Ішкі Монолог пен диалог 21 страница

Шығармалары: 1925 – 1964 жылы Қарағанды шахтасында темір жонушы, “Қарағанды пролетариаты” (қазіргі “Орталық Қазақстан”) газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан “Қызыл ту” газетінің, “Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының қызметкері, редакторы, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953 – 1956, 1962 –1964) қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі “Сәрсен мен Боқаш” (1927) “Жыл құсы” альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы “Ер Шойын” (1929) деген атпен шықты.

1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған “Өмір не өлім” атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген еңбек еді. Қаламгер алғашқы романынан-ақ қазақ топырағындағы өндіріс тақырыбын қозғады, шығармада бұрын жабылып қалған өндірістің Кеңестік кезеңде қайта ашылуы суреттелді. Автор осы жолдағы күресті кейіпкерлер әрекеті арқылы біраз шиеленістіріп, жұмысшы табының бейнесін жасады. Бірақ тартыстың жасандылығы роман кейіпкерлері бейнелерінің әлсіз шығуына, композициясының босаңдығына әсер етпей қоймады. Кейін бұл тақырыпқа қайта оралып, Мұстафин Ғабиден дәуір шындығы мен өндіріс адамдарын суреттеуде едәуір табыстарға жетті. Соғыс жылдарында “Құлаған құз”, “Алынған кек”, “Басқа пәле тілден”, “Айғақ” (1942), “Тұтқын”, “Күлмеген адам”, “Керуен” секілді шағын туындылары өмірге келді (“Жиырма бес”, 1953).

Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, тары дақылынан мол өнім алуда дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен “Шығанақ” повесін жазды (1945). Соғыс жылдарында еңсесі түскен елге ерен еңбегі арқылы көмек көрсетіп, демеу болған ақтөбелік диқан Шығанақтан да басқа мұнда еңбек адамдарының кесек тұлғалары көрініс тапқан. Шығармада қажырлы еңбектің нәтижелі жемісі сөз етіледі. Ауыр арпалыс нәтижесінде жеткен жаңа өмірдің күрделі де қиын жолын үлкен суреткерлікпен жазады. Бұл өз кезеңінде ұрпақты еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, адалдыққа жетелейтін, тәрбиелік мәні жоғары шығарма болды. “Миллионер” повесі (1948) соғыстан кейінгі халық өміріндегі өзгерістерді бейнелеуге арналған. Повесть бірнеше шет тілдерге аударылған (ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, чех, болгар, венгр, қытай, т.б.), шығарма желісі бойынша осы аттас пьеса да жазылған. Ол “Қарағанды” (1952), “Дауылдан кейін” (' 1960), “Көз көрген” (1963) романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді.Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған “Қарағанды” романы (1952) – ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман. Мұстафин Ғабиден бұл шығармасында “Өмір мен өлім” романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді. Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан тануға ұмтылды. Әлеуметтік-психологиясының. тереңдігімен ерекшеленетін “Дауылдан кейін” романы (1960) 20-жылдардың орта кезіндегі қазақ ауылындағы өзгерістерді көрсетуге арналған. Көркемдік сапасы, шынайылығы, психологиялық сезім күйлерін суреттеудегі шеберлігі, образдарының жан-жақты ашылуы, оқиғаларының күрделілігі жағынан роман қаламгердің елеулі табысы саналды. Шығармадағы өмір шындығы “Көз көрген” романында (1963) отаршылдық пен езгіге қарсы күрес арқылы жалғасын тапты. Өз өмірінен және өзімен тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдері жайында мағлұмат беретін мемуарлық трилогия жазуды жоспарлаған Мұстафин Ғабиден “Көз көргенді” дүниеге әкелді. Мұстафин Ғабиден шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы.

 

93. Жаңа технологиямен оқытуда қолданылатын тəсілдер.

Педагогикалық қызметтің басты мақсаты — жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.

Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.

Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.

Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы»(М.Жанпейісова), «Деңгейлеп оқыту технологиясы» (Ж.Қараев), қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова), «Сын тұрғысынан ойлау» т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми – әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі нәтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды.

Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық жағдайында оқушылардың білім деңгейін көтеру белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өзін – өзі жан – жақты танып білуі мен қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал.

Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.

Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Тиімді әдістердің бірі- электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады, өз білімін көтеруге ұмтылады. Қазіргі таңда компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірбиелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге айналды.

Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық білімін өздерін — өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды. Өз беттерінше де ізденіп, бағдарлама дайындауға шығармашылық шабыт алады.Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.

Оқушылар World, Power Point, Excel, Актив студио т.б программалардың көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді. Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Интербелсенді технологияларды әр сабағымызда пайдалана алсақ интеллектуалдық қабілеті дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін практикада пайдалана білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз деп ойлаймын.

 

94. Көркем бейне және бейнелілік

Көркем бейне – әдебиетте, өнерде (сурет, музыка, театр, кино, т.б.) өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі. К. б-де көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады. Көркем әдебиетте берік орын алған Көркем бейнелер көп. Мысалы: Абай, Дәркембай,Құнанбай (“Абай”), Ботагөз, Асқар (“Ботагөз”),Ұлпан (“Ұлпан”), т.б. Көркем бейне өмір шындығына, халықтың адамгершілік эстет. мұраттарына сәйкес келгенде ғана өнер туындысына айналады.

 

95.Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары

Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты роль атқарады. «Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету». Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ15. Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың түрлері: заттық, образдық, графикалық, синтетикалық, синхроникалық кестелер; буклеттер, альбомдар; техникалық оқу құралдары; тірек сигналдары; кеспе, үлестірмелі қағаздар.

Заттық, образдық, графикалық. Көрнекіліктер көркемсөз шеберлерінің өмір жолын, шығармашылығын оқыту үстінде қолданылатын заттар, бейнелі суреттер (портреттер) шығармашылығы, өмір жолының сандық тізбектері.

Синтетикалық, синхроникалық кестелер. Олар арнайы ақын – жазушылардың шығармаларына тақырыптық бейнеде, образды бейнеде берілетін кестелер.

Буклеттер, альбомдар: ақын-жазушылардың өмір жолына арналып жасалатын бейнелі суреттер.

Тірек сигналдары: тірек плакаты, тірек конспекті. Тірек конспектісі – негізгі материалдан ең негізгілерін бөліп алу керек. Тірек плакаты – ақын-жазушылардың даталы, тарихи оқиғалары мен шығармаларының аты қай жылы жазылған анықтамасының көрсеткіші.

Кеспе, үлестірмелі қағаздар: жеке ақын-жазушылардың көркем шығармалары бойынша жасалады. Көрнекіліктің бұл түрі оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарды орындау мақсатында пайдаланады.

Техникалық оқу құралдары екіге бөлінеді: экрандық техникалық құралдар, дыбыстық техникалық құралдар.

Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал. Ол бүтіннің бөлшегі секілді сабақтың бойында оның белгілі бір құрылымдық структуралық бөлшегіндей басқа құрамдас бөлімдерімен қабат-қабат қабысып жатуы қажет. Сонда ғана көрнекілік шәкірт білімінің тұтастығын арттырып, сабақ үрдісінің тиімділігін жүзеге асырады.

Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұның меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді тандап алуы қарастырылады. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру.

 Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Әдеби білім берудің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің баюына, өзіндік көзқарасының, шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау.

 

96. жоқ























Балалар фольклоры

Балалар фольклоры – халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған Қазақ балалар фольклорыы балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарм. қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логик. жүйелілігімен, муз. әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.

Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай – үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және балалардың өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш шығармалар жатса, соңғысы қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ балалар өлеңдерін қамтиды. Сонымен қатар, Қазақ балалар фольклорын ірі-ірі төрт арнаға жіктеп қарастыруға болады. Олар:

1) әлпештеу поэзиясы. Әлпештеупоэзиясына жататын жырларды шығарушылар да, орындаушылар да – ересектер. Ол жырлар сәбидің шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап оны бағып-қағуға арналған түрлі салт-дәстүрлерді сүйемелдейді, ата-ананың, қалың жұртшылықтың сәбиге деген сүйіспеншілігін, арман-тілегін, халықтық идеалды жыр тілімен өрнектейді. Бөбектің денінің сау, ауру-сырқаудан аман, ширақ болып өсуімен қатар, ең бастысы, оның рухани жетілуіне қызмет етеді. Бұлардың өзі мазмұны мен атқаратын қызметіне қарай бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жыры, уату-алдарқату жыры деп іштей төрт түрге жіктеледі;2) жеткіншектер жыры. Бұл топқа балалардың өздері шығарып, өздері айтатын және ересектер фольклорынан ауысып, балалардың орындауына көшкен жырлар жатады. Ол әлпештеу жырларынан кімдер орындайтындығымен ғана ерекшеленбейді, поэтик. құрылымымен де, атқаратын қызметімен де, тақырыптық, мазмұндық жүйесімен де ажыратылады. Бұл топқа балалар мен ересектердің орындауында қатар өмір сүріп келе жатқан наурыз жыры,жарапазан3) ойындық фольклор. Мұның қатарына балалар ойыны кезіндегі ойынға шақыруға ойынды бастауға, оны жүргізуге қызмет ететін өлеңдер (қаламақ, санамақ, мен өлең ойындарды (тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы) қосуға болады. Жалпы, балаларфольклорына тән шығармалардың барлығында ойындық белгілер болатыны сөзсіз, бірақ ойындарға арналған балалар фольклорына жататын туындыларда, бұл сипат ерекше басым көрінеді, оларда ойынға тән драматизм мен қимыл-әрекет, динамизм күшті. Ойынға шақыру өлеңдері, қаламақ, санамақ, ойын ішіндегі өлеңдер тікелей балалар ойындарымен бірге өмір сүрсе, халық арасында кең тарағанжұмбақ, жаңылтпаштар, тәжікелесулер сөз арқылы ойналады;4) балалар тіршілігінде қара сөзбен айтылатын балалардың прозалық фольклоры. Балалар күнделікті өмірде ересектер аузында айтылатын магиялық фольклордан бастап, аңыз-әңгімелерге дейін үйреніп, жаттап, соларға еліктеп айтып жүреді. Солардың ішінде әсіресе, ертегілердің алдыңғы орында тұратыны белгілі. Бірақ сәби, жеткіншек жасындағы балалар ертегілердің барлығын игере бермейді. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан балалардың прозалық фольклорының қатарына оқиғасы жеңіл, шағын да тартымды, тілі жатық тізбекті ертегілерді, себептік мифтерді, үрейлі әңгімелерді, кейбір батырлық аңыздарды жатқызуға болады.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: