Реті:49

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың ауданы.Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тік төртбұрыштың ауданын білу

Дамытушылық: Тік төртбұрыштың ауданына қатысты есептер шығару барысында формуланы дұрыс қолдана білуі, берілген төртбұрыштың кескінін дұрыс сала білуі.

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Өткенді қайталау

3. Практикалық бекіту

4. Үйге тапсырма беру

5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Өткен сабақты қайталауға арналған сұрақтар:

- Тіктөртбұрыштың ауданы

- Квадраттың ауданы

Практикалық кезең:

№213

Тіктөртбұрыш тәріздес жер телімінің ұзындығы 242,5м, ал ені 81,6м. Жер телімінің ауданын тауып, оны гектармен және армен өрнектеңдер.

№214

Тіктөртбұрыш тәрізді жер телімінің ауданы 80га, ұзындығы 2км. Оның периметрін есептеңдер.

№215

Егер тіктөртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 5:7, ал ауданы 140дм болса, қабырғалары неге тең?

№216

Периметрі 96дм, ал ауданы 540дм2 тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Үйге тапсырма:

§18/оқу/, 23 теореманы дәлелдеу

Қорытындылау, бағалау.


Геометрия, 8 сынып, 3 тоқсан

Реті:50

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тарау бойынша білімдерін тексеру.

Дамытушылық: Алған теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдана білуі

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Өткенді қайталау

3. Практикалық кезең. Тест «Өзіңді тексер», оқулық, 69 бет

4. Үйге тапсырма беру

5. Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2. Өткен сабақты қайталауға арналған сұрақтар:

- Тіктөртбұрыштың ауданы

- Квадраттың ауданы

Практикалық кезең:

Тест орындау барысында қолданылатын тақырыптар бойынша қысқа нұсқа:

- Шеңбердің теңдеуі

- Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар әдісі

- Екі нүктенің ара қашықтығы

- Түзудің теңдеуі

Үйге тапсырма:

§§14,15,16,17/оқу/, формулаларды жаттау, дәптерге жазу

Қорытындылау, бағалау.


Геометрия, 8 сынып, 3 тоқсан


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: