Порта-кавальды анастомоздар. 14 страница

 

16.Аталық без және шәует шылбыры: топографиясы,, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

 

Атабездер,testes, ұмада орналасқан, сопақ пішінді жұп денелер болып табылады. Атабездің ұзындығы орташа 4 см-ге тең, көлденеңі 3 см, массасы 15-25г атабездің екі беті –медиалды және латералды, facies medialis et lateralis, екі жиегі- алдыңғы және артқы, margo anterior et posterior, екі шеті- жоғарғы және төменгі, extrimitas superior et inferior, болады. Атабездің артқы жиегіне шәует ылбыры, funiculis supermaticus6 пен атабез қосалқысы, epididymidis, келеді. Epididymidis жіңішке ұзын дене, онда жоғарғы, біршама қалың бөлінген атабез қосалқысының басын, caput epididymidis, төменгі, үшкір шетін, cauda epididymidis, құрайды.

Атабездің құрылысы: атабез негізі parenchyma testis, тығыз фиброзды қабықпен, tunica albuginea қоршалған. Артқы жиек бйымен қабықтың фиброзды тіні ақ толымсыз вертикалды қалқа немесе қалыңдама түрінде шамалы жерге атабез іщіне еніп тұрады да атабез орталығы, mediastinum testis, деп аталады; mediastinum-нан сәуле тәрізденіп фиброзды қалқалар –septula testis шығады, олар сыртқы шетімен tunica albuginea-ның ішкі бетіне бекиді де, бүкіл атабез паренхимасын үлесшелерге, lobuli testis, бөледі. Үлесшелер саны 250-300-ге жетеді.

Атабез паренхимасы шәует өзекшелерінен тұрады, олар екі бөлімді-tubuli seminiferi contori және иреленген шәует өзекшелерін, tubuli seminiferi recti ажыратады. Әр үлесшеде 2-3 немесе одан да көп өзекше болады. Тік өзекшелер mediastrinum қабатында атабез торына –rete testis ашылады. Атабез торынан 12-15 шығарушы өзекшелер, ductuli efferentes testis, шығып атабез қосалқысы басына барады. Ductuli efferentes атабез қосалқысының жеке түтігіне, ductus epididymidis, ашылады.

Шәует шылбырының құрамына, funiculus spermaticus: ductus deferens, aa. et vv. testiculares et deferentiales лимфа тамырлары мен нервтер кіреді. Шап өзегінің терең сақинасында шәует шылбырының құрам бөліктері ажырайды да, тұтас құрылым ретінде тек атабездің артқы жиегінен шап өзегінің терең сақинасына дейін ғана созылады. Шәует шылбыры алғашқы кезде іш қуысында дамитын атабездер, ұмаға түскеннен кейін ғана, descensus testis, дамиды.

 

17.Шәует шығарушы түтік, шәует қуықшалары, қуықасты безі: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

 

Шәует шығаратын түтік,ductus deferens, атабез қосалқысы түтігінің тікелей жалғасы бола тұра, одан өз қабырғаларының қалыңдығымен бөлінеді. Атабезден тамырлармен бөлініп, жоғары көтеріп, шәует шылбыры құрамына қосылады. Шәует шылбыры тік жоғары беткей шап сақинасына көтеріліп, шап өзегінде қиғаш жоғары және латералды өтіп, ол терең шап сақинасында vasa testiculares-терді қалдырып, ішастармен жабылып, жамбас астауының бүйір қабырғасымен төмен және артқа қарай өтеді. Несепқуыққа жетіп, түтік оның түбіне бұрылып, қуықасты безіне келеді. Оның төменгі бөлімі шәует шығаратын түтіктің кең жері, ampulla ductus deferentis, түрінде едәуір кеңейеді. Ductus deferentis ұзындығы 40-45 см. Қабырғасы үш қабаттан: сыртқы- дәнекер тінді қабық, tunica adventitia, ортаңғы- бұлшықетті қабық, tunica musculares және ішкі- шырышты қабықтан, tunica mucosa тұрады.

Шәует қуықшалары, vesiculae seminales шәует шығаратын түтіктерден латералды, несепқуық түбі мен тік ішек арасында жатады. Әрбір шәует қуықшасы өте иілген, жазылған кездегі ұзындығы 12 см, жазылмаған кезде 5 см түтік болып табылады. Шәует қуықшасының төменгі үшкір шеті тар шығару түтікке, ductus excretorius, ауысады, ол сүйір бұрыш жасай өзінің жанындағы ductus deferentis-пен қосылып, онымен бірге шәует жіберетін түтік, ductus ejaculatorius, түзеді. Шәует жіберетін түтіктің ұзындығы 2 см шамасындай. Шәует қуықшалары шәуеттің сұйық бөлішін өндіретін секреттік ағзалар болып табылады.

Қуықасты безі, prosrata, еркек несеп шығаратын өзегінің бастапқыбөлігін қамтитын, аздау бөлігі безді, көптеу бөлігі бұлшықетті ағза болып табылады. Ол без ретінде шәуеттің маңызды бөлігін құрап, сперматозойдтарды белсендіреді. Бұлшықет ретінде несепшығаратын өзектің қысқышы болып табылады, эякуляция кезінде несептің шығуына кедергі жасап, несеп пен шәуеттің араласуына кедергі жасайды. Онда несеп қуығына қараған негізін, basis prostatae және diaphragm urogenitale- жанасып жатқан ұшын, apex, ажыратады. Дөңес алдыңғы беті, facies anterior, қасаға симфизине қарайды. Артқы беті тік ішекке жанасып жатады, онда жамбас астауы шандыры табақшасымен ғана бөлінеді, сондықтан тірі адамда тікішек арқылы енгізілген саусақпен оны тік ішектің алдыңғы қабырғасынан ұстап білуге болады. Uretra қуықасты безі арқылы оның негізінен ұшына қарай өтіп, ортаңғы жазықтықта, артқы бетіне қараған бездің алдыңғы бетіне жақын орналасады.

Шәует шығаратын түтіктер безге артқы бетінен кіріп, оның қабатымен төмен, медиалды және алға қарай өтіп, pars prostatica uretrae-ге ашылады.

Қуықасты безінің ең үлкен диаметрі көлденеңінен орташа 3,5 см, алғы-артқы диаметрі- 2 см, вертикалды диаметрі – 3 см.

Prostata, fascia pelvis есебінен пайда болып және веналық өрім, plexus prostaticus, жататын ор орын түзетін шандырлы қабықпен қоршалған.

Шандырлы қабықпен ішке қарай біріңғай салалы бұлшықет және дәнекер тіннен тұратын capsula prostatica орналасады.

Prostate тіні көбіне бұлшықет тінінен, substantia muscularis тұратын, негізге батырылған бездерден (parenchyma glandular) құралады, оның үлесшелері жіңішке, сәл тармақталған түтікшелерден тұрады, ал олар uretrаe-нің қуықасты өлігінің артқы қабырғасындағы colliculis seminalis екі жағында ашылатын ductuli prostatici-лерге (саны 20-30-ға жуық) құяды.

 

18.Ерлердің сыртқы жыныс мүшелері: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Жыныс мүшесі, penis, ұмамен бірге сыртқы жыныс ағзаларын құрайды. Құрамына үш дене енеді: жұп үңгірлі дене, corpus cavernosum penis және тақ, кеуекті дене, corpus spongiosum penis.

 Жыныс мүшесінің үңгірлі денелері, corpus cavernosum penis шеттері үшкірленген екі ұзын цилиндр дене болып табылады, олардың шеттерінің арттары ажырап, қасаға сүйектердің төменгі тармақтарына бекитін crura penis түзеді. Бұл екі дене ортақ ақ қабықпен, tunica albuginea corporum cavernosorum, жабылған, ол екі дене арасында қалқа, septum penis, түзеді. Қалқаға сәйкес жоғарғы бетінде v.dorsalis penis үшін, ал төменгі бетінде spongiosum penis үшін жүлге орналасады.

жыныс мүшесінің кеуекті денесі, corpus spongiosum penis tunica albunginea corporis spongiosi-мен жабылған, жыныс мүшесінің үңгірлі денелерінің астында жатады және бүкіл ұзына бойына несеп шығаратын өзек өтеді. Екі үңгірлі денеге қарағанда кіші, диаметрі 1 см-дей, бірақ олрдан өзгешелеу екі е\шеті жуандап, алдыңғы жағында жыныс мүшесінің басын, glans penis, ал артқы жағында буылтығын, bulbus penis, аяқталады.

Жыныс мүшесінің қасағаға бекіген артқы бөлігі түбір, radix penis, деп аталады. Жыныс мүшесі алдыңғы жағында баспен, glans penis, аяқталады. Басы мен түбірі арасында денесі, corpus penis, деп аталады.дененің жоғарғы беті төменгі бетінен кеңдеу, және арқашығы, dorsum penis, деп аталады. Жыныс мүшесінің басында вертикалды саңлау –үрпі, ostium uretrae externum, орналасады; басы дорсалды және латералды жақтарынан үңгірлі денелер деңгейінен сәл шығып тұард; бастың бұл жиегі corona glandis деп аталады, ал оның артындағы тарылған жері collum glandisдеп аталады.

Жыныс мүшесінің терісі басының негізгі жағында бос қатпар түзеді, ол күпек басы, preputium, деп аталады. Жыныс мүшесі басының төменгі жағында күпек бастың терісімен жүгенше, frenulum preputium, арқылы байланысады. Corona glandis айналасында және күпектің ішкі қатпарында көлемі әр түрлі май бездері, glandulae preputiales, орналасады. Бұл бездердің секреті Бұл бездердің секреті glans penis  пен preputium  арасындағы науашықта жиналатын препуиалды майдың, smegma preputii, құрамына енеді. Жыныс мүшесінің төменгі бетінде, frenulum perpytii-ден ортаңғы сызық бойында, төменде алғашқы екі жартының бітісіп өскен жерін көрсететін жік, raphe, байқалады. Жыныс мүшесінің үш денесі оларды қоршап, біріктіретін, борпылдақ тері асты шелмайында жатқан тұтас fasia penis-пен оралған. Оған қоса жыныс мүшесі байламдарымен бекітіледі.

Қан жыныс мүшесіне aa.profundae et dorsalis penis арқылы келеді. Артерия тамырлары дәнекер тінді қалқаларда өтіп, жіңішке артерияларға ажырайды, ал олар тікелей кеуекті, үңгірлі кеңістіктерге ашылады. Қан әкететін венаның, venae cavernosae-ның бір бөлігі үңгірлі денелердің орталық бөліктерінен, бір бөлігі шеттеу жақтан басталып, vv.profundae penis және v.dorsalis penis-ке құяды.

 

19.Әйелдердің сыртқы жыныс мүшелері: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

 

Әйелдің жыныс аймағы, pudendum femininum, деген атауға әйелдің сыртқы жыныс ағзалары жиынтығы: үлкен жыныс ернеулері мен олардың арасындағы түзілістер жатады.

Labia majora pudenda, үлкен жыныс ернеулері, майы көп дәнекер тіні бар екі тері қатпары болып табылады. Олар өзара дәнекер деп аталатын тері бөліктерімен: жалпақтау алдыңғы дәнекер, commissura labiorum anterior, және енсіздеу артқы дәнекермен, commissura labiorum posterior, қосылады. Бүйір жақтарынан үлкен жыныс еріндерімен шектелген саңлау тәрізді кеңістік жыныс саңлауы, rima pudendi, деп аталады.

Үлкен жыныс ернеулерінен жоғары, қасаға біткен жердің алдында күшті дамыған май қабаты дөңесті – қасаға, mons pubis, түзеді. Қасаға төмпесі мен үлкен жыныс ернеулерінің латералды беті жүнмен жабылған, жүннің жоғарғы шекарасы кіндіктен 9-10 см төмен және әйелдерде горизонталды бағытталған. Үлкен жыныс ернеулерінің ортаңғы сызыққа жақын медиалды бетінің терісі жұқа да, қызыл түсті мен ылғалды жағынан шырышты қабыққа ұқсайды.

Үлкен жыныс ернеулерінен ішке қарай кіші жыныс ернеулері, labia minora pudenda, орналасады, олар үлкен жыныс ернеулері арасынан мүлдем көрінбейді және солар сияқты түрі шырышты қабыққа ұқсайтын екі бойлы тері қатпары болып табылады. Кіші жыныс ернеулерінің ішкі беттері бір-біріне жанасып жатады. Әрқайсысының алдыңғы шеті екі кішкене аяқшаға бөлінеді: латералды аяқша деліткіні айналып өтіп, қарама-қарсы жақтың дәл осындай аяқшасымен қосылып, деліткі күпегін, preputium clitoridis түзеді. Медиалды аяқтары сүйір бұрыш жасай қосылып, төмен жағынан frenulum clitoridis түрінде деліткінің басына бекиді. Кіші жыныс ернеулерінің артқы шеттері кішкене көлденең қатпар, frenulum labiorum pudenda, арқылы қосылады.

Кіші жыныс ернеулері арасындағы саңлаутәрізді кеңістік қынап кіреберісі, vestibulum vaginae деп аталады. Кіреберіс қуысына несепшығаратын өзек, қынап және кіреберіс бездерінің шығаратын түтіктері ашылады. Несепшығаратын өзектің сыртқы тесігі – үрпісі, ostium urethrae externum, шамамен деліткі басынан 2 см артқа қарай орналасады, тесіктіе жиектері сәл томпайып тұратындықтан, қолмен сипағанда оңай сезіледі. Одан артқа және төмен қарай едәуір кең, жыныстық қатынасында болмағандарда hymen жауып тұратын ostium vaginae жатады. Қынап тесігінің жан – жағында, hymen мен кіші жыныс ернеулері түбірі арасындағы жүлгеде кіреберісітің үлкен безінің өзегі, glandula vestidularis major (Bartoloni) ашылады. Бартолин бездері, әр жағынан біреуден, еркектердің бульбоуретралды (купер) бездеріне сәйкес диаметрі 10-12 см сопақ пішінді түзілістер болып табылады, олар кіреберіс буылтықтарының артқы шеттерінде орналасады. Үсақ майда бездері- glandula vestibulares minors бар, олар үрпі мен қынап тесіктері арасындағы шырышты қабықтың бетінде ашылады.

Әйел жыныс ағзаларында еркектердің үңгірлі денелеріне сәйкес келетін түзілістер бар; олар – bulbus vestibulімен clitoris.

Bulbus vestibulі, кіреберіс буылтығы, еркектердің corpus spongiosum  penis-не сәйкес келеді, бірақ әйелдерде бұл жерде үңгірлі масса екі симметриялы бөлікке бөлінген. Әрбір буылтықтың ұзындығы 3 см, ені 1,5 см, қынаптың төменгі шетінен латералды орналасқан қою веналық өрім болып табылады.

Clitoris, деліткі, corpora cavernosa clitoridis penis-ке сәйкес келеді, бас, дене және кішкене аяқшалардан тұрады. Ұзындығы 2,5-3,5 см денесі, corpus clitoridis, тығыз фиброзды қабықпен, fascia clitoridis, жабылған, тұтас емес қалқа арқылы corpora cavernosa clitoridis  болып табылатын екі симметриялы жартыға бөлінеді. Алға қарай деліткі денесі тарылып, баспен - Алға қарай деліткі денесі тарылып, баспен – glans clitoridis аяқталады. Артқы жағынан деліткі денесі екі аяқшаға – crura clitoridis, ажырайды, олар қасаға сүйектерінің төменгі тармақтарына бекиді. Деліткі денесіә қасаға симфизіне ілініп тұратын байламмен lig.suspensorium clitoridis бекиді.

Жүйкеленуі: plexus pudendus, n.pudendus

Қанмен қамтамассыз етілуі: a.bulbi vestibule (a.pudenda interna).

 

20.Жатыр: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Жатыр,uterus жамбас астауы қуысында алдыңғы жағынан несеп қуығымен, артқы жағында тік ішек арасында орналасқан тақ, қуыс бұлшықетті ағза болып табылады. Толық жетілген қыздың жатыры алдынан артына қарай қысыңқы алмұрт пішінді. Онда түбін, денесін және мойнын ажыратады. Түбі, fundus uteri,  деп жатыр түтігінің жатырға кіретін сызығынан шығыңқырап тұрған жоғарғы бөлігін атайды. Денесі, corpus uteri,  үшбұрыш пішінді, біртіндеп мойнына қарай тарылады. Мойны, cervix uteri, дененің жалғасы болып табылады, бірақ оған қарағанда дөңгелек және тар болып келеді. Жатыр мойнының сыртқы шеті қынаптың жоғарғы бөліміне еніп тұрады да, қынаптық бөлік, portio vaginalis (cervicis), деп аталады. Мойынның денегі жалғасатын жоғарғы бөлігі portio supravaginalis (cervicis) деп аталады. Алдыңғы және артқы беттері бір-бірінен жиектермен, margo uteri ( dexter et sinister) бөлінеді. Қабырғасы едәуір қалың болғандықтан жатыр қуысы, cavitas uteri, ағзаның көлемімен алыстырғанда онша үлкен емес.

Фронталды кесіндісінде жатыр негізі оның- түбіне, ал ұшы мойнына қараған үшбұрышты тәрізді. Негізігндегі бұрыштарына түтіктер ашылады да, ал үшбұрыш ұшына жатыр қуысы, мойын өзегіне, canalis cervicis uteri, созылады. Жатырдың мойынға ауысатын жері тарылған және жатыр қылтасы, isthmus uteri, деп аталады. Мойын өзегі қынап қуысына жатыр тесігі, ostium uteri, арқылы ашылады. Жатыр тесігі тумаған әйелдерде сопақ пішінді, туған әйелдерде жиектерінде бітіп кеткен жарықтары бар көлденең саңлау пішінді болады. Жатыр тесігі екі ернеумен, labium anterius et posterius шектелген. Артқы ерін жұқалау және қалыңдау, алдыңғы ерінге қарағанда жоғары бекиді.

Жатыр қабырғасы үш қабықтан тұрады: 1. Сыртқы қабық, perimetrum, бұл жатырмен бітісіп, оның сірлі қабығын, tunica serosa, түзетін висцералды ішастар. 2. Ортанғы қабық, myometrium, бұлшықетті қабық, tunica muscularis. 3. Ішкі қабық, endometrium, бұл шырышты қабық, tunica mucosa. Жатырдың орташа ұзындығы 6-7,5 см.

Жатыр топографиясы.  Бойлық білігі жоғарыдан төмен және алға қарай өтеді. Несепқуық боч кезде жатыр түбі алға, ал алдыңғы беті – алға және төмен қарай бағытталған, бұлай еңкеюі anteversio деп аталады. Несепқуық керілген кезде жатыр артқа қисайып оның бойлық білігі жоғарыдан төмен және алға қарай өтеді.

Ішастар жатыр денесін мойнымен қосылатын жерге дейін жабады. Ішастардың несепқуығы мен жатыр арасындағы ұңғылы excavation vesicouterina деп аталады. Жатыр мойнының алдыңғы беті борпылдақ шелмай арқылы несепқуығының артқы бетәімен қосылған. Артынан тік ішек және алдынан жатыр мен қынап арасындағы терең ішастар ұңғылы excavito rectouterina деп аталады. Ішастар жатырдың алдыңғы және артқы беттерінен жатырдың жалпақ байламдары, ligg. late uteri, түрінде жатыр астауының бүйір қабырғаларына ауысып оның шажырақайын түзеді. Жалпақ байламның артқы бетіне қысқа шажырақай, mesovarium арқылы анабез бекиді.

Жүйкеленуі: plexus ovaricus, plexus uterovaginalis.

Қанмен қамтамассыз етілуі: r.tubaritus (a.uterina) a.ovarica тармақтары.

 

21.Иық өрімі: түзілуі, топографиясы. Ұзын тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.

 

Иық өрімі, plexus brachialis, төрт төменгі мойын нервтерінен (С VII) және бірінші кеуде(Тһ) нервісінің үлкен бөлігінен құралады. Иық өрімі алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшықеттер аралығынан бұғана үсті шұңқырына шығып, бұғана артериясынан артқа және жоғары қарай орналасады. Одан қолтық асты артериясына баратын a.axillaris-ті қоршайтын латералды, медиалды және артқы буда пайда болады.

Өрімнің бұғанаүсті, pars supraclavicularis және бұғанаасты, pars infraclavicularis бөліктерін ажыратады.шеткі тармақтар қысқа жіне ұзын болып бөлінеді. Ұзын тармақтар үш будадан пайда болып қолдың бұлшықеттері мен терісін нервтендіреді.

Ұзын тармақтар.

1. N. musculocutaneus, бұлшықет-тері нерві,  иық өрімінің латералды буданынан шығып, m. coracobrachialis-ті тесіп өтіп, иықтың барлық алдыңғы бұлшықеттерін m.coracobrachialis, biceps et brachialis- ті нервтендіреді. Соңғы екі бұлшықет арасынан иықтың латералды жағынан өтіп, n. cutaneus antebrachii lateralis деген атпен білекте созылып кәріжілік жағы терісін және тенор терісін жүйкелендіреді.

2. N. medianus,орталық нерв, медиалды және латералды будалардың a.axillaris-ті алдыңғы жағынан қаусыратын екі түбір ретінде шығып, иық артериясымен бірге sulcus bicipitalis medialis-те жатып шынтақ жүлгесінде m. pronator teres-пен беткей саусақ бүккіштер астына келіп, соңғыларымен m. flexor digitorum profundus арасымен өтіп, аттас жүлгеде білек ортасында орналасатын алақанға келеді. Иықта тармақтар бермейді. Білекте m. flexor carpi ulnaris пен терең саусаөқ бүккіштің медиалды бөлігінен басқа бұлшықеттерінің барлығына rr. muscularis береді. Орталық нерв алақанға canalis carpi арқылы шығып, үш тармаққа nn.digitales palmares communes-терге бөлінеді. Олар бірінші, екінші және үшінші алақан-сүйек аралықтарыы бойымен алақан апоневрозы астында саусақтарға қарай кетеді. Өз кезегінде жеті nn.digitales palmares proprii-лерге бөлінеді. Олар І-ІІІ саусақтардың екі жағын және VІ саусақтың кәріжілік жағына барады.

3. N. ulnaris, шынтақ нерві,  медиалды будадан шығып, иықтың медиалды айдаршығының артынан шынтақ жүлгесінен өтіп canalis carpi ulnaris арқылы алақанға барады; retinaculum flexorum-нің бетінде өзінің соңғы тармағына, rami palmaris n. ulnaris-ке жалғасады. Иықта тармақ бермейді.

Білек пен қол ұшындағы тармақтары. Rami articulares, muscularis, cutaneus palmaris, dorsalis n.ulnaris т.б

4. N. cutaneus brachii medialis, иықтың медиалды терілік нервісін жүйкелендіреді.

5. N. cutaneus antebrachii medialis, білектің медиалды терісінің нервін жүйкелендіреді.

6. N. radialis, кәріжілік нерві иық өрімінің артқы будасының жалғасын құрайды. Иық артериясымен бірге иықтың артқы жағына өтіп, тоқпан жілікті спералды айналып өтіп canalis humeromuscularis-те орналасып, m. brachioradialis пен m. brachialis аралығына шығады. Осы жерде беткей және терең тармақтарға бөлінеді.

22.Бел өрімі: түзілуі, топографиясы, тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.

 

Бел өрімі, plexus lumbalis, үш жоғарғы бел нервінің алдыңғы тармақтарынан және 4-ші нервтің жоғарғы бөлігінен, 12-ші қабырғааралық нерв тармақтарынан түзіледі. Белдің үлекен бұлшық етінің қабатында жайғасып мынандай тармақтар береді.

1. Rami muscularis mm. psoas major et minor m. quadrates lumbarum және  m. intertransvresii laterals lumdarum барады.

2. N. iliohipogastricus m. psoas major – дың латералды жиегінен шығып бөксенің жоғарғы жағы мен медиалды шап өзегінің беткей тесігінің терісін нервтендіреді.

3. N. ilioinguinalis mm. psoas major-дың латералды жиегі астынан шығады. Тікелей шап өзегіне барып, беткей шап сақинасы арқылы шығып, қасаға және атабез терісінде немесе үлкен жыныс ернеуінде тармақталады.

4. N. genitofemoralis mm. psoas қабатынан алдыңғы бетіне өтіп екі тармаққа бөлінеді. R. femoralis шап байламы астынан өтіпсан терісін нервтендіреді. R. genitalis шап өзегінің артқы қабырғасын тесіп өтіп m.cremaster мен атабез қабықтарын нервтендіреді.

5. N. cutaneus femoris lateralis, mm. psoas major-дың бүйір жиегінен шығып, spina iliaca anterior superior-ға қарай барып, санға шығып санның бүйір бетінің тізеге дейінгі терісін нервтендіреді.

6. N. femoris, сан нерві, бел өрімінің жуан тармағы lacuna muscularum арқылы санның алдыңғы бетіне шығып сан артериясынан латералды оранласып көптеген тармақтарға ыдырайды. Бірі r. muscularis m. quadriceps, m. sartorius-ті, ал басқалары санның медиалды бетінің бұлшықеттерін нервтендіреді. Сан нервінің терілік ең ірі тармағының ұзыны n. saphenus canalis adductoris-те сан артериясынан латералды жатады. Одан тізе терісінің төменгі бетіне ramus infrapatellaris және сирақтың медиалды беті мен аяқ ұшының медиалды жиегіне rami cutanei cruris medialis-тер береді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: