Ежелгі Египет мектебі 11 страница

Тәрбие - жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын қарастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш.

Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі - оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуы тарихи тұрғыдан анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактордан - тума қасиеттері, қоршаған орта және тәрбие тұрады.

Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.

Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі - баланың дамуы тәрбие мен білім беруі тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э. Мейман. А. Ф. Лазурский, Ж. Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, “баланың дамуының соңында бірге жүреді” (Л. С. Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы яғни оқыту мен тәрбие көмегімен жүзеге асырылады, бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешуді көздейді (К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, Л. С. Выготский).

Л.С. Выготский оқыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың “дамуының ең жақын болашағына” сүйену керектігін айтқан. Ол былай деп жазған: “Дамудың алдында болған оқыту ғана жақсы болып табылады”. Сондықтан, тәрбиенің ең маңызды тәсілі – табиғи бейімділіктердің жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай қызметін арнайы ұйымдастыру.

“Баланың дамуының ең жақын аймағы” туралы сөз ете отырып, Л. С. Выготский оқушының тапсырманы өз бетінше орындауға әзірлігінің дәрежесін айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды (ол осы кезеңдегі өз дамуының деңгейіне жетті), ары қарай оған мұғалімнің көмегін қажет ететін қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуына дем береді.

Субъектінің әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен тәрбиенің әсерінің пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың “дәрменсіздігі” деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының объектісі ғана емес, сонымен қатар субъектісі де екенін ескеру керек.

Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. Жеке тұлғаның белсенділігі, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетінің мәні зор.

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктерінен туады.

Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар– ішкі және сыртқы екі топқа бөлінді. Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері – барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.

Тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші рөл атқара алады. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамуын анықтайды. Осылайша бұл процесс, шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.

Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігіне дем берген жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз – информациялық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус – қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық поцестердің, қасиеттер мен қатынастардың әралуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлығын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара қатынас-әрекеттің күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудің антиподы ретінде оған қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудің бар болуының ішкі механизмі болып табылады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, наным-сенімдерімен, мақсат-мүдделерімен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.

Оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды.

Қарым-қатынас – балан белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі қырлары бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. ғжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар – адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік.

Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен тереңдеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады. Оқыту барысында біртіндеп оқушының ойлау қызметінің әдіс-тәсілдері қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, іскерлік әрекетінде көрінеді.

Адамның белсенділігі айналаны қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, шығармашылық, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналады.

Жеке тұлғаның белсенділігі оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: білім алу - танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы жҒмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру, оның белсенділігінің барлық бағытта дамуына әсер етеді. Белсенділік баланың барлық күшін жұмсауға, іс-әрекетіндегі өзгешелігін анықтауға, жеке тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын іс-әрекет түрлерімен және әдіс-тәсілдерімен қаруландыру, баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты қҒралы болады.

Жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне пікірлес етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері – ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жеңе алатын күшке айналады.

Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың белсенді іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайтыны да белгілі.

Қабілеттіліктің дамуы үшін баланың бойында жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет қажет (В. Е. Чудновский, В. С. Юркевич). Ал мұндай көңіл-күйге түсу, жұмыстан пайда болған сүйсіну сезімімен сипатталатын танымдық қажеттіліктермен байланысты. Дарынды бала белгілі бір жұмыспен міндет үшін емес, баға үшін емес, жарыста немесе олимпиадада жеңу үшін емес, сол жұмыспен айналысқысы келетін болғандықтан жетістікке Ғмтылады, яғни ол балада жағымды сезімдермен байланысты қажеттілік бар. Осыған байланысты әдебиеттерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бір бастауы өзіне көңіл аудартады. Бұл – жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзіне деген қалыптастырушылық, жасампаздық ықпал-әсері. М. Князеваның ойынша, адамның өзін-өзі дамыту күштері жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады. Оның пікірінше өткеннің ұлы адамдарының Ұмірбаяны, күнделіктері, естелік жазулары, сырлары, хаттары өзін өзі қалыптастыру, өз өзіне талап қою жұмысында аса зор күш жұмсағандарының дәлелі бола алады, ал ол қасиеттер олардың кәсіби еңбектерінің бастауы болып, өмір жолында әрдайым серік болған:”... адам тек қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамды ғана қалыптастырып, түрлендірмейді. Адамзаттың бүтін тарихы – өзін-өзі қалыптастыру мен қайта құрудың жүйесі.

Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуының өзара байланысы мәселесінің көпғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тектілік) және әлеуметтік факторлардың (қоршаған орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қортындысы еш дау туғызбайды. Жеке тұлғаның қалыптасуына мынандай заңдылықтар әсер етеді: әлеуметтік алдын ала анықталып қою, іс-әрекеттің амал-тәсілдері, көпфакторлық, педагогикалық процестің ақиқат-шындығы.

Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект болу себебі оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді мақсатты әсерлерге тәуелді. Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін- өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс).

Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н. И. Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін “жөнді универсалды генетикалық бағдарлама” керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.

СОӨЖ-ның тақырыбы: Тұлға құрылымының көп қырлылығы, күрделілігі, оның барлық құрылымының өзара байланысы

Жоспар:

1. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыру ұғымдарына сипаттама.

2. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыру факторлары.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.“Индивид”, “жеке тұлға”, “даму”, “қалыптастыру” ұғымдарының мәні қалай?

2. Биологиялық және социологиялық бағыттағы жеке тұлғаға көзқарастың ерекшелігі неде?

3. Бихевиоризм жеке тұлғаның дамуының қандай бағытын ұстанады?

4. Прагматизм бағытының ұстанымы қандай?

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1.“Жеке тұлға” деген ұғымды және оның құрылымдық компоненттерінің мағынасын айтыңыз.

2. Жеке тұлғаны қалыптастырумен байланысты негізгі ұғымдарды түсіндіріңіз

3. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуын теориялық-әдіснамалық тұрғыдан ашып көрсетіңіз.

Реферат тақырыптары

1.Жек тұлғаны қалыптастырудағы қоғамдық түпкілікті мақсаты.

2. Жеке тұлғаны қалыптастырудың Қазақстан Республикасының азаматтығы мен байланысы.

3. Жалпы білім беретін мектептегі жеке тұлғаны қалыпастыру бағдарламасы.

Әдебиеттер

1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. Учебное пособие. – М.:1995.

3. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003.

4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. М.: Юрайт 2001.

13-лекция. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті –оқу тәрбие үдерісінің нәтижелілігінің шарты

1. Ғылыми - зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері

2. Жүйелі тәсілдердің негіздері - философиялық категориялар.

3. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері.

4. Теориялық деңгей әдістері.

Негізгі ұғымдар: ғ ылыми зерттеу әдістері, ғылыми дәлел, заңдылық, ғылыми ақпараттың анықтығы, жүйе, модель.

Ғылыми - зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты.

Теория - педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудыңнегізі мен тәсілдер жүйесі.

Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет процесін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.

Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде қаралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетініңжалпы заңдылықтарын, оныңдаму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді.

Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдамасы -ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына негізделеді. Әрбір әдіснамалық тұжырымдама психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде қарастырылады.

Әдіснамалық тұжырымдамалар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психологиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып дамиды, ол нені және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмыстарына араласу үшін зерттеуші ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қортындыларға сүйенеді. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта қарылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қортындыларды тұрақтандыруды қарастыру қажет.

Теориялық білім - белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Теорияның тар мағынасы, педагогикалық іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы.

Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.

Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының тетігі. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оныңне істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кеңжәне күрделі.

Философия - білімдердіңдаму сатыларының әдіснамасының негізі, уақыт өте келе қортындыланып, шығармашылықпен қайта құрылып, бұл күндері жалпы сипатқа ие болып отырған және ғылыми білімнің зерттелінетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы ұйымдастыратын бастауға айналып отыр.

Қазіргі кезеңде ғылымның әдіснамасы, білімнің жеке бір саласы ретінде дамып отыр. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты-ғылыми дейгейлері теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.

Ғылымның қазіргі заманғы әдіснамасында ғылыми теорияларды талдау, олардың қызметтері, ғылыми заңдылықтары, ғылыми теорияларды тексеру тәртібі, зерттеудің заңдылықтары мен болжамдарын дәлелдеу немесе жоққа шығару, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін таңдау, ғылыми-педагогикалық білімнің қалыптасуы мен дамуын ескеру, оныңқайта құрылуы, теория мен әдістер арасындағы қатынастар сипатын анықтау, танымдағы практиканың рөлі мен зерттеу объектісінің өзгеруі сияқты мәселелер алдыңғы қатарға шығып отыр.

Қазіргі ғылыми-педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылыми білімніңжалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі ықпал етіп отыр. Бұл ретте әдіснамалық зерттеулер әртүрлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде жүзеге асырылады. Алайда ғылыми нәтижелер, көп ретте, зерттеушінің философиялық бағыттылығына байланысты емес, олардың жалпы ғылыми құндылығы болып, педагогика ғылымы әдістемесінің дамуына өз үлестерін қосулары қажет.

Әдіснама - әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез-келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерініңдамуы мен жетілуі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.

Таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғылыми іс-әрекет пен зерттеу болжамдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: