану тәсілі. Мұнда басқа адамның ішкі жағдайы жайлы болжам жасау үшін қарым-қатынасқа адамның орнына өзін қояды. Яғни, өзін басқа адамға ұқсату, немесе идентификациялау барысында оның нормалары, құндылықтары, жүріс-тұрысы, мәнері мен әдеттері танылады.

Эмпатия – бұл басқа адам эмоционалды жағдайын сезіну немесе уайымдау. Эмоционалды үн қату арқылы басқа адамның ішкі жағдайы түсініледі. Эмпатия басқа адамның ішінде не болып жатқанын, нені бастан кешіріп жатқанын өзінің көз алдына елестету қабілеті жоғарылайды және де осы әр түрлі көзқарастардың болу құқығын түсінуге қабілетті болады.

Аттракция (сөзбе-сөз аударғанда - тарту) басқа адамға тұрақты позитивтік сөзімнің қалыптасуына негізделген басқа адамды тану формасы. Тап осы жағдайда, қарым-қатынастағы партнерді түсінуі, оған деген бар ынтасымен берілушілік, достық қатынастардың қалыптасуы арқасында пайда болатын түсінушілік.

Рефлексия – бұл қарым-қатынас процесіндегі өзін тану механизмі болып табылады.

Оның негізінде адам өзін қарым-қатынастағы партнермен қалай қабылданатыны жайлы елестету қабілеті жатады.

Каузальды аттрибуция (себепті) – басқа адамның қылықтары мен сезімдерін интерпретациялау механизмі (каузальды аттрибуция – субъектінің қылықтарының себептерін анықтауға үмтылыс).

Зерттеулердің көрсетуі бойынша, әрбір адамда өзінің «ең сүйікті» үлгілері, яғни бөтен адамның жүріс тұрысын түсіндіру жолдары бар:

Жеке аттрибуциясы бар адамдар барлық болған істің себебі және айыпкері ретінде нақты бір адамды кінәлауға бейім келеді.

Жағдайлар аттрибуциясы басым болған адам әділеттсіздікке себеп болған айыпкерді іздеуде өзін ақтап,қоршаған орта жағдайларын айыптайды.

Стимулды аттрибуциядағы адам болған сәтсіздіктің себебін әрекет обьектісі болған заттан (құмыра нашар тұрғандықтан құлады,) немесе зардап шегушінің өзінен (машинаның астына түскеніне өзі күнәлі) көреді.

Каузальды аттрибуцияның процесін зерттеу барысында әр түрлі заңдылықтар айқындалды. Мысалға, көп жағдайда адамдар табыстылықтың салдарын өзіне алады, ал сәтсіздікті – жағдайларға бұрады.

Әлеуметтік перцепцияны зерттеудің маңызды өрісі болып басқа адам туралы алғашқы әсердің қалыптасуын зерттеу болып табылады. Адам туралы алғашқы әсердің қалыптасуының, типтік нұсқасы жүйеге келтіріліп баяндалған.

Әрбір нұсқа бойынша танысуға қатынасушылардың бір-біріне әсері белгілі фактормен байланысты «жүреді» артықшылық, тартымдылық, бақыланушыға қатынас факторлары бөлінеді.

Артықшылық факторы. Партнерлер әлеуметтік қабылдаудың нұсқасын теңсіздік жағдайына жібереді (дәлірек,байқаушы өзінің қандай да бір маңызды параметрі бойынша партнердің артықшылығын сезгенде, яғни бойы, материалдық немесе басқа бір жағдайы). Болып жатқанның мәнісі маңызды параметрі бойынша байқаушыдан артық болған адам, бақыланушымен басқа да маңызды параметрлері бойынша едеуір жоғары бағаланатын болады. Басқаша айтқанда, оның жалпы жекелік тұлғалық бағасын арттырып жіберу пайда болады.Сонымен, тап осы кезде, тап осы нақты жағдайда байқаушы өзін сенімсіз сезінген сайын, осы нұсқа жіберілуіне аз күш қажет етіледі. Сөйтіп экстремальды жағдайда адамдар көбінесе тыныш жағдайда тыңдағысы келмеген адамға сенім білдіруге дайын тұрады.

Тартымдылық факторы – партнерді сырттан қарағанда өте тартымды сияқты қабылдауымен байланысты нұсқаның іске асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда жіберілетін қатенің бірі адамдар сырттай тартымды адамды да басқа, оларға маңызды психологиялық және әлеуметтік параметрлері бойынша қайта бағалауға бейім болатындығынан тұрады.

Байқаушыға қатынас факторы - негізінде байқаушыға қатынас сипаты бар партнерді қабылдау нұсқаларының қосылуын реттейді. Бұл жағдайдағы қабылдау қатесі бізге жақсы қатынас білдіретін бізге маңызды қандайда бір идеяларымен бөлісетін адамдарды біз басқа да көрсеткіштер бойынша позитивті бағалауға бейім болатындығымыздан тұрады.

Басқа адамды қабылдауға стереотипизациялау процесі үлкен әсерін тигізеді.Әлеуметтік стереотип әлеуметтік топтың мүшесіне немесе басқа өкіліне тән, тұрақты бейне не қандай да бір құбылыстар, не адамдар жайлы елес деп түсілінеді.

Ең танымал этникалық, стереотиптер – көңіл аударарлықтай сырт келбетінің және мінез ерекшеліктерінің үйлестірілген белгілі бір ұлттың типтік өкілдерінің образдары (мысалы, біздің мәдениетімізге сай, ағылшындардың тәкаппарлығы мен арықтығы, француздардың жеңіл мінезділігі, италяндықтардың таңғажайыптылығы жайлы стереотипті елестер)

Өз тобының стереотиптерін меңгерген адам үшін, олар басқа адамды қабылдау процесін жеңілдету және ықшамдау қызметін орындайды. Стереотиптер адамға психологиялық ресурстарды «үнемдеуге» мүмкіндік беретін «дөрекі түрде жөнге салу» құралы болып табылады. Олар әлеуметтік қолданылудың «рұқсат етілген» немесе «рұқсат етілмеген» өрістерге ие. Мысалы, стереотиптер адамның топтық, ұлттық немесе кәсіптік тиістілігін бағалауда белсенді қолданылады.

Мұғалімнің қабылдау стереотипизациялауының нәтижелерінің бірі –бұл оның санасында өте жақсы оқушының модельдерінің қалыптасуы болып табылады. Мұндай оқушы мұғалімнің жұмысын жағымды ете отырып, табысты педагогтық рөлін өзімен дәлелдейді: ынтымақтастыққа дайын, білім алуға ұмтылатын, тәртіпті. Балаға қатысты мұғалімде қалыптасатын үміттер оның ақиқат табыстарын шынында да анықтайтыны елеулі. Осындай үміттердің әсерінен баланы өзіндік қабылдау қалыптасады.

Педагогикалық тәжірбиедегі үміт стереотипінің көрінуі бірнеше мысалдарын келтірейік:

Стереотип оқушылар жауаптарына қтысты көрініс береді. Мұғалімдер «жақсы» оқушыларды жиі тақтаға шақырады және белсенді түрде қолдап отырады. Ал «жаман» оқушыға мұғалім басында өзінің жесттерімен, фразаларымен оқушыдан ешқандай жақсылықты күтпейтінін тұсіндіреді.

Стереотип жауап берудегі көмектің сипатында да көрінеді.Өзіне білдірмей мұғалім өзінің үміттерін растау үшін «жақсы» оқушыларға бүктірмелеген түрде жәрдем беріп көмектесіп тұрады. Бірақ ол нақ жаман оқушыны алға тартып жатқанына өзі сенеді.

Стереотип жақсы үлгеретін және үлгермеуші оқушылар атына сипатталған пікірлерді тудырады. Жаман оқушыларды мынандай қорытынды сөздерді қолдана отырып көп сынайды: «Тағы да жаттамай келдің бе?, өмір бойы сен...» және т.б.

Қарым-қатынастың үш жағын зерттеу олардың өзара байланысын көрсетеді. Осылардың әрқайсысы өзіне, адамдардың бір-біріне әсер етудің белгілі тәсілдерін қосып алады. Мысалы, сендіру, өзін-өзі иландыру, еліктеу.

 

Таным процестері мен интелектуалдық қабілетті диагностикалау әдістері.

Кіші мектеп жасындағылардың таным процестерін диагностикалау

Мектепке қабылданған баланың мектепке даярлық бағдарламасын меңгергендігін, өзінің қоршаған орта заттарын, жануарларды, сандарды білетінін және сөздердің мағнасына түсінетіндігін бағалайды,заттар, жануарлар мен құбылыстар қандай қасиеттерімен сипатталатынын анықтау үшін қосымша сұрақтар қойып отыруға болады.

«Мен білемін» әдістемесі.

Мақсаты: баланың сөздер мағынасына түсінетіндігін, логикалық ойлауының көрініс бергендігін және тіл байлығын анықтау.

Орындау ережесі. Бұл әдістемені ойын ретінде балалар тобымен жүргізуге болады. Мысалы, психолог балаларға қоршаған ортаға саяхатқа шығып, онда көрген нәрселерінің ішінен нені білетінін айтып беруге шақырады. Бұл әлемдегі нәрселердің барлығы заттардан, жануарлардан тұрады екен. Ал адам оларды танып біледі, санайды,ретімен жүретінін анықтайды және қасиеттеріне түсінеді. Осы түсініктеріңді дұрыс пайдалана алатындықтарыңды байқап көрейік. Тпасырмаларды орындау барысында басқа бөлмеге шығу,ұзіліс жасау,келесі тапсырманы орындау үшін жүргізушіден рұхсат алатыны түсіндіріледі.

Бағалау шкаласы:

Орындалған тапсырма бір баллмен бағаланады.

Математикалық ұғымдарды меңгеру деңгейін бағалау шкаласы:

21-25 балл - өте жақсы

16-20 балл- жақсы

10-15 балл – орта

6-9 балл – төмен

0-5 балл- өте төмен.

Тапсырмалар:

  1. Келесі жауаптардың қайсысы дұрыс?

Жабайы жануарларды ата: а)Сиыр б) Арыстан в) Қой

  1. Артық сөзді тап: қасқыр, ешкі, түлкі.
  2. 5 санынан кейін қандай сан келеді?
  3. 3 пен 5 сандарының арасында қандай сан тұрады?
  4. Артығын тап: а) Ат б)пингвин в)көбелек г) раушан гүл
  5. Келесі заттарды бір сөзбен ата: пиала,тарелка,стакан,қазан,табақ
  6. «Ауыр»ға қарсы мағыналы сөз тап
  7. 10 ға дейін сана
  8. Дұрыс жауапты тап: Сейсенбіден кейін келетін күн -...деп аталады. А)Дүйсенбі б) сәрсенбі в) жұма
  9. Алтыдан көп, сегізден аз санды ата.
  10. Артық сөзді тап: түн, күндіз,бүгін, таңертең, кешқұрым.
  11. Келесі жануарлардың төлдерін ата: Жылқы,ешкі,қой, сиыр, түйе.
  12. Келесі жауаптардың ішінде дұрысын тап:

Сенде көп........ бар. а)дәптер б)дәптерлер

  1. Қандай сан қалып кеткен? 1,2,3,4,6,7,
  2. Келесі жауаптардың қайсысы дұрыс? Дөңгелекке ұқсас зат...а) үстел, б)табақ в) паравоз.
  3. Фигуралардың қайсысы артық? а) телевизор. б) арыстан в)тауық, г) балық
  4. Артық сөзді тап: а) тез б) жай, в)ертең
  5. 1 саны мен 5 санының қайсысы үлкен.
  6. Дұрыс жауапты тап:.....-шөп а) терек б) сора в) шынар
  7. Жыл мезгілдерін айтып бер.
  8. Тәулік мезгілдерін атап бер.
  9. Аптаның күндері қалай аталады?
  10. Аптадағы демалыс күні қалай аталады.
  11. Артық сөзді тап: а) машина б) ит в) терезе
  12. Келесі сөздерді бір сөзбен ата: алма, өрік, алмұрт.

 

 

«Сандар және фигуралар» тесті.

Мақсаты: Бірінші сынып оқушыларының математикалық ұғымдар туралы мәліметтілігін диагностикалау, айтылған сөздер мағынасына түсінетіндігі, логикалық ойлауының көрініс беруін және тіл байлығын бағалау.

Орындау ережесі: Төменде берілген тапсырмаларды жақсылап тыңдап, оларға жауап дайындау керек екені түсіндіріледі. Тапсырмаларды берілген ретімен орындау керек екені айтылады. Барлық жауаптар әр баланың зерттеу хаттамасына тіркеледі.

 

Бағалау шкаласы:

Дұрыс орындалған тапсырма бір баллмен бағаланады.

Математикалық ұғымдарды меңгеру деңгейін бағалау шкаласы:

20-23 балл- өте жақсы,

16-19 балл-жақсы

10-15 балл-орта

6-9 балл-төмен

0-5 6алл- өте төмен

 

Тапсырмалар.

1. Сен және мен. Бірге жүрсек нешеу боламыз?

2. Таяқтың неше ұшы бар? Екі жарым таяқтың неше ұшы бар?

3. Арбаға жеккен екі ат бесшақырым жол жүрді. Әр ат неше шақырым жол жүрді?

4. Суретте салынған бес үшбұрышты және төртбұрышты тап.

 

5. Бос клеткаға қандай санды жазу керек?

 

           
2   6      

 

 

6. Үш ағалы інілердің бір-бірден қарындасы бар.Отбасында неше бала бар?

7. Фигуралардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

 

 

Төрт бананның біреуін екіге бөліп қойса неше банан болады?

Көкқұтан бір аяғымен тұрғанда оның салмағы 10 килограм болады, егер ол екі аяғымен тұрса салмағы неше килограм болады.

Ағаш үйден үлкен,ал үй –ағаштан..

Егер бұлақ арықтан таяз болса, онда арық бұлақтан..?

Егер оң қол оң жақта болса,сол қол қай жақта болады?

Асқардың бойы Ерланның бойынан ұзын, ал Ерланның бойы Асқардың бойынан...

Егер Асқар үйден Ерланнан бұрын шықса, Ерлан Асқардан..

Артық сөзді табыңдар:а) тау,тауық,таудай.

б)қап,қабаған,қапшық.

в)ой,ойын,ойлау

Қандай фигура артық?

 

Үстел үстінде жеті майшам жанып тұр еді.Оның біреуін өшірдік. Столада неше майшам қалды?

.....отырғанда бойы ұзаратын (ит)

Дастархан басында екі әке мен екі бала отыр. Неше адам отыр.?

Ыдыстағы бес алманы бес адамға бөліп бергенде бір алма ыдыста қалуы керек.Қалай бөліп бересің?(Бір алманы ыдысымен беру керек)

Артық сөзді табыңдар: а) кемпірауыз,лампочка,балға

б)кенгуру,ат, мысық в) қалам,сия, телефон

Ретке келтіріп қой; жаз,көктем, күз,қыс.

Айлардың қайсысы бұрын келеді: наурыз,қаңтар, Ағасы үлкен, інісі...

«Мектепте маған не ұнайды?»

Мақсаты: Мектеп мотивациясының қалыптасқандығын диагностикалау.

Орындау ережесі:

Оқушыларға «Мектепте маған не ұнайды?» деген тақырыпта сурет салу тапсырылады.

Автордың пікірінше тақырыпқа байланысты суретті талдау барысында мынандай жағдайларға көңіл аудару керек:

Мектепте оқу мотивациясы дамымаған, бірақта оқушының мектептегі балалармен ойнау және басқа іс әрекеттік мотивтері басым. Мұндай жағдайда оқушылар машиналарды, допты, әскери техникалық ойыншықтарды, оюларды және т.б. суреттерді бейнелейді.

Балалық негативизм дамыған, оқушы мектеп тақырыбында сурет салудан бас тартып, өзі жақсы көріп салатын суретін бейнелейді, мұндай мінез құлықты оқушының талаптану деңгейі жоғары, бірақ мектепке, ондағы іс-әрекеттерге қиындықпен бейімделуін көрсетеді.

Тапсырманы түсінбеуі немесе дұрыс қабылдамау, оқушылар ешнәрсе салмаса немесе басқа берілген тапсырмаға қатысты емес суретті салса, онда бұл жағдай баланың дамуының артта қалғанын көрсетеді.

Бағалау шкаласы:

Берілген тақырып бойынша салынған суреттердің сюжеті талданады:

30 балл- оқушының танымдық мотиві мен оқуға деген белсенділігін көрсетсе, суретте оқу жағдайындағы мектеп өмірі көрсетілген болса

20 балл –мектептің сыртқы атрибуттары, оқуға қатысты емес жағдайда мектепке қатынасы оң көрсетілсе,оқушыларға тән, бірақ сыртқы мотивация деп бағаланады

10 балл- мектептегі балалармен ойнап жүргенін, мектепке қатынасы бар тақырыпта,бірақ оқумен байланысы болмаса, баланың мектепті ойынмен ұштастыратын мотивациясы бағаланады.

0 балл – бала сурет салудан бас тартса немесе суреті мектеп тақырыбына жақындамаса, мектеп мотивациясы қалыптаспаған деп бағаланады.

 

Екінші тапсырма

Оқу мотивациясы деңгейін скрингті бағалау шін Н.Г. Лусканов арнайы сауалнама ұсынды. 10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап -0 балл, бейтарап -1 балл, оң жауап -3 балл)

30-25 балл жинаған оқушылар мектепке деген бейімделуінің жоғары деңгейін

20-24 балл ортаңғы норманы,

15-19 балл ішкі мотивацияны,

10-14 балл және одан төменгі балл- мектепке деген теріс қарым-қатынасын, яғни мектеп дизадаптациясын көрсетеді

 

 

«Мектепте маған не ұнайды?»

Тапсырмалар:

  1. Саған мектеп ұнайды ма немесе ұнамайды ма?
  2. Таңертең ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба,әлде үйде қалғың келедіме?
  3. Егер мұғалім мектепке барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен сабаққа келесің бе,әлде үйде қаласың ба?
  4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?
  5. Саған үй тапсырмасының бермегенін қалайсың ба?
  6. Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба?
  7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?
  8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?
  9. Сенің сыныпта достарың көппе?
  10. Сыныптастарың саған ұнайды ма?

 

Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы–оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.

Бағалау шкаласы.

Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетеді:

Жоғары деңгей - оқушының мектепке қатынасы оң, қойылған талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын оңай меңгереді, мәліметтерді толық игерген,мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдайды,тапсырмаларды сыртқы байқаусыз- ақ орындайды,өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды, тапсырмаларды мұқият орындайды, сыныпта жоғары мәртебеге ие.

Ортаңғы деңгей – оқушының мектепке қатынасы оң, оқу материалдарын түсінеді, бағдарламаның негізін меңгереді, тапсырмаларды өз бетінше орындайды, тапсырмаларды орындауда мұқият, бірақ байқауды талап етеді, сабаққа қызығушылықпен дайындалады, сыныптағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.

Төменгі деңгей – оқушының мектепке қатынасы теріс, денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді,көңіл –күйінің нашарлығын көрсетеді, тәртіп бұзады, оқу материалдарын фрагментарлы меңгереді, өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді, сабақтарға немқұрайлы дайындалады, байқау мен көмекті, үзілісті қажет етеді, пассивті, сыныпта жақын достары жоқ.

 

Көрсеткіштері Бағалау шкаласы  
  жоғары    
  Орта    
  Төмен    

Контурды сызу әдістемесі.

Мақсаты: Көрнекі әрекетті ойлауды диагностикалау.

Орындау ережесі: Балаларға сурет көрсетіледі, бұл әдістің тапсырмасы автоқаламсаптың, қарындаштың көмегімен барынша тез, барынша нақты осы суреттің оң жағында берілген барлық сызықты тік және нақты етіп фигураның бұрыштарын қосуға тырысу қажет.Фигураның контуры да сол орындарында суретте көрсетілген үлгіде қайталануы қажет. Тапсырманың орындалуы жұмыстың ұқыпты, нақты және жылдамдығына қарай қорытындыланып бағаланады.

Бағалау шкаласы.

Нәтижесін бағалау баланың тапсырмасын саналы және жылдам орындалуына байланысты беріледі.

10 балл – барлық тапсырманы орындауға бала 90 секундтан аз уақыт жұмсап, ондағы барлық сызықтары түзу және дәл қосылған, барлық сызықтар берілген үлгідегідей нақты жүргізілген.

8-9 балл –тапсырманы орындау 90-105 секунд уақыт алған, сонымен қатар мынадай кемшіліктер орын алған. Бір немесе екі сызық фигура бұрышы дұрыс қосылмаған, 2-4 фигураның бұрыштары қосылмай қалған.

4-5 балл –тапсырманы орындауға 120-135 секунд уақыт жұмсалған және де мынадай кемшіліктер байқалған: 5 немесе 6 сызығы толық түзу емес, 7-10 фигураның бұрыштары дұрыс қосылмаған.

2-3 балл –тапсырманы орындауға 135-150 секунд уақыт жұмсалған және мынадай кемшіліктер орын алған: 7-10 сызық түзу емес, 11-12 бұрыштар толық дұрыс қосылмаған, 9-18 сызықтар контур шегінен шығып кеткен.

0-1 балл –тапсырманы орындауға 150 секундтан астам уақыт кеткен. Біреу немесе екі сызықтан басқасының бәрі түзу емес, 1-2 бұрыштан басқасының бәрі дұрыс қойылмаған

 

Даму деңгейін бағалау шкаласы.

10 балл- өте жоғары

8-9 балл-жоғары

4-7 балл-орташа

2-3 балл- төмен

0-1 балл- өте төмен

 

354 элвира

Таным процестерінің динамикасын диагностикалау әдістемесі.

 

Мақсаты: Есте сақтау процесінің динамикалық ерекшеліктерін зерттеу.

Орындау ережесі: Балаға он қарапайым сөздерден тұратын қатар ұсынылады. Одан кейін 2-ші, 3-ші, 4,5-ші қатардағы сөздерді оқиды. Жалпы мұндай 5 топтан тұрады.

Әрбір кезекпен қайталаудағы кейін баланың сөзі қатесіз жаңғыртудағы саны анықталады.

Баланың есінде сақтау үшін келесі қатардағы сөздер ұсынылады.

Ұй, парта, ақ, жақсы, алмұрт, нар, күшті, үстөл, лампа, стол.

Мысық, қаламсап, көк, жаман, алма, еден, әлсіз, нан, лампа, қызыл.

Қуыршақ, қасық, қалам, машина, жоғары, кілт, шеше, кітап, тауық, жар.

Ит, әйнек, гүл, кілем, конверт, аспан, әріп, түс, жарық, тышқан.

Сағат, жел, балық, жұлдыз, телефон, конверт, қағаз, стол, жіп, орамал.

 

Ескерту

Балалардың есте сақтау протцестерінің динамикалық ерекшеліктерін диагностикалауда бастауыш мектепке түсетін әр сыныбында және балалардағы ең алдымен бұрынғы өткен қатардағы жаттаудың әсері көрінбес үшін, әртүрлі реттегі сөздерді қолдану керек.

Қайталау сан қатарларының көрсеткіштері оның немесе есте сақтау процестегі ұмытылыстардың саны берілген әдістемеде алтаумен шектелген.

Қайта жаңғыртудың әрбір ұмтылысында дұрыс есте сақталынған сөздердің саны сәйкестенді, ал алынған нәтижелер график түрінде көрсетілген, осы графикте берілген жаттауды талдауды талдаудың негізіндегі үйренудің екі келесі көрсеткіші бойынша анықталады.

Жаттаудың динамикалығы.

Жаттаудың өнімділігі.

Үйрену процесінің динамикалығы қисық сызық арқылы анықталады. Егер қайталаудан қайталауға дейін қисық сызық жоғарыға қарай көтерілсе, онда жаттау процесі динамикалық деп есептеледі. Егер қайталаудан, қайталауда нәтижелері төмендемей, бұрынғы деңгейде қалса, онда ортақ динамикалық деп сипатталады. Егер қайталаудан қайталау нәтижелері біресе жоғарылап, біресе төмендеп кетсе, онда бұл үйрену процесі динамикалық емес екенін көрсетеді.

Бағалау шкаласы

Үйрену процесіндегі динамика туралы берілген мәліметтерге сай, бала келесі шкаладағы үш бағаны бере алады.

Жаттаудың динамикалық процесі - өте жақсы,

Жаттаудың орта динамикасының процесі - қанағаттандырлықтай.

Жаттау процесінің динамикалық еместігі – қанағаттанарлықсыз.

 

Үйрену процесіндегі жемістілікті келесі жүйемен бағалайды.

 

10 балл – 10 сөзді қайталаудан кейін есінде сақтап, дұрыс, қатарымен айтты.

8-9 балл - 6 рет қайталаудан кейін барлық 10 сөзді есінде жаңғыртты.

6-7 балл - 6 рет қайталаудан кейін балаға 7-ден 9-ға дейін сөзді ғана сақтады.

4-5 балл - 6 рет қайталаудан кейін бала 4-6 сөзді дұрыс есінде сақтады.

2-3 балл - 6 рет қайталаудан кейін бала 2-3 сөзді дұрыс есінде сақтады.

0-1 балл – 6 рет қайталаудан кейін бала 1 ғана сөзді есінде сақтады немесе бірде-бір сөзді есінде сақтай алмады.

 

Белсенді сөздік қорды диагностикалау әдістемесі

Мақсаты: Кіші мектеп жасындағы балалардың белсенді сөздік қорын анықтау.

Орындау ережесі. Балаға адамдар мен әртүрлі заттар бейнеленген кез- келген сурет беріледі. Оған 5 минут аралығында бұл суретте не бейнеленген және қандай іс-әрекет жасалынып жатқандығын айтып беру керек. Баланың сөзі арнайы хаттамаға тіркеліп, одан кейін талданады. Бұл хаттамада баланың сөйлеу қабілетінің қолданылған саны тіркеледі.

Психодиагностикалық зерттеу жүргізу барысында хаттамаға орындау нәтижесі белгіленеді.

 

Бағалау шкаласы:

10 балл – баланың сөздік қорында хаттамада көрсетілген белгілердің 10 және одан көбеюі орын алғаны;

8-9 балл – баланың сөзінде хаттамада көрсетілген сөздердің 8,9 пайдаланғаны;

6-7 балл – бала хаттамада көрсетілген белгілердің 6,7 қолдана алды.

4-5 балл – хаттамада көрсетілген белгілердің 4,5 ғана пайдаланғаны;

2-3 балл – хаттамада көрсетілген белгілердің тек 2,3 ғана пайдаланғаны;

0-1 балл – егер баланың әңгімесі мүлдем жоқ болып, немесе тек 1-2 сөйлем мүшесін пайдана алды.

Даму деңгейінің нәтижелері

10 балл - өте жоғары 2-3 балл – төмен

8-9 балл – жоғары 0-1 балл - өте төмен

4-7 балл - орта

 

 

Сөйлесу белгілерінің тіркелуі Баланың бұл белгі -лерді қолдануы
        Зат есім Етістік Есімше (причастие) Көсемше (деепричастие) Бастапқы формадағы сын есім Салыстырмалы сатыдағы сын есім Өтпелі сатыдағы сын есім Шылау Жұрнақ Жалғау Сөйлемнің бірыңғай мүшелерден тұратындығы олардың бір-бірімен байланысы Күрделі сөйлемдерде «және», «ал», «бірақ», «иә», «немесе», және т.б. шылауларды пайдалануы. Күрделі сөйлемдердің «себебі», «онда», «олай болса» шылауларымен біріккендігі. Сөйлемді алғашқы конструкциялар «біріншіден», «менің ойымша» деген сөздерден басталатындығы және т.б.  

 

 

«Мүсін өнері» әдістемесі.

 

Мақсаты: қиял процесін диагностикалау.

Орындау ережесі: Баланың қиялын бағалау үшін оған мынадай тапсырма беріледі.Балаға пластелин наборы ұсынылып, 5 минут ішінде пластелиннен қандайда бір фигура, ойыншық, кез келген бірнәрсе жасап шығару тапсырылады.

Бағалау шкаласы

Баланың фантазиясы 0 баллдан 10 баллға дейін бағаланады.

0-балл- бала 5 минут ішінде ешнәрсе ойлап тауып жасамаса қойылады:

2-3 балл- бала пластелиннен өте қарапайым нәрсе жасаса қойылады мысалы,

Шарик,кубик, таяқ

4-5 балл-бала салыстырмалы түрде қарапайым зат жасап, оның құрылымы екі үштен аспайтын қарапайым детальдардан болса қойылады

6-7 балл – бала ерекше бір нәрсе ойлап тауып оны пластелиннен жасап шығарса, бірақ фантазиясының байлығы онша көрініс бермесе

8-9 балл- баланың ойлап тапқан заты ерекшелікпен сипатталатын, бірақ деталдары өңделінбеген.

10 балл- тапсырма бойынша бала жаңа нәрсе ойлап тапқан, жасаған заты көрнекі етіп ерекше безендірілген, сонымен қатар детальдары өңделген болса қойылады.

Даму деңгейінің көрсеткіштері:

10 балл - өте жоғары

8-9 балл - жоғары

4-7 балл –орта

2-3 балл - төмен

0-1 балл - өте төмен

 

«Вербальды фантазия»әдістемесі

Мақсаты: Баланың сөздік қиялының көрініс беруі мен даму деңгейін диагностикалау

Орындау ережесі: Балаға әңгіме ойлап табу ұсынылады.Ол әңгіме адам немесе жануарлар туралы және де баланың өз қалауы мен қандай да бір оқиғаны 5 минут аралығында ауызша айтып беруі керек. Әңгіменің тақырыбын табуға (ертегі, тарих) бір минут уақыт беріледі. Содан кейін бала әңгімесін айту керек.

Бағалау көрсеткіштері:

Әңгіме айту барысында баланың фантазиясы келесі көрсеткіштермен бағаланады.

Қиял процесінің жылдамдығы.

Бейнелерінің әдеттен тыс ерекшелігі мен өзгешелігі.

Фантазиясының байлығы (кейіпкерлердің әртүрлілігі).

Бейнелеудің тереңдігі мен майда –шүйделеріне дейін толық көрсетілгендігі

Бейнелерінің эмоционалдығы мен әсерлілігі.

Бағалау шкаласы

Осы көрсеткіштердің әрқайсысының орындалуында бала әңгімесі 0 ден 2 баллға дейін бағаланады.

0 балл- әңгімеде жоғарыда аталған көрсеткіштер мүлдем орын алмаған болғанда қойылады.

1 балл- әңгімеде берілген көрсеткіштер нашар көрініс бергенде қойылады

2 балл- аталған көрсеткіштер анық байқалады,оның ерекшеліктері толық және күшті әсер ететін түрде айтылған болса қойылады.

1- көрсеткіш. Қиял процесінің жылдамдығын бағалау шкаласы.

0 балл –бала 1 минут ішінде ешқандай әңгіменің тақырыбын ойлап таба алмаса, онда эксперименттер балаға қандай да бір әңгіменің тақырыбын өзі ұсынады,ал баланың қиялының жылдамдығына қойылады.

1 балл –әңгіме тақырыбын баланың өзі берілген уақытта ойлап тапса,онда алады.

2 балл – бала берілген уақыттың бастапқы 10 секунды барысында әңгіме сюжетін ойлап тапса, немесе 1 минут аралығында бір емес, кемінде 2 түрлі сюжет ойлап тапса,онда қиял процесінің жылдамдығына балл қойылады.

2-ші көрсеткіш. Бейнелерінің әдеттен тыс ерекшелігі мен өзгешелігін бағалау шкаласы.

0 балл- бала өзі бұрын естіген, бір жерде көрген, бұрыннан өзіне белгілі нәрсені айтып берсе соған қойылады

1 балл – бала өзіне бұрыннан таныс әңгіменің сюжетін алып, сол белгілі оқиғаға жаңа бірнәрсе қосып толықтырып айтып берсе, онда оның қиялының ерекшелігі бағаланады,

2 балл – бала бұрын өзі көрмеген, естімеген нәрселері туралы әңгімені ойынан шығарып, оны қызықты етіп айтып берсе.

 

 

3-көрсеткіш. Фантазиясының байлығы бала әңгімесіндегі кейіпкерлердің әртүрлілігі бағалау шкаласы.

0 балл-тірі табиғат пен өлі табиғат өкілдерінің саны, оларды сипаттаудың сапасы, болған оқиғалардың мазмұнын жеткізе алуы, олардың бір-бірімен қатынасын көрсете алғандығы бағаланады.Барлық көрсетілген кейіпкерлер саны 5 және одан аз болса қойылады.

1 балл – жоғарыда аталған көрсеткіштер саны 6-9 аралығында болса

2 балл- жоғарыда аталған көрсеткіштер саны 10 және одан көп болса

4- көрсеткіш.Бейнелеудің тереңдігі мен майда –шүйделеріне дейін толық көрсетілгендігін бағалау шкаласы.

Бұл көрсеткіш бойынша әңгімеде негізгі кейіпкер болған адамдарды, жануарларды, фантастикалық мақұлықтарды, заттарды оларға тән қасиеттермен сипаттауының толықтығы бағаланады.

0 балл- бала негізгі кейіпкердің бейнесінің жалпы нұсқасын ғана суреттесе

1 балл – кейіпкердің негізгі қасиеттері үстіртін ғана сипатталса,

2 балл –оның қасиеттері жан-жақты талданып көрсетілген болса

5- көрсеткіш. Бейнелердің эмоционалдығы мен әсерлігі бала әңгімесінің тыңдаушыларды қызықтырумен байланысты бағалау шкаласы.

0 балл –кейіпкерлер бейнесі өзгелерді қызықтырмаса және эмоционалдық жағынан әсерлі болмаса

1 балл –бала әңгімесі кейіпкерлері тыңдаушыларды қызықтырып,бірақ олардың қызығушылығы біртіндеп төмендеп кетсе

2 балл - бала әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнелері ашық,қызықты болып,

тыңдаушылар мен көрермендердің назарын бірден жаулап алып, таңқалу, қызығу сияқты эмоциясы әңгіменің аяғына дейін сақталса,тіпті аяғында күшейіп кетсе

Барлық көрсеткіштер бойынша жинаған баллдар бір-біріне қосылып жалпы бағасы шығарылады.Ол баға 0 баллдан 10 баллға дейін болуы мүмкін.

Баланың әңгімесін тыңдау барысындағы барлық көрсеткіштер бойынша бағалауды жеңілдету үшін хаттаманы келесі үлгі бойынша жасап алып, әңгімені тыңдай отырып, хаттама кестесін толтырған дұрыс болады.

Ол кестені зерттеу бастамас бұрын, алдын –ала дайындап қою керек.

 

 

«Вербальды фантазия»әдістемесіін жүргізу хаттамасының үлгісі.

 

Оқушының аты-жөні:

 

Сыныбы:

 

Баланың қиял параметрлерін бағалау көрсеткіштері Бағалау шкаласы
     
  Қиял процесінің жылдамдығы      
  Бейнелерінің әдеттен тыс ерекшелігі мен өзгешелігі      
  Фантазия байлығы(кейіпкерлердің әртүрлілігі)      
  Бейнелеудің тереңдігі мен майда –шүйделеріне дейін толық көрсетілгендігі      
  Бейнелерінің эмоционалдығы мен әсерлігі      
           

 

Баланың әңгіме айту барысында осы кестенің тиісті бағанына баланың фантазиясының бағаланғаны «+» таңбасымен белгіленеді.

 

«Вербальды фантазия»әдістемесіін жүргізу хаттамасының үлгісі.

 

Оқушының аты-жөні:

Сыныбы:

 

Баланың қиял параметрлерін бағалау көрсеткіштері Бағалау шкаласы
     
  Қиял процесінің жылдамдығы      
  Бейнелерінің әдеттен тыс ерекшелігі мен өзгешелігі      
  Фантазия байлығы(кейіпкерлердің әртүрлілігі)      
  Бейнелеудің тереңдігі мен майда –шүйделеріне дейін толық көрсетілгендігі      
  Бейнелерінің эмоционалдығы мен әсерлігі      
           

 

«Вербальды фантазия»әдістемесіін жүргізу хаттамасының үлгісі.

 

Оқушының аты-жөні:

Сыныбы:

 

Баланың қиял параметрлерін бағалау көрсеткіштері Бағалау шкаласы
     
  Қиял процесінің жылдамдығы      
  Бейнелерінің әдеттен тыс ерекшелігі мен өзгешелігі      
  Фантазия байлығы(кейіпкерлердің әртүрлілігі)      
  Бейнелеудің тереңдігі мен майда –шүйделеріне дейін толық көрсетілгендігі      
  Бейнелерінің эмоционалдығы мен әсерлігі      
           

 

 

Инттелектті зерттеуге және дамытуға арналған тесттер.

Инттелект дегеніміз адамның тәжірибелік,байланысты-логикалық және теориялық ойлауының жиынтығы. Инттелектуалдық қабілетті зерттеушілер оның теориялық негізі ретінде Ж. Пиаже мен Л.С. Выготскийдің еңбектеріне сүйене отырып жасалған түрлі әдістемелерді пайдаланады.Қазіргі кезде кеңінен қолданылатындары Мейлидің «Аналитикалық тесті», Айзенктің «Интелектуалдық тесті»,Векслердің «Инттелектіні өлшеу шкаласы»,Кеттелдің «Еркін инттелект тесті» және сол сияқты тағы да басқа ғалымдардың тесттері.Оларды пайдалана отырып инттелекттің даму деңгейін анықтап алуға және оны дамытуға ықпал жасауға мүмкіндіктер мол.

Мейлидің инттелектуалдық талдау тесті.

Инттелекті зерттеуге арналған бұл тестті 1928 жылы Р.Мейли жариялады.

Мақсаты: Зерттелінушінің инттелектуалдық даму деңгейін анықтау.

Орындау ережесі. Бұл тестті 11 жастағы балалардан бастап үлкендерге дейін пайдалануға болады. Инттелектуалдық аналитикалық тест алты топ субтесттерден тұрады.Олардың әрқайсысын өз бетімен пайдалануға болатын жеткілікті деңгейде танымал эксперименттік психологиялық әдістер базасы болып табылады.

субтест – «Суреттегі жағдайларды мағынасына байланысты реттеу»

Орындау ережесі.Көрсетілген суреттерде қандайда бір жағдайдың бірнеше көрінісі берілген (суреттер жеке карточкаларға салынған болуы керек) Олардың ішінде тек қана бірінші сурет болған оқиға неден басталғанын көрсетеді, сондықтан ол өз орнына сәйкес орналасқан. Басқа суреттердің барлығының орындары ауыстырылған. Оларды нөмірлеу арқылы ретке келтіру керек.

Әр дұрыс жауапқа – 1 балл.

Орындау уақыты - 5 минут.

субтест- «Нөмірлерді заңдылыққа сай келтіру»

реті анықталған нәрселердің реті бұзылып беріледі.

Мысалы,кемпірқосақ түстерінің ретін табиғат анықтап берген. Сол түстерді ретіне келтіріп нөмірлеу тапсырылады(тапсырмалар-түрлі-түсті қағаздан жасалған карточкалар) Немесе тәулік уақыттарын көрсететін суреттердің орындары ауыстырылып берілген, жыл мезгілдері, т.с. с. Тапсырмалар анықталған. Тапсырма суреттер карточкаларға түсірілген. Оларды ретке келтіру ұсынылады.

Дұрыс жауапқа – 1 балл.

Кейде дұрыс жауабын біліп тұрып қате жіберсе онда жауап дұрыс саналады,бірақ зейіннің активті еместігін ескере отырып 0,5 балл беріледі.

Орындау уақыты – 5 минут.

3- субтест – «Үш сөзден сөйлем құру»

Зерттелінушіге үш сөз беріледі.Зерттелуші мүмкіндігінше көбірек сөйлем құру тиіс. Сөйлемнің мазмұнына мән берілуі керек.Осыған сәйкес бағалаудың шкаласы анықталған

сөйлем дұрыс құрылмаған және мазмұны жоқ -1 балл

Сөйлем қарапайым -2 балл

Күрделі мазмұны ерекше сөйлем – 3 балл

Әр сөйлемге 2 минут уақыт беріледі.

4-субтест – «Суреттерді толықтыру»

Зерттелінушіге бірнеше суреттер ұсынылады.Оларда бейнеленген заттардың әрқайсысының құрылымында бір фрагмент жетіспейді (суреттер карточкаларға түсірілген болуы керек) Зерттелуші суретте не жетіспей тұрғанын тауып айту керек.

Әр дұрыс жауапқа – 1 балл

Орындау уақыты – 5 минут

5- субтест – «Бөлшектерден фигуралар құрастыру»

Зерттелінушіге «Лега» немесе басқа құрастырушы әдістеме ұсынылады. Орындау алдында балаларға үлгі көрсетіледі,онда фигуралар құрайтын бірнеше элементтері бар, содан соң осы элементтерден құралған дайын фигуралар көрсетіледі.Тапсырманы түсіндіріп болғаннан соң фигураларды құрауға әртүрлі элементтер беріледі. Құрастырушы элементтердің саны одан көп фигуралар жасауға жеткілікті болуға тиіс.

Бағаланғанда алғашқы құрылған үш фигуралар есепке алынады. Бағалауда фигуралардың санына және ерекшеліктеріне байланысты 1 баллдан 3 баллға дейін болады.

Орындау уақыты – 5 минут.

6- субтест – «Геометриялық аналог»

Зерттелушіге геометриялық фигуралардың біріншісі екіншісімен, үшіншісімен және сол сияқты бір-бірімен байланысты болып келеді. Зерттелушінің тапсырмасы осы фигуралардың өзара байланысына қарай төртінші фигураны салуы тиіс.

Нәтижені талдау

Нәтижесін өңдеу үшін зерттеу барысында алғашқы жинаған баллдардың суммасы есептелінеді.Орташа арифметикалық балл есептеледі, сонан соң алғашқы баллдар кестеге түсіріліп, пайыздалады.

Бағалау шкаласы

35-65 балл – норма болып табылады, жалпы қабілеттердің орташа деңгейін көрсетеді

80- және одан жоғары балл – интеллектуалдық қабілеттің жоғары деңгейі деп бағаланады.

График бойынша субтесттердің жеке-жеке нәтижесін және жеке тұлғаның интеллект пішінің кескіні құрылады. Пішін қырлары интеллекттің бес түрлі ерекшеліктерін сипаттайды.Олар ойлаудың формальды- логикалық, көрнек –бейнелі, аналитикалық, шығармашылық, жоғары интеллектуалдық деп бағаланады. Бұлар зерттелінушінің интеллектуалдық қабілетінің мінездемесін көрсетеді.

Мұндай интерпретациялау ассиметриялық пішін қырларына есеп бергенде ғана пайдалануы мүмкін.

 

Векслердің интеллектіні өлшеу шкаласы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow