С. Муканов шыг/нын зерттелуи

Сәбит Мұқановтың өзі де, оның шығармалары да халыққа қажет болған, халықтың рухани қажетін өтеген дүниелер.

Әрине, қазіргі өлең өскелең өнер биігіне көтерілген уақыт биігінен қарап, Сәбит Мұқановтың жиырмасыншы жылдары өмірмен біте қайнаса, араласа, арпалыса жүріп жазған туындыларын «е, қойшы» деп, ескіріңкі көзқараспен қарауға болмайды. «Шабыттың бәрі ғажайып, әрі тепе-тең. Өзгешелігі оның иініндегі бір-ақ киімде» – деген Баратынский. Сәбит Мұқанов шығармаларында өз кезеңі кейіпкерлерінің, кейіпкерге айналған адамдардың, олардың замандастарының жан дүниесі, адами әлемі бар. Қаламгер қандай ортада өмір сүрді, басынан қандай қуаныш, қайғы кешті, оның айтары да соған байланысты, оның жазары да сол болмақ. “Поэзия өз дәуірінің үні болмай тұра алмайды және болуға міндетті де. Ал кім де кім өз дәуірінің болашақпен қабыстыратын айырым белгілерін тауып көрсете білсе, ол мәңгілік ақын болғаны” – депті А. В. Луначарский.

Сәбиттің бала жасында көргені бай мен кедей теңсіздігі, басынан кешкені батырақтық, жалшылық. Енді, батырақ өмірін ол жазбағанда кім жазады?

Шашы күн сасыған, үсті сауыс-сауыс бай үйінің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген күңді Сәбит жазбағанда кім жазады? Анасы Балсары бай есігінде жүріп, шаршап келіп талаусырап бесіктегі баласын емізіп отырып, ұйықтап кетіп сәбиі тұншығып өлсе, қыз-апаларының бәрі дерлік тоқалдыққа әйел үстіне кетсе, олар жалғыз інісі – жалғыз ерқара, төркіні – жетім Сәбитті сыйғыза алмаса. Ол жүрекке шер болып байланады емес пе?

Анасы «Бесік жырының» орнына жоқшылық тақсіреті, жесірлік зарын айтты емес пе? Соның бәрі бала шақтан есітіп, құлағына құйып өскен мұңды әуені, көз алдында өткен өмір көріністері еді ғой. Олай болса, Сәбит тапшыл ақын болып қалыптаспағанда қайтеді? Сәбит Мұқановты «неге кедей өмірін жырлайсың?» – деп кіналауға бола ма? Әбден өскен, көркейген, байлыққа мелдектеген, демократия мызғымастай орныққан дерлік Америкада Теодор Драйзер кемшілікті өмір, кедейшілікті бейнеледі. Америка жазушысы Льюис Синклердің көзқарасы – коммунистік. Ол кедейшілік, қайыршылықты шығармаларына арқау етті. Америка жұртшылығы Льюис Синклердің бұл әрекетін айып көрген жоқ. Қайта Нобель сыйлығын берді. Сондықтан қаламгер қауымына ана тақырыпты неге жазды деп кіналай қарау – ерсілік. Қай тақырыпты да қаламгер қалай жазды деп қарасақ, жарасады. Осы «қалай жазды?» деген сұрақтың ішінде әдеби әдеп, адами талғам, талдау бәрі де сыйып жатыр. Сәбит Мұқанов поэмалары – жиырмасыншы жылдардың аяғында («Сұлушаш»), дені, негізінен, отызыншы жылдары жазылған. Шығармашылық мәселесінде уақыт құдіреті деген бар. Әр шығарманың жақсы, жаманын – өміршең не өлімсек екенін уақытқа қарай бағалап, бағасын уақытқа қарай бағамдайтынымыз сондықтан.

Жиырмасыншы жылдары – қазақ әлі бай, кедей дегендей таптық жіктеліске түспеген. Арада жалпы сызат бары рас. Бірақ жиырмасыншы жылдары әдеби процесте басымшылықты оқыған, білімді А. Байтұрсынов,

М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезовтің жастай бере қоймағаны әмбеге аян. С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов секілді жастар әдебиет есігінен сығалап жүргенде – Алашордашылар аталатын олар әдеби процестің ішінде жүр еді. Ұлт әдебиетін жасау амалына жан-жақты кірісіп кеткен. Бар жанр үлгілерін дамыту, жоқ жанр үлгілерін жасау – бар мақсаты. Міне, сондай кезде алдындағы Алаш ағалары үмітін оятып, М. Әуезовтің тамаша әңгімелер, «Қилы замандай» классикалық роман беруі, С. Мұқановтың «Сұлушаштай» поэтикалық туынды, «Адасқандар» секілді роман беруі – үлкен жетістік.

Егер де, әдебиет осы даму қарқынын тежемей отызыншы жылдары одан әрі қарай осылай еркін дами бергенде әрбір ұлт әдебиеті, соның бірі – қазақ әдебиеті де кеніш олжаға кенелер еді. Бірақ еркін әдебиетті еркіндікке жібермей саяси жүйе ауыздықтауға көшті. Ал Алашордаға сөз жүзінде кеңшілік берілді де, іс жүзінде жиырмасыншы жылдардың өн бойында Кеңес өкіметі тарапынан қуғындау, әдебиеттен шеттету, соттаумен айналысты. РАПП, КазАПП-тар бірыңғай пролетарлық әдебиет жасағысы келді. Кадр тәрбиелеуде – талапкердің талантына емес, шыққан кедей табына қарады. Отызыншы жылдың өн бойында орыс символистері, декаденттері не атылды, не аштан өлді, немесе шет елге қашып кетті. Қазақта Алашорда өкілдері әдебиеттен біржолата шеттетілді. Сондықтан, отызыншы жылдардағы әдебиетті – бірыңғай пролетариат жазушылар жасаған әдебиет деп қарау керек.

Біз мұны мақтанышпен айтып отырмағанымыз кім-кімге де түсінікті. Бірақ тарихи шындық солай. Отызыншы жылдары да әдебиет жасалды. Аз ба, көп пе – әдебиет туындылары өмірге келді. Көркемдігі көңіл көншіте ме, жоқ па, әйтеуір жаңа уақыт талабына орай әдебиет жасалып жатты. Оның бағыты – біз жаңа қоғам орнату үстіндеміз. Біз жаңа дәуірді жасаушы жасампаз елміз. Сол жасампаз елдің жаңа адамдары – әдебиет пен өнердің жаңа кейіпкерлері!

Ақын, жазушы алдына коммунистік партия тарапынан тартылған міндет, міне, осындай еді. Бұл – бір жағы қызыл империяның әдебиет пен өнерге зорлығы. Бір жағы – жаңа қоғам, жаңа типті әдебиет пен өнер дүниесін жасауы керек деген жалған ұғым, жалған түсінік. Осыдан келіп әдебиет пен өнер жасаушы өнерпаздар екі жарылды. «Өнер – өнер үшін» – деген концепциясын ұстаным тұтқандар шет елге кете бастады. «Өнер – бұхара халық үшін» – деген көзқарасты ұстаным тұтқандар қарабайыр әдебиет, қарабайыр өнер үлгілерін тудыра бастады. Бұл – уақыт тезіне көну, қоғам талабына көндігу болатын.

ХХ ғасырдан басталған процесс отызыншы жылдарға келіп жеткенде бас пен жақтай бір-бірінен біржолата ажырады. Отызыншы жылдардағы поэзия туралы әңгіме, міне, осындай ала-құла. Бір жай анық – жиырмасыншы жылдардан бастап ақын, жазушыларды қыспаққа алған саяси билік отызыншы жылдары советтік идеология қамытын олардың мойнына біржолата іліп тынды. Тұтастай алғанда, отызыншы жылдардағы әдебиет – ерекше саясиланған әдебиет. Бірақ қандай болғанда да әдебиет. Бірі – үздік, бірі – орташа, енді бірі (дені) идеологиялық жабдықтау (оформление) ғана. Бәрібір олар да зерттелуі керек. Тарихи тұрғыдан қарастырылуы керек. Зерттеу мұраты – мақтау, марапаттау ғана емес, кемшіліктерді талдап көрсету.

Қазақтың үлкен жазушысы Сәбит Мұқанов – кеңестік қилы-қилы кезеңде өмір сүрді. Уақыт, заманаға орай коммунистік көзқараста қалыптасты. Кеңестік идеологияға жегіліп, советтік саяси науқандарға араласауға мәжбүр болды. Соған қарамастан халық бағы мен сорын, қуанышы мен қайғысын арқау еткен көп шығарма берді. Ол шығармалар кезінде халықтың рухани қажетін өтеді, жақсылыққа, игілікке үндеді. Ол шығармаларда жазушы кеңестік тар шеңберде қалып қойған жоқ. Көркем шығармалар әлі де гумманистік ой, ізгілік міндет жетегінде. Шығармалары – кеңестік идеология рухында тәрбиеленіп өскен, коммунистік идеалда қалыптасқан қаламгер еңбегі. Ендеше, тарих аренасынан кеткен кезең көзқарасы, социалистік қоғам мұраты ол шығармаларға да ықпал етеріне дау жоқ. Солай екен деп Сәбит Мұқанов әдеби мұрасынан безіну – нағыз солақайлық болар еді. Қандай жағдайда туды, қалай жазылды, кеңестік көзқарас шеңберінде қалып қойды ма, әлде адамзаттық ізгілік биігіне көтеріле алды ма ол шығармалар? Біз жазушының шығармашылық шеберханасын қарастырғанда осындай сұрақтарға жауап іздедік.

Сәбит Мұқановтың да кейбір поэмалары отызыншы жылдары жазылған. Расын айту керек, сол шығармалардың кейбірінің көркемдігі бәлендей мықты емес. Бірақ өзіндік ерекшеліктері бар: өз дәуірінің өлең (поэтикалық) шежіресі; жаңа адамды сахнаға алып шықты; бір тақырыпта бірнеше поэма жазылды.

Ал ол процестердің бәрі де әдебиет тарихы тұрғысынан қарастырылуы керек. Зерттелуге тиісті.

Сәбит Мұқанов Кеңес өкіметінің қазақ даласындағы, тіпті СССР шеңберіндегі ірі оқиға, іргелі өзгерістерін өзінің күнбе-күндік саяси, саяси- публицистикалық, саяси-лирикалық өлеңдерімен бірге әр алуан тақырыпты үлкенді-кішілі поэмаларына да арқау етті. Олардың көркемдік деңгейі біркелкі емес. Кейбірі қоғам бойынан өтіп жатқан оқиғаны жалаң баяндауға түсіп кететін тым қарапайымдау дүниелер де, кейбірі уақыттық өзгерістерді кейіпкер табиғаты арқылы бақылайтын, бақылай отырып, оны көркем образ дәрежесіне көтеретін туындылар. Ақын кейде кеңес өкіметі ойға алған, істеген істің ізімен жүріп отырамын деген ойдың жетегіне еремін деп тақұл-тұқыл қалыпқа келеді. Ол өлеңдерді осындай талантты адамның қолынан шықты деуге аузың бармайды. Ондай жағдайлар кейде ақын жырлап отырған тақырып өткіншілігінен туындаса, кейде сол тақырыпты пролетариатқа түсінікті өте қарапайым тілмен жеткіземін деген талап жетегінде айтылып, қарабайырлық ауылынан келіп шығатынын білмей де қалады.

Бірақ Сәбит Мұқанов – үлкен суреткер. Оның бір шығармасы әлсіз болса, екінші бір шығармасы шоқтықты шын көркем дүние!

Демек, С. Мұқанов шығармаларын бүгінгі күн тұрғысынан зерттеп, асылы мен жасығын, жетістігі мен кемшілігін ажырата талдауымыз керек.

Біз солай етуге тырыстық.

Алдымен, Сәбит Мұқановтың дастаннан поэмаға келу жолын айқындадық. Асылы, белгілі бір жанр бірден қалыптаса қоймайды. Осы орайда дастан – поэма тудырушы фактор. Ғасырлар бойы халықтың рухани қажетін өтеген дастанның поэмаға ұласу жолындағы әдеби процесс ақынның «Жетім қыз», «Сұлушаш» және «Жұпархан» поэмаларын жан-жақты талдау үстінде дәлелденді. Бұл поэмалар романтикалық сарындағы дастан дәстүрін реалистік поэмаға желілей әкелуге жақын тұрған туындылар.

Сәбит Мұқанов «Жетім қыз» поэмасында күй сарынды аңызды жырласа, «Сұлушашта» халық эпосынан поэма жазды. Ал «Жұпарханда» – тарихи-аңыздық тақырыпқа бара отырып, аңыздық поэма туғызды.

Халық мұрасын кеңінен пайдаланған ақын ауыз әдебиеті үлгілерін өзінің шығармаларында ұтымды пайдалана білді. С. Мұқанов поэмаларын талдай отырып, ақынның фольклордан үйренуінің үш түрлі жолын байқадық: фольклор ізімен жырлау; фольклорлық сюжетке шығарма жазу; фольклорлық форманы пайдалану.

Ақынның дастаннан поэмаға келу жолдарын зерттеу арқылы ондағы көркемдік, реалистік ізденістер кезең сипатына, жанр табиғатына орай идеялық, тақырыптық, стильдік тұрғыдан талданады. Сәбит Мұқановтың сөз өнерін халық мұрасынан үйрене жүріп реалистік мәнерде мол сусындағаны өз замандастары мен орыс әдебиетінің шығармашылық ықпал жасағаны көрсетіледі. Ең бастысы, жас ақынның поэма жанрында өнімді еңбек ету арқылы көркемдік ізденістерге баруы. Тілдік, стильдік тұрғыдан жетілуі, кейіпкердің рухани-мәдени талғам дәрежесін тану жолындағы мақсаттары кеңінен қарастырылады. Бұл жерде көздеген негізгі нысанамыз – Сәбит Мұқановтың дастаннан поэма тудырудағы әр алуан көркемдік ізденістері: таптық шығарма жасаудағы ақын дүниетанымын көрсету.

Сонымен бірге, ақын поэмаларындағы өмір шындығы мен тарихи шындық көркемдік шешім тұрғысынан және характер қуаты мен тіл бедері, шеберлік сырлары да нақтылы поэмаларды талдау барысында айқындала түседі. Сондай -ақ ақын поэмалары жеке дара қарастырылмай, орыс әдебиетінің және төл әдебиетіміздің 1920-30 жылдарында жазылған, тақырыптары өзара үндес шығармалармен салыстыра, бірлікте зерттелінеді. Сол арқылы қаламгердің қазақ поэзиясындағы өсу, жетілу процестері диалектикалық сипатта сөз етіледі. Ақынның өмірді реалистік тұрғыдан терең түсінетініне зор маңыз беріледі. Өмір шындығы болсын, қарапайым халық өкілдерінің тұрмысы немесе адамгершілік, махаббат проблемалары болсын – бәрінде де өз дүниетанымындағы табиғатына тән дәлдік, айқындық, таптық көзқарас тұрғысынан ұтымды, жинақы, терең мағыналарымен ден қойғызады. Міне, қаламгер дүниетанымындағы бұл ерекшеліктер поэма жанры арқылы қарастырылады. Сондай-ақ зерттеу жұмысында ақын поэмаларының әр жылдар нұсқалары өзара салыстырылып, мұндағы өзгешеліктер көрсетіледі. Сонымен бірге, кейбір поэмалар бойынша жазылған әдеби сындағы артық айтып, кем ойланған жайттарға да назар аударылады. Ақын поэмаларының кемшін тұстары мен олқы жерлері де талданып, сын айтылады. Поэмалары жанрлық-тақырыптық тұрғыдан талданып, іштей бірнеше түрге жіктеледі: сюжетті-эпикалық, лирико-публицистикалық, лирикалық, айтыс формалы және очерк типтес.

С. Мұқанов – бар жанрда бірдей жазған аса дарынды қаламгер. Оның алуан жанрды, түрлі тақырыпты қамтыған шығармашылық жолы – өзі өмір сүрген кезеңнің талап-тілегі негізінде туды. Бұл ерекшелік бір ғана С. Мұқанов бастан өткерген жағдай емес, барлық қазақ зиялыларының төңкерістен кейінгі бірнеше буынына ортақ жай. Олар енді қалыптаса бастаған қазақ кеңес әдебиетінің бар жанрына белсене қалам тартып, уақыт талабына үн қосты. Қазақ қоғамы дамуында күрделі, қиын, қилы кезең болып табылатын осы тұста өзге қаламгерлер бастан кешірген жетістік, кемшіліктер С. Мұқанов табиғатына да тән еді. Бұл жолдан қазақ әдебиетінің көптеген өкілдер

 

99. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының дидактикалық, педагогикалық, писихологиялық негіздемесі С.Рубинштейн, Л.С.Выготскийдің, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Ю.К. Бабанский, Б.П.Беспалько, В.М.Монахов т.б. ғалымдардың ғылыми-теориялық идеяларына негізделіп жасалған.

Ж.А.Қараевтың «деңгейлеп саралап оқыту технологиясының» негізгі идеясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында оқушыны өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады [1].

Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамның маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі күнгі жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.

Оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімді жолдары бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқытудың кезінде оқушылардың тәжірибелік- теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік – психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етеді.Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.

[20.05, 1:17] Misigim: Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып, ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес. Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме, міне, негізгі мәселе осында жатыр.

Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл-ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін өңін өзгетпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық – іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды жұмыстары.

Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар – өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақтар, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.

Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап, түсініп оқу, аударып, жаза алады. Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді, естігені бойынша сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді. Грамматикалық, лексикалық тапсырмалар орындайды, мәтінмен жұмыс жасайды.

Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінен жоғары болумен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диолог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық – «іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.

Төртінші деңгей дарынды, іздемпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.

Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттарының көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың»артуы басты себеп болады [2].

Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – әрбір оқушы өзінің даму деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:

1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.

Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақытымен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:

жеке тұлға ерекшеліктеріне;

психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін еркшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);

пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.

Бастапқы ғылыми идеялар:

-деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

-деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

-деңгейлеп-саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Деңгейлеп оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей бағдарламалық және күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.

Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

-оқушының жеке тәжірибесінде негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:

-жеке тұлға ерекшеліктеріне;

-психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);

-пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек).

Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.

Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).

Екінші – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы.

Үшінші – материалды пән аралық қорытындылау сабақтары.

Төртінші – материалды қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынақтар деп аталады).

Бесінші – практикум сабақтар.

Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтармен басқада себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктерімен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі.

Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастырады [2].

Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны игеріп, ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жету мақсатын көздейді.

Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тулғаны қалыптастыру болғандықтан, оқулықтағы теориялық материялдардың берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатындай болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімделіп құрылуы керек. Ол бойынша өнер тапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория — Л.С.Выготскийдің «оқыту процесінде оқытушының ақыл – ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу» туралы теориясы. Бұл ауысу – тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс – әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс – әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқушы оқу материялының әр түрлі деңгеіне көтеріледі.

Сабақта негізінен 4 деңгейлі тапсырмалар берген ұтымды. Деңгейлік тапсырмаларды құрастыруға төмендегідей талаптар қойылады.

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1.Жаттап алуға лайықталған болуы керек.

2.Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.

3.Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:

Өтіп кеткен материялдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.

Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.

Ребустар мен сөзжұмбақтар.

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері.

1) Танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жтілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағыда жаңа білімді меңгеріп,өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.

2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін тапсырмалар.

3) Өздігімен мысалдар, тапсырмалар құрастыру және оны өздігінен шешімін табу. Диаграмма, сызбалар салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:

1) Оқушыларың жинаған өмірлік тәжірибесі мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.

2) Олимпиадалық тапсырмалар.

3) Берілген тақырыптарға өз бетінше реферат, баяндамалар, ғылыми жобалар дайындау.

Демек бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Сонымен, олар бірінші деңгей үшін – игерілген материалды пысықтаумен қайталауға, командалар мен операторлар қызметін жаттауға арналған. Жоғары деңгей үшін – алған білімдерін өздігінен қорыту мен жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.

Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы саралау және дербес оқыту ұстанымдарымен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру ұстанымыда сақталады. [1].

XX ғасырдың 30-жылдарында Америкада білім беру мен оқытуда саралау үдерісі кеңіне етек алғаны мәлім. Бұл үдеріс бүгінгі таңда қазақ мектептеріне де келіп жетті.

Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті бітіргеннен кейін басталады.

Франция мен АҚШ- та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңіне таралған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды “жылдамдар”, “орташалар”, және “баяулар” деп атайды.

Жапония мектептерінде де оқушыларды топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмысты сайыс түрінде жүргізеді. Барлық оқушыға баға қойылады.

 

100. Алтын Орда дәуірінің әдебиеті

13 ғасырдың 2-ші жартысынан 15 ғасырдың соңына дейін өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің әдебиеті. Алтын Орда 13-14 ғасырларды күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен қарым-қатысы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезде Алтын Орда қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет, көркемөнер өсті. Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениетіннен: әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Бируни, ас-Сығанақи, би Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмед Яссауи, Сулейман Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жағынан көрші елдер мәдениетінен үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым көпшіліг түрік текті ру-тайпалар, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, оғыздар болды. Сондықтан Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті, солардың әдеби тілі - шағатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яки солтүстік диалектісінде жасалды. Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен.

Аттары (кейде тек лақап есімдері) бірді-екілі шығармалары сақталған ақын-жазушылар:

Рабғұз и Әли Сайф Сарайи Хорезми СайдахметХусам Қатиб Құтб Дүрбек Сақақи т.б.

Рабғұзи (13-14 ғ.) - Насреддинұлы Бұрһанеддин есімді ақын-жазушының лақап аты. Рабат шаһарының оғызы деген сөзінен қысқартылып құрастырылған. Тарихта ол көбінесе осы лақап атымен аталады. Рабғұзиден қалған әдеби мұра - "Қиссасу-л-анбия(атты үлкен жинақ. Онда 79 қисса-хикая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре, мақала бар. Оларда жер, көк, адамзат, хайуанат, адам-ата жайлы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, сахабалар туралы баяндалады. Ізгілік, адамгершілік, зұлымдық, қайырымдылық, махаббат, ғадауат, қастық, достық т.б. сөз етіледі.

Әли (13-14 ғ.) -Хорезмнен шыққан ақын. "Қисса Жүсіп деген дастан жазған, онда Фирдауси жырлаған Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыз баяндалады. Өзі мен шығармалары жөнінде осыдан баысқа мәлімет жоқ.

Сайф Сарайи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған. Ол Шираздық Саһдид ақынның "Бустан" атты шығармасы негізінде жазған. Соның кей жерін қысқартып, кей жерін ұзартып, өзінше жырлаған.

Хорезми (14 ғ.) - үлкен ақын. "Мұхаббатнама" атты поэма жазған. Поэмасында "Сырдария жағасында жасадым. Мұхаббатнама сөзін сонда бірінші айттым" дейді. Сыр бойындағы Жезді қаласында тұрған сияқты.Шын аты-жөні, басқа шығармалары сақталмаған. "Мұхаббатнама" мақсатына жете алмаған жігіттің ғашығына айтқан арнау сөзі түрінде жазылған. Он бөлімнен немесе үлкенді-кішілі он өлеңнен тұрады. Өлең тармақтары көбінесе он бір буынды болып, маснауи, қасида, ғазал түрінде қиыстырылған. Сюжеті қисынды, қызықты, тілі көркем поэма. "Мұхаббатнама" - Алтын Орда дәуірінің әдебиетінің ең көрнекті нұсқасы.

Хұсам Қатиб (14 ғ.) - "Жұм-жұма" атты поэманың авторы. Бұл поэма Низами поэмаларына еліктеу түрінде жазылған.

Құтб (14 ғ.) "Хисрау Шырын", "Фархад- Шырын" дастандарын жазған. Бұларды автор өзінен бұрынғы ақындар баяндаған тақырыпты өзінше жырлайды. Бұл екі дастанды аттас Низами шығармаларының түрікше нұсқасы десе де болады.

Сайдахмед (14-15 ғ.) "Таһшшуқнама", "Саонама" дастандарын жазған ақын.

Дүрбек (14-15 ғ.) мұсылман елдерінің бұрын-соңды өткен ақындары жырлаған "Жүсіп-Зылиқа" аңызын түркі тіліне дастан еткен. "Осы тамаша аңызды өз тілімізде дастан етіп жазуды мақұл көремін"- де"ді ақын. Оны 1409 ж. аяқтағанын аңғартады.Дүрбек жайында басқа мәлімет жоқ.

Сақақи (15 ғ.) Сырдария мен амудария аралығынан мекендеген ру-тайпаларынан шыққан. Алтын Орда дәуірінің үлкен ақындарының бірі. Өлеңдердің көбіне дүние жайында лирикалық болып келеді.

Сонымен Алтын Орда дәуірінде оның қол астына қараған ру-тайпалар мен халықтардың үлкенді-кішілі бірсыпыра ақын-жазушылары, тума әдебиеті болды. Онда ацдарма шығармалар да едәуір орын алады.

 

101. М.Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі ізденістері.

М.Жұмабаев поэзиялық туындылары арқылы қазақ лирикасы мен эпикалық жанрын өзге жарық та жарқын жолға салған əдеби мұра болып табылады. Мағжанның қазақ əдебиетін дамытудағы еңбегіне жəне əдебиетті өрісін кеңейткен жаңашылдығына осы тұрғыдан қараған жөн. Кезінде Мағжантанудың алғашқы кірпішін қалаған Жүсіпбек Аймауытов бұл туралы: «Қазақ əдебиетіне Мағжанның кіргізген жаңалығы аз емес, орыстың символизмін (бейнешілдігін) қазаққа аударды, өлеңді күйге (музыкаға) айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді, жаңа өлшеулер шығарды. Романтизмді күшейтті, тілді ұстартты», — деп ақын ұстанымының көркемдік болмысын тап басып таныған болатын.

Оның «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Тоқсанның тобы», тағы басқа поэмалары — қаһарман тағдырын ел тағдырымен астастырған, ел тағдырын ер тағдырымен ұштастырған, екі тағдыр шешімін көркемдік шындықтың желісімен жымдастырған егіз шындықтың еншісін бөлген туындылар. Осы тұрғыдан алған да мағжантанушы Ш.Елеукеновтің: «Қазақ поэмасының басында Мағжандай ақынның тұруы бұл жанрдың бағын ашты. Кеңес тұсында мансұқталғанына қарамастан, Мағжан сеуіп кеткен дəн булығып болса да əр тұстан өркен тебетін», — деген пікірге шараң жоқ.

Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінде ел мен жер тағдырына алаңдаушылық басымдау көрінеді. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің əрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол:
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін де өнер-білім ашып жатыр—дей келіп, қазақ арасында білім мен білмекке ұмтылыстың əлі де кейіндеу жатқанына өзегі өртене өкініш білдіреді. Шындығында, Мағжан дəуіріндегі қоғамдағы көрініс қандай еді?.. Мыңды айдаған байлар мал қамында, оқыған-зиялылар шен қамында. Отаршылдықтың қасіретін тартқан халық ұлт ретінде жойылып кетудің аз алдында. Бұл кезеңді «Ері қамауда, малы талауда», — деп Ахмет Байтұрсынұлы дəл тауып айтқан. Елден бірлік кеткен, біліктіден билік кеткен кер кез еді бұл. Міне, Мағжанды өксітетін жайт. Өкініш көп, үміт аз. Қайтпек керек? «Үмітсіз — шайтан» деп білетін халықтың ұлы Мағжанның ендігі тілегі де, тірегі де, үміт артары да, əрине, ұлт азаттығын ту көтерген қайтпас-қайсар жаңа дəуірдің қаһарман ұландары. Өзінің:

 

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте — бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар?, —
деп басталатын «Мен кім?» атты өлеңінде Мағжан өзі қадірлейтін осындай айбатты да қайратты, адал да ұлт күрескерінің айбынды бейнесін ашып береді.

Ақынның азаттық үшін күрес жолындағы арманын ақтайтын үміт отының бірі — «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» жастар. Мағжан үшін жастардың орны бөлек. Оларды ақын Алаш арманын болашаққа жеткізер, Алаш рухын алға жетелер алтын көпір деп біледі. Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп аталатын өлеңінде ол жастардың бойынан сұңқар ұшар биіктікті, тұлпарға тəн жүйріктікті, имани күштілікті көре отырып, Алашқа бостандықтың бозала солар аттырарына сенеді! Жастарды шабытты жырға қоса отырып, оларды мақтан тұтады. «Мен жастарға сенемін!» деген ұлы сенім — Сұлтанмахмұттың «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам» деген ұлы арманымен астасып жатыр.

Мағжан поэзиясындағы басты тақырыптың бірі — ел мен жер тағдыры. Жыр əлеміне қадам басқан сəттен бастап-ақ, ұлт азаттығын жыр арқауының өзегіне айналдырған ақын туған елінің өткен тарихынан ой маржанын теріп, кейінгінің өткеннен сабақ алуының мəні зорлығына назар аударады. Ақын көркемдік қиял арқылы тарихи деректер қатпарынан шын шындықтың шешімін тапқысы келеді.

 

Ақын жырында болашаққа сенім мол.
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! —
деген жолдарда Мағжанның ұлтына, халқына деген шексіз махаббаты сезілсе, одан кейінгі
Қалың елім, қалың қара ағашым,
Қайраты мол, айбынды ер, алашым!
Өзі-ақ құлар, сырын берме, сабыр қыл,
Ақымақтар байқамаған шамасын, —
деген жолдардан оның ертеңгі болашақтан үміті, қалай болғанда да осы қиындықтың артында азат күндердің келеріне деген сенімі көрінеді.

Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа, жер-анаға ғашықтық туралы ойлар — Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі. Ақын нені жырласа да, ерекше сезіммен, шын жүректен жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сыршыл да, сазды да, бейнелі. Мағжан не жазса да суреттеп жазып, образбен береді. Ақын поэзиясында адам мінезі мен табиғат құбылысы астасып жатады. Қай шығармасында болмасын Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Ол туған табиғаттың сұлулығын паш етіп, адам мен табиғат бірлігінен жарасымдылық табады.

Мағжан туған табиғатты жырлағанда, кіршіксіз тазалықты, сезімнің тұнба тұнығын содан іздейді. Ақынның шерлі жүрегі содан ғана тағат тапқан. Ақынның табиғатты жырлаған өлеңдері:


«Қайық», «Жел», «Толқын», «Көкшетау», «Алатау», «Жазғытұрғы», «Күз» жəне т.б. Оның лебінен жылылық ескен əдемі өлеңінің бірі — «Жел».
Мазасы жоқ жел ерке,
Оянып, ап тым ерте,
Жорғалай басып кетеді.
Тыныш жатқан түс көріп,
Көлдің бетін кестелеп,
Оны əуре етеді.
Мұнда ақын желдің «ерке мінезін», ешкімге мойынұсынбас еркіндігін баса жырлайды. Өйткені ақын жаны да сол еркіндікті аңсайды.

Мағжан — поэзиядағы саздылық, əуезділікке баса назар аудара отырып, еуропа, орыс символистерінің өлеңдерінен дəстүр тапқан ақын. Мағжан символизмі туралы мағжантанушы Б.Қанарбаева: «Мағжан — батыс əдебиетінде ХІХ-шы ғасырда, орыс əдебиетінде ХХ ғасырдың басында гүлдене бастаған символизмді, қазақ əдебиетінің топырағында түрлендірген ақын», — деп əдемі айтқан. Иə, Мағжан — еуропа ақындарының шығармашылығындағы мөлдір бұлақтан сусындай отырып, оны қазақ поэзиясының сұлулығымен үндестіре білген ақын. Мағжанның жаңашылдығын осы тұрғыдан таныған жөн.

Мағжан — қазақ поэзиясының жарық жұлдызы ұлы — Абайға еліктей отырып, ұлы ұстаз жолын ұстанғанмен, өзінше жол табудан əсте жалықпай, көп ізденген жан. Өлеңдеріндегі табиғат суреттері, оның тылсым шақтары ақын көңіл-күйімен, мұң-қайғысымен, қуаныш-шаттығымен қат-қабат келіп отырады. Осының бəрі тұтаса келіп Мағжан суреттеп отырған дəуірдің бейнесін толық ашып береді. Сондықтан да бейнешілдікті ең шырқау биігінде көрсету үшін, ақын өз басындағы қайғы мен қасіретті, мұң-зарды халық басындағы ауыр күндермен астастыра жырлайды.

 

Қап-қара түн. Түн баласы күңіренед.
Күңіренумен бір-біріне үн беред.
Сөгінеді, сүрінеді, жығылад,
Қара түнде көр көзімен не көред?!
Қап-қара түн. Шегір көзді жындар жүр,
Қап-қара түн. Қайғы мен қан ойнап тұр,
Қайғы менен қара қанға тұншығып,
Түн баласы ауыр ойлар ойлап тұр.
Қап-қара түн. Уақыт ауыр өтеді,
Ой артынан ойлар келіп кетеді.
Түн баласы көр көзінен жас төгіп,
Күн шығыстан бір пайғамбар күтеді.

«Пайғамбар» өлеңіндегі осы жолдар Мағжанды ұлтының ғана емес, бүкіл əлем жоқшысындай танытады. Батыс халықтарының басындағы қайғы-қасіретті түнге, жай түн емес қап-қара түнге ұқсатуынан осыны байқаймыз. Қап-қара түнді жанды бейнеге айналдырған ақын оған ауыр ой ойлатады, «көзінен жас төккізеді», сөйтіп өлең мазмұнын тереңдетіп, қасірет сарынының күшеюіне күш салады. Ақын əлемді құтқарушы — Шығыс деп, Күнді азаттық символына айналдырады.

Мағжанның махаббатты — жүрекке қуат берер, нəр берер асыл сезім деп бағалауы — азаттық оймен астасып кеткен өзгеше бір түйін. Ақынның осы бағытта жазған өлеңдерінің бірі «Сүй, жан сəулем» — махаббаттың асыл мұратынан, тұнық сезімінен жаралған жыр маржаны.


Сүй, жан сəулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы тəтті у тарады қаныма.
Бұл лəзаттың бір минутын бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына…
Сүй, жан сəулем, тағы да сүй, тағы да
Жылы тəтті у тарады қаныма.
Жасағаннан бір-ақ нəрсе тілеймін,
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да.
Осы өлеңде ақын махабаттың бір сəттегі қызыққа, лəззатқа толы шағын тұмса күйінде жеткізіп,
«Бұл лəззаттың бір минутын бермеймін, Патша тағы, бүкіл дүние малына» деп, бүкіл ақыл-ойды, жан-дүниені сезім жеңген сəттің жанға дəру шынайы шыншыл суретін жасайды.

Мағжанның əуезділігі күйше күмбірлеп келетін, оқыған сайын əдемі əн тыңдағандай мейірің қанатын өлеңдері жетерлік. «Жұлдызды — жүзік, Айды алқа ғып берейін», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде», «Шолпы», «Сүй, жан сəулем», «Сен сұлу» т.б. əсем лирикалары — міне осының куəсі. Мағжанның бұл өлеңдері наздылық, саздылық, əуезділік, əсемдік жағынан əлемдік поэзия жауһарларынан еш кем түспес сырлы дүниелер.


Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,

Хош иісті түрлі-түрлі гүл сұлу,
Əдемі аспан төбедегі көк шатыр,
Асқар тауы, дариямен жер сұлу.
Сылқ-сылқ күліп, сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып, қаңқылдаған қу сұлу,
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан,
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.
«Сен сұлудағы» сүйген жарына ессіз ғашық, жарына деген пəк сезімін сұлу суреттермен өрнектеген ақынның жар сұлулығына деген «өзіндік» көзқарасы туған табиғаттың сұлулығымен, іштей тоғысып жатыр емес пе?! Ақынның мың құбылған көркемдік кестесіндегі лапылдаған от сезімнің жалынын сезіну үшін оны бір деммен оқып шығып, ыстық жүрек ынтығын шынайы қабылдай білу керек. Сонда ғана ажарлы асыл сөзден жаралып, біртұтас болып құйылып түскен сырты сұлу, ішкі иірімі мол, мағынасы терең жұмыр дүниенің бар болмысын тани түсеміз.

Иə, Мағжан — қазақ поэзиясында өзіндік жаңашылдығы мен дəстүр қалыптастырған, соны ізденістері арқылы өзіндік өнерпаздығына ғана тəн əдеби əдістер əкелген ақын. Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасыр басындағы поэзияға азаттық сарынды арқау етсе, Мағжан қазақ лирикасына сыңғырлаған нəзік əуез нəрін құйып, ұлттық рухты ұлттық сезімнен қуат алған өзгеше үнмен жырлады. Оның рухы биік өршіл жырлары тəуелсіздіктің туын биікке желбіретер рухани құдірет.

Жалпы алғанда, Мағжан шығармашылығы — қазақ поэзиясына өзгеше леп əкелген, соны шығармашылық ізденіс жемісі.

 

102. Сын тұрғысынан ойлау әдісі

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа ала отырып жасалған бағдарлама.Бұл бағдарлама біздің елімізде 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді

Сын тұрғысынан ойлау — мұғалімді және оқушыны сыни тұрғыдан ойлатуға үйрету болып табылады.Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің іс – тәжірибесін, жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана білуімен, бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан қолдана білуімен көрінсе, ал оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
— оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
— оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
— оқушының белсенділігін ояту;
Жеке тұлғаның іс — әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша — әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б.
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
— жаңа ақпаратпен танысу;
— жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс — әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
— мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
— жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
— қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
— инсерт;
— екі жақты күнделік;
— қосымша журнал;
— сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау».
Яғни, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз ақпараттың тиімді, құнды, әлсіз тұстарын нақты ажыратып таңдай алу қабілеті. Көп ақпараттың ішінен өзіне қажетін саралап ала білу.

 

103. Көркем бейне жəне мінез

Көркем бейне – әдебиетте, өнерде (сурет, музыка, театр, кино, т.б.) өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі. К. б-де көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көр


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: