Смагулова Г.М., 5 страница

Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) ХҚДБ-не қарағанда үкіметтік кепілдікті қажет етпейді. ХКҚ беретін несиелердің деңгейі жоба бағасының 25 %-дан аспайды. ХҚК үшін өнеркәсіп несиелеу қызмет көрсетудің басты бағыты болып есептеледі. Несиелер 7 - 8 жылға беріледі, ең ұзақ мерзім – 15 жыл. ХҚК инвестицияларды өз күшімен қаржыландырады, мемлекеттер мен компанияларға техникалық көмек және кеңес беру қызметін көрсетеді, қатысушы әрбір мемлекеттін мүддесін қолдауға жәрдемдеседі.

Қазіргі таңда ХҚК – көпжақты қарыз берудің негізгі қайнар көзі. Оның негізі мақсаты – жеке сектордың дамуын қолдау. ХҚК заңды және қаржылай тәуелсіз болып есептеледі. Оның жеке Жарғысы, қаржылық және штаттық құрылымы бар. Оны 173 мүше - мемлекет қаржыландырады.

ХҚК-ң қызметін Басқарушылар және Директорлар Кеңесі қадағалайды. Әрбір мемлекет өзінің Қаржы Министрін тағайындайды. Директорлар Кеңесі 24 адамнан құралған. Әлем Банкі тобының Президенті ХҚК Президенті болып табылады.

Халықаралық даму ассоциациясының (ХДА) негізгі функциясы дамушы елдердің ішіндегі ең кедейлеріне ұзақ мерзімді процентсіз ссудалар бері болып есептеледі. Мұндай қарыздар кедейліктің деңгейін төмендетуге бағытталған.

ХДА-ның Жарғысы 1960 жылы күшіне енді. Олар бірыңғай штат, басқару органына бағынады, сол сияқты екеуі де бір президенттің алдында жауап береді. Айырмашылық тек несие беру процессі мен қаржыландыру көзінде бар. Қазіргі кезде ХДА-ның қатарында 158 ел бар. ХДА қарыздарды тек кедей мемлекеттерге ғана береді. (1 адам басына жылдық кіріс 905 АҚШ долларды құрайды). Қазіргі таңда осы категорияға кіретін 80 ел бар. Бұл елдерде 3,2 млрд. адам өмір сүреді. Соның 1,2 млрд.-қа жуығы күнделікті 1 доллар кіріс табады. ХДА-і судалары 35 не 40 жылға 10 жылдық жеңілдік кезеңімен беріледі. 1960 жылдан бастап ХДА 90 елге 97 млрд. долл. жуық қаржы берді. Бұл жылына 6 млрд. долларды құрайды. ХДА-ң ссудаларының 45-50 % Африка елдеріне түседі (Сахара аймағы). Қалған бөлігі азиаттық елдерге түседі. Ең соңында, қалған ссудалар Қытайға, Латын Америкасы, Кариб бассейні, Таяу Шығыс, Европа және Орталық Азия елдеріне түседі. ХДА-ң қорлары әр үш жыл сайын донорлармен толықтырылады. IDA 11-ге салынған кірістердің басым бөлігін АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания және Италия салды. Түркия және Корея қазіргі кезде донорлардың қатарына кіреді. Сол сияқты ХҚДБ - нің қарызға алушылары болып табылатын Бразилия, Венгрия, Мексика, Польша, Ресей, Оңтүстік Африка елдері де донорлар болып есетеледі. ХДА кедейшілікпен жобалардың кең диапазоны арқасында күреседі, оның ішінде ауылшаруашылығы (26%), әлеуметтік қамсыздандыру (26%) және инфрақұрылымды дамыту (22%) салаларында да.

Инвестициялық кепілдік жөніндегі халықаралық агенттік (ИКХА) 1988 жылы 12 сәуірінде құрылып, қазіргі таңда Әлем Банкі тобының ең жас мүшесі болып табылады. Агентікті құрудың негізгі себебі дамушы елдерде инвестицияларды демеу болып табылады. ИКХА ХҚДБ-ның үшінші филиалы ретінде дамушы елдердегі тікелей қаржы салуға көмектесіп, оларды коммерциялық емес қатерден сақтайды. Осындай қатерлердің қатарына: ұлттық валютаны айналымнан алып тастау және осы инвестор елге кететін ақша аударудағы болатын бөгеттер; инвестордың мүліктік экспроприациясы; әскери әрекеттер; төңкерістер және әлеуметтік - саяси жағдайдағы өзгерістердің салдары; үкіметтің шешімімен болатын шарттың орындалмауы кіреді. ИКХА коммерциялық емес қатерлерге қарсы кепілдік береді, мүше - мемлекеттердің үкіметтік мүшелеріне саяси жағынан кеңес береді, халықаралық шеңберде және қызығушылық танытқан елдер арасында отырыстар мен келіссөздер ұйымдастырады, ақпараттық хабармен қамтамасыз етеді.

Инвестициялық кепілдік жөніндегі халықаралық агенсттіктің негізгі мақсаты – дамушы мүше-елдердің экономикалық өсуін жеделдету бағытында шетелдік тікелей инвестициялауда қолдау көрсету. Ең алдымен, капитал салу процесін жеңілдетуді ескеру керек. Инвестициялық кепілдік жөніндегі халықаралық агенттіктіњ ХҚДБ-нен тәуелсіздігі бар. Агентікті басқаруда барлық құзырет Басқарушы Кеңеске тиесілі (1 басқарушы; 1 орынбасар).

Басқарушы Кеңес өзінің құзіретін Директорлар Кеңесіне бере алады. Әлем Банкінің Президенті Директорлар Кеңесінің төрағасы болып есептеледі.

Осылайша, капитал салудың осындай жағдайларында бұл мемлекеттер индустриалды елдермен салыстырғанда анағұрлым бәсекеге қабілетті болады.

Халықаралық валюталық - қаржылық ұйымдардың ішіндегі ерекше орынға Халықаралық Есеп Банкі (ХЕБ) ие болып отыр. Оның негізгі екі қызметі бар:

1) орталық банктер арасында ынтымақтастықты дамыту, халықаралық қаржы операциялары үшін ыңғайлы шаралар жасау;

2) өздерінің мүшелерінің халықаралық есеп айырысуды өткізу бойынша сенімді агент ретінде әрекет жасау.

ХЕБ-ң негізгі қоры – қысқа мерзімді салымдар болып табылады (3 айға дейін). Орталық банктер шетел валютасы немесе алтынмен сала алады. Ай сайын Базель клуб отырыстарында өзекті мәселелер мен валюталық - қаржылық қатынастардың болашағы талқыланады.

Сонымен қоса, Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Банкі (ХЭЫБ) және Халықаралық Инвестиция Банкін (ХИБ) атап кеткен жөн.

Халықаралық Инвестициялық Банк (ХИБ) – ұзақ және орта мерзімді несиелендіруші банк. Жарлығына сәйкес ХИБ-ң негізгі міндетті – ұзақ және орта мерзімді несиелер беру; ол халықаралық әлеуметтік еңбек бөлісумен байланысты, шикізат және жанармай базасының ұлғаюы, ғылыми-техникалық үрдісті тездетумен байланысты жиын өткізу ұшін жасалады. Әмбебап халықаралық ұйымдармен қатар аймайтық ұйымдар да бар. Оның мүшелігіне белгілі географиялық аймақта орналасқан елдер кіреді. Олардың қарастыратын сұрақтары аймақтық ынтымақтастыққа байланысты болады (ұжымдық қауіпсіздік, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа өрістер бойынша). Олардың ішінен келесілері бөліп көрсетуге болады:

Еуропаның қайта құру және даму банкі 1991 жылы құрылды. Ол европалық постсоциалистік елдердің ашық экономикаға және жеке меншік және кәсіпкерліктің дамуына бағытталған. Ол жеке фирмаларды және мемлекеттік кәсіпкерліктерді, халықаралық инвестициясы бар кәсіпорындарды несиелендіреді.

Негізгі мақсаты:

- Орталық және Шығыс Еуропа елдерідегі қайта құрулар мен экономикалық дамуына қолдау көрсету;

- құрылымдық экономикалық реформалар жүргізуде көмек көрсету;

- аймақтағы инвестицияны жеңілдету.

2004 жылы ЕҚДБ-не 60 мемлекет және екі халықаралық құрылым (ЕО және Еуропалық Инвестициялық Банк) мүше болды. Басқарушылар Кеңесі Банктың жоғарғы органы болып табылады. Басқарушылар Кеңесі Директоратқа берген тапсырмалардың орындалуын бақылауға құқылы. Деректориат 23 адамнан тұрады, оныњ 11-і басқарушылар тарапынан сайланады. Деректориат Қаржы Бақылау Комитеті, Әкімшілік-бюджеттік Комитет, Қаржыландыру принципі мен Коммерциялық қызмет Комитетінен тұрады.

ЕҚДБ басқа а инвесторлармен, кредиторлармен серіктеседі. ЕҚДБ аймақтық ынтымақтастықты кеңейтуі және бірнеше мемлекеттерді қамтуы мүмкін. Ол 1991 жылы сәуірден бастап қызметке кірісті.

- Еуропалық Орталық Банк 1998 жылы қалыптасты. Негізгі міндеті - Еуропалық валюталық қатынастарды реттеу, несие беру, евроға ықпал ету.

- Еуропалық Қаржылық Қоғам – халықаралық банктік топ. ЕҚҚ 1967 жылы құрылды және негізінен сауда несие берумен, банктік қызмет көрсетумен, энергетикалық бизнеспен айналысады.

- Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) 1959 жылдан бастап жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді несиелер және компанияларға, мемлекеттік органдарға, қаржы институттарға кепілдік береді.

Америка континентінде белсенді қаржылық қызмет көрсетумен Америкааралық Даму Банкі айналысады. Америкалық емес мемлекеттерге оған ену тек 1976 жылы ғана рұқсат болды. Ол энергетика, ауыл шаруашылығына инвестицияларды бағыттайды. Бұл Банк несие берудің жоғарғы мөлшерін ұсынады. (90-шы жылдарда Аргентина, Бразилия, Мексикаға ең көп ресурс берілген). Америкаралық Даму Банкі (АДБ – Ж.М) – Латын Америкасы мен Кариб теңізі бассейнінің елдеріндегі экономикалық, әлеуметтік, институцианалдық дамуды көпжақты қаржыландыратын басты мекеме болып табылады. Банк аймақтық интеграцияның дамуында маңызды роль атқарады.

- 1996 жылы Қара теңіз Даму Банкі қалыптасты. Ең алдымен, жобалардың ішіндегі – аймақта, яғни Қара теңіздің жанындағы мемлекеттер арасында байланысты жақсартатын волоконно - оптикалық байланысы қолға алынды.

Халықаралық қаржы ұйымдарының қатарына Париж және Лондон клубтары да жатады.

Кредитор-елдердің Париждік клубы – реттеу мәселелері талқыланатын, мемлекеттік қарыздың ұзақтыну мәселесімен айналысатын дамыған елдердің ресми емес ұйымы. Оның отырысында ХВҚ, РДБ, ЮНКТАД-ң бақылаушылары қатысады және негізінен сол жылы төленетін қарыздық төлену мәселесі қарастырылады. Өз қызметінде 3 принципке негізделеді: төлемдердің тоқтатылуына қауіптің болуы, кредиторлар арасындағы төленбеген қарыздардың тең дәрежеде бөліну және белгілі экономикалық саясатты жүргізу қарыздарға артылады. Бұл 2 принцип – шарттар болып табылады. Бұл 2 шартты қарыздар мемлекет орындауы керек. 3 принцип кредиторға қатысты және міндетті емес: кредиторлар әр ісін хабарлап, әрекеттері мен талаптарын реттеу керек.

Лондон клубы қарыз-елдердің сыртқы қарызын реттеу мәселесімен айналысады. Лондон клубы – бұл сауда банктерімен ұсынылған кредиттердің төлеу мерзімін қайта қараумен айналысатын форум. Бұл әдетте Лондон қаласында өтетіндіктен «Лондон клубы» атына ие. Бұл клуб өзінің құрамына сауда емес банктерді алатын ресми емес орган.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: халықаралық валюталық-қаржылық және банктік ұйымдар халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде маңызды орынға ие. Ең алдымен, олар тұрақтылықты әлемдік шаруашылықтықтың шиеленісті тұтастығын сақтайды, жалпы қаржылық өрістегі қызметті реттейді. Оған сұраныс мемлекеттердің бір-бірімен неғұрлым тығыз қарым-қатынастары нәтижесінде өсті.

Екіншіден, елдер және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты сақтау мақсатында құрылған. Бұлардың міндеттері күннен-күнге өзекті болуда.

Үшіншіден, халықаралық қаржы өрісінің маңызы артуда.

Негізгі әдебиеттер:

1. Арынов Е.М., Трофимов А.Е., Международные экономические организации и экономические союзы.–Алматы: ИРК, 1996.–198 с.

2. Герчикова И.Н. Международные экономические организации: регулирование мирохозяйственных связей и предпринимательской деятельности.-М., 2000.- 367 с.

3. Международные экономические организации / Р.Б. Жакупова., М.Б. Абенов., Ж.Т. Сайрамбаева. – Алматы: Данекер.– 2001.– 213 с.

4. Семенов К.А. Международные валютно-финансовые отношения.-М., 1999.–216 с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Шреплер Х.А. Международные экономические организации. – Москва: Международные отношения.-1998.-75с.

2. Улахович В.Е. Меджународные организации: Справочное пособие. – Москва: АСТ; Мн.:Харвест, 2005.– 400 с.

3. МБРР - http://www.ibrd.org

4. Халықаралық даму ассоциациясы - http://web.worldbank.org

5. Халықаралық қаржы корпорациясы - http://www.ifc.org

6. Инвестицияға кепілдік беру туралы көпжақты агенттік - http://www.miga.org

7. Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық - http://www.worldbank.org/icsid/

8. Халықаралық валюталық қор http://www.imf.org


4 Лекцияның тақырыбы: Азия-Тынық мұхит аймағындағы халықаралық ұйымдар (2 сағат)

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) (1-ші сағаты)

Лекцияның жоспары: 1. АСЕАН және оның құрылуы, мақсаты.

2. АСЕАН-ның құрылымы

3. АСЕАН-ның қызметінің негізгі бағыттары

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоцияациясы (АСЕАН) 1967 жылы 8 тамызда құрылды. Алғашқыда оның құрамына Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд және Филиппин елдері кірді және осы мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Бангкок декларациясына қол қойды. Алғашқы кезеңде АСЕАН саяси ұйым ретінде қызмет атқарды. Оның негізгі саяси ұстанымдары 1971 жылғы бейбітшілік, бостандық және бейтараптық аймақ туралы Декларация құрды. 1976 жылы аталмыш декларация Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ынтымақтастық пен достық турады Шартпен және іс-қимылдар бағдарламасы туралы шеңберлік (рамочный) келісіммен толықтырылды.

АСЕАН-ның құрамына 1984 жылы Бруней, 1995 ж. Вьетнам, 1997 жылы Лаос және Мьянма, 1999 жылы Камбоджа мемлекеттері кірді. Папуа-Жаңа Гвинея арнайы бақылаушы мәртебесіне ие.

АСЕАН-ның негізгі мақсаттары:

- аймақтағы бейбітшілікті нығайту үшін экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы аймақтық ынтымақтастыққа көмектесу;

- теңдік пен серіктестік рухындағы аймақтағы бірлескен іс-әрекет арқылы экономиканың өсуін, әлеуметтік прогресс пен мәдени дамуды тездету;

- БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес халықаралық қатынастардағы әділдік принципін сақтау, бейбітшілік пен аймақтағы тұрақтылықты нығайту;

- экономикалық, әлеуметтік, мәдени, техникалық, ғылыми және әкімшілік салаларында өзара қолғабыс ету және белсенді ынтымақтастықты қолдау;

- білім мен ғылым саласында өзара ықпалдасу;

- ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, саудада, транспорт пен байланыс саласында ынтымақтасу;

- халықаралық және аймақтық ұйымдармен тығыз ынтымақтасуға көмектесу.

Бүгінгі күні АСЕАН халқының жалпы саны 522 млн-нан астам адам болатын, жалпы ішкі өнімнің жиынтығы 585 млрд АҚШ долларын, ал сыртқы сауда айналымы 720 млрд АҚШ долларын құрайтын Оңтүстік-Шығыс Азияның он елін біріктіретін аймақтық ұйым болып табылады.

Экономикалық дамуы жағынан АСЕАН елдері бір-бірінен едәуір ерекшеленеді. Сингапур - дамыған постиндустриалды мемлекет, әлемдік қаржылық орталық және ең ірі теңіздік транспорт торабы. Малайзия, Таиланд, Филиппины, Индонезия экспортқа негізделген дамыған өнеркәсіптері бар елдер болып табылады. ХХ ғ. 90-шы жылдары АСЕАН-ның құрамына қабылданған Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Мьянма -нарықтық даму жолына жақында ғана түскен аграрлы-индустриалды елдер. АСЕАН-ның барлық мүшелерінің арасында ұлттық пайдасы іс жүзінде толығымен мұнайдың экспортына тәуелді Брунейдің алатын орны ерекше.

АСЕАН елдері өздерінің алғашқы қабылдаған Декларациясында бірлескен әрекеттер арқылы экономикалық өсімге, әлеуметтік прогресс пен мәдени дамуды жеделдетуге және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қол жеткізуге, өзара байланыс жасауда халықаралық құқықтық нормалар мен БҰҰ-ның жарғысында көрсетілген принциптерді ұстануға міндеттенеді.

Осы мақсат-міндеттерге қол жеткізуде АСЕАН-ға мүше елдер бір-бірінің тәуелсіздігін, егемендігін, тепе-теңдігін, территориялық мызғымастығын силау; бір-бірінің ішкі істеріне араласпау; кез-келген дау-жанжалды бейбіт жолмен реттеу; қауіп төндіруге немесе күш қолдануға жол бермеу; өзара тиімді ынтымақтастықты қолдау принциптерін ұстануға шешім қабылданды.

АСЕАН дамыған институттық құрылымға ие. Олар төмендегідей.

1. Мемлекет және үкімет басшыларының конференциясы АСЕАН-ның жоғары органы болып табылады. Ол үш жылда бір рет жиналады.

2. Жыл сайынғы АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі - ұйымның орталық жетекші органы. Кездесу ағылшын алфавитінің орналасу тәртібіне сәйкес төрағалық етуші мемлекеттің бірінде өтеді. Оның тұрақты комитеті сол мезетте АСЕАН-ға төрағалық етуші мемлекеттің сыртқы істер министрі мен қалған бес мемлекеттің (алғашқы алтылықтың – Г.С.) елшілерінен құралады. Комитет сыртқы істер министрлерінің жиналыстары аралығындағы ағымдық жұмыстарды жүргізеді және ол жылына бірнеше рет жиналады.

3. АСЕАН елдерінің экономика министрлерінің кездесуінде экономикалық ынтымақтастықтың мәселелері бойынша шешімдер қабылданады.

4. АСЕАН елдерінің министрлер кездесуін (білім, энергетика, денсаулық сақтау, ғылым мен технология, заң, қоршаған ортаны қорғау) ғылым мен технология, әлеуметтік даму, мәдениет пен ақпарат, наркотика және қоршаған ортаны қорғау туралы жиналыс комитеттері даярлайды.

5. АСЕАН-ның хатшылығын бас хатшы басқарады. Оны үш жыл мерзімге тағайындайды. Бас хатшының орынбасары, үш директоры және олардың тоғыз орынбасарлары бар. АСЕАН-ның штаб-пәтері Джакарта қаласында орналасқан.

Әрбір мүше-мемлекет өзінің жеке хатшылығы бар. Оны АСЕАН-ның ағымдағы жұмыстарын үйлестіру үшін және оның шешімдерін дайындау үшін бас директор басқарады. Мүше-мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің жетекшілерінен тұратын 11 комитет бар, олар халықаралық байланысты қолдап отырады.

АСЕАН-ның құрылымында парламентаралық ұйым да қызмет етеді.

Халықаралық аренада тығыз ынтымақтастықта болу үшін АСЕАН дипломатиялық миссиялардың басшыларынан құралған комитет құрды. Олар мына қалаларда орналасқан: Брюссель, Лондон, Париж, Вашингтон, Токио, Канберра, Оттава, Веллингтон, Женева, Сеул, Нью-Дели, Нью-Йорк, Пекин, Мәскеу, Исламабад.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, экономика, энергия, қоршаған ортаны қорғау, қаржы, информация, инвестициялар, еңбек, заң, ғылым және техника, әлеуметтік қамсыздандыру, халықаралық қылмыс, туризм, жастар саясаты, АФТА Кеңесі және т.б. салаларда министрлік кездесулер өткізіліп тұрады. Жоғары өкілетті қызметшілердің 28 комитеті және 122 техникалық жұмысшы топтары осы министрлік органдарды қолдайды.

АСЕАН-ның төрағасы барлық АСЕАН-ға мүше мемлекеттерден алфавиттік тәртіп бойынша сайланады. Бас хатшысы басқаратын АСЕАН-ның Секретариаты АСЕАН-ның саясатын анықтап, кеңес беріп, іс-шараларды реттеп, іске асыруға құзіреті бар.

Әр түрлі салалардағы үкімет аралық ынтымақтастықты жүзеге асыратын АСЕАН-ның бірнеше арнайы органдары бар. Мысалы: АСЕАН университеттерінің желісі, АСЕАН - Еуропалық Одақ басқару орталығы, АСЕАН энергия орталығы, АСЕАН ауыл шаруашылық дамуын реттеу орталығы, АСЕАН жер сілкінісін хабарлау орталығы, АСЕАН ауыл жастарын дамыту орталығы, АСЕАН арнайы метеорологиялық орталығы, АСЕАН туризм орталығы және т.б.

Алғашқыда АСЕАН-ның құрылу негізінде саяси фактор тұрды. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы АҚШ, Кеңес Одағы және Қытайдың мүдделері тоғысқан аренаға айналды. Ұлы державалардың өзара қарама-қайшылықтарының шиеленісуінен сақтанып, бірақ бәрінен бұрын коммунизмнің таралуы мен қытайлық әскери экспансиясынан сескенген Таиланд, Филиппины, Сингапур, Малайзия, Индонезия Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясын құруға бел буады.

АСЕАН өз қызметінің алғашқы онжылдығынды негізінен саяси бірлестік ретінде қалыптасты. 1971 жылы қараша айында Куала Лампурде қабылданған Бейбітшілік, бостандық және бейтараптылық туралы Декларация осы даму кезеңінің ең маңызды нәтижесі болды. Осы құжатқа сәйкес АСЕАН елдері өз қарым-қатынастарын бейбіт қатар өмір сүру принципіне негіздеп құруға және ұлы державалардың арасындағы шиеленістерге араласпауға, өз территорияларында шетелдік әскери базалардың құрылуына жол бермеуге міндеттенді. Сонымен АСЕАН конфронтациядан гөрі диалогқа көшу механизмдерінің ізденісі болды.

Ішкі саяси тұрақтылық және сыртқы саяси конфликтілердің болмауы АСЕАН елдерінің экономикалық дамуына жағымды әсер етті және өз алдына нақты экономикалық ынтымақтастық әрекеттеріне баруға жол ашты. 1976 жылы индонезиялық арал Балиде АСЕАН-ның жоғары деңгейде өткен алғашқы кездесуі мүше елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуда ерекше жағдай болды. Бали саммитінде АСЕАН-ның қазіргі институционалды құрылымының негізі қаланды.

АСЕАН алғашқы кезден-ақ жаңа мүшелердің кіруіне ашық болды. Бруней 1984 жылы 8 қаңтарда АСЕАН қатарына қосылды; 1995 жылы 28 шілдеде АСЕАН-ның құрамын кеңейтудің екінші лебін Вьетнам бастады, оған 1997 жылы 23 шілдеде Лаос пен Мьянма ілесті, кейін өзінің ішкі саяси жағдайын тұрақтандырғаннан соң 1999 жылы 30 сәуірде Камбоджа да қосылды.

АСЕАН құрылған уақытта оған мүше елдер арасындағы сауда елеусіз болды. 1967 ж. мен 70-ші жылдардың басындағы көрсеткіштер бойынша АСЕАН-ға мүше мемлекеттердің жалпы саудасымен салыстырғанда АСЕАН-ның өз ішіндегі сауданың үлесі тек 12-15 % -ды құраған. Сондықтан АСЕАН ынтымақтастығының ең алғашқы экономикалық жоспарлары осы мәселені түзетуге бағытталған. Олардың бірі АСЕАН экономикалырының арасындағы саудаға тарифтік жеңілдіктер берген 1977 жылы қабылданған жеңілдік сауда Келісімі болды. Он жыл өткен соң Манилада АСЕАН-ның жоғары дәрежеде өткен үшінші кездесуінде АСЕАН елдеріне жеңілдік беретін сауда Келісімінің толықтырылған бағдарламасы қабылданды.

1992 жылы Сингапурдағы АСЕАН-ның төртінші саммитінде экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол қойылып, АСЕАН-ның Еркін Сауда Аймағын (AFTA - АSEAN FREE TRADE AREA) құруға шешім қабылданды. АСЕАН-ның аймақтық бәсекеге қабілеттілігін арттыру-АФТА-ның стратегиялық мақсаты болып табылады. Мүше мемлекеттер арасындағы тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою жоғары экономикалық тиімділікті, өнімділікті, әрі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: