Смагулова Г.М., 3 страница

Кеңес БҰҰ-ның штаб-пәтерінен басқа да қалаларда жинала алады.

Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ның Жарғығының 24-26 баптарына сәйкес қарулы қақтығыстардың алдын алуға және оларды шешудің бейбіт жолдары үшін жағдай жасауға, сонымен бірге мемлекетаралық ынтымақтастықты тәртіпке келтіруге (налаживание) құқығы бар.

Қауіпсіздік Кеңесі мынадай функциялар мен құқықтарға ие:

- БҰҰ-ның принциптері мен мақсаттарына сәйкес халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға;

- халықаралық қақтығыстарға жол берілуі мүмкін кез келген даулы жағдайларды тексеруге;

- осындай жағдайларды реттеудің әдістерін немесе оларды шешудің жолдарын ұсынуға;

- қарулануды реттеу жүйесін құру үшін жоспарлар жасау;

- бейбітшілікке төнетін қауіптің немесе агрессияның барын анықтау және олардың алдын алу шараларын ұсыну;

- агрессияның алдын алу үшін немесе тоқтату үшін күш көрсетумен байланысы жоқ экономикалық санкцияны немесе басқа шараларды қолдану үшін БҰҰ-ның мүшелерін шақыруға;

- агрессорларға қарсы әскери шаралар қолдануға;

- жаңа мүшелерді қабылдауға ұсыныс жасауға;

- «стратегиялық аудандарды» қамқорлыққа алу туралы БҰҰ-ның функциясын атқаруға;

- Бас Ассамблеяға Бас хатшыны тағайындау туралы ұсыныс жасауға және Ассамблеямен бірге Халықаралық соттың судьяларын сайлауға.

Осы аталған фунциялар мен құқықтарға сәйкес Қауіпсіздік Кеңесі өзінің шешімдерін жасайды.

Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілікке қауіп төнуі мүмкін деген ақпарат алған жағдайда, онда ол алдымен даулы жағдайды бейбіт жолмен шешудің жолдарын қарастырады. Ол реттеудің принциптерін жасауы немесе делдал рөлін атқаруы мүмкін. Әскери күш қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, Қауіпсіздік Кеңесі соғыс өртін сөндіруге күш жұмсайды. Мысалы, ол тараптардың бітімге келуіне көмектесу үшін немесе қарсы тұру күштерін бөліп жіберу үшін бебітшіліксүйгіш миссияны жіберуі мүмкін.

Қауіпсіздік Кеңесі өзі қабылдаған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін, мәжбүрлік түрдегі шараларды қолдануы мүмкін. Мысалы, экономикалық санкциялар салу немесе қару-жараққа эмбарго орнату (Жарғының ҮІІ тарауына сәйкес); қажет болған жағдайда бірлескен әскери күштерді де қолдануы мүкін (мысалы, 1991 ж. Қауіпсіздік Кеңесінің қаулысына сәйкес 1990 жылы Кувейттің территориясын басып алған Иракқа қарсы әскери күш қолданды). Бірақ олардың іс-әрекеті бейбіт сипат алады. Соған қарамастан қажет болған жағдайда құрылықтағы әскерді, теңіз немесе әуе күштерін қолдануы мүмкін. БҰҰ-ға мүше-мемлекеттердің қарулы күштерін беруі БҰҰ-ның Жарғысының 43-бабына сәйкес жүргізіледі және бұл мемлекеттер мен Қауіпсіздік Кеңесі арасындағы келісімге сәйкес орнатылған. БҰҰ-ның мүшелері өздерінің қарулы күштерін ортақ әскери қолбасшылықпен әскери санкцияларды жүргізу үшін береді. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес өз мандатын орындау үшін Қауіпсіздік Кеңесі құрған бақылаушылар тобы мен БҰҰ-ның күштері бейбітшілікті қолдау («көгілдір каскалар») құралына жатады. Олар, яғни «көгілдір каскалар» бітімгершілікке бақылау жасау және әскери күштердің қайрадан жандану мүмкіншілігін шектеуге байланысты аралық (буферлік) аймақтарды құру үшін керек. Олар Бас хатшының бұйрығына бағынады.

Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарында Кеңестің төрағасының мәлімдемесі, Қауіпсіздік Кеңесінің мәлімдемесі, БҰҰ-ның Бас хатшысының баяндамалары тыңдалады.

Соңғы жылдары Қауіпсіздік Кеңесін реформалау, яғни оның құрамын кеңейту туралы ұсыныстар айтылып жүр. Осыған байланысты Бас Ассамблея БҰҰ-ның мүше-мемлекеттерінің өкілдерінен тұратын жұмысшы тобын құрды. Қазіргі таңда мүше-мемлекеттер Кеңестің құрамының кеңеюіне, сонымен қатар әдістерді өзгерту арқылы Қауіпсіздік Кеңесі өзіне жүктелген міндеттерді орындауға үндеу тастады. Бас Ассамблеяның қарауында жатқан ұсыныстар мынадай сұрақтарды қамтиды: тұрақты және тұрақты емес мүшелердің санын ұлғайту; ротация, яғни ауысып отыру немесе Кеңестегі қызметті қатар атқару; вето құқығының өзгеруі және Кеңес жұмысының әдістерін жетілдіру.

Бірақ, осындай ұсыныстармен қатар Кеңес мүшелерінің санын 15-тен 24-ке жеткізу, яғни вето құқығысыз қосымша 5 тұрақты мүше (үш дамушы және екі өнеркәсібі дамыған мемлекеттерден) және 4 тұрақсыз мүше қосу қарастырылуда. Басқа ұсыныстар бойынша тұрақты мүшелердің қатарына Жапония, Германия және үш дамушы мемлекеттердің (Латын Америкасынан Бразилия, Азиядан Үндістан, Африкадан Оңтүстік Африка Республикасы немесе Нигерия) өкілдерінің болғаны айтылуда. Бұлардан басқа тағы бір ұсыныс бар. Онда келісілгендей Кеңестің құрамына БҰҰ-ның бейбітшіліксүйгіш қызметіне және оның дамуы проблемаларын шешуге үлес қосқанына қарай мемлекетті мезгіл-мезгіл қайтадан сайлау арқылы тек тұрақсыз мүшелерді ғана енгізу керек.

2003 жылы БҰҰ-ның сол кездегі бас хатшысы Кофи Аннанның ұсыныс бойынша жоғары деңгейдегі топ (Группа высокого уровня - ГВУ) құрылған болатын. Ол топты 15 әртүрлі мемлекеттің (Франция, Бразилия, Норвегия, Гана, Австралия, Ұлыбритания, Уругвай, Египет, Үндістан, Жапония, Ресей, Қытай, Танзания, Пәкістан және АҚШ) көрнекті өкілдері кірген Таиландтың бұрынғы премьер-министрі А. Паньяранча басқарды. 2004 жылдың желтоқсан айында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 59-шы сессиясында топтың жасаған баяндамасында Қауіпсіздік Кеңесін реформалауға қатысты төрт принцип-критерийге (өлшемге) негізделген ұсыныс жасалды: БҰҰ-ға кім қаржылай, әскери және дипломатиялық үлес қосса, солардың шешімдерін көбірек қарастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттердің шешім қабылдау үрдісіне кең көлемдегі мүшелерден құралған мемлекетті, әсіресе дамушы елдердің өкілдерін тарту; Қауіпсіздік Кеңесінің тиімділігіне кедергі келтірмеу; Қауіпсіздік Кеңесінің демократиялық және есеп берушілік сипатын күшейту.

Көрсетілген өлшемдерді ескере отырып топ Қаупсіздік Кеңесін реформалаудың екі: А және В моделін ұсынды. А моделі алты жаңа тұрақты орын беруді қарастырады, бірақ ешқандай қосымша вето құқығы жоқ және негізгі үш аймақтық аумақтар арасына бөлінген («Африка», «Азия және Тынық мұхит», «Еуропа және Амрика құрылығы») екі жыл мерзімге үш жаңа тұрақсыз орын ұсынылады. В моделі ешқандай жаңа тұрақты орын қарастырмайды, бірақ төртжылдық қайтадан жаңартылған мерзімге сегіз орын және екіжылдық мерзімге бір жаңа тұрақсыз орын түріндегі жаңа категориялар ұсынылады. Сонымен бірге топ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы өзгерістердің ешқайсысы да тұрақты немесе болашақта талассыз қарастырылмауы керек деп есептейді. Сондықтан 2020 жылы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын қайтадан қарап шығу керек.

БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі

Экономикалық және әлеуметтік кеңес БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес ұйымның және оның мамандандырылған мекемелері мен институттарының экономикалық және әлеуметтік қызметін үйлестіруші басты орган ретінде құрылған. Ол Бас Ассамблея үш мерзімге сайлап қойған БҰҰ-ның 54 мүшесінен құралады. Экономикалық және әлеуметтік кеңес басқа да халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, мынадай сұрақтарды шешумен айналысады:

- өмір сүру деңгейін ұлғайту, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды дамыту;

- халықаралық экономикалық, әлеуметтік, санитарлық және аралас мәселелерді шешу;

- мәдениет және білім салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- адам құқықтарын жаппай сыйлау және сақтау әрі олардың негізгі еркіндіктерін нәсіліне, жынысына, діни сенімдеріне қарамай-ақ сақтау.

Кеңес жылына екі рет: сәуір айында Нью-Йорк қаласында ұйымдастыру сессиясына және шілде айында Женева қаласына негізгі сессиясына шақырылады. Отырыстардағы шешімдер Кеңес мүшелерінің дауыс беруімен және қатысушы көпшіліктің дауыс беруімен қабылданады.

Экономикалық және әлеуметтік кеңес 4 тұрақты комитеттер, тұрақты сараптамашылар тобы, функционалды комиссиялар, 5 аймақтық комиссиядан және әртүрлі арнайы (ad hoc) сараптамашылар тобынан тұрады.

Тұрақты комитеттер: үкіметтік емес ұйымдар комитеті; бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі комитет; табиғи ресурстар жөніндегі комитет; жоспалауды дамыту жөніндегі комитет.

Тұрақты сараптамашылар тобы бір жақты арнайы мәселелермен айналысады.

Функционалды комиссиялар: статистика жөніндегі комиссия; адам құқықтары жөніндегі комиссия; әлеуметтік даму комиссиясы; әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссия; наркотика жөніндегі комиссия; халықты орналастыру және дамыту жөніндегі комиссия; қылмыс және әділеттік жөніндегі комиссия; ғылым мен технологияны дамыту жөніндегі комиссия; тұрақты даму жөніндегі комиссия; қоныс аударушылар жөніндегі комиссия; жаңа және қайтадан жаңғыртылған энергия көздерін дамыту жөніндегі комиссия.

Аймақтық комиссияға Еуропадағы экономикалық комиссия (Женева); Азия және Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік комиссия (Бангкок); Латын Америкасы және Кари аралдарындағы экономикалық комиссия (Сантьяго, Чили); Африкадағы экономикалық комиссия (Аддис-Абеба); Батыс Азиядағы әлеуметтік комиссия (Бағдат) жатады.

Жоғарыда талған комитеттер мен комиссиялардан басқа мынадай арнайы органдары бар: БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ); Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ-ның жоғары комиссарының басқармасы; БҰҰ-ның даму бағдарламасы; Тұрғындарды орналастыру жөніндегі БҰҰ-ның қоры; халықаралық азық-түлік бағдарламасы; әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі халықаралық оқу және ғылыми зерттеу институты.

Экономикалық және әлеуметтік кеңес экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салалар бойынша, сол сияқты мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, адам құқықтарының сақталуы салаларындағы халықаралық мәселелер жөніндегі зерттеулерге дайындық жүргізумен және соларға байланысты баяндамалар жасаумен де айналысады.

Экономикалық және әлеуметтік кеңес сонымен бірге халықаралық конференцияларды дайындайды және шақырады; Бас Ассамблеяға беру үшін халықаралық ынтымақтастық мәселелерінен арналған конвенциялардың жобаларын әзірлейді; БҰҰ-ның мамандандырылған органдарымен БҰҰ және олардың өзара қарым-қатынасын анықтайтын келісімдерге байланысты келіссөздер жүргізеді.

БҰҰ-ның қамқорлық жөніндегі кеңесі (ЭКОСОС)

БҰҰ-ның қамқорлық жөніндегі кеңесі БҰҰ-ның Жарғысының ХІІ тарауына сәйкес халықаралық қамқорлық жүйесіне енгізілген территорияларды басқаруды бақылау үшін құрылған. Халықаралық қамқорлық жүйесінің басты мақсаты – 11 алғашқы қамқорлыққа алынған территориялардың тұрғындарының жағдайын жақсарту және олардың өзін өзі басқару немесе тәуелсіздік алуларына бағытталған шараларына ықпал ету, қолдау.

БҰҰ-ның қамқорлық жөніндегі кеңесі Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесінен – АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Ұлыбритания мемлекеттерінен құралған және оған Бас Ассамблея жетекшілік етеді. Халықаралық қамқорлық жөніндегі кеңесті құру туралы идея екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі отарлық жүйенің құлауы және тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы кезеңімен тұспа-тұс келді. Сондықтан оның негізгі мақсаты мыналар болды:

- халықаралық бейбітшілікті және қауіпсіздікті нығайту;

- қамқорлыққа алынған территориялардың тұрғындарының саяси, экономикалық, әлеуметтік прогресіне ықпал ету, білім саласындағы прогресі және өзін-өзі басқару немесе тәуелсіздік жолындағы прогресін дамыту;

- нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне қарамастан барлығына ортақ адам құқықтарын сыйлау және негізгі еркіндіктердің берілуіне жағдай жасау;

- әлем халықтарының өзара тәуелділігін мойындауға қолдау көрсету.

Қазіргі таңда барлық қамқорлыққа алынған территориялар өзін-өзі басқаруға немесе жеке мемлекет ретінде егемендіктерін алуға немесе тәуелсіз көрші мемлекеттердің құрамына қосылуға қол жеткізді. Сондықтан 1994 жылы Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ның қамқорлық жөніндегі кеңесінің11 алғашқы қамқорлыққа алынған территорияларының ең соңғысы, АҚШ-тың басқаруында болып келген Тынық мұхитындағы Палау аралы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін БҰҰ-ның қамқорлық жөніндегі кеңесі жөніндегі келісімін тоқтатты.

Халықаралық қамқорлық жүйесі халықаралық қатынастар жүйесіндегі бірегей және қажетті құрал ретінде қызмет атқарды. Оның алға қойған мақсаттары орындалды.

БҰҰ-ның халықаралық соты

БҰҰ-ның халықаралық соты 1945 жылы құрылды. Ол БҰҰ-ның басты сот органы болып табылады және оның орталығы Гаага қаласында орналасқан. Сот Бас Ассамблея және Қауіпсіздік Кеңесі сайлап қоятын 15 судьядан құралған. Соттың құрамында бір мемлекеттің екі азаматы кіре алмайды. Судьялар тоғыз жыл мерзімге сайланып қойылады және қайтадан сайлануға құқықтары бар. Халықаралық сотқа келгеннен кейін осы жылдар ішінде судьяларға басқа қызметпен айналысуға рұқсат берілмейді.

Халықаралық соттың құзыретіне БҰҰ-ның Жарғысымен қарастырылған барлық іс-әрекеттер мен сұрақтар кіреді.

Халықаралық сотты «Әлемдік сот» деп те атайды. Ол мына салалардағы халықаралық даулар жөнінде шешім шығарады: экономикалық құқық, жүріп тұру құқығы, күұш көрсетпеу немесе қолданбау, мемлекеттердің ішкі істеріне, дипломатиялық қарым-қатынастарға араласпау.

Халықаралық соттың статуты БҰҰ-ның Жарғысының ІІ бөлімінің 36-шы бабында аталған:

а) заңның түсіндірілуі;

б) кез-келген халықаралық құқық мәселесі;

в) халықаралық міндеткершілікті бұзушы кез-келген факт қалпына келтіріледі;

г) халықаралық міндеткерлікті бұзғаны үшін төленетін шығынның көлемі мен сипаты.

Халықаралық сотқа екі функция жүктелген: оның қарамағына берген мемлекеттердің заңнамалық дауларын халықаралық құқыққа сәйкес шешу; халықаралық органдар мен мекемелер оған сеніп тапсырған заңнамалық сұрақтар бойынша кеңес ретіндегі қорытындыны шығару.

Сот процедурасы оның Жарғысы және Регламентімен анықталған. Қазіргі кезде 1978 жылы қабылданған Регламент әлі күшінде.

Соттың ресми қызмет көрсету тілдері – француз және ағылшын. Мемлекеттің өтініш беруі бойынша халықаралық сот оның басқа тілді қолдануына құқық беруге міндетті. Сот ісін жүргізу екі бөлімнен тұрады: жазбаша және ауызша. Егер Соттың басқаша шешімі болмаса немесе тараптар көпшіліктің қатыспауын талап етпесе, онда сот ісін тыңдау көпшіліктің алдында жүргізіледі. Барлық сұрақтар қатысушы судьялардың көпшілік дауыс беруімен шешіледі. Сот істі ауызша қарағаннан кейін жабық есік ішінде отырысын жалғастырады және содан кейін ашық отырыста өзінің шешімін мәлімдейді. Ақтық шешім қабылданады және оған қайрадан шағым бере алмайды. Егер мемлекеттердің бірі шешімді орындамаса, онда екінші тарап БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне өтішпен бара алады.

Сот өз функцияларын толық құрамымен атқарады, сонымен бірге ол тараптардың өтініші бойынша арнайы палата құра алады. Бірінші рет ондай палатаны Сот 1982 жылы құрды.

Бас хатшы және БҰҰ-ның хатшылығы

БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес бас хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымының бас әкімшілік қызмет адамы болып табылады. Ол дипломат, белсенді сайсаткер, достастырушы ретінде қызмет атқарады. Бас хатшы әлемдік қауымдастықтың алдында БҰҰ-ның символы ретінде, БҰҰ-ның Жарғысында жазылған принциптер мен құндылықтарды қорғаушы ретінде көрінеді. Қазіргі кезде БҰҰ-ның бас хатшысы қызметін Корея Республикасының азаматы Пан Ги Мун атқаруда. Оның алдында бас хатшы қызметін төмендегілер атқарды: 1997-2007 жж. – Кофи Аннан (Гана); 1992-1996 жж. - Бутрос Бутрос Гали (Египет); 1982-1991 жж. - Хавьер Перес де Куэльяр (Перу); 1972-1991 жж. - Курт Вальдхайм (Австрия); 1961-1971 жж. – У Тан (Бирама); 1953-1961 жж. – Даг Хаммаршельд (Швеция) (; 1945-1953 жж. – Трюгве Ли (Норвегия).

Бас хатшы Бас Ассамблеяның отырысында жыл сайынғы БҰҰ-ның жұмысы туралы баяндама жасайды. Оның пікірінше халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төнуі мүмкін деген мәселені ол Қауіпсіздік Кеңесінің назарына жеткізу құқығына ие.

Бас хатшыны Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас Ассамблея бес жыл мерзімге сайлап қояды. Ол мерзімі аяқталғаннан кейін екінші мерзімге қайтадан сайлануға құқылы.

Бас хатшы БҰҰ-ның хатшылығының толыққанды жұмыс істеуіне жауап береді. Хатшылықтың қызметкерлерін Бас Ассамблея бекіткен ережелерге сәйкес тағайындап қояды. Қызметкерлер жеке басының қасиеттері бойынша және өкілдердің әр аймақтардан болуы прициптеріне сәкес таңдап алынады. Хатшылық ағымдағы жұмыстардың орындалуына жауап береді. Оның функциялары сан-алуан: халықаралық дауларды шешуде делдалдық; әлемдегі әлеуметтік және экономикалық тенденцияларға шолу жасау; адам құқықтары жөніндегі және тұрақты даму туралы зерттеулерге дайындық жүргізу және тағы сол сияқты қызметтерді атқарады. Сонымен бірге хатшылық әлемдік ақпарат құралдарын БҰҰ-ның қызметі жөнінде хабардар етіп отырады; әлемдік маңызға ие мәселелер бойынша халықаралық конференциялар ұйымдастырады; БҰҰ органдарының шешімдерінің орындалуын қадағалайды және ұйымның құжаттарын ресми тілдерге аударып отырады.

Қазіргі кезде хатшылықта дүние жүзінің 170 мемлекетінің өкілдері қызмет атқаруда.

БҰҰ-ның орталық мекемесі Нью-Йорк қаласында орналасқан. Ал оның бөлімдері Женева, Вена және Найроби қалаларында бар.

Женевадағы БҰҰ-ның орталығы қарусыздану және адам құқықтарына арналған мәселелерді талқылау үшін дипломатиялық конференциялар мен форумдар өткізеді. Венадағы штаб-пәтер негізінен наркотиканы қолдануға бақылау орнату, қылмыстың алдын алу, космосты бейбіт мақсатқа қолдану сияқты мәселелермен шұғылданады. Ал Найробидағы орталық қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелермен айналысады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Крылов СБ. История создания Организации Объединенный Наций.-М., 1960.

2. Международные отношения: теории, конфликты, движения, организации / Под ред.П.А. Цыганкова: Учебное пособие. Изд.2-е, перераб. и доп.-М.: Альфа-М: ИНФРА-М, 2008.-320 с.

3. Организация Объединенных Наций. Основные факты. Справочник. Пер. с англ.-М., 2000.-Б.5-6 (424 с.)

4. Специализированные учреждения ООН в современном мире / Отв. ред. Г.И. Морозов.-М., 1967.

5. Устав ООН. Сборник документов по международному праву.

6. Улахович В.Е. Международные организации: Справочное пособие.-М.: АСТ; Мн.:Харвест, 2005.-400 с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ефимов Г.К. Генеральная Ассамблея ООН.-М., 1969.

2. Кожевников Ф.И., Шармазанашвили Г.В. Международный суд ООН: Организация, цели, практика.-М., 1971.

3. Шибаева Е.А. Специализированные учреждения ООН (меж­дународно-правовые аспекты).-М., 1966.

4. Біріккен Ұлттар Ұйымы http://www.un.org


3 Лекцияның тақырыбы: Үкіметаралық әмбебап қаржы ұйымдары

Лекцияның жоспары: 1.Халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың

қалыптасуы және олардың түрлері.

2. Дүниежүзілік банк және оның қызметі

3. Халықаралық валюталық қор: мақсаты, құрылымы

4. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі

5. Халықаралық қаржы коорпорациясы

6. Халықаралық даму ассоциациясы

7. Инвестициялық кепілдік жөніндегі халықаралық

агенттік

8. Еуропаның қайта құру және даму банкі

9. Париж және Лондон клубтары туралы

Халықаралық қаржы экономикалық ұйымдар – мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық экономикалық ұйымдар. Мақсаты: мемлекеттер арасында валюталық және несие-қаржылық қатынастарды реттеу, мемлекеттердің экономикалық дамуына, несие көмегіне жәрдемдесу. Осындай ұйымдардың қатарына Дүниежүзілік банк, алықаралық Валюталық Қор (ХВҚ), Халықаралық Даму Ассоциациясы (ХДА), Халықаралық Қаржылық Корпорация (ХҚК), Халықаралық Аймақтық Даму Банкі жатады.

Халықаралық қаржы институттарының пайда болуы, құрылуы келесі себептермен айқындалады:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: