Порта-кавальды анастомоздар. 16 страница

Үшкіл нервтің екінші тармағы. N.maxillaris, жоғарғы жақсүйек нерві- foramen rotundum арқылы бассүйек ұқуысынан қанат-таңдай шұңқырына шығады. Осы жерден оның тікелей жалғасы n. infraorbitalis болып табылады. Foramen infraorbitalis арқылы бетке шығып тармақталады.

N.maxillaris-тен мынадай тармақтар шығады.

1. N. zygomaticus, бетсүйек нерві- ұрт пен самай       дың алдыңғы терісіне барады.

2. N. alveolares superioris, жоғарғы жақсүйек қабырғаасынык ішінде өрім, plexus dentalis superior түзеді; үстіңгі түстерге rami dentalis superiors-тер мен қызылиекке r gingiviales superior  кетеді.

3. Rr. Gangionales- maxillaries пен ganglion pterigopalatinum ды байланыстырады.

Ganglion pterigopalatinum, қанат-таңдай түйіні,  өз шұңқырында n.maxillaris-тен медиалды және төмендеу орналасқан. Оның тармақтары.

1. R. nasalis posteriors-foramen sphenopalatinum арқылы мұрынның шырышты қабығы бездеріне барады.

2. Nn. palatine- canalis palatines major арқылы төмен түседі де, foramen palatine majus et minus арқылы шығып, қатты және жұмсақ таңдай шырышты қабықтары бездерін нервтендіреді.

28.Шығыршықтық жүйке, әкетуші және қосымша жүйкелері: топографиясы, жүйкелендіретін аймағы.

 

Шығыршық нерв (IV), n.trochlearis, даму жағынан екінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның жалғыз сомалық-қозғалыс ядроларынан көздің қиғаш бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтар бар. Жоғарғы ми желкенінің бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтар бар. Жоғарғы ми желкенінің дорсалды жағынан шығып, ми аяқшасын латералды жағынан айналып, fissure orbitalis superior арқылы көз ұясына кіріп m. obliqus superior-да аяқталады.

 

Әкетуші нерв (VI) n. abducens, үшінші миотомның қозғалыш түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның көпірде орналасқан сомалық-қозғалыс ядросынан шығып, көздің латералды тік бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтары болады. Көпірдің артқы жиегінде мидан шығып fissure orbitalis superior арқылы көзұясына өтіп, m. rectus lateralis-ке енеді.

 

Қосымша нерв (ХІ) n, accessorius- соңғы желбезек доғаларынан дамиды; эфферентті талшықтары және сопақша ми мен жұлында жайғасқан екі қозғалыс ядросы бар. Ядроларына сәйкес оның ми мен жұлында жайғасқан екі қозғалыс ядросы бар. Ядроларына сәйкес оның ми және жұлындық бөліктерін ажыратады. Ми бөлігі сопақша мидан, кезбе нервтің төменгі жағында шығады. Қосымша нерв жұлындық бөлігі (С 2-5) алдыңғы және артқы түбіршіктері арасында және жоғарғы үш мойын нервтерінің алдыңғы түбіршіктерінен құралып, нерв сабаушасы түрінде жоғары көтеріліп, ми бөліміне қосылады. Қосымша нерв кезбе нервтің бөлініп шыққан тармағы болғандықтан, ол онымен бірге бассүйек қуысынан мойындырық тесігі арқылы шығып m. trapezius пен одан бөлінген m. sternocleidomastoideus екеуін нервтендіреді. Қосымша нервтің ми бөлігі n. laryngeus reccurrens құрамында көмей бұлшықеттерін нерівтендіруге барады. Қосымша нервтің жұлын бөлігі жұтқыншақтың қозғалыстық нервтендірілуіне қатысады.

 

 

29.Мойын өрімі: түзілуі, топографиясы, тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.

Мойын өрімі, plexus cervicalis, төрт жоғарғы мойын нервтерінің (С I-IV ) алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Олар өзара үш доға ілмектермен байланысып, көлденең өсінділердің бүйірінен медиалды жағынан омыртқаның алдыңғы бұлшықеттері, ал латералды жағынан омыртқа бұлшықеттері, m. scalenus medius, m. levator scapulae, m. splenus cervicis арасында орналасып, n. accessorius пен n. hypoglossus және tractus sympaticus-пен анастомозданады. Өрімді алдыңғы жағынан m. sternocleidomastoideus жауып тұрады. Өрімнен шығатын терілік, бұлшықеттік және аралас болып бөлінеді.

Тері тармақтары:

1. N. occipitalis minor (C I -CIII ) шүйде аймағының латералды терісіне барады.

2. N. auricularis magnus (CIII) құлақ қалқаны мен сыртқы есту тесігін нервтендіреді.

3. N. transverses colli (C II-IV) m. sternocleidomostoideus-тің артқы жиегі ортасынан шығып, осы жиекті айналып, алға қарай өтіп, мойын терісін нервтендіреді.

4. N. supraclavicularis (CIII-IV) үлкен кеуде және дельта тәрізді бұлшықеттердің үстіне келеді.

Бұлшықеттік тармақтары:

1. Mm. recti capitis anterior et lateralis, mm. longi capitis et colli, mm. scalene, m. levator scapulae және m. intertransversari anteriores бұлшықеттерге баратындар. Мойын өрімінің қозғалтқыш тармақтарына (SI) ansa cervicalis және тіласты нервінің төмендеген тармағы radix superior жатады.

Radix inferior ansa cervicalis (C II-III) шығады да, төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшықет астында- ішкі мойындырық венасының алдымен шығып, n. hypoglossus-тан шығатын radix superior- мен қосылып, мойын ілмегін- ansa cervicalis-ті түзеді. Мойын өрімі талшықтары ілмектен шығатын тармақтар арқылы m.sternohyoideus, m. sternothyroideus және m. omohyoideus-ді нервтендіреді.

Аралас тармақтар. N.phrenicus- көкет нерві (СІІІ-IV) m. scalenus anterior бойымен бұғана артериясы мен венасы арасынан кеуде қуысына өтеді. Одан әрі оң жақтағы n. phrenicus тік дерлік оң өкпе түбірі алдына түсіп, жүрекқап бүйір бетімен көкетке барады. Сол жақ n.phrenicus қолқа доғасының алдыңғы бетін қиып өтіп, жүрекқаптың сол жақ бүйір бетімен көкетке барады. Көкет нерві симпатикалық сабаудың екі төменгі мойын түйіндерінен талшықтар қабылдайды.

 

30. Иық өрімі: түзілуі, топографиясы. Қысқа тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.

Иық өрімі, plexus brachialis, төрт төменгі мойын нервтерінен (С VII) және бірінші кеуде(Тһ) нервісінің үлкен бөлігінен құралады. Иық өрімі алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшықеттер аралығынан бұғана үсті шұңқырына шығып, бұғана артериясынан артқа және жоғары қарай орналасады. Одан қолтық асты артериясына баратын a.axillaris-ті қоршайтын латералды, медиалды және артқы буда пайда болады.

Өрімнің бұғанаүсті, pars supraclavicularis және бұғанаасты, pars infraclavicularis бөліктерін ажыратады.шеткі тармақтар қысқа жіне ұзын болып бөлінеді. Ұзын тармақтар үш будадан пайда болып қолдың бұлшықеттері мен терісін нервтендіреді.

Қысқа тармақтары.

1. N. dorsalis scapulae (Cv) жауырынның медиалды жиегін бойлай өтеді. Ол жауырынды көтеруші бұлшықет пен ромбы тәрізді бұлшықеттерді нервтендіреді.

2. N. thoracicus longus (Cv-CvI) m. seratus anterior-дың сыртқы бетімен түсіп, оны нервтендіреді.

3. N. suprascapularis (Cv-CvI) incisura scapulae арқылы fossa supraspinata-ға өтеді. Mm. supra- et infraspinatus пен иық буыны қапшығын нервтендіреді.

4. N. pectoralis medialis et lateralis (Cv-ThI) pectoralis major et minor-ға барады.

5. N. subclavius (Cv) m. subclavius-қа барады.

6. N. subscapularis (Cv-CvIII ) m.subscapularis, m.teres major және m. latissmus dorsi-ді нервтендіреді.

7. N. axillaris, қолтық нерві (Cv-CvII) тық өрімі қысқа тармақтарының ең жуан нерві, a. circumplexa humeri posterior-мен бірге foramen quadrilaterum арқылы тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының артқы бетіне өтіп, mm. deltoideus, teres minorжәне иық буынына тармақтар береді. Дельтатәрәізді бұлшықеттің арғы жиегінен ол аймақтың терісін және иықтың жоғарғы бөлімінде оның артқы латералды аймағын нервтендіретін терілік тармақ n. cutaneus brachii lateralis-ті береді.

31. Иық белдеуі бұлщықеттері: құрылысы және қызметі.

Қол сүйектері белдеуінің бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай:алдыңғы және артқы топ бұлшықеттеріне бөлінеді.

Иық белдеу бұлшықеттерінің алыңғы топ бұлшықеттері.

1.Кеуденің үлкен бұлшықеті –m.pectoralis major, жұп бұлшықеттен тұрады.

а) Үлкен кеуде бұлшықетінің бұғаналық бөлігі, бұғана сүйегінің төстік сүйегінің төстік шетінен,

ә) Төс бөлігі, төс сүйегінің алдыңғы бетінен және 2-7 қабырғалардың шеміршектік доғаларынан басталады.

б)Құрсақтық бөлігі, құрсақтың тік бұлшықетінің қынабынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігінің қырқасына барып бекиді.

Қызметі: иықты медиальды қапталына қарай тартып, ішке қарай бұрады. Қолды тіреп ұстаған жағдайда, бұл бұлшықеттің кеуде-қабырғалық бөлігінің жиырылуы нәтижесінде кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алуға ықпал етеді.

Қол сүйектері белдеуінің бұлшықеттерінің артқы топ бұлшықеттері

Дельта тәрізді бұлшықет, m.deltoideus, сыртқы пішіні гректің дельта әріпіне ұқсас келгендіктен дельта бұлшықеті деп аталынады.Ол бұғана сүйегінің латералды бөлігі мен жауырынның қырқасынан басталады. Бұл бұлшықеттің талшықтары тоқпан жіліктің дельта атты бұдырына барып бекиді.

Қызметі: дельта тәрізді бұлшықеттің бұғаналық бөлігі дара жиырылған иық буынын немесе қолды бүгу.Артқы немесе жауырын бөлігі жиырылған кезде, керіснше иық буынын жазады.Бұл бұлшықеттің акромиалды бөлігі жиырылса иық буынын горизантальды жазықтыққа дейін алшақтатады.

Қанмен қамтамасыз етілуі: иықтың оралиа артқы артериясы, a.circuflexa humeri posterior мен кеуде – акромиалді артерия, a.toracoacromialis арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: қолтық нерві, n.axillaris арқылы нервтендіріледі.

2.Қылқан үстілік бұлшықеті, m.supraspinatus, ол жауырынның қылқан үстілік медиалды қырынан,латералды бұрышына қарай горизонталды бағытта бойлау орналасқан.Бұл бұлшықет жауырынның қылқан үстілік ойысынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне барып бекиді.

Қызметі:дельта тәрізді бұлшықеттің қызметіне ұқсас келіп, иық буынын горизонталді жазықтыққа дейін көтеріп, алшақтау немесе әкету.

Қанмен қамтамасыз етілуі: - жауырын үстілік артериясы, a.suprascapularis, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: - иық өрімінің жауырын үстілік нерві, n.suprascapularis, арқылы нервтендіріледі.

3. Қылқан астылық бұлшықеті, m.infraspinatus,Бұл бұлшықет жауырынның қылқан астылық ойысынан, басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне барып бекиді.

Қызметі: иық буынын сыртқа қарай айналдырып бұру немесе супинациялау.

Қанмен қамтамасыз етілуі: жауырын үстілік артериясы, a.suprascapularis, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: иық өрімінің жауырын үстілік нерві, n. suprascapularis, арқылы нервтендіріледі.

4. Жұмыр кіші бұлшыеті, m.theres minor, oл жауырынның латералды қырынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне барып бекиді.

Қызметі:иық буынын сыртқа қарай айналдырып бұру немесе супинациялау.

 Қанмен қамтамасыз етілуі:жауырынның оралма артериясы, a.circumflexa scapulae, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: жауырын үсті нерві, n.suprascapularis, арқылы нервтендіріледі.

5. Жұмыр үлкен бұлшықеті, theres major, oл жауырынның төменгі бұрышының артқы бетінен басталып, тоқпан жіліктің кіші төмпешігіне барып бекиді.

Қызметі: иық буынын төмен және артқа қарай тартып, қолды тұлғаға жақындатып, қолды ішке қарай айналдырып бұру.

 Қанмен қамтамасыз етілуі: жауырынастылық артeрия, a.subscapularis, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендіріледі: жауырын астылық нерві, n..subscapularis, арқылы нервтендіріледі.

6. Жауырын астылық бұлшықет, m.subscapularis, ол жауырынның бүкіл жауырын астылық ойысынан және бұл ойыстың бұлшықеттік көтеріңкілерінен басталып, тоқпан жіліктің кіші төмпешігіне, барып бекиді.

Қызметі: иық буынын ішке қарай бұрып қоймай, буын қапшығын тартып, қозғалыс кезінде шаншылудан сақтайды.

Қанмен қамтамсыз етілуі: жаурын астылық артерия, a.subscapularis, арқылы қанмен қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: жауырын астылық нерві, n.subscapularis, арқылы нервтендіріледі.

 

 

32. Иық бұлщықеттері: құрылысы және қызметі.

Жауабы: Иық бұлшықеттері

    Эмбрионалдық даму кезіндегі бастапқы классикалық қарапайым орналасуын сақтай келе, иық буыны мен шынтақ буынын қозғалысқа келтіруші алдыңғы және артқы топ бұлшықеттерге бөлінеді.

Иықтың алдыңғы топ бүгуші бұлшық еттері

   1.Иықтың екі басты бұлшықеті,m.biceps brachii.Бұл бұлшықеттің проксималды бөлігі қысқа және ұзын басынан тұрғандықтан иықтың екі басты бұлшықеті деп аталуы сол себепті.Ол тоқпан жіліктің алдында терінің астында айқын байқалады.

      а)Иықтың екі басты бұлшықетінің ұзын басы,caput longum, ол жауырынның буын үстілік төмпешігінен жіңішкелеу және ұзындау келген сіңірше арқылы басталады.Бұл бұлшықеттің сіңіршесі иық буыны қапшығының астымен өтіп, одан әрі иық буынынан шыққаннан кейін, тоқпан жіліктің төмпешік аралық саласы,sulcus intertubercularis, арқылы өтіп, екі қарыншалы бұлшықеттің жалпы қарыншасын құрайды.

       ә)Бұл бұлшықеттің қысқа басы,caput brevis, ол жауырынның құстұмсұқ әсіндісінен құстұмсұқ-иық бұлшық еті мен қосарласып бірге басталады.Тоқпан жіліктің орталық бөлігінде екі басы ұршық тәрізді болып келген қарыншасын құрап, одан әрі дисталді сіңіршесіне ұласып, кәрі жіліктің бұдырына,tuberiositas radii, барып бекісе,сіңіршенің медиалды бағытта бағытталған жалпақтау келген шандырлы табақшасы,aponeurosis musculi biceptis brachii, құрап блектің фасциялық қабықшасына ұласады.

        Қызметі: иық пен шынтақ буынын бүгіп, ішке қарай айналдыру.

        Қанмен қамтамасыз етілуі: шынтақ жіліктік жанама жоғарғы және төменгі артериялары, aa. collaterales ulnaris supreirior et inferior, мен кәрі жіліктік қайырылма артериясы a. reccurens radialis,,арылы қанмен қамтамасыз етіледі.

        Нервтендірілуі: иық өрімінің бұлшықет - терілік нерві, n. musculocutaneus, арқылы нервтендіріледі.

   2. Құстұмсық-иық бұлшықеті, m. Corcobrachialis, ол жауырынның құстұмсық өсіндісінен processus coracoideus, жалпақтау келген сіңіршелері арқылы басталып, иықтың кіші төмпешігінің қырқасына, crista tuberculi minoris, барып бекиді.

        Қызметі: иық буынын бүгіп,қолды кеудеге қарай татады.Сонымен қатар, иықты қимылдатпай берік ұстаған жағдайда жауырынды алға және төмен қарай тартады.

         Қанмен қамтамасыз етілуі: иықтың оралма алдыңғы және артқы артериялары, aa.circumflexa humeri anterioret posterior, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

         Нервтендірілуі: бұлшықет-терілік нерві, musculocutaneus, арқылы нервтендіріледі.

  3. Иық бұлшықеті m. Brachialis, ол тоқпан жіліктің алдыңғы бетінің төменгі 2/3 бөлігінен, дельта тәрізді бұдырының аралығынан және иық бұлшықеттерінің аралық медиалды және латералды табақшасынан, septum intertuberculares medalis et lateralis, басталады. сіңіршенің беткей орналасқан дәнекер тканды талшықтары, шынтақ жіліктің бұдырына, tuberositas ulnae, брып бекісе, тереңде орналасқан сіңіршелері шынтақ буынының буын қапшығына ұласады.    

            Қызметі: шынтақ буынын бүгу.

            Қанмен қамтамасыз етілуі: иық артерия, a. brachialis, мен шынтақ жіліктің жанама жоғарғы және төменгі артериялары, aa.collaterales ulnaris superior et inferior, және қайырылма кәрі жілікті артерия, a. reccurens radialis, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

             Нервтендірілуі: иық өрімінің бұлшықеттік нервісі, n. musculo-cutaneus арқылы нервтендіріледі.

Иықтың артқы топ жазушы бұлшықеттері

1.Иықтың үш басты бұлшықеті,m.triceps brachii.Ол иықтың артқы қапталында орналасқан өте жақсы дамыған бұлшықет болып саналады.Бұл бұлшықеттің атына сәйкес латералды, медиалды және ұзын бастары ажыратылады.

а)Латералды басы, caput laterale, ол қысқалау келген сіңіршелер мен бұлшықеттер талшықтары арқылы, тоқпан жіліктің ратералды бетінен, және иықтың бұлшықет аралық латералды бетінен, және иықтың бұлшықет аралық латералды табақшаларынан, septum intermuscularis lateralis, басталады.

 ә)медиалды басының, caput mediale, басым бөлігі, бұлшықеттік талшықтардан тұрады.Бұлшықет талшықтары бірнеше сүйектік нүктеден: тоқпан жіліктің артқы бетінің төменгі бөлігінің артқы бетінен, шынтақ буынын ішке бұрғыш бұлшықеттің, m. pronatorteres, басталар жерінен, иықтық бұлшықет аралық медиальды табақшалардан және шынтақтық өсіндіден, olectranon, басталады.

б)Ұзын басы, caput longum, ол өте мықты келген сіңіршелер арқылы: жауырынның буындық төменгі төмпешігінен, tuberculum infraglenoidale, басталады.

Бұлшықеттің талшықтары тоқпан жіліктің орталық бөлігінде бұл бұлшықеттің медиальды және латералды қарыншаларымен бірігіп, иықтың үш басты бұлшықетінің жалпы қарыншасын құрауға қатысып, шынтақ жіліктің шынтақ жіліктік өсіндісіне, барып бекиді.

 Қызметі: шынтақ буынын жазып, қолды тұлғаға қарай тарту.

Қанмен қамтамасыз етілуі: иықтың оралма артқы артериясы, a. circumflexa humeri posterior, иықтың тереңде орналасқан артериясы, мен шынтақ жіліктік жанама жоғарғы және төменгі артериясы, aa. collaterals ulnaris superior et inferior, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Невтендірілуі: кәрі жіліктің нерві, n. radialis, арқылы нервтендіріледі.

3.Шынтақ бұлшықеті, m. anconeus.Сыртқы пішіні үш бұрыш тәрізді келіп, тоқпан жіліктің латералды айдаршық үстілік өсіндіснен, epycondilus lateralis, және шынтақ буынының жанама кәрі жіліктік байламынан,lig.collaterale radiale, басталып, шынтақ жіліктің шынтақ жіліктік өсіндісінің артқы бетіне бекиді.

Қызметі: шынтақ буынын жазу.

 Қанмен қамтамасыз етілуі: сүйек аралық қайырма артерия, a.interossae reccurens, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: кәрі жіліктік нерві,m. radialis, арқылы нервтендіріледі.

 

33. Шайнау бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.

Жауабы: Шайнау бұлшықеттері бас сүйектерінің белгілі сүйектік нүтелерден басталып, төменгі жақ сүйегіне бекитін төрт жұп бұлшықеттерден тұрады Негізгі қызметі: самай-төменгі жақ буынын қозғалысқа келтіру.

1.Шайнау бұлшықеті, m.masseter, сыртқы пішіні төртбұрыш тәрізденіп,төменгі жақ сүйегінің бұтағының сыртқы бетінде орналасқан бұлшықет. Ол,бет сүйектік доғаның төменгі жиегінен басталады. Бұл бұлшықеттің талшықтары беткей орналасқан және тереңде орналасқан бұлшықеттер топтарына бөлінеді

Беткей орналасқан бұлшықеттер тобы, pars superficialis, ол сүйектік доғаның сыртқы бетінде орналасса, тереңде орналасқан бұлшықеттер тобы, pars profunda, бетсүйек доғаның ішкі қапталынан басталады. Беткей орналасқан бұлшықеттік талшықтары төмен жіне артқа қарай бағытталса, тереңде орналасқан бұлшықеттің талшықтары керісінше төмен және алға қарай бағытталып, одан әрі бұлшықет талшықтары жинақталып төменгі жақ сүйегі бұрышының сыртқы бетіндегі шайнау бұлшықетінің бұдырына, tuberositas massaterica барып бекиді.

Қызметі:төменгі жақ сүйегін көтеріп, алға қарай тарту.

Нервтендірілуі: V жұп үшкіл ми нервінің, n.trigeminus, шайнау бұлшықеттік нервісі,n.massatericus арқылы нервтендіріледі.

Қанмен қамтамасыз етілуі:  жоғарғы еріндік артерия, a.labialis superior арқылы қанмен қамтамасыз етіледі 

2. Самай бұлшықеті, m.temporalis, бас сүйектің самайлық ойысында,fossa temporalis желпуіш тәрізденіп орналасқан.Бұл бұлшықеттің талшықтары: маңдай сүйектің самайлық бетінен, сына сүйектің үлкен қанатының самай ойысына қараған бетінен, самай сүйектің қабықшалы бөлігінің самай ойысына қараған талшықтары, одан әрі жинақталып және төмен қарай бағытталып, төменгі жақ сүйегінің тәж тәрізді өсіндісіне processus coronoideus барып бекиді

Қызметі: бұлщықеттің алдыңғы, артқы, ортанғы бұлшықеттері талшықтарының қызметі төменгі жақ сүйегін жоғары және алға қарай тартса, артқы топ талшықтары керісінше, жоғары және артқа қарай тартады.

Қанмен қамтамасыз етілуі: самайлық терең және беткей артериялары,aa.temporalis profunda et superficialis арқылы қанмен қамтамасыз етіледі

Нервтендірілуі: V жұп үшкіл нервінің терең самайлық нервтері арқылы нервтендіріледі.

3.Қанат тәрізді латеральды бұлшықет, m.pterygoideus lateralis сыртқы пішіні қысқалау және қалыңдау болып келген.Бұл бұшықеттің жоғарғы және төмнгі басы ажыратылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: