Смагулова Г.М., 4 страница

- шаруашылық өмірді интернациялизациялаудың күшейюі, ұлттық шекарадан тыс шығатын ТНК және ТНБ-ның қалыптасуы;

- әлемдік шаруашылық, соның ішінде валюталық - несие, қаржы байланыстарын мемлекетаралық реттеудің дамуы;

- әлемдік экономиканың тұрақсыздықты, соның ішінде әлемдік валюталық жүйе, әлемдік валюталық, несиелік, құнды қағаз, алтын нарықтар мәселелерін шешудің қажеттілігі.

Яғни, осындай мемлекетаралық институттарды құру түрлі, бірақ бір-бірімен тығыз байланыстағы мәселелерді шешу қажеттілігінен туындады. Бір жақтан әлемдік щаруашылық байланыстарды жаһандандыру үрдісі ұлттық дәрежеде мемлекеттік әкімшілік органдардың реттеуші функциялары мен ұлттық өндірістік күштердің кедергісіз даму қажеттілігі арасындағы мәселелерді және қайшылықтарды көрсетеді. Осы кезде мемлекетаралық институттар және олардың негізінде жатқан келіскен құқықтық нормалар ұлттық дәрежеде бәсекелестік ортасының бұзылу талпынысына кедергі жасайды.

Басқа жақтан, көпжақты ұйымдар қатысушы мемлекеттер ұлттық әкімшілік өкілдері мемлекетаралық қатынастар дәрежесінде екіжақты кедергілерді жою туралы келіссөздерді жүргізе алатын механизмдер болып табылады. Демек, халықаралық ұйымдар ұлттық және халықаралық дәрежеде жаһандану үрдісіне жол ашады. Әлемдік шаруашылық байланыстарды көпжақты реттеу әрқашанда дамиды және жетілдіреді. Мемлекеттер арасында ынтымақтастық салаларының кеңеюі, әлемдік экономикалық жүйенің күрделенуі ең алдымен халықаралық ұйымдардың функциялары мен құрылымның, сонымен қатар көпжақты реттеудің әдістері мен механизмдерінің өзгеруі болып табылды. Ұйымдардың бір бөлігі өз қуатын жоғалтып, өз жұмысын тоқтатты немесе қызметінің түрін өзгертті. Сонымен қатар қажеттілік бойынша жаңа халықаралық институттар құрылған.

Осылайша халықаралық сахнада жаңа дамып келе жатқан мемлекеттердің пайда болуы, олар және дамыған елдер арасында сыртқы экономикалық саясатты бақылау қажеттілігі нәтижесінде Халықаралық Даму Ассоциациясы (ХДА) және Халықаралық Қаржы Корпорациясы (ХҚК) құрылды.

Өз функцияларын іске асыру үшін халықаралық қаржы ұйымдары қазіргі заманға сай қаржылық және инвестициялық талдау және негізгі инвестициялық жобасын тәуекелді басқарудың барлық спектрін қолданады (ол үшін әдетте арнайы топтар немесе халықаралық квалификациялық эксперттердің институттарын, халықаралық аудиторлық фирмалар және инвестициялық банктер жұмыс істейді).

Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болады. Халықаралық ұйымды қалыптастыру үрдісі III кезеңге бөлінген: құру құжатын қабылдау, ұйымның материалдық құрылымын құру және де басты органдарды шақыру.

Бірінші қадам келісімнің мәтінін жасау және қабылдау үшін халықаралық конференция шақыруды талап етеді. Оның атауы түрлі болуы мүмкін, мысалы, статус, жарлық (БҰҰ), конвенция.

Екінші кезеңде ұйымның материалдық базасы құрылады. Бұл мақсатта әдетте болашақ ұйымның органдарының рәсімдерінің ережелер жобалар арнайы дайындалған органдармен жасалады. Олар штаб – пәтерін құруға арналған барлық сұрақтар т.б. шеңберін қарастырады.

Барлық органдарды шақыру халықаралық ұйымды құру шарасын аяқтайды.

Халықаралық Қаржы Ұйымдары негізінен ХХ ғасырдың ІІ жартысында күрт дами бастады. Мысалы, әлемде ең үлкен несие берушілер ХҚҚ және ҚДХБ болды, кейін олар басқа 3 халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге Әлемдік Банкті құрды. Олар бірлесіп коммерциялық несие берушілерді ығыстырды.

Одан басқа, бұл жүйе аймақтық даму банктерімен толықтырылды, яғни, Америкааралық Даму Банкі (АДБ; 1959 ж., Вашингтон, АҚШ), Азиялық Даму Банкі (АзДБ; 1965 ж., Манила, Филиппин), Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ; 1990 ж., Лондон, Англия).

2. Халықаралық валюталық - несиелік және қаржылық қатынастардың институциялық құрылымы өзіне көп санды халықаралық ұйымдарды қосады. Кейбіреулері үлкен құзырет пен ресурстарға ие болып, халықаралық валюталық-несиелік және қаржы қатынастарды реттейді. Басқалары өзін мемлекетаралық талқылау, консенсус өңдеу, валюталық және қаржы-несиелік саясатқа ұсыныстар жасайтын форум сипатында болады. Үшіншілері ақпаратты, статистикалық және ғылыми-зерттеулік баспасөздерді камтамасыз етеді. Олардың біреулері осы міндеттердің бәрін орындайды.

Халықаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарды шартты түрде халықаралық қаржы институттар деп айтуға болады. Осы ұйымдардың мақсаттары келесі:

- халықаралық қаржы мен әлемдік экономиканы тұрақтандыру мақсатында әлемдік қауымдастықтың күшін қосу;

- мемлекетаралық валюталық және несиелік-қаржылық реттеуді іске асыру;

- бірлесіп әлемдік валюта және несиелік қаржылық саясаттың стратегиясын құру және бағыттау.

Халықаралық қаржы ұйымдарының барлықтарында ортақтығы көп, бірақ олардың әрқайсысы өз мәселелерін шешеді, сондықтан оларда: түрлі капитал, өздерінің басқару органдары (Әлемдік Банк тобында – бөліктенген бірлік) спецификалық операциялық механизмдер және қаржы құралдарының жиынтығы, ресурстарды көрсету үшін түрлі ережелер және т.б., олардан қарыз алу көлемдері де әр түрлі.

Жалпы жүйенің бастаушысы ретінде, халықаралық қаржы ұйымдары мынадай ерекшеліктерге ие, яғни олар топтарға бөлініп, оларға әртүрлі анықтамалар беріледі:

- Бреттон-Вудс жүйесі (ХҚДБ және ХВҚ) мүшелік құрамына қарай әмбебап болып келеді, әлемдік маңызы бар, қалғандары аймақтық (МБЭС, МИР, МГБ) принциптері бойынша құрылған;

- екі халықаралық қаржылық ұйым жүйеаралық көмек көрсету (МАР – дамып жатқан елдерге, ЕҚДБ – экономикасы өтпелі кезеңде тұрған мемлекеттерге көмек жасау) мақсатында құрылды;

- ЕҚДБ бастапқыдан құжаттарға сүйене отырып, өз ресурстарын мүше-елдерге жеткізеді;

- МБЭС және МИБ кредиторлар мен қарызға қатысты мәселенің реттелмеуінен қазір іс-жүзінде негізгі жұмысты жүргізбейді;

- МБЭС клирингтік орталық ретінде қызмет етті, МИБ инвестициялық орталық болды, ал ЕҚДБ, МАИГ, ХҚК инвестиция беруде қолдау көрсетеді. ХДА мүше-елдердің жобалына көмек көрсету ретінде қарастырылады.

Халықаралық қаржылық ұйымдар, халықаралық экономикалық ұйымдар жүйенің бөлігі бола келіп, кейінгі топтардың жіктелуіне жатады.

Халықаралық экономикалық ұйым әлемдік шаруашылық жүйесін қалпына келтіреді, оны екі негізгі принципке бөліп көрсетуге болады: ұйымдастыру принципі және көпжақты қалпына келтіру принципі.

Халықаралық экономикалық ұйымдардың жіктелуі ұйымдастыру принципіне қарай негіз ретінде БҰҰ жүйесіне қатыса алады не болмаса қатыспауға құқылы. Бұл бойынша халықаралық экономикалық ұйымдарды келесі топтарға бөлуге болады:

1. БҰҰ жүйесіндегі халықаралық экономикалық ұйымдар;

2. БҰҰ жүйесіне кірмейтін халықаралық экономикалық ұйымдар;

3. Аймақтық экономикалық ұйымдар.

Көпжақты реттеу саласы бойынша халықаралық экономикалық ұйымдардың жіктелуі оларды келесі топтарға бөліп көрсетеді:

1. Экономикалық және өнеркәсіптік серіктестікті және әлемдік шаруашылық салаларын реттейтін халықаралық экономикалық ұйымдар;

2. Әлемдік сауданы реттеу жүйесіндегі халықаралық экономикалық ұйымдар;

3. Әлемдік шаруашылықты реттеу жүйесіндегі аймақтық экономикалық ұйымдар;

4. Кәсіпкерлік қызметті реттеуді іске асыратын халықаралық және аймақтық экономикалық ұйымдар;

5. Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуына ықпал ететін халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктер.

Барлық халықаралық және аймақтық экономикалық ұйымдар, яғни жоғарғы 4 категорияға кіретін ұйымдар үкіметаралық ұйымдар болып табылады.

Қазіргі заман жағдайына сай ұйымдарды келесі топтарға бөлуге болады:

1. Қызметі мен мақсаты жағынан әлемнің барлық мемлекеттерінің мүдделерін ескеретін мемлекетаралық әмбебап ұйымдар. Солардың ішінде ХВҚ, ХҚДБ және оның қосалық ұйымдарын (Халықаралық қаржы бірлестігі (МФК), Халықаралық даму қауымдастығы (МАР), Халықаралық инвестициалық кепілдік бойынша агенствасы (МАИГ) бөліп көрсетуге болады.

2. Әртүрлі экономикалық және қаржы мәселелерін шешу үшін мемлекеттер тарапынан құрылған аймақтық және аймақаралық сипатындағы мемлекетаралық ұйымдар.

3. Жартылай формалдық бірлестік түріндегі халықаралық экономикалық ұйымдар. Әлемдік шаруашылық жетекшілерінің экономикалық жағдайына барлық планетадағы экономикалық «ауа райы» тәуелді. Сондықтан жыл сайын өтетін конференция барысында әлемдік экономиканың өзекті проблемаларын қарастырады. Бұл шешімдер әрдайым ХВҚ, ХҚДБ және басқа да экономикалық ұйымдардың саясатын айқындайды.

4. Әртүрлі сауда- экономикалық, валюта-қаржылық және несиелік, салалық немесе мамандандырылған ұйымдар. Оған жататындар ХҚК, ХДА, МАИГ, БМР.

Ұйымдардың нақтылы жіктелуін әйгілі халықаралық қатынастар маманы Жуков Е.Ф. ұсынды. Халықаралық ұйымдарды ол критерий бойынша топтастырады, яғни:

1. Ұйымдардың көпшілік немесе дара екенін, ондағы мүшелерге қарап бөлуге болады.

Жалпыға ортақ немесе әмбебап халықаралық экономикалық ұйымдар барлық мемлекеттердің қатысуына есептелген, бірақ бүгінгі БҰҰ-да кейбір мемлекеттер әртүрлі себептерге байланысты қатыса алмайды.

Кейбір халықаралық қаржы ұйымдарына (ХҚҰ) тек қана өндірістік дамыған елдер ғана қатысады (Лондондық клуб).

2. Өз құзыреті сипатына байланысты ұйымдар жалпыға ортақ және арнайы құзыреті бар ұйымдарға бөлінеді.

Халықаралық ұйымдардың құзыреті – бұл оның пәндік қызметінің объектісі немесе саласы, сонымен қатар бұл үшін оған өкілеттік беріледі. Халықаралық ұйым құзыреті келісімдік негізге ие және келісім шеңберімен шектелген.

Бірінші жағдайда құзірет қандай да бір болмасын ынтымақтастық саласымен шектелмейді. Ал арнайы ұйымдар - Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚДБ), Халықаралық Даму Ассоциациясы (ХДА), Халықаралық Валюталық Қор (ХВҚ), Инвестицияны Қамтамасыз Ететін Көпжақты Агенстволар (МАИГ) болып табылады.

3. Құзіреттің сәйкестігіне, көлеміне байланысты халықаралық ұйымдарды төмендегі жағдайларға байланысты айыруға болады:

- құзыреті мемлекет пен ұйымдарға ортақ, бағыттаушы қызметін орындайтын үкіметаралық ұйымдар;

- ұлттық функцияларды атқаратын, кейбір мәселелер бойынша шектелген құзыреті бар, олардың қабылдаған шешіміне мемлекет тарапынан шек қойылатын халықаралық ұйымдар. Мысал ретінде ХВҚ пен валюталық-несие саласындағы Әлемдік Банктің қатысушы мемлекеттер үшін шешімдерді орындау міндеттерін атап көрсетуге болады;

- ұлттық ұйымдар, ережелерді түзету үшін құрылған, яғни осы ережеге сүйенетін мүше - мемлекеттер мен қатысушыларға арналған.

4. Халықаралық реттеу саласына байланысты халықаралық ұйымдар төмендегідей болып жіктеледі:

- экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты және әлемдік экономиканың салаларын реттейтін халықаралық экономикалық ұйымдар;

- әлемдік сауданы реттейтін халықаралық экономикалық ұйымдар;

- халықаралық валюта - несиелік және қаржылық ұйымдар (Халықаралық Валюталық Қор, Әлемдік Банк Институты);

- кәсіпкерлікті реттейтін халықаралық және аймақтық ұйымдар (Американдық Инвестициялық Корпорация – МАИК, Солтүстік Инвестициялық Банк – СИБ);

- әлемдік шаруашылық байланыстардың дамуына ықпал ететін халықаралық мемлекеттік емес ұйымдар және бірлестіктер (Париж клубы).

Өзінің түрлеріне қарамай халықаралық қаржы ұйымдар қазіргі халықаралық қатынастарда мемлекеттердің ынтымақтастығы мен көпжақты дипломатия формасы ретінде маңызды рөл атқарады.

Халықаралық ұйымдарда болып жатқан процесстер мүшелердің қызығушылығы, келісімге келуі, позициясы, әдістері, шешімдері, т.б. ұйымның негізгі жұмыс атқару, яғни мәселені талқылау, шешімге келу және оны бақылаудан тұрады. Осыдан халықаралық ұйымның үш негізгі функциясы бөлініп шығады: реттеу, бақылау және оперативті. Осы функцияларды қарай отырып процесстің сыртқы дамуын, орындалуын түсінуге болады. Сонымен қатар ұйымдар өз функцияларын бекітілген құзыретінің негізінде жүзеге асыруға құқылы.

3. Халықаралық инвестициялық институттардың ішінде көптеген елдердің экономикалық даму қарқыны мен бағыттарына өнеркәсібі жағынан дамыған мемлекеттерге экономикалық көмек көрсететін, басқада халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметіне әсер ететін және дамушы мемлекеттерге даму жобасын құру барысында техникалық көмек көрсететін әлемдік банк топтары өте маңызды рөл атқарады. Бұл мемлекетаралық инвестициялық топ, олар Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚДБ) және оның үш филиалы – Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА/МАР), Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК/МФК), Көпжақты инвестициялық-кепілдік агенттігінен (КИКА/МАИГ) тұрады.

Дүниежүзілік банкі – бұл ірі халықаралық ұйым. Жекелеген мемлекетке түсетін пайданың көлемі оның экономикалық күштілігіне тікелей байланысты.

Банктің негізгі басқарушы органы Басшылар Кеңесі болып табылады, Кеңес жылына бір рет жиналады. Дүниежүзілік Банкідегі әрбір мүше мемлекет өзінің жеке басшысын тағайындайды. Дүниежүзілік Банкінің атқарушы органы Басқарушы Кеңес немесе Атқарушы басшылардың Кеңесі болып есептеледі. Басқарушы Кеңес түрлі келіссөздерді жүргізу үшін күнделікті кездесіп, Банктің құжаттары мен мәселелерін талқылайды. Дүниежүзілік Банкі жұмысын қадағалау, басқару Президенттің құзырында.

Бұл орталық 1966 жылы 139 мемлекет қол қойған конвенцияға сәйкес құрылды. Оның қызметін қамсыздандыру мақсатында Әкімшілік Кеңес және Хатшылық ұйымдастырылды. Әкімшілік Кеңестің төрағасы Әлем Банкінің Президенті болып табылады. Кеңес Конвенцияны ратификацилаған мемлекет өкілдерінен құралған (126 мемлекет). Кеңестің жылдық кездесулері халықаралық Қаржы Корпорациясы және ХҚДБ-нің бірлескен отырыстарының уақытымен сәйкестендіріледі. Дауға түскен жақтардың Инвестициялық дау-дамайларды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың көмегіне өз еркімен жүгінеді. Алайда олар конвенцияға сәйкес, арбитражға келіскен жағдайда, өздерінің өтініштерін біржақты тәртіпте қайтарып ала алмайды. Инвестициялық дау-дамайларды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың қызмет ету мерзімінде мұндай өтініштердің 40-қа жуығы тіркелді.

Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі 1944 жылы Батыс Еуропа мемлекеттерінің ІІ дүние жүзілік соғыс кезінде қираған экономикасын қайтадан құру, дамыту мақсатында құрылды.

ХХ ғ. 50 жылдардың ортасынан бастап бұл елдердегі жағдайларды қалпына келтіргенен кейін, ХҚДБ-нің назары отаршылықтан босаған мемлекеттердің экономикалық дамуына ықпал етуге айналды.

ХҚДБ БҰҰ-ның мамандарылған институты ретінде келесі қызметтерді атқарады: дамушы мемлекеттерге қаржылай көмек көрсетеді, олардың экономикалық дамуындағы бағдарламаны қалыптастыруда кеңесші қызметін атқарады, өндірісі дамыған мемлекеттің әрекетін және осы мемлекеттерге техникалық көмек беретін халықаралық экономикалық ұйымдардың дамуын бағыттайды.

ХҚДБ мақұлдаған жобаларға несие ұйымдастырады, сонымен қатар Банктің ұсынысының экономикалық, әлеуметтік тәртібі қарыз алушымен орындалады. Банк несиені шамасы келетін қарыз алушыларға және жоғары рентабельді жою үшін береді. Несие алушылар Банкке мүше мемлекет үкіметі, үкімет немесе орталық банктің кепілі бар жеке фирмалар мен ұйымдар бола алады.

ХҚДБ несие беру мерзімі ұзақ уақытқа беріледі, әдетте артық 5 жыл жеңілдік ретінде беріледі. Несиенің үлкен бөлігі инфрақұрылымның, ауылшаруашылық пен балық шаруашылығының дамуына, өндірістің дамуына бағытталған.

ХХ ғ. 80 жылдардың басында Банктің несие беру қызметінде біраз өзгерістер болды: егер Банк бұрын өндіріске байланысты нақты объекттерге мақсатталған несие бөлсе, осы уақыттан бастап ХҚДБ құрылымдық қайта құру бағдарламасының дамуына және дамушы елдердің валюталық - қаржылық шиеленіскен мәселелерді реттеу үшін қаржы бөле бастады. Сонымен қоса, несиелер көмір және мұнай өндірісінің жобалары ауыл шаруашылықтық, тұрмыстық және жол құрылысы, денсаулық сақтау, білім және т.б. жүйенің дамуына бағытталды. Несиенің мерзімі – 12-20 жыл, жеңілдетілген кезең – 3-5 жыл; бұл өз кезегінде, банкілік және экспорттық несиелердің мерзімінен асып түседі.

ХҚДБ штаб - пәтері Вашингтонда орналасқан. Банктің 70 - ке жуық аймақтық және мемлекеттік бюросы, сол сияқты өкідіктері бар. ХҚДБ - тің ең жоғарғы органы Басқарушылар Кеңесі болып табылады. Атқарушы орган – Директорлар Кеңесі Басқарушылар Кеңесінің алдында жауап береді. Басқарушылар жылына бір рет кездеседі.

Директорлар Кеңесі Банктің саясаты жөнінде шешім қабылдайды, соның негізінде оның жұмысы құрылады. Қазіргі кездегі ХҚДБ қызметінің негізгі, бағыттары мыналар:

- орта мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды несиелеу;

- дайындық жүргізу; инвестициялық жобаларды техникалық және қаржы-экономикалық негіздеу;

- дамушы және пост-әлеуметтік елдерде құрылымдық қайта құруды қаржыландыру.

Банк дамушы экономикасы бар елдер үшін серіктес ретінде қызмет етеді. Банк беретін барлық қарыздар қайтарымды сипат алады. Жарғысына сәйкес, Банк қарыздарды тек мүше-мемлекеттерге береді. Барлық жобалар ұлттық заңдарға сәйкес орындалады. Банктің артықшылықтарының бірі – жеке сектордың дамуына қолдау көрсету. ХҚДБ-нің Жарғысы жеке секторға тікелей қарыз беруге тыйым салады. Мұнымен Әлем Банкі тобының басқа мүшесі – ХҚК (Халықаралық қаржы корпорациясы) щұғылданады. Бұл корпорация жеке сектор түріндегі өнеркәсіп орындарына капитал салу үшін әдейі құрылды. ХҚДБ-ң жобалары негізінен техникалық көмек көрсетуді де өз мойнына алады.

Дамушы елдердің несиеге деген сұранысының өсуіне ХҚДБ-нің қоры жетпегендіктен, ХҚДБ-нің қосалқы ұйымы 1956 жылы құрылған Халықаралық қаржы коорпорациясы (ХҚК) және 1960 жылы құрылған Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) құрылды.

ХҚК-ң Халықаралық Даму Ассоциациясы ХҚДБ-ң қызметтін толықтырылып, аса дамымаған елдерге пайыссыз несиелер (10 жылдық жеңілдік) 35-40 жылға беріледі. Әрине, дамушы елдер тарапынан ХҚК-ң несиесіне деген қызығушылығы үлкен, алайда ол барлық үміткерге несие бере алмайды. Сондықтан да жеңіл несиелер бірінші кезекте халық басына шаққанда ҰЖӨ (ұлттық жалпы өнім) 650 долл. төмен мемлекеттерге берілді. Бірақ та ХҚК-ға қатысу үшін және несиелерін алу үшін, ХҚДБ-не кіру қажет. Қаржы нарығында негізгі капиталға ие ХҚДБ жеңілдігі шарттарда қарыз берсе, ХҚК өз капиталын басқа қайнар көздерден алып, кедей елдерге пайыссыз несиелер береді.

ХҚК қаржыландырудың үш негізі қайнар көзіне ие: ХҚДБ-нің кірістері, мүше мемлекеттердің салатын салығы, бай (ауқатты) мүше мемлекеттер салымы. Осыған бұрын қайтарылған несиелер қосылады. ХҚК-нің әр қаржыландыратын жобасы қаржылай көмектің неғұрлым әсерлі қолданылуын анықтау үшін саяси - экономикалық тексертуден өтеді. Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) ХҚДБ-ға қарағанда біршама өзгеше қызмет атқарады. Сондықтан заңды және қаржы аспекттерінде ол тәуелсіз ұйым болып табылады. Алайда Әлемдік банкпен байланысы бар. ХҚК-ң ерекшелігі оны инвестицияландыру үшін мүше - мемлекеттерге үкімет кепілдігі керек емес. Бұл жеке компанияларды мемлекеттік бақылаудан босатады және шетел капиталын дамушы елдердің экономикасына тартады. Сонымен қоса, ХҚК тек несие беріп қана қоймай, акционерлік капиталға инвестицияларды қалыптастыруға құқығы бар. Дамушы елдерде жеке сектордың дамуы үшін ұлттық және шетел капиталын мобилизациялау мақсатында ХҚК құрылды. Тәуелсіз акционерлі компания болып істейтін мемлекеттік кәсіпорындарды да ХҚК қаржыландырылады. Несиелер жоғары рентабельді жобаларға бағытталады. ХҚК арнайы қызметтері орындайды: шағын бизнесте кәсіпкерліктің дамуына көмектеседі, жеке фирмаларға техникалық көмек көрсетеді, сонымен қоса, ақпараттық қызмет атқарады.

ХҚК-ны қаржыландырушылар: ХҚДБ несиелері, мүше мемлекет капиталы кірістердің бөлігі, қайтарылған несиелер және халықаралық қаржы рыноктарында тартылатын несиелер болып табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: